«ЖАҢа адамзат» жобасы дағдарыс біздің игілігіміз үшін



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата12.03.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5

«ЖАҢА АДАМЗАТ» ЖОБАСЫ

ДАҒДАРЫС – БІЗДІҢ ИГІЛІГІМІЗ ҮШІН

 

 

 



 

 

 



 

 

ДАҒДАРЫС – БІЗДІҢ ИГІЛІГІМІЗ ҮШІН



 

Жаһандану, оның көріністерін практика жүзінде өміріміздің барлық салаларында 

байқап   жүрміз,   –   біздің   арамыздағы   байланыстың   жаңа   деңгейін   ашу   болып 

табылады.   Ол   пайдалы   болуы   қажет   болғанымен,   көріп   отырғанымыздай, 

барған сайын көп проблемалар әкеледі.

Неге   бұл   осылай   болады?   Өйткені   біз   ғаламдық   интегралдық   жүйені   бірге 

жұмыс   істеп,   өмір   сүрудің   және   жай   бірге   болудың   орнына,   керісінше   бір–

бірімізді «қапыда қалдыру» үшін қолданамыз. Біз әрқашан бір–бірімізді жеңуге, 

қорлуға, басқадан басым түсуге тырысамыз. 

Егер біз дұрыс өзара байланысты сақтағымыз келсек те: «сен – маған, мен – 

саған»   принципі   бойынша   сауда,   –   бүгін   ол   бәрібір   бізді   дағдарысқа   алып 

келетін еді. Тіпті бір–бірімізді алдамай, шын коммерцияны жалғастыра берген 

күнде. Өйткені бүгін біз бір дене сияқты бір–бірімізбен өзара байланыстымыз. 

Мұндай жағдайда өзімшіл адал болу пайдасыз, әлемдік үкімет немесе әлемдік 

банк құру, жалпы реттеуші іздеу бекер. 

Әлемнің саяси және экономикалық басшылары әлемді ортақ басқару туралы 

келісуге   тырысады.   Алайда,   бұл   бізге   дағдарыстан   шығуға   көмектеспейді, 

өйткені   біз   Табиғатқа,   оның  жалпыға   ортақ   өзара   байланыс   заңына   қарама–

қарсы тұрмыз.

 

Яғни,   қоғамдық   қатынастар   тек   шарттар   мен   адалдықпен   ғана   емес,   бәрінің 



ортақ байланысымен анықталуы қажет. Сондықтан жақыныңды өзіңдей санау 

кез   келген   есептердің   негізінде   болуы   тиіс.   Егер   біз   өзара   қарым–

қатынасымызды   «менікі   –   менікі,   сенікі   –сенікі»   принципі   бойынша   эгоистік 

заңдар негізінде құрсақ, олар тіпті ең тура және адал болғанда, – жүйе жұмыс 

істемейді,   біз  не   істемеу   керектігін   ұғынғынша,   дағдрыстан  кейін   дағдарысты 

үздіксіз қоздыра береміз. 

Біз   қазірдің   өзінде   адамзатты   бірбіртұтас   организм   ретінде   қабылдап,   жаңа 

жағдайда өзімізді өзіміз дұрыс ұстауға үйренуді ұсынамыз. Тіпті егер біз өзара 

қатынасымызда   ештеме   өзгертпей,   тек   бірбіртұтас   организмдегі   қатынас   пен 

үлестіру   заңдарын   үйренумен   айналыссақ,   –   осымен–ақ   табиғатқа   қарама–

қарсы   болуды   тоқтатамыз.   Сол   үшін   бірден   азабымыздың   жеңілдегенін 

сезінеміз.

Дағдарыстың ең практикалық шешімі – оның нағыз себебін зерттеп білу. Яғни 

әркімнің игілігі әркімге байланысты интегралды қоғамда өмір сүріп үйрену. Осы 

табиғат заңына біз баларызды да үйретуіміз керек. 


 

Профессор   М.   Лайтманның   басшылығымен   Ashlag   Research   Institute   (ARI) 

ынтымақтаса   отырып,   Перспективті   Зертеулер   Институтының   Ғылыми 

редакциясы  

«Жаңа адамзат» жобасы.


Пролог

Қазіргі ақиқат контекстісіндегі адамзат дамуы 

 

Табиғат бәрін тегіс қамтитын және жетілген бірбіртұтас жүйе болып табылады. 



Бірақ адам бұл дүниені бес сезу органымен ұғынады және мұндай ұғыну осы 

жүйені   екі   құрамдас   бөлікке   бөледі:   айқын   және   жасырын.   Алғашқысы 

«материалды дүние» деп аталатыны туралы бірден айта кетейік. 

Адам ақиқатты бүтіндей қабылдауға  жағдайы жоқ, осыған орай оны әр түрлі 

тұрғыдан   зерттейді.   Осының   салдарынан   бір–бірінен   ерекшеленген   түрлі 

ғылыми   салалар   пайда   болды.   Алайда   дүние   біртұтас   және   жетілген   болып 

қала   береді,   сондықтан   уақыт   өте   дүниенің   жалпы   көрінісін   ешбір   ғылым 

бейнелей алмайтыны белгілі болды. Нәтижесінде біз барлық ғылыми пәндердін 

дағдарысын бастан өткізудеміз. 

Табиғаттың   жасырын   бөлігін,   материядан   жоғары   әрекет   ететін   күштерді 

зерттейтін   уақыт   келді.   Нақ   осындай   амал   дүниенің   бүтін   бейнесін   құруға 

мүмкіндік   береді,   сондағы   жалғыз   ғана   негігі   заң   түрлі   формаларда   көрінеді. 

Табиғаттың   жалғыз   қасиеті   бар   –   қайтарып   беру   қасиеті.   Бұл   заң   жарату 

мақсатын көрсетеді. 

Қайтарып   беру   қасиеті   немесе   рахаттандыру   тілегі   сияқты,   Табиғат   жарату 

материалын   универсалды   заңда   берілген   рахатқа   дәлме–дәл   сәйкес   келетін 

рахаттану тілегі түрінде жасаған. Толыға келе тілек қанағаттанады, ал бостықты 

ол   азап   ретінде   сезінеді.   Табиғат   ақиқатты   басқарады   және   жартылғанды 

бастапқыдан–ақ өзі келген кемелге жетелейді.  

Жалпы бағдарламаға әлем мен адамды, сондай–ақ адам тегінің дамуын жасау 

кіреді.       Жарату   төрт   деңгейге:   жансыз,   өсімдік,   жануарлар   және   сөйлейтін 

болып бөлінеді. Осы бүкіл спектрдан тек адамға ғана эгоизм тән, сондықтан тек 

ол ғана түзетілуге мұқтаж.

 

Өзінің туа біткен эгоистік табиғаты дүниенің альтруистік табиғатына қайшы келіп 



зиян   келтіретіні   туралы   қорытынды   жасауға   адамға   мүмкіндік   береді.   Осы 

арқылы   қайтару   табиғатын   өз   бетімен   таңдауға   және   өз   эгоизмін   түзетуді 

тілеуге мүмкіндік жасалады. 

Табиғат   күштерін   зерттей   отырып,   біз   жаратудың   түпкі   ойын   және   оның 

бағдарламасын түсінеміз, осы арқылы адамзат «жаратылу» сатысынан Табиғат 

сатысына, оның абсолюттік қайта беру қасиетіне жете отырып көтеріледі. Дүние 



жаратылуының алғашқы және жалғыз себебі осы болып табылады. Бүкіл әлем 

қайта   беру   қасиетіне   ие   болуы   және   біртұтас   ақиқат   заңымен   теңелуі   әлі 

алдында тұрған адамның дамуына байланысты.

Адамдағы рахат алу тілегі немесе эгоизм оның бүкіл тарихы бойында дамыды. 

Алғашқы кезеңде азыққа, жыныс және отбасылық қатынастарына байланысты 

физикалық қажеттіліктер ұйытқы болды.  Одан кейін байлық, құрмет және билік 

тілектері   күш   жинап,   осы   процесс   өзін–өзі   және   қоршаған   әлемді   тану 

ынтасымен жалғасты. Бірақ, осы даму кезеңдері нәтижесінде адам сол қалпы 

қанағат   таппады   және   бүгін   оның   бойында   жаңа   тілек   оянуда   –   көзге 

көрінбейтін, белгісіз әлденеден рахат табу, сол нәрсе көзге көрінер ақиқаттан 

жоғары орналасқан. 

Ол рахаттың қайнар көзі қайдан туындауы мүмкін екенін біз білмейміз, осының 

нәтижесінде оған талпыну бізде босап қалу, жабырқау және торығу сезімдерін 

қоздырады.

Кейбіреулер   осындай   күйді   алкоголь   мен   есірткі   арқылы,   басқалар   зорлық–

зомбылық арқылы жеңуге тырысады, бұл сонымен қатар террор мен соғыстарға 

әкеліп соғады. Мұндай жағымсыз көріністер отбасы институтын да, тәрбиелеу 

және мәдениет саласын да таса қалдырмады. 

Бүгінгі  күні  адамзат өзінің  эгоистік  табиғаты жер бетіндегі  жалғыз бәле және 

барлық   қайғы–қасірет   көзі   болып   табылатынын   біртіндеп   ұғынуда. 

Саясаткерлер мен ғалымдар әлемдік дағдарыс туралы үндемейді, өйткені оның 

басты  факторы   –  эгоизмнің   ұлғаюы   алдында   әлсіз.   Алайда   осындай   елемеу 

жағдайдың ұшығуына әкеліп соғады: дағдарыс аса зор ауқымдарға дейін өршіп, 

өміріміздің   барлық   салаларын   қамтып   кетеді.   Осыны   бірқатар   экологиялық 

апаттар немесе ядролық соғыс нәтижесінде адамзатты жаппай құрту қаупінің 

күшеюі дәлелдейді.  Қазіргі проблема адам мен Табиғат қасиеттері арасындағы 

дисбаластың ұлғаюынан тамыр жаятыны бүгін бізге белгілі. 

Қазіргі   дағдарыстың  шынайы   себептерін  мойындау   мен  зерттеу   оның  табиғи 

дамуына өзгерістер енгізеді. Адамзат осы күнге дейін жүрген апаттар жолынан 

шығып,   оң   өзгерістер   жолына   түседі.   Бұл   адамның   эгоистік   табиғатының 

альтруистікке алмастырудың арқасында мүмкін болады, нәтижесінде процесс 

барлығын және әркімді қамтиды. 

Жағдайды   жеңу   үшін   дүние,   оның   жетілуі,   бағдарлама   және   мақсат   туралы 

білімді   кеңінен   тарату   қажет.   Шүбә   жоқ   дағдарыс   бекер   емес   және   адамзат 

өзінің  эгоистік  табиғатын  альтруистікке  алмастыру  қажеттігін ұғынбағанша  ол 

күшее түседі. 



Осы   дағдарыс   онда   үстемдік   ететін   күштің   мәңгілік   және   жетілген   сатысына 

адами текті көтеру үшін табиғатпен мақсатты түрде бағдарламаланған. 

Табиғаттың жасырын бөлігін зерттеудің арқасында адамзат ұғынудың теңдесі 

жоқ деңгейіне  тап болады, өз тағдырын басқарады және жер бетіндегі әрбір 

тұрғынды барлық керек жарақпен қамтамасыз етеді.  

Бұл   жаңа   мәдениетті   қалыптастыруға   мүмкіндік   береді,   оның   арқасында 

адамдар адамзатты әрбір клеткасы және әрбір органы ортақ игілік үшін әрекет 

ететін   біртұтас   организм   ретінде   қабылдайды.   Халықаралық   бірлестік   бүкіл 

әлемді қамтитын альтруистік заңды басшылыққа алады. 

Бүкіл   табиғат   сияқты   болашақтағы   альтруистік   қоғам   абсолютті   қайта   беру 

негізінде қызмет ететін біртұтас жүйе болады. Өз табиғатын өзгерткеннен кейін 

адам   дүниенің   универсалды   заңымен   теңдікке   келеді.   Ол   эгоистік   тұрғыда 

қабылданатын   бұзылған   түйірдің   орнына     біртұтас   ақиқатты   сезінеді. 

Нәтижесінде   біз   барлығымыз   жаратылу   мақсатын   жүзеге   асырып,   мәңгілік, 

жетілген блмысқа жетеміз. 

Егер тәрбиелік жұмысты мақсаты табиғатпен тепе–теңдік болатын ішкі өзгеруге 

бағыттаса,   бұл   бізге   өтелі   кезеңді   жылдамдатуға   және   жетілген   ақиқаттың 

бейнесін   ашуға   көмектеседі.Сонда   әлемде   тыныштық   орнап,   бүкіл   адамзат 

мәңгілік, шексіз рахатты бастан өткізеді. 

Профессор М. Лайтманның Әлемдік парасат кеңесі алдында сөйлеген сөзінен 

(World Wisdom Council). 

 Токио, 2005 жылғы 10 қараша. 

 

 


1–тарау

Тілек – табиғат негізі

Бір себеп, бір шешім

Қазіргі   заманғы   дағдарыс  адам   іс–әрекетінің   барлық   салаларында   сезіледі   – 

ғаламдықтан   жекеге   дейін.   Нақты   түрде   бұл   дағдарыста   табиғаттың   толық 

спектрі қамтылған: жансыз, өсімдік және жануарлар сатысы, сондай–ақ адам 

қоғамдастығы. Сондықтан жеке салаларды түзетумен айналысу жеткіліксіз – біз 

барлық   проблемалардың   түп–тамырын   тауып,   оған   барлық   күш–жігерімізді 

жұмсауымыз   керек.   Бұл   бөлімде   біздің   ақиқатымыздың   көптеген   келеңсіз 

көріністерінің   арғы   жағында   тек   жалғыз   ғана   себеп   бар.   Соны   түсініп,   біз 

универсалды   және   бәрін   тегіс   қамти   алатын   жалғыз   шешімді   таба   алатын 

боламыз. 

Дүние   мен   адам   табиғатын   ұғынудан   бастайық.   Табиғаттың   заңдары   мен 

қырларын түсіну біз неге қателесетінімізді, ағымдағы кезең қиыншылықтарын 

тоқтату   үшін   ғана   емес,   теңдесі   жоқ   қуанышты   және   мейірімді   болашаққа 

ұмтылу үшін не істеу керектігін көруге мүмкіндік береді. 

Табиғи   материяның   әр   түрлі   күйін   зерттеу   бойынша   оның   кез   келген 

формасының   және   әрбір   объектінің   базистік   талабы   өз   тіршілігін   сақтаудан 

тұрады.   Сонымен   қатар,   материяның   әрбір   күйінде   бұл   талап   өз   ерекшелігі 

бойынша   әр   түрлі   көрінеді.   Қатты   денелердің   берілген   қатаң   құрылымы 

«олардың өз шегіне» бөгде нәрсенің енуіне кедергі жасайды, ал басқа денелер 

керісінше қозғалыс пен өзгерістер арқылы өздерін қорғайды. Осыған орай сұрақ 

туындайды:   материяны   белгілі   түрде   өзін   өзі   ұстауға   және   басқа   түрлерден 

еркшеленуге не мәжбүр етеді? Кез келген объектінің іс–әрекетінің негізі неде? 

Материяның   байқалып   отырған   мінез–құлқы   теледидар   экранындағы   бейнені 

елестетеді.   Біздің   көз   алдымызда   жарық,   көркем   бейне   пайда   болады, 

дегенмен ол электрлюминисцентті беттегі жолдарды шығаратын кинескоптың 

жүгіртпе   сәулесімен   жасалады.   Сондықтан   техниктер   сол   бейненің   өзі   емес, 

оныжасап шығаратын факторлармен айналысады. Мамандар сол бейне белгілі 

бір   күштердің   белгілі   түрде   үйлесуінің   сырттай   нәтижесі   ғана   болып 

табылатынын   түсінеді.   Осыған   орай   анықтықты,   жарықты,   контрастты   және 

көзге   көрініп   тұрған   ақиқаттың   басқа   параметрлерін   жақсарту   үшін   қандай 

элементтерді өзгерту қажет екені оларға анық. 

Сол   сияқты   адам   мен   қоғамды   қоса   алғанда   әрбір   объект   және   әрбір   жүйе 

оларды құрайтын күштері жиынтығының көрінісі болып табылады. Кез келген 


проблеманы шешудің бастамасы материяның әр түрлі деңгейіндегі мінез–құлық 

схемасына салынған, сондықтан, біз тереңірек – материяны құрайтын күштер 

деңгейіне енуіміз керек. 

Кез келген материяда және кез келген объектіде бар терең күш «тіршілік ету 

тілегі» ретінде белгіленеді. 

Дәл  осы  күш  оған түр   беріп,   қасиет  пен  мінез–құлықты  анықтайды.  Түр   мен 

үйлесудің шексіз әлеуетіне ие бола отырып, тіршілік ету тілегі дүниенің барлық 

материясының   негізінде   бар.   Материал   деңгейі   жоғарылаған   сайын,   ол 

соғұрлым   тіршілік   ету  тілегін  білдіреді.  Материяның   әр  түрлі  деңгейлерінің  – 

жансыз, өсімдік, жануарлар және адам тілектері сол деңгейде болып жатқан 

процестер шарты болады.   

Тіршілік ету тілегі екі принцип бойынша әрекет етеді: 

Қазіргі түрді сақтау, яғни тіршілікті жалғастыру. 

Қажет болып табылатынын   өзіне қосу.  Материяның әр түрлі деңгейлері дәл 

осы тілекпен бір–бірінен ерекшеленеді.  

Жансыз   деңгей   тіршілік   ету   тілегінің   ең   аздығымен   сипатталады,   сондықтан 

өзіне сырттан бір нәрсе қосуды қажет етпейді. Ол тек өзінің күнделікті түрін, 

өзінің   атомдық,   молекулярлық   немесе   кристалдық   құрылымын   және   т.б. 

сақтағысы   келеді.   Басқа   нәрсенің   барлығын   ол   қабылдамайды,   өзінде 

өзгерістерді болдыртпауға ұмтылады. Аталуы да осыдан: «жансыз». 

Өсімдік деңгейі тіршілік етуге құштарлығы жоғарырақ, ол алдындағы деңгейдің 

тілегінен сапалы түрде ерекшеленеді. Бұл деңгей өзгерістерді бастан кешіреді, 

ол   тек   тіршілігін   сақтаумен   «қанағаттанбайды»   –   керісінше,   оның   бойынша 

белгілі процестер өтеді. 

Өсімдік   деңгейінің   айналаға   қатынасы   белсенді.   Өсімдіктер   күн   нұрына 

ашылады,   тамырларымен   су   көздеріне   ұмылады.   Өсімдік   өмірі   қоршаған 

ортаға:   күн,   жаңбыр,   жел,   температура   және   ылғалдылыққа   байланысты. 

Сыртқы ортадан тіршілігіне және дамуына қажет заттарды алып, өсімдік оларды 

ажыртады   және   өзіне   қажетін   алып,   сыртқа   зиянды   қоспалар   шығарады. 

Осының   арқасында   ол   өсіп,   жансыз   деңгейден   гөрі   қоршаған   ортаға   көбірек 

тәуелді болады. 

Сонымен қатар, өсімдіктер өмірлік циклдарға бағынады, олар өмір сүреді және 

өледі. Бір түрдің өкілдері жылдың белгілі бір мерзімінде ортақ заңдарға сәйкес 

өседі,  гүлдейді  және  солады.  Әрбір  түр  ортақ  схема  бойынша  дамиды  және 

оның бөлек бөліктерінің өзіндік ерекшелігі жоқ.


Материядағы   тіршілік   ету   тілегінің   дәрежесі   ортадаға   тәуелділіктің   шамасын 

және   оған   төзімділігін   анықтайды.     Ол   байланыс   тілегі   одан   да   жоғары 

жануарлар деңгейінде айқындалады. Жануарлар көбінесе үйірмен өмір сүреді, 

олар   жылдам   және   бір   орыннан   екінші   орынға   қорек   және   өмірге   жарамды 

жағдайлар іздеп жүреді. Тіршілікті қолдайтын күш ретінде қабылдай отырып, бір 

жануарлар басқаларымен қоректенуі немесе өсімдіктермен азықтануы  керек. 

Жануарлар   деңгейінде   оларға   тән   ерекше   мінез–құлықты   қалыптастыратын 

жеке түйсіктер және күйзелістер туындататын жеке бастың дамуы байқалады. 

Әрбір жануар қоршаған ортаны өз мұқтаждығына қарай сезінеді, ол пайдалы 

нәрселерге ұмтылады, зиян келтіретін заттардан оңаша жүреді. Жануарларға 

жеке өмір циклі тән, әрбір түр белгіленген мерзімде туып өле, өсімдіктер жыл 

мезгілдерінің ауысуына бағынады. 

Ақыры   тіршілік   етудің   ең   көп   дәрежесі   адам   деңгейіне   сәйкес   келеді.   Адам 

дамуы  өзі сияқтыларға байланысты жалғыз тіршілік иесі. Онда өткен, қазіргі, 

болашақ   сезімі   бар.   Адам   қоршаған   ортаның   әсерін   басынан   өткеріп   қана 

қоймай, өзі де оған әсер етеді. Адамдар үздіксіз өзгеріп отырады, тіршілігінің 

комфорттық дәрежесінен гөрі, басқада бар нәрсені иемденуге ұмтылысы  оның 

салдары болып табылады. 

Алайда   тек   осымен   ғана   іс   шектеліп   қоймайды.   Адам   тек   өзінің   жақынына 

қарағанда   көп   артық   нәрсеге   ие   болып   қана   қоймай,   оған   өзіне   қарағанда 

соңғының   дүниесі   көп   кем   болғаны   маңызды.     Мұндай   жағдай   адамның 

салыстырмалы   ауқаттылық   деңгейін   жоғарылатып,   оны   қанағаттандырады. 

Сондықтан адам тілегі «эгоизм», «рахаттану тілегі» немесе «рахат алу тілегі» 

сияқты терминдермен белгіленеді. 

Рахат алу тілегі – табиғаттың бүкіл әр алуандығының барлық материалы болып 

табылады.   Алуандығында   шек   жоқ   түрлі     туындылар,   сондай–ақ   қазіргі   де, 

болашақтағы да оларды басқару жолдары – рахатты тілеу дәрежесі ғана болып 

табылады. 

Адам құр әншейін «фаунаның басқа түрлерінен артығырақ дамыған» тіршілік 

иесі емес, ол түп–тамырымен жануарлар сатысындағылардан өзгешеленеді. 

Адамдар мүлде дәрменсіз болып туылғанымен, өздрінің даму процесінде басқа 

тірі   жаратылғандардан   басым   түседі.   Жаңа   туған   бұзау   ересек   бұқадан   ең 

бастысы көлемімен ерекшеленеді. Оған қарағана адам баласы мүлде епсіз, ол 

болып жатқанды түсініп, тепе–тең» әрекет етуге   мүмкіндігі де жоқ, дегенмен, 

жылдар   өте   Жердің   бүкіл   фаунасының   түрлеріне   қол   жеткісіз   қабілеттерге 

жетеді. Егер туа біткен хайуандық қасиеттер инстинктивті және өзгеріссіз болса, 

адам тілектері дамиды және айналадағылардан қабылданады. 


Кезекті тілек оянуымен бірге біздің бойымызда жаңа мұқтаждықтар туындайды 

және   біз   оларды   қанағаттандыру   қажеттігін   сеземіз.   Бұл   міндетті   табысты 

орындау   үшін   біздің   ақылымыз   дамиды   –   басқа   сөзбен   айтқанда,   біз   ішкі 

«каверналарды» толтыру әдістері туралы ойлай бастаймыз.

Осылай,   ақыл–ой   және   интеллектуалды   қалыптасу   рахат   алу   тілегі   өсуінің 

тікелей салдары болып табылады. 

Бұл   принципті   балалар   білім   алуы   боынша   біздің   амалымыздан   байқауға 

болады. Біз балаларға олардың қабілетін сынаққа шақыратындай ойын ойлап 

табамыз.   Ойында   жеңіске   жету   тілегі   баланы   жаңа   тәртіп   үлгісін,   жағдайды 

қолға   алу   және   оны   қолайлы   түрде   шешу   үшін   жаңа   жолдар   іздеуге 

мәжбүрлейді. Осылай біз балалар өз дамуында бір орында тұрып қалмай алға 

жылжи   беруі   үшін   бірте–бірте   ойындарды   қиындата   отырып   жас   буынды 

өсіреміз. 

Егер адам бір нәрседе жеткіліксіздікті сезбесе, ол ешқашан дамымайды. Тек 

қанағат таппаған тілек қана ақыл–ойды әрекет етуге және проблеманы шешу 

жолын іздеуге мәжбүрлейді. 

Сезім   мен   ақыл–ой   бірлесе   отырып   тілек   дамуына   жетелейді.   Бір–бірін 

толтықтыра отырып, олар адамның рахат алу үшін қолдануға болатынын сезіну 

және   түсіну   қабілетін   көтереді.   Сондықтан   адам   тілегінің   күші   кеңістік–уақыт 

категорияларымен   шектелмеген.   Мәселен,   адам   мыңдаған   жылдар   бұрынғы 

оқиғаларды   сезіне   алмаса   да,   ақыл–ойының   күшімен   оларды   түсініп,   шын 

мәнінде эмоционалдық қабылдау деңгейіне шығара алады. Керісінше, қандай 

да бір сезімді бастап кешіріп, адам талдай отырып оның қандай әсер қалдырып 

отырғанын: жағымды ма, жағымсыз ба, тексере алады. Ол өз эмоцияларына 

ақыл–ойды қосады да, ой жүгіртіп қалыптасқан жағдайды талдайды. 

Сезімдер   мен   ақыл–ой   кеңістік   және   уақыт   қабылдауымызды   кеңейтеді,   осы 

арқылы біз жануарлар әлемі басқа түрлері сияқты тым шектеулі емеспіз. Өмір 

бойы бір орында қалып қалса да адам сырттай танитын адамдармен олардың 

арасын мұхит бөліп жатса да байланыс пен жақындықты іздей алады. 

Сол сияқты, адам ой бейнесінің ұқсастығын қадір тұтатын замандастрынан ғана 

емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл тарихында өмір сүрген ұлы адамдардан 

да іздеуі мүмкін. 

Рахат   алу   тілегіміздің   қанағаттануы   толу   және   ғанибет,   ал   қанағатсыздық   – 

босау,   торығу   және   азап   түрінде   сезіледі.   Адам   бақыты   оның   бойында 

бүлкілдеп   тұрған   шабыттың   толығуына   қол   жеткізу   мүмкіндігіне   байланысты. 

Кез келген әрекет – жайдан бастап, күрделіге дейін, ғанибетті арттыруға немесе 



азапты   азайтуға   бағытталған.   әстің   мәнісіне   үңілсек,   бұл   бір   медальдың   екі 

жағы. 


Өзімізге   белгілі,   адам   себепсіз,   қозғалтқыш   күшсіз,   яғни   жеке   пайдасын 

есебінсіз   ешбір   қозғалыс   жасамайды.   Ол   міндетті   түрде   жаңа   қалпында 

қазіргіден   гөрі   көбірек   ғанибет   алатынын   елестету   керек.   Бұл   пайда   туралы 

болжам қозғалыс энергиясы болып табылады.  

Адам қалған табиғаттан өз тілектерінің   күші және түрімен ғана емес, сондай–

ақ,   индивиуумның   өмір   бойында   да,   ұрпақ   ауысуымен   де   сол   тілектердің 

үздіксіз   өзгеріп,   өсетіндегімен   ерекшеленеді.   Оған   қарағанда   басқа   тіршілік 

иелері қозғалыссыздықты көрсетеді. Мәселен, зерттеулерге сәйкес, мыңдаған 

жылдар   бұрын   өмір   сүрген   маймыдар   мінез–құлқы   бойынша   қазір   өмір 

сүретіндеріне дерлік сәйкес келеді. 

Алайда,   олардың   ортасында   кейбір   өзгерістерді   белгілеуге   болады   –   түптеп 

келгенде   бәрі   де   өзгереді   –   бірақ   сөз   жансыз   деңгейдегі   геологиялық 

процестерге   ұқсас   биологиялық   факторлар   туралы   ғана.   Дамның   жеке   басы 

керісінше,   тарих   бойында   маңызды   және   айтарлықтай   өзгерістерді   бастан 

кешірді. 

Адамның рахаттану тілегінің дамуы 

Рахаттану   тілегінің   өсуі   адамда   қолда   барын   дамытуға   және   небір   жаңа 

заттарды   ойлап   шығаруға   шексіз   қажеттілігін   оятқан.   Тілек   ұлғайған   сайын 

мұқтаждық та өседі, ал ол өз кезегінде интеллекттің дамуына және айқындалған 

қабылдауға жетелейді. Рахаттану тілегінің ұздіксіз өсуі тарих бойында адамның 

қалыптасуын арандату арқылы бізді алға жетелеген. 

Алғашында   адам   эгоизмі   азық,   секс,   отбасын   құру   және   т.б.   тәннің 

қажеттіліктерінде көрінген. Бұл негіз адамзатта ежелден қалыптасқан. 

Бірақ   индивидуум   қоғамда   өмір   сүреді,   сондықтан   оның   биік   әлеуметтік 

құлшыныстары   туындайды.   Байлық,   құрмет   және   дақңтан   рахат   табу   тілегі 

адамзат бейнесін өзгертті. Олар таптық және иерархиялық жіктелуге, сондай–

ақ,   қоғамдық–экономикалық   құрылымдардың   жаңа   түрлерінің   туындауына 

әкелді. 


Одан   кейін   адам   біліммен   рахаттанғысы   келді.   Осы   тілек   ғылым,   білім, 

тәрбиенің дамуында көрініс тапты, оның тарихи ізі Жандану дәуірінен, ғылыми 

революция кезеңінен біздің күндерге дейінгі сезіледі. Жаппай білім алу және 

қоғамның   секуляризациясы   да   қоршаған   ақиқатты   білуді   талап   ететін 

білімқұмарлық салдары болып табылады. Біз дүние туралы ақпарат қорымызды 


тұрақты түрде толықтырып отыруымыз қажет, біз бәрін білуге, барлық жерде 

кірісуге, зерттеуге және бәрін билеуге мұқтажбыз. 

Тілек   универсалды   қозғалтқыш   факторы   болып   табылады   және   осы 

көзқараспен адамзаттың мәдени, ғылыми және  технологиялық даму процесіне 

қарасақ,   нақ   өсімтал   тілек   барлық   идеяларды,   өнер   табыстарды   және 

инновацияларды тудырды. Мәселеге тікелей жүгінсек, даму процесі түгелімен 

тілектен   туындаған   мұқтаждықтарды   қанағаттандыру   үшін   ғана   жасалған 

техникалық құрал–жабдықтар, құрылғылар, қызмет көрсету құралдары болып 

табылады.   Рахаттану   тілегі   тек   тарихи   персективада   жалпы   адамзатта   ғана 

емес,   жеке   адамның   өмірі   бойында   да   дамиды.   Бірінен   кейін   бірі   біздің 

бойымызда   бүіл   өміріміздің   бағыттайтын   әр   түрлі   үйлесімдегі   мұқтаждықтар 

оянады.  

Осылай   рахаттану   тілегі  –  прогресс   қозғалтқышы.   Нақ   сол   жеке   адам   және 

жалпы адамзат басынан өткеретіннің бәрінің салдары бола отырып, бізді  алға 

итермелейді. Тілектің үздіксіз дамуы қазірді, сондай–ақ біз бет алған болашақты 

қалыптастырады. 



Каталог: attachments
attachments -> Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының
attachments -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢдеу
attachments -> Деся ru №24 апрель 2015
attachments -> Ақиқат пен аңыз Әзілхан Нұршайықов
attachments -> Бекітемін Басқарушы кеңестің төрағасы Қ.Ә. Байғарин
attachments -> Алматы облысы Қаратал аудандық әдістемелік кабинеті Интыбекова Нургуль Агдарбековна әдіскер Деңгейлік оқу бағдарламасының іс
attachments -> Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
attachments -> Род имён существительных


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет