Сабақ тардың қалыптасуы


ІІ. Құқық және экономикадағы сабақ жүйесі



бет16/33
Дата07.01.2022
өлшемі272,5 Kb.
#17423
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
Байланысты:
stud.kz-99570

ІІ. Құқық және экономикадағы сабақ жүйесі

2.1Сапалы білім – сабақ жүйесі

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болады. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүние жүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етуімен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтереді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласындың алдында да жаңа талаптар пайда болады. Оның дәлелі – «Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдама еліміздің білім жүйесінде реформалық өзгерістер жасау қажеттілігінен туындайтын басты бағыт - бағдарды айқындайды. Жалпы білім беру жүйесінде үйреншікті дағдыдан үйлесімді, күрделі сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлі оқу жүйесін орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлік жабдықтарынмен жұмыс істеуге көшу – қазіргі заман талаптарынан туындап отыр.

Білім беруді дамытудағы негізгі мақсат – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бәсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру.

Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз.

Бүгінгі таңда экономикадағы жаһандану білім беруге жаңа сапалық талаптар қойып, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы оқыту мен тәрбиелеуге қол жеткізуді басты мәселе ретінде қарастыруда. Мақсат – өз талап-тілегімен ұштасқан, халқының рухани байлығымен сусындаған, елдің ертеңіне саналы еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеп, оған озық білім беру.

Біздің елімізде білім беру жүйесі – қашан да аса маңызды салалардың бірі. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арналған Жолдаулары мен үкіметке берген тапсырмаларда білім беру мәселелеріне тоқталып, ел экономикасының дамуына байланысты жаңа міндеттер жүктеп отырады. Қай қоғамда істің тетігін маман шешеді, яғни білімді маманды даярлау – ұстаздарға тікелей байланысты. Мектебімізде 6 жылдан бері «Джуниор Эчивмент Қазақстан» қоғамдық қорының бағдарламасымен экономика пәні жүргізіледі. Осы уақыт аралығында оқушыларымыз көптеген жетістіктерге жетті. Экономика пәні әрбір оқушыға еркін кәсіпкерлік жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Келешекте жастарымыз өздеріне лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкерлік, бизнес пен экономиканы бағалауды үйренеді. Қазіргі заман талабына сай қолданбалы эконоика пәні бағдарламаға енгелі оқушылардың қызығушылығы да, ынтасы да жоғары. [4.34б]



Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру. Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.

Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет