2.2.Заман қажеттілігі - экономика негіздері мен құқық пәнін оқыту
Қазақстан халқының заңдық сауаты әлі жоғарғы деңгейге көтеріле алмай отыр. Оған мысал да көп. Кез келген құзырлы орындарға аяқ баса қалсаңыз, өзінің азаматтық құқығынан мүлдем хабарсыз, сеңдей соғылысып жүрген көпті көресіз. Қазақстан Республикасында күн сайын өзгертіліп, толықтырылып немесе жаңадан қабылданып жатқан заңдар көп. Қарапайым халық бұлардың басым бөлігінен хабарсыз. Тіпті, кез келген азамат білуге тиіс делінген Ата Заң мен ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР Еңбек туралы заңы секілді аса өзекті, күнделікті тыныс-тіршілігінде кезігетін заңдардың өздерінен бейхабар. Өміріне керекті осындай қағидаттарды оқып-білуге ұмтылуда да қалың бұқара әлі енжар. Сондықтан да, ҚР заңдарын мектеп табалдырығынан бастап-ақ оқытқан абзал. Мектеп бағдарламасында ежелден келе жатқан құқықтану пәні замана талабын арқалай алмай отыр. Себебі мектеп бағдарламасында құқық пәні міндетті пәндерге қосылмаған, соған орай құқық пәніне де өте терең және толықтай оқытылмайды.
Мектепте құқық пәні міндетті пәндер сияқты оқытылса, онда қоғамның болып жатқан теріс жақтарына оң әсер ететіні де күмәнсіз. Қоғамдағы құқық бұзушылықты азайтуына соның ішінде жасөспірім ішіндегі құқық бұзушылықты азайтуға болады. Сол себепті құқық сабағын тек қана жоғарғы оқу орындарында ғана емес сонымен қатар мектеп оқу жоспарында төмен сыныптардан бастап берілу керек.
Осыған орай құқық сабағында оқушыларға тақырыптарды түсіндіру үшін тек қана дәстүрлі сабақтарды жүргізу ғана емес сонымен қоса дәстүрлі емес сабақтарды қолдансақ, оқушыларға сонда құқыты оқу әрі қызықты, әрі құқықтық саналары терең түрде болады деп айта аламыз.
Адам болашағын шешетін тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру ешуақытта ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына лайық жетіп отыратын үзіліссіз құбылыс деп түсінеміз. Демек, осы процесте жеке тұлғаның физиологиялық және психологиялық даму ерекшелігіне жете көңіл бөлу қажет екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
Олар еліміздегі әлеуметтік-экономикалық түсініктерге деген көз-қарастарын қайта қарауда, бұл мәселелердің кеңінен насихатталып, игерілуін талап етуде. Экономикалық білі беру – экономикалық білімді қалыптастыру процесі, экономикалық іс-әрекет әдістері, шығармашылық ізденіс белсенділігі, экономикалық құбылыстарды ұғынуға деген адамдардың эмоционалдық-құндылық қатынасы деп түсінуге болады. Бұл үрдіс мотиві, шартқа, құндылық бағытқа айналғанда ғана нәтижелі болатынын ескерген жөн. Ғалым В.Д.Попов өз зерттеулерін қорыта келе «экономикалық білім беру және экономикалық ойлау өзара шартты және бір-бірін өзара толықтыратын диалектикалық процесс болып табылады», - дейді. Ол экономикалық ойлауды адамның экономикалық құбылыстарды бейнелеу, сезіну, қорыту қабілеті, оның мәнін танып түсіну, экономикалық ұғымдарды игеру және салыстыру, экономикалық заңдылықтарды ұғыну деп есептеп, осылардың негізінде өзінің экономикалық іс-әрекетін ұйымдастыру түріне қарастырады.
Сонымен, экономикалық саланың, ойдың, әс-әрекеттің қалыптасуы – тұтас, үздіксіз процесс болып табылады. Қазіргі жағдайда қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық түсініктерді, ұғымдарды меңгеруге деген қажеттілігі артып, бұл қажеттікті жүзеге асыру жолдары іздестірілуде.
Осы мәліметтер төңірегінде жазылған еңбектерге талдау жасай келе оқушылардың экономикалық түсініктерінің қалыптасуына әр түрлі факторлар: олардың өмір сүріп отырған ортасының әлеуметтік жағдайы, жасы, жынысы, ұлттық-мәдени ортасы, т.б. әсер ететінің анықтадық. Осы аталған факторлардың ішінде жас ерекшелігінің әсері көбірек байқалады.
Оқушының экономикалық түсініктерді қабылдауы жөнінде көптеген зерттеулер жүргізген ғалым Е.В.Щедрина шетел ғалымының ойларын тұжырымдай келе балалардың алғашқы экономикалық түсініктері ақшаны пайдалу тәжірибесінің болуына байланысты екенін айтады. Ол өз еңбегінде зерттеушілер А.Страусс, Т.Данзигерлердің «балалардың экономикалық түсініктерінің қалыптасып, дамуы олардың биологиялық есеюі ғана емес, олардың ақшаны пайдалану тәжірибесінің болуына байланысты», - деген ой-тұжырымдарына далдау жасайды. [4.35б]
Көптеген ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, оқушылардың экономикалық қатынастарды түсіну дәрежесі олардың интелектуалды даму дәрежесіне де тікелей байланысты екенін байқауға болады.
Оқушылардың ой-санасының, іс-әрекетінің дамып, қалыптасуы, жалпы психологиялық даму ерекшеліктері Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде кеңінен зерттелген мәселе болып табылады. Бұл еңбектер қазіргі таңда да өз өзектілігімен сипатталады.
Ұлы Абай оқушылардың экономикалық білімін қалыптастыруға зор ықпал ететін ес, зейін мәселелерін терең зертеген. Ол баланың еске сақтау, зейін қабілетінің күшті болуының төрт түрлі жолын отыз бірінші сөзінде ашып көрсетеді. Абай ерік-қайраттың адам өмірінде алатын орнына ерекше мән берген, әркімнің өзін-өзі билеуі, өзінің мінез-құлқын басқаруы, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуі – бәрі де ерік қызметінің нәтижесі. Сондықтан ол былай кеңес береді: «Егерде ескі кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмысына бір, ең болмаса айында бір өзініңнен өзің есеп ал. Өмірді қалай өткіздің, не білімге, не дүниеге жарымды қылық еткізіпсің». Бұл даналық ой толғауларда экономикалық білім мазмұны мен білімге қойылатын талаптарды іріктеуде басшылыққа алуға болады.
Колледждердің, мектептердің экономикалық білім берудегі мақсаты – оқушылардың бойында экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, қоғамдағы экономикалық құбылыстар мен үдерістердің мәнін түсіндіру, қоршаған орта өзгерістеріне бейімделе білу және қоғамда өз орнын таба білуге үйрету.
Экономикалық білім беруді жаңашаландыру – заман талабы. Заман талабына сай сұранысы бар, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру – біздің міндетіміз.
Болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін арнаулы салаға төмендегі іс-шараларды жатқызамыз:
мамандандырылған кәсіби дайындықты өздігінше жүргізе алатын іскерлік пен дағдыға бейімділік қасиеттер;
диагностикалық ісіне талдау жасай алатын немесе жұмысына қатысты мәселені жылдам шеше алатын қасиеттер;
жазбаша және ауызша жұмыстарды дағды қалыптастыру қасиетін дамыту;
Экономикалық білім беруде қиыншылықтарда аз емес, мұндағы әдістемелік мәселелер – тақырып бойынша логикалық кесте мен тірек сигналдарын қолдану, экономиканың күрделі бөлімдерін оқытуда жаңа әдістер қолдану, экономикалық дайындық бағдарламаларын даярлау, барлық курс тақырыптарына диагностикалық әдіс қолданып, жобалау жұмыстарына нұсқаулар дайындау. Осы бірқатар мәселелерді шешу барысында оқытушылар оқушылардың шағармашлығын арттыруда ойын элементтерін дәріс беру барысында қолдануда.
Профессор Жауынбай Қараевтің «Әр түрлі деңгейінде оқыту технологиясын» пайдаланып, деңгейлік жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушының өзіндік жеке жолы, қарқыны, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы дамиды.
Ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділігін, ситуациялық жағдайда тезшешім қабылдап, өзгермелі жағдайларға тез бейімделу, қабілеттілік, іскерлік, дағды қасиеттерінің дамуын байқауға болады. Оқушы күнделікті болып жатқан жағдайда рөлдік ойын арқылы өзбетімен шешім қабылдап, жағдайдан шығуы мәжбүр болады. Бұл өз кезеңіндегі теориялық алған білімдерін тәжірибеде қолдануларын мүмкіндік туғызады. [5.13-14бб]
Ойын сабақтары кезеңінде оқушылар әр түрлі рөлде ойнау арқылы өз ойларын ортаға салуға үйренеді.
Оқушыларға экономка, нарық туралы мағлұмат беру, экономикалық терминдерді, нарық механизмін түсіндіру, ұлттық педагогика элементтерін пайдалана отырып, нарық қағидаларын қорытып шағру мақсатында жарыс сабақ өткізген жөн. Осыған байланысты тапсырмалар беру.
Достарыңызбен бөлісу: |