Сабаққа қойылатын талаптар І. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар



бет4/6
Дата04.04.2023
өлшемі27,68 Kb.
#79241
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
4. Бақылау сабақтары

Оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі. 


Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі. Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан. Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы айқынырақ көрінеді. 
Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы кемшіліктер анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді, оқушылардың және мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер енгізіледі. 
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту. 


5. Теорияны іс жүзінде пайдалану сабағы

Информатика, бухгалтерлік, экономикалық мамандықтар мен салаларда оқитын білім алушыларға қолдануға болатын сабақтың түрі.


Кез келген материалдар білім алушыларға алдымен теориялық түрде жеткізілетін болғандықтан, тәжірибелік сабақтарды игеру көп жағдайда екінші орында қалып, болмаса мүлдем ескерілмейтін кездер де кездесіп жатады.
Бағдарламаның өзекті мәселелерін меңгеруде танымдық қызметке қатысты әдістерді қолдануын сол күнгі меңгерген білімнің маңызын ашу амалдарын, өтілген бағдарлама бойынша өткен материалдарды оқушылардың игерудегі біліктілік, икем және қабілеттілігін тексеру болып табылады. Аталған сабақ барысында өтілген тақырыптарда тәжірибелік сипаттау мүмкін болса (мысалы, сол тақырыпқа қатысты есептемелер түзу,оларды шығару, бағдарламалар құру), сабақтардың ішінен осы сабақ түрін қолдану білім алушының өтілген ақпаратты тек қана игеріп қоймай, іс жүзінде пайдалану қабілетін де дамытары сөзсіз .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет