Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)


-сабақ. PISA халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу: кезеңдері, құрылымы және инструментарий



бет54/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90
10-сабақ. PISA халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу: кезеңдері, құрылымы және инструментарий

Сабаққа шолу



Сабақтың тақырыбы:

PISA халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу: кезеңдері, құрылымы және инструментарий



Сабақтың мақсаты:

  • PISA халықаралық зерттеуін ұйымдастыру мен өткізу талаптарымен таныстыру.

Сабақтың мазмұны

  • PISA халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу: кезеңдері, құрылымы және инструментарий

PISA халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және өткізу: кезеңдері, құрылымы және инструментарий

PISA жаһандық білім беру саласындағы ауқымды мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, статистикалық дерек, есеп және зерттеудің қуатты ағынын қалыптастырады. Негізгі принциптер мен құралдарды әзірлеудің тұжырымдамалық әдістері, сондай-ақ нәтижелерді өңдеу тәсілдері әлемнің әр түкпіріндегі ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылады. Нәтижелердің ресми мәлімдемесі әлемнің жетекші мамандары қатысатын халықаралық ғылыми форумдарда талқыланады. Статистикалық деректерге шолу экономистердің ғана қызығушылығын туғызып қоймай, трансұлттық корпорациялардың, білім министрліктерінің, мемлекеттік емес ұйымдардың және, әлбетте, бұқаралық ақпарат құралдарының да назарын аударады. 2000 жылдан бері жүргізілген 7 бағалау циклын ауқымды салыстырмалы зерттеу негізінде алынған деректерді егжей-тегжейлі талдау (2018 жылдан бастап PISA тестілеуі тек компьютер арқылы жүргізіледі), сондай-ақ деректер мен ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде қалыптасқан қадамдық әрекеттер мен ұсыныстар оқуға, білім алушылардың өзіне және оқу құралдарына қатысты тәсілді өзгерту керектігі туралы түсініктің қалыптасуына алып келді. Бірқатар жүйелік өзгерісті біртіндеп жүзеге асырудың шұғыл қажеттігі пайда болды. Бірінші кезекте тиісті мамандарды оқытуға және өскелең толқынға арналған білім беру бағдарламасын әзірлеу, тәжірибелі тренерлерді алдын ала даярлай отырып, жаңа бағдарламаларды іске асыру үшін біліктілікті арттыратын ауқымды курстарды көбейту, білім алушыларды шешім қабылдауға, ашық талқылауға қатысуға, іс-әрекетте дербестік танытуға және функционалды сауаттылықты дамыту үшін әрі оқудағы, әрі өмірдегі тәжірибесін міндетті түрде пайдалануға ынталандыратын оқыту және бағалаудың жаңа әдістерін ойлап табу және қолдану ерекше маңызға ие.

ЭЫДҰ сарапшыларының ұсынысы бойынша 2014 жылы орта білім беру жүйесінің оқу бағдарламасы толықтай қайта қаралып шыққан, соның нәтижесінде білім беру жүйесін дамытуға арналған барлық ұсыныс пен тенденция PISA-2012 зерттеуінің нәтижесін, сондай-ақ қоғам мен әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, орта білім беру жүйесін жаңарту қажеттігіне бағытталды.

Орта білімнің жаңа стандарттарын енгізуді көздейтін жаңартылған мазмұнды «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесе отырып әзірлеген. Биыл ел үкіметі білім алушылар игілігіне 500 мыңдай компьютер таратты. Одан бөлек, білім беру ресурстары жұмысының қолжетімділігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етілуде, интернеттің сапасы контентке қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей деңгейде.

Кезекті PISA-2022 зерттеуіне бір жыл қалған қазіргі уақытта, біріншіден, жаңартылған мазмұнды жүзеге асыру процесін бақылау өзекті. Екіншіден, білім алушының күрделі жазбаша мәтіндерді түсінуі; талдау процесінде, ғылыми танымды көрсетуде және жаратылыстанушылық-ғылыми құбылыстарды, оқиғаларды және процестерді интерпретациялауда, сондай-ақ оқудағы теорияны өмірдегі ситуацияларда қолдануда негізгі ақпаратты сүзіп алу қабілеті; күрделі мәселелерді шешуде ерекше тәсілдерді іздестіріп, креативтілік танытуы бағаланатын PISA форматындағы тапсырмаларды қолдана отырып, алдын ала диагностика жүргізу маңызды. Үшіншіден, проблемалы аймақты анықтап, нәтижеге байланысты мақсатты және қарқынды даярлықты тез арада бастау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет