Критериалды бағалау



бет1/3
Дата26.11.2023
өлшемі15,31 Mb.
#128409
  1   2   3

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ


Орындағандар:
Садвакасова Айнура
Күздікбай Айгерім

Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Критериалды бағалау

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

  • 1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
  • 2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі
  • жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
  • 3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін
  • қалыптастыруға көмектесу;
  • 4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
  • –– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
  • –– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
  • –– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
  • –– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.

Критериалды бағалау жүйесінің бірнеше тиімділігі бар олар:


заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
оқушылардың білім сапасын арттырады;
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға
мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет