Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі



бет15/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
“Әлеуметтену ұғымына берілген орыс ғалымдарының анықтамаларында өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесінде олардың жеке бастарының қалыптасуына ықпал ететін қоршаған нақты ортасына тән объективті және субъективті факторлар жиынтығы жартылай болса да қамтылған. Орыс ғалымдарының “әлеуметтену” ұғымдарына берген анықтамаларының барлығына ортақ бір кемшілік бар. Ол адамдардың барлығының дерлік мазмұнының кешегі күні өткен тоталитарлық жүйеде “тәрбие” ұғымына беріліп келген анықтамалардың мазмұнына тым ұқсастығы, оларды айтарлықтай сол күйінде қайталауы. Ал, ақиқатын айтқанда ,”әлеуметтену” ұғымының құрамдас элементтері, мазмұнын толықтырар бөлшектік компоненттері болып табылады.
Демек “әлеуметтену” термині мен “тәрбие” ұғымының арасында айтарлықтай елеулі айырмашылықтар бар. “тәрбие” ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатты тәрбие беруін білдіреді. Ал “әлеуметтену” термині болса, өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден басқа да қоршаған ортаның ықпалымен өмірдің өзінен туындайтын әрі күнделікті тұрмыста жиі кездесіп тұратын тәрбиелік мүмкіндіктерді де қамтиды. Мысалы, жасөспірімдердің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына құрбы-құрдастарының тигізетін ықпалын әлеуметтендіру процесі ретінде алып қарастыруға болады. Немесе,жасөспірімді өмірден, үлкендермен арадағы қатынастардан көрген-білгендерінен түйгендерін ой елегінен өткеріп, эмоциялық-сезімдік ішкі толғаныстары, салыстырмалы- танымдық пайымдаулары мен ой-тұжырымдарының тәрбиелік мәні.
Сонымен әлеуметтену дегеніміз-жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтілріліп, жинақұталған қажетті ғылыми білімдерді , дағды-ікерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен құндылықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды , адамгершілік пен мінез-құлық ғұрыптарын меңгеру арқылы біртіндеп өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылыстарына сәйкес әлеуметтік рольдер жүйесіне қосу.
Әлеуметтену процесі балалық шақтан басталып, кәрілікке дейін үздіксіз жүріп отырады. Бұл индивидтің мәдениетке қатысты бірқатар процестерін қамтиды: * білім алуы мен тәрбиесі; * адамдармен қатынастары; *қоғамдағы нормалар мен құндылықтарды игеруі; т.б. Әлеуметтену процесінде негізгі ролдерді-отбасы, балабақша ,оқу орындары, еңбек ұжымы. Достары, таныстары, көршілері, бұқаралық ақпарат құралдары т.б атқарады. Осыған байланысты үздіксіз әлеуметтену процесінде мұндай мәдени тәжірибелер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жаңарып отырады.
2. Әлеуметтену процесінің тағы бір нәтижесі –адамдардың қоғамда әртүрлі статустарға, позицияларға ие болуы. Статустар әлеуметтік және жеке статус болып бөлінеді. Әлеуметтік статус дегеніміз-индивидтің жасына, жынысына, меншігіне, біліміне, қызметіне, дәрежесіне, иотбасыдағы жағдайына байланысты қоғамдағы орны болып табылады. Мысалы, адамдар жоғарға оқу орнында оқыса, студент статусын алады, жасының келуіне байланысты еңбек демалысына шықса-зейнеткер статусын, жұмыс орнынан қол үзсе –жұмыссыз статусын алады.
Адамдар бұл өмірде бір ғана емес,бірнеше статустарға ие болады. Мыс, адам бір мезгілде біреудің ұлы, күйеуі, әкесі, ғалым, мэр, өнерсүйгіш т.б статустарды игеруі мүмкін.
Индивидтің өзіндік статусына байланысты атқарған роліне қарай олардың негізгі екі түрін бөліп көрсетуге болады: жазылып қойған статус және өзінің қолы жеткен статусы.(1-схема)
Жазылып қойылған статус дегеніміз-адамның қажеттілігі мен еркінен тыс, туылғаннан, ұрпақ арқылы берілген белгілері. Адамның тума статустарына оның жасы, жынысы, ұлты, нәсілі, туыстығы(қызы, ұлы, әпшесі, әкесі) мұрагерлігі жатады.
Жазылып қойған статустан бөлек индивидтің өз еркімен қолы жеткен статустары бар. Оған: білім алуы, мамандыққа ие болуы, бір нәрсемен шұғылдануы т.б жатады. Батыс аналитиктерінің пікірі бойынша , индустриядан кейінгі қоғамда негізгі рольді адамдардың қолы жеткен статустары атқарады.
Әлеуметтік роль дегеніміз-индивидтің статусына байланысты атқаратын іс-әрекеті, қызметі. Егер статус адамның қоғамдағы статусын анықтайтын болса,(оқушы, жұмысшы, әскер,әйелі), ал әлеуметтік роль адамдардың осы позициясының қызметін анықтайды. Ал бұл қызметтер әрбір қоғамда жалпыға бірдей нормалар және әртүрлі құжаттар арқылы анықталады( заңдарда, ережелерде, бұйрықтарда т.б) Әлеуметтік роль қандай да бір статус өкілі өзін қалай ұстауы керектігі жөнінде,қандай іс-әрекет атқаратынжығы жайында айтады.
Адамдардың статусына сай әрекеттері оның ролімен сәйкес келмеуі де мүмкін, мұндай сәйкессіздік стстустық-рольдік конфликтерге әкеп соқтырады.
Мұндай конфликтік жағдайлар нәтижесі статусы мен роліне сай іс-әрекетті бұзушы адамды өз статусынан айыруға апарады. (Мыс, үлгерімі нашар студент оқудан шығарылады, білімі төмен оқытушы жұмыстан босатылады т.б.)
Егер индивидтің әлеуметтік статусы индивидтің қоғамдағы орнын анықтайтын болса ,жеке статус дегеніміз- қоршаған адамдардың оған қалай қатынас жасайтындығымен анықталатын адамның шағын топтағы жағдайы.Мыс, әрбір жұмысшы кез-келген еңбек ұжымында жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай қоғамдық бағаға(репутацияға) ие болады(еңбекқор, жалқау, жомарт- сараң,салмақты-жеңілтек т.б)
Әлеуметтік және жеке статустың деңгейі бір-бірімен жиі сәйкес келмеуі мүмкін. Мыс, әлеуметтік статусы жоғары адамның жеке статусы төмен болуы мүмкін. Және керісінше Әлеуметтік статусы төмен адамның жеке статусы жоғары болуы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет