Сабақ. Адамның онтогенезінің ерте сатысының жасушалық механизмдері. Ақпараттық-дидактикалық блок Онтогенез



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата15.11.2023
өлшемі269,46 Kb.
#122465
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


№ 7 сабақ. Адамның онтогенезінің ерте сатысының жасушалық механизмдері.
Ақпараттық-дидактикалық блок 
Онтогенез
- дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуінен басталып
тіршілігін жойғанға дейінгі дамуы (өлгенге дейін). Онтогенез ұрықтану кезінде ата–аналарының 
жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады. Адам 
онтогенезiнiң келесi кезеңдерге бөлуге болады:
1. Пренатальды (антенатальдық немесе туылғанға дейiнгi). Бұл кезең 3бөлінеді: 
предэмбриональдық (гаметогенез және ұрықтану), эмбриональдық және фетальдық.
2. Постанатальдық (туылғаннан кейiнгi). Бұл кезеңде 3бөлінеді: репродуктивтілікке дейінгі, 
репродуктивтi және пострепродуктивтi. 
Акушерлiк және педиатрлық тәжірбиеде адамның антенатальдық онтогенезiн келесi 
кезеңдерге бөлу қабылданған:
1. бастапқы-ұрықтанғаннан кейiнгi 1-шi апта;
2. ұрықтық немесе эмбриональдық (ұрық эмбрион деп аталады)-2-8 апталар;
3. iштегi нәрестелiк немесе фетальдық (ұрық iштегi нәресте деп аталады)-9-40 апталар.
Предэмбриональдық кезең (прогенез)
онтогенездің бастамасы, оған гаметогенез бен 
ұрықтану кіреді. 
Гаметогенез
– жұмыртқа жасушасының (овогенез) және сперматозоидтардың 
(сперматогенез) түзілу үдерістері. Гаметалардың тіршілік қабілеттілігі уақытпен шектелген
сондықтан жыныс жасушасының ұрықтану уақыты өте маңызды. Овуляциядан кейін жұмыртқа 
жасушасында өзгерістер байқалады, оны қартаю деп сипаттауға болады. Адамда овуляциядан 
кейінгі 1 тәулік ішінде, немесе фолликуладан шыққан жұмыртқа жасушасында қайта қалпына 
келмейтін өзгерістер жүреді. 24 сағатқа дейін ұрықтанып үлгеруі керек, одан кейін жасуша пісіп 
жетіліп кетеді ұрықтануға қаблетсіз болады. Әйел адамның жыныс жолдарында сперматозоид 6-
7 тәулікке дейін қозғалғыштығын сақтайды, бірақ ұрықтандыру қабілеті 1 тәуліктен аспайды. 
Пісіп кеткен гаметалар кей кездерде қосылады, бірақ имплантациялабайтындықтан да жүктілік 
ерте спонтанды үзіледі (гаметопатиялар), даму тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет