Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі


дәріс. Қоғамдағы демографиялық процесстер



бет20/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
13 дәріс. Қоғамдағы демографиялық процесстер.


Жоспары:
1.Қоғамдағы урбанизация процесі
2.Халықтың жастық, жыныстық және діни құрамы

Лекцияның мәтіні:


1. Қазіргі заманның аса маңызды әлеуметтік-экономикалық процестерінің қатарына урбандалу жатады. Урбандалу (лат. Urbs-қала) деп қалалардың өсуін және елде аймақта, дүниежүзінде қала халқының сыбағалы салмағының артуын айтады.
Бірақ, бұл урбандалудың неғұрлым тар, демографиялық, статистикалық түсінігі. Сөздің кең мағынасында ол қоғам өмірінде қалалардың мәнінің артуы, қоғамның бірте-бірте еңбегінің сипаты, халқының өмір салты мен мәдениеті жөнінен қалалыққа айналуының тарихи процесі болып табылады. Қазіргі урбандалудың бүкіл дүниежүзілік процесс ретінде көпшілік елдерге тән 3 ортақ белгісі бар.
Бірінші белгісі-қала халқының тез қарқанмен өсуі. Мыс, Дүниежүзі халқының 1900 ж. 14%-індейі, 1950 ж.-29%, ал 1990 ж. 46% қалаларда тұрды. Қала халқы орта есеппен жыл сайын шамамен 50 млн. адамға артып отырады.
Екінші белгісі-халық пен шаруашылықтың негізінен ірі қалалардыа шоғырлануы. Бұл ең алдымен өндірістің сипатынан, оның ғылыммен, біліммен байланыстарының күрделенуінен туады. Ірі қалалар әдетте адамдардың рухани тілегін толығырақ қанағаттандырады, товар мен тұрмыстық қызметтің алуан түрлерімен қамтамасыз етеді, ақпарат қоймаларына есік ашады. Мыс, ХХ ғ. басында дүниежүзінде 360 ірі қала болды. Оларда бүкіл халықтың 5 % ғана тұрды. 80-жылдардың соңына қарай мұндай қалалар 2.5 мыңға жетті., ал олардың дүние жұүзі халқындағы үлесі 4/1-інен асып түседі. Кеңес одағында ірі қалалардың саны 1959 ж. санақ бойынша 148 болса, ал 1989 ж санақ бойынша 300-ге толды.
3-ші белгісі-қалалардың жайылып кетуі, олардың территориялық кеңеюі. Қазіргі урбандалуға қалалық қоныстанудың қарапайым формасынан топталған формасына көшу ерекше тән.
Қазіргі кездегі негізгі мекен-жайлар ретінде қала мен ауыл-селоның айырмашылығы ең алдымен материалдық өндірістің формасымен, экономикалық өмір ерекшеліктерімен анықталады. Қал қазіргі кезде де өнеркәсіп пен сауда-саттық орталығы, осыларға байланысты өнеркәсіптік жұмыс орындарының шоғырланған жері, ал ауыл-село ауылшаруашылық өндірісінің жері.
Урбанизация процесі ХІХ ғ. бастап күшейе түсті де мұның өзі тұрғын халықтың қалаларда шоғырлануын тудырды, ал бұл қалаларда өнеркәсіптің ауылшаруашылығының өркендеуі нәтижесінде , қатынас транспорты мен байланыс құралдарының, медицина мен оқу-білімнің т.б дамуының арқасында мүмкін болады. Урбанизация кезінде тек өнеркәсіптің ғана емес, сондай ақ ғылым мен техниканың , шикізатты өңдеудің, мәдениеттің т.б дамуы да қалалардың өсуінің факторына айналады. Мыс, 1978 ж. АҚШ-та қала халқының саны бүкіл тұрғын халықтың 73.5%, ФРГ-да 92.9%, Ұлыбританияда 76.3%, Францияда 68.8%6 Италияда 66.9 % болды. Ал КСРО-да қала халқы 1926 жылдан 1978 жылға дейін 6.5 есе өсіп, 26.3 млн-нан 171.7 млн-ға жетті.
Урбанизация процесіне тін тағы бір белгі –жаңа қалалардың көбеюі. Бұл процесс біздің елге тән құбылыс. Урбанизация дәуірінде қалалар тек саны жағынан ғана емес, олар көлемі жағынан үлкейіп, ірілене түседі, өйткені экономикалық, саяси-әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық факторлар ірі қалалар мен орталықтарда жасалады. Сол себепті де ХХ ғ. миллионер қалалар саны жер жүзінде 170-тен асқан. Урбанизацияның өсуі тек жаңа қалалардың көптеп пайда болуының себепшісі емес. Ол сондай ақ мекен-жайдың қала-село деп аталатын жеке “нүктелік” түрлерінен агломерация деп аталатын жаңа түрлеріне өтудің себепшісі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет