Сабақтың жоспары: Қоғам ұғымы және оның негізгі түрлері Қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесі


Халықтың құрамы 4 түрлі болады. 1) Жыныстық құрам 2) Жас құрамы 3) Этникалық құрам. 4) Діни құрам. Жыныстық құрам



бет21/25
Дата13.06.2022
өлшемі153,06 Kb.
#36776
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
2. Халықтың құрамы 4 түрлі болады.
1) Жыныстық құрам 2) Жас құрамы 3) Этникалық құрам. 4) Діни құрам.
Жыныстық құрам. Табиғаттағы ер мен әйелдің бастамасы бірдей болады. Орта есеппен әрбір 100 қызға 104-107 ер бала туғанымен 15 жасқа барғанда екі жастың ара салмағы теңеседі. Бірақ мұнан кейінгі жас аралықтарында халықтың жыныстық құрамының қалыптасуы түрлі елдерде түрліше жүреді. Дүниежүзі елдерінің шамамен жартысында әйелдердің саны ерлерден асып түседі. Мұның себебі әйелдердің орта жасының ұзақтығы ерлерге қарағанда 5-8 жас артық болуында. Кейбір елдерде әйелдердің көп болуы ІІ-ші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлердің көп шығынға ұшырауына байланысты. Өмірге жаңа ұрпақ келуіне байланысты олардың санының арасындағы алшақтық бірте-бірте қысқарады. Бәрінен бұрын әйелдердің жағдайы тарихи жағынан да, экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да қолайсыз болған. (ерте некеге отыру, кедейлік жағдайда баланы көп және ерте туу т.б)
Бүкіл дүниежүзілік арасалмақта Қытай мен Үндістанда ерлердің көп басым болуы ерекше күшті ықпал жасайды. Егер есептен осы екі елді алып тастасақ, дүние жүзінде әйелдердің саны артық болады.
Жас құрамы. Адам өмірін жыл мезгілдері тұрғысынан қараған ежелдгі грек математигі Пифагор онда 4”маусымды” көктем(балалық шақ), жаз(жастық шақ), күз (есейген шақ), және қыс(кәрілік) маусымдарын ажыратуды ұсынды. Қазіргі ғалымдар халықтың жастық,есейген шақ және кәрілік шағын қарастырады. Еңбек ресурстарын өндіріске тарату дәрежесі экономикалық активті халық көрсеткішінде байқалады. Бүкіл дүниежүзіндегі активті халық саны 2 млрд. Қазіргі кезде халықтың санымен қатар сапасы да ерекше маңызға ие болып отыр.
Этникалық құрам. Бүкіл дүниежүзінде бас аяғы 3 мыңға тарта халық немесе этнос бар. Халық саны мұншалықты болғандықтан, оларды жіктеу қажет болады. Халықтарды санына, екіншіден тіліне қарай жіктеу олардың туысқандық принцпіне негізделеді. Мұның өзінде барлық тілдер тіл семьяларына бірігеді, олар өз кезегінде тіл топтарына бөлінеді. Олардың ішінде ең көп тарғаны –Үнді-Европа елі.
Ұлттық-этникалық шекаралар саяси шекаралармен сәйкес келген жағдайда бір ұлтты мемлекет түзіледі: олар Европада ,Латын Америкасы, Австралия, Таяу Шығыс, Чехословакия, Бельгия, Канада т.б елдерде 2 ұлттан тұратын мемлекет бар. Олардың кейбіреуінде ондаған, тіпті жүздеген халықтар тұрады.
Діни құрам. Таралуына және алатын орнына қарай барлық дін дүниежүзілік және ұлттық діндер болып бөлінеді. Дүниежүзілік діндерден ең көп тарағаны –христиан діні. (ол католиктік, протестанттық, праврславиелік деп аталатын 3 тармақтан тұрады)
2-ші Ислам діні. Ол дүниежүзі негізінен Азия мен Американың 28 елінде мемлекеттік дін ретінде жарияланған. 3-ші орында Орта және Шығыс Азияда таралған буддизм.
Ұлттық діндерге Үндістандағы индуизм, Қытайдағы конфуцийзм, Жапониядағы синтоизм жатады. Өте ежелгі діндердің бірі иудаизм де кең тараған. Оның көптеген қағидаларын христиан дінін қабылдаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет