Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет52/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137
(Ұ) Сағаттың түрлері. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылардан:
— Сендер сағат дегеннің не екенін білесіңдер ме?
— Оларды қай жерден көруге болады? (Сапаржайда, мектепте, емханада, үйде, мұражайда және т.б.)
— Сағаттар қандай болады?
Ойлан!
Оқушыларға мәселелік сұрақ:

  • Сағаттың неше болғанын білу бізге не үшін керек?

Оқушылардың ойларын тыңдау. Оқушыларға кенеттен, бір мезетте барлық сағаттар жоқ болып кетсе немесе жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдарына елестетуін тапсыру. (Ұшқыштар, жүргізушілер және т.б. сағат нешеде жолға шығу керектігін білмес еді. Апат көп болушы еді. Адамдар жұмысқа кешігетін еді және т.б.)
(Т) Зерттейік. Осы зерттеуді аулада немесе спортзалда жүргізсе, жақсы болады. Сыныпты үш топқа бөлу. Практикалық жұмысты жүргізу үшін бірінші топ құмсағатты, екінші топ — механикалық, үшінші топ — электрондық сағатты алады.
Сөренің және мәренің орнын анықтап, аралығын ұзындық өлшеуіш таспамен немесе қадаммен өлшеу.
Оқушылардың арасынан осы арақашықтықты кезекпен жүгіріп өтетін үш оқушыны таңдап алу. Әрбір жүгіру кезінде топтағы басқа оқушылар уақытты белгілеп, жазып тұрады.
Содан кейін оқушылар сағаттарын алмастырып, тәжірибені қайталай алады.
Тәжірибе аяқталғаннан кейін:

  • Осы уақытты құмсағаттың көмегімен өлшеуге бола ма?

  • Қай сағат бәрінен де нақты болды?

Оқушылар “Құмсағатта циферблат жоқ, сондықтан дәл уақытты анықтау қиын. Механикалық және электрондық сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады, алайда электрондық сағат ыңғайлы” деген қорытынды жасай алады.
Уақыт қозғалысы. Оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аударту. Сұрақтарға жауап беруі:
— Жағдайлардың әрқайсысында қанша уақыт өтті? Неге?
— Сәби бір минуттан кейін оқушы болуы мүмкін бе?
— Бала төсектен бір жылдан кейін тұруы мүмкін бе?
Оқушылар әр әрекет үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет екенін түсіне алады.
Оқушыларға картоннан сағат жасауды ұсыну. Циферблатты кесіп алып, оны әсемдеп, сандарды жазулары керек. Сағат тілін бөлек қиып алып, оны ортасына сымтемірден жасалған білік арқылы бекітсін. Сыныпта сағаттардың көрмесін ұйымдастыруға болады.

Қосымша материал ретінде оқушыларға ата-анасымен бірге


Е. Шварцтың “Жоғалған уақыт туралы ертегісін” оқуға және оның мазмұнын талдауға ұсыныс жасауға болады.


Кеш — ерте.

  • Суреттерді қара.

  • Ағаш бас кезінде қандай болды? Содан кейін қандай болды? Ол бірден үлкен болып өсті ме? Қалай өсті? Ағаштар қанша жыл тіршілік ететіні туралы мәліметті ұсынуға болады. Оқушылар суреттерді дұрыс ретімен орналастырып, нөмірлеп, бояйды.

Рефлексия.
Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.




  1. Интернет-ресурстар:

әйгілі сағаттар туралы сайт, мысалы, http://old-clock.kz/o-chasax/samye-izvestnye-chasy-v-mire/.
Әр топқа тірек сөздер әріптері жазылған үлестірмелі қимақағаздар

оқулық



  1. құмсағат, механикалық және электронды сағат;

күнсағаттың фотосуреті

табуға мүмкіндік болса, Е. Шварцтың “Жоғалған уақыт туралы ертегі” кітабы

Дәптер
Боялмаған алмалар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет