Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар



бет55/137
Дата25.11.2023
өлшемі3,47 Mb.
#127817
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   137
(Т) Орындап көр. Әр топқа қазақ халқының ұлттық құндылығы көрсетілген мақал-мәтелдер мен суреттер салынған үлестірме парақшалар таратып беру. Оқушылардың міндеті – шағын жоба (аппликация, сурет, ермексаздан жасалған заттар) көрсету. Оқушылар өз материалдарын қолдана отырып, шетелдік қонаққа қазақ халқын таныстырады. Мынадай үлестірме парақшалар ұсынуға болады: қазақ батырының суреті салынған үлестірме парақшада «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», аттың суреті бар үлестірме парақшада «Ер қанаты – ат», мереке суреті бар үлестірме парақшада «Гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса ел мұңды», ауыл суреті бар үлестірме парақшада «Туған жердің жуасы да тәтті» және т.б. мақал-мәтелдері. Әр топ өзіне таныстыру түрін таңдайды.
Сабақты Ерболат Құдайбергеновтің орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен бастап, «Жау жүрек мың бала» көркем фильмінен үзінді көрсетумен аяқтау. Оқушылар әуенмен би билеуіне немесе қарапайым қозғалыстар жасауына болады.
Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Қазақ халқы» тапсырмасы орындауға беріледі.
Рефлексия.
Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.




  1. Интернет-ресурстар:

Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасы
қазақ батыры бейнеленген сурет
Толағай батырдың ерлігі көрсетілген мультфильм

Оқулық
Қасым ханның суреті


стикер

Сыныптағы ең әдемі бөлме гүлі


Әр топқа қазақ халқының ұлттық құндылығы көрсетілген мақал-мәтелдер мен суреттер салынған үлестірме парақшалар


Ерболат Құдайбергеновтің орындауындағы «Мен қазақпын» әні, «Жау жүрек мың бала» көркем фильмінен үзінді



Дәптер
Боялмаған алмалар

Қосымша мәліметтер




Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Оқи алатын оқушылардың тірек сөздерді өздері оқуына тапсыру. Жұптар арасындағы сөйлесуді қиналатын оқушыларғажетелеуші сұрақтар қойып бағыт беру.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Оқушылардың жұптаталқылау жүргізу барысын бақылау арқылы бағалау. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздер айтып бағалау. Сөз, сөйлемдер құрастырған оқушыларды «көңілді смайл» беру арқылы бағалау. Пайдалы және пайдасыз тағамдарды ажырата білулерін жасыл және қызыл шаршыларын көрсеткендеріне қарай бақылап бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет