Сабақтың мақсаты: Ерітіндінің рН-нің мәнін потенциометриялық титрлеу арқылы анықтау



бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#15944
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қышқылдық негіздік титрлеуді лайлы және түсті ерітінділерді титрлеуде пайдаланады. Қосылған титрант көлеміне байланысты ерітінді рН-ын өлшейді. Әдіс күшті және әлсіз қышқылдар және олардың тұзын титрлеу үшін пайдаланады. Индикаторлы электрод ретінде шыны электродын пайдалану ыңғайлы.

Тұндыру әдісінде потенциал секірмесі түзілетін тұнба ерігіштігі кеміген сайын артады. Эквиваленттік нүктедегі потенциал шамасы тұнба үстіндегі қаныққан ерітінді концентрациясына тәуелді. Индикаторлы электрод ретінде тұнатын немесе тұндырғыш ионға сезімтал металдық немесе мембраналық электрод пайдаланылады

Тотығу-тотықсыздану әдісімен титрлеу кезінде тотыққан және тотықсызданған формалар концентрацияларының қатынасы өзгеру себебінен редокс-жүйе потенциалы өзгереді.

Комплексометриялық титрлеу комплекс түзу реакциясына негізделген. Түзілетін комплекстің тұрақтылық константасы артқан сайын потенциал секірмесі артады. Индикаторлық электрод ретінде платина, күміс, сынап пайдаланады.
  • Биологиялық сұйықтықтар мен жасушалардың рн-ы;
  • Биосұйықтықтағы иондар концентрациясы;
  • Ұлпадағы ферменттер мен субстраттар концентрациясы;
  • Тағам өнімдерінде және биоортада улы иондар концентрациясы;
  • Әлсіз электролиттердің иондану тұрақтысы;
  • Биокомлекстердің тұрақсыздық константасы.

Потенциометрия әдісімен анықталады:

Потенциометриялық құрылғылар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет