Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет52/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66
Пайдаланған әдебиеттер:
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

24 Лекция


Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы.
Сабақтың жоспары:
1.Футбол ойынының физиологиялық сипаттамасы.
2.Баскетбол, Волейболдың физиологиялық сипаттамасы.
1. Футбол ойынының физиологиялық сипаттамасы. Футбол.Футболшы үшін қимыл аппаратының арнайы дайындығы қажет. Олармен орындалатын жұмыс жылдамдық-күш жұмысы болып табылады. Бірақ ойын алаңының көлемді болуы және осыған байланысты жүгіру ұзақтығы, сонымен қатар жалпы ойын ұзақтығы бұлшық еттердің анаэробты және аэробты жағдайдағы жұмысқа күшті бейімделуін қажет етеді.
Футболшылардың қимыл қызметінің нәтижесін арттыру үшін дененің көптеген рецепторларынан түсетін ақпарат өте маңызды. Көру аймағының кіші болуы және кіреберіс атқаратының төменгі қызметтік тұрақтылығы кезіңде жоғары спорттық нәтижелерге жету мүмкін емес (А.Н.Крестовников, К.И.Лемешев).
Футбол ойыны кезінде нәтижелілік үшін тез жүгіру үлкен мәнге ие. Ол демалудың қысқа аралықтары кезінде жүзеге асады және организмнің анаэробты мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз етеді. Ойын бойы футболшы орта есеппен 5-8км жүгіреді. Бұл организмнің аэробты мүмкіндікгеріне жоғары талап қояды. Бірақ олардың көрсеткіштері тіпті жоғары дережелі машыққан футболшыларда салыстырмалы түрде жоғары емес. ВЛ.Карпман мәліметтері бойынша оларда оттегі тұтынудың шегі орташа минутына 4,4 литрді құрайды (немесе 62,5мл/мин/кг). Жеке оттегі тұтыну минутына 3,2-5,3 литр аралығында болады. Футболшыларда тыныштық күйде брадикардия байқалады (минутына 48-54 рет). С.П.Летунов мәліметтері бойынша олардың жүрек өлшемі көп жағдайда ұлғайған. Оның ішінде70%-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, 21%-да — екі қарыншаның гипертрофиясы байқалады. В.Л.Карпманның соңғы зерттеулері футболшыларда жүрек көлемі орта есеппен салыстырмалы түрде жоғары емес - 965см3 екенін көрсетті (жеке спортшыларда 820-1140см3).
Футбол ойыны кезінде вегетативті өзгерістер ойынның қарқынына және басқа ерекшеліктеріне байланысты. Футболшыларда жүрек соғу жиілігі ойынның бірінші минуттарында минутына 160-170 рет соғуға жетеді (Ю.А.Морозов). Әрі қарай бұл көрсеткіш минутына 160-180 рет соғу деңгейінде қалады, тек ойынның жеке сәттерінде минутына 200 және одан жоғары болуы мүмкін.
Ойыннан кейін, әсіресе ол суық және ылғалды ауа райы кезінде жүргізілсе, футболшылардың зәрінде белок пайда болады.
Спортшылардың ойын барысындағы қимылдарды алдын – ала жоспарланбайды, сондықтан олар ортаның өзгеруіне байланысты болады. Спорттық ойындардың барлығы ситуациялық спорт түрлеріне жатады. Олар орындайтын қимылдың құрылымы және қуатты қимылдардың өзгеруі мен ерекшелінеді және қарсылас, серіктес спортшылардың ойыны мен байланысты болады. Спорт ойындары аралас қимыл қызметін атқарады (айналмалы және айналмалы емес). Спорт ойындары ағзаға түрлі талаптар қояды. Олардың әрбір қимылы жылдамдық, күш және төзімділік қасиеттері мен танылады.
Қимыл жаттығулары. Спортшылардың қимыл қызметтері спорт ойындарында өте күрделі. Себебі бір қатар қимыл қозғалыстарды ойын алаңдарында жылдам жүгіріп жүріп орындау қажет. Күрделі қимылдарды уақытылы орындау үшін сенсорлық жүйеден миға уақыты ақпарат жеткізілуі қажет. Оны тез өңдеу барысында қимыл қызмет шешіліп орындалады. Мидың қызметі стериотиптік болмауы қажет.
Сенсорлық жүйе. Ойын барысында қимылды реттеп отыру үшін келесі сенсорлық жүйелердің ақпарат жеткізуі қажет: көру, есту, қимыл және вестибулярлық.
Ең маңызды қызметті сенсорлық көру жүйесі атқарады. Ойын элементтерін жылдам қабылдау үшін перифериялық және көру аймақтарының тез қозуы маңызды. Спорт ойындары мен жаттығу нәтежесінде перипериялық элементтердің қозуы жоғарылайды. Нәтежесінде көру алаңы кеңейеді. Көру мүмкіндігінің тереңділігі спортшылардың доптың ара қашықтығын және доптың ұшу жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Шаршаған кезде көрудің тереңділігі мен алаңы кішірейеді. Көздің сыртқы бұлшық еттеріне келесі спорт ойындары әсер етеді: теннис, стол үсті теннис және балментон. Ойын кезіндегі көзбен келетін ақпарат есіту сенсорлық жүйесі арқылы толықтырылады. Спорт ойындарында қимыл сенсорлық жүйе маңызды болып келеді.
Энергияның жұмсалуы. Барлық спорттық ойындарында аралас қуатпен қамтылуы байқалады (анаэробты – аэробты). Бұлшық еттердің орташа күштегі қызметінде аэробты, ал күшінің жоғарылауында қуатпен қамтылуы анаэробты түрге ауысады.
Ойын барысындағы оттекті пайдалану көрсеткіші ОТШ 80% құрайды. Спорттық ойындармен шұғылданатын адамдарда анаэробты мүмкіндік айналмалы спорт түріндегі спортшыларға қарағанда төмен екені мәлім. Маманданған баскетболшылар мен волейболшылар да ОТШ 50-60 мм/мин/кг. Ал футболшылар да бір шама жоғары болады. Футболшы 1500-2000 ккал, хоккейде 1500 ккал. Баскетболда 1200-1500ккал қуат жұмсалады.
Тыныс алу. Ойын қызметі кезінде тыныс алу және қан айналу мүшелерінің жұмысы жеделдетіледі. Тыныс алу жиілігі мен минуттық көлемі барлық ойындарда бір минут ішінде 50-60 есе және 110 -120л/мин жоғарылайды.
Қан айналым мүшелері. ЖСЖ ойнай келе өседі. Минутта 180-190-200 соғуға дейін көтеріледі. Ойын барысында қимылдың қуаты төмендеген кезде, тыныс алу мен қан айналым мүшелерінің жұмысының баяулауы маңызды. Тыныштық кезінде осы спортшыларда брадикардия, синустық аритмия байқалады. Қанның минуттағы көлемі жүректің соғуының жылдамдығына байланысты жоғарылайды. Артериялық қысым қалыпты көрсеткішті байқатады.
Бөліп шығару мүшелері. Спортшының көп терлеуіне байланысты бүйректер зәрді баяу түзеді. Зәрдің қышқылдығы жоғарылап, кейде аққуыздар байқалады.
Жылу алмасу. Көп күш – қуат жұмсалуына байланысты температура жоғарылайды да бірте - бірте теңеседі. Балалар мен жасөпірімдердегі физикалық жаттығулар, спортпен шұғылдану барысындағы физиологиялық өзгешеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет