Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет49/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Пайдаланған әдебиеттер:
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

23 Лекция


Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика спорт түрлері
Сабақтың жоспары:
1.Гимнастика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы
2.Жүзудің физиологиялық сипаттамасы.
Гимнастика адамның қозғалыс аппаратының жақсы дамуына пайдалы құрал болып есептелінеді. Сондықтан адамның денесінің қалыптасуына пәрменді қызмет етеді. Гимнастикалық жаттығу жасау барысында адамның барлық буындары жүктеме көтеріп қатысады. Жаттығулардың арнаулы түрлерін іріктеп алып пайдалану кейбір дене мүшелерінің шынығуына септігін тигізеді.
Гимнастика мен айналысу сүйек байланыс аппаратына жағымды әсер береді. Гимнастикалық жаттығулар айналмалы емес жаттығуларда жылдам күш – жұмсау жұмыстарына жатады. Олардағы динамикалық жұмыс барлық буындардың қысқа мерзімді жүктеменің орындауына көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, дененің жақсы шығуына жол ашады.
Қозғалыс қызметінің артықшылығы. Спорттық гимнастика мен айналысу барысында әртүрлі жағдайлар қалыптасады. Соның ішінде ең бастылары өте қиын қозғалыс қимылдарына дағдылану, күш – қуаттың физикалық сапасы: күш- қуат, икемділік және қимылдың тез жасалуы, шапшаңдық сияқты қажеттіліктер қалыптасады. Өте ауыр жаттығулар, ұзақ дайындықты қажет ететін гимнастикалық жаттығулар. (мыс: қарапайым жасауды қажет ететін жаттығулар) сонымен қатаржарыста өте қажет көп сайысты жаттығуларға дағдылану керек. Жақсы дайындық спортшының функциональдық жағдайын жақсартады және вегетативтік ағзалардың да бір қалыпты жақсы жағдайда болуына көмектеседі.
Кейбір жағдайларда гимнастикалық жаттығуды орындау өте көп қиындықтар туғызады. Ол қиындықтар гимнастика жасау орынына байланысты. Мысалы, аяқты тіреу тұғырдың спорттық ойындарда, жарыстар кезінде дұрыс болмауы кездеседі. Спортшы бүкіл денесінің инерциясын, айталық күш – қуаты рациональды пайдалануы үшін қажетті жағдай жасалынуы керек.
Спорттық гимнастика жүйке жүйесі қиын қозғалысты динамикалық стериотиптерін қалыптастырады. Бұрын бағдарланған комбинацияларды дұрыс орындауға жоғарыда айтылған мәселелер көмектеседі. Жүйке жүйесінің стериотипі өте анық келісілген, уақыт мерзімі мен мөлшерленген және жұмсалатын бұлшықет қуатын т.б. дұрыс қолдануға көмектеседі.
Басқада рефлекстерді рациональды пайдалануға үлкен көмегін тигізеді. Бұлшықет және көктамырлардың импульстерінің сонымен қатар вестивулярлық аппарат арқылы бөксе бұлшық еттерінің тонусын өзгертіп тұруға көмектеседі.
Бұл рефлекстер кейде қозғалысты нақты орындауға көмектесіп, қимылды жеңілдетсе, кейде - қиындатады. Қозғалысты қалыптастыру оңай емес, көп жаттығу, дағдылану жұмыстарын бір қалыпқа түсіруді талап етеді.
Сенсорлық жүйелер. Спорттық гимнастикада шеберлікті шыңдау қозғалыс, қимылдарды өте мұқият және өте нақты орындауды керек етеді. Ол үшін дәл уақытысында миға анық ақпарат сенсорлық жүйе арқылы дәл уақытында берілуі керек. Берілген ақпараттар қозғалыс коррекциясын өз уақытында дұрыстауға көмектеседі.
Гимнастикалық жаттығуларды орындауда негізгі мағына қозғалыс сенсорлық жүйе бұлшықет және көктамыр импульсін басқаратындығын білу керек. Гимнастика шеберінің мамандануы жоғары болған сайын бұлшық ет және көктамырларға түсетін жүктеменің, кеңістіктегі жағдайды есеп, шапшаңдық және орындалатын қимылдың бағытын анықтауға қажетті кәсіби бағдар бүкіл дененің барлық бөліктерінде сезілуі керек. Қозғалыс сенсорлық жүйемен қатар көру, сезу, есту және вестибулярлық сенсорлық жүйе үлкен міндет атқарады. Гимнастикалық жаттығулар қабілеттілікті ояту және вестибулярлық сенсорлық жүйенің функциональдық тұрақтылығын қалыптастырады. Осы айтылған көрсеткіштер жөнінен гимнастар негізінен бірінші орында тұрады.
Бұлшық еттердің жұмысы. Гимнастикалық жаттығулар өзіндік – күш және шапшаңдық күш деп бөлінеді. Негізінен анаэробтық жұмысқа жатады.
Спорттық гимнастика жаттығулары бұлшық ет буындарының жұмысын жақсартып, шапшаңдық сапасын көтереді. Осы сапаны жақсартуға бағытталынған жұмыстар белгілі дәрежеде қиындықтарға әкеледі. Өте қуатты күш – қуат жұмсау, әсіресе, изометрлік тәртібінде орындалатын жаттығулар шапшаңдық сапасын төмендетеді. Бұлшықет күшінің дамуы оның гипертрофиясына (негізінен миофибрилдік типіне байланысты) және мүмкіншілік қабілетінің күшеюі, бір мезгілде мүмкін болатын қозғаушы күшті қатыстыруды орындайды. Бұлшықеттің жылдамдықпен байланысты сапасы оның тез өзгеріске түсуі деңгейі мен байланысты, әсіресе координациясы өте қиын жаттығуларды жасауда ең маңызды нәрсе бұлшық еттерді, буынды тез босату, демалдыра алу үлкен маңызды міндет болады. Бұл қасиет маманданған үлкен спортшылардың дағдысына айналған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет