Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет58/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Жуйке жүйесі және қимыл аппараты. Боксшының жаттығуы күштің, тездіктің және арнайы төзімділіктің дамуын қамтамасыз етеді. Боксшының қимыл дағдылары әр түрлі. Ұрыс кезінде қимылдар әр түрлі тізбекпен, амлитудамен және күшпен орындалады. Мұның бәрі жүйке процестерінің жоғары жылжымалылығын және адекватты қимылдарды бағдарламалау кезінде экстраполяцияны талап етеді.
Ұрысты сәтті жүргізу үшін қимыл аппаратының проприорецепторларынан және көздің тор қабығының рецепторларынан түсетін ақпарат өте маңызды. Тепе-теңдікті және қимыл дәлдігін сақтау үшін кіреберіс аппаратының жоғары қызметтік тұрақтылығы қажет.
Дене салмағын төмендетудің физиологиялық тиімді құралы ұзақ физикалық жұмыс болып табылады (мысалы, жүгіру). Бірақ мұндай жолмен салмақ төмендетуді жарыс алдында қолдануға болмайды.
Қысқа мерзім ішінде салмақты едәуір төмендету спортшының көңіл куйінің нашарлауына соқтырады және жұмыс қабілетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан белгілі бір салмақ категориясында жарысқа шығатын спортшы үнемі өзінің салмағын қадағалап отыруы тиіс.
Жоғары дәрежелі боксшыларда соққыға ұрынатын тері бөліктерінің ауыр және жанасу сезімталдығы біраз төмендейді. Бокспен айналысуды тоқтатқаннан кейін ол біртіндеп қалпына келеді.
Боксшының жүйелі түрде жаттығуы қаңқа бұлшық еттерінің биохимиялық, құрылымдық және қызметтік өзгерістеріне соқтырады. Ол бұлшық еттердің күші мен жиырылу тездігінің дамуын қамтамасыз етеді.
Тыныс алу және энергия шығыны. Жас боксшылар жарыста және жаттығу сабақтарында (мысалы, тұлыппен жаттығу кезінде), ұрыс жүргізу кезінде тыныс алуларын тоқтатады. Жоғары дережелі боксшылар ұрыстың барлық уақыттарында ырғақты терең тыныс алуды сақтайды. Тек соққы беру кезінде олар дем шығару кезінде қысқа мерзімді тыныс алуды тоқтатады.
Тыныс алуға қойылатын жоғары талаптар тыныс алу бұлшық еттерінің дамуын қамтамасыз етеді. Боксшыларда өкпенің тіршілік сыйымдылығы орта есеппен 4500мл-ге тең. Жарыстан кейін ол уақытша 100-300мл-ге төмендейді. Боксшыларда өкпенің желдетілуі ұрыс кезінде минутына 80-100 метрге жетеді, оттегі тұтыну минутына 4 литрдең аспайды.
Оттегі сұранысы бұл кезде толық қанағаттандырылмайды және жұмыс кезінде едәуір оттегі қарызы түзіледі.
Боксшыларда оттегі тұтыну шегі орта есеппен минутына 4,1 литрді құрайды (немесе минутына 60 мл/мин/кг). Жеке машықтанған және жоғары дәрежелі боксшыларда ол минутына 6,5 литрге жетеді. Ұрысты жүргізу кезіңде энергия шығыны минутына 15-20ккал. құрайды. Үш раунд кезінде жинақталған энергия шығыны орта есеппен 200-250ккал-ға тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет