Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№2-тапсырма:
Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бер
|
Тыңдалым-айтылым:
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
2.Қытай кітапханасының ерекшелігі неде деп ойлайсың?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
«Түртіп алу» әдісі.
|
№3-тапсырма.
Бұрын қазақ халқы қандай үйде тұрған? Оны қалай атаған?
|
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
№4-тапсырма:
Әлемдегі ірі кітапханалар туралы өзіңнің тұжырымдарыңды төмендегі кластер бойынша көрсетіп, толтыр
|
|