Сабақтың тақырыбы Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема



бет33/33
Дата28.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#45940
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Сабақтың басы

Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
(Аксиома: Кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады)
2)Екі түзудің қанша ортақ нүктелері бар болуы мүмкін?
(Екі түзудің тек бір ғана ортақ нүктесі бар болады немесе ортақ нүктесіә болмайды)
3)Кесінді деген не?
(Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігін кесінді деп атайды.)
4)Сәуле дегеніміз не?
(Түзуде жатқан нүкте сол түзуді жарты түзуге бөледі.Жарты түзуді сәуле деп атаймыз)
5.Тең фигуралар дегеніміз не?
(Сәйкес нүктелері беттесетін екі фигура тең фигуралар деп аталады.)
6.Беттестіргенде ұштары дәл келетін кесінділер қалай аталады? (тең кесінділер)



Сыныппен амандасып оқушылардың сабаққа қатысын, сынып тазалығын қадағалаймын.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін» психологиялық тренинг жүргіземін.
Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын
 Өткен тақырыпқа шолу арқылы қызығушылықты ояту



Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.

Презентация

Сабақтың ортвсы

Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары оның негізгі элементтері. Бұлардан басқа үшбұрыштың төбелерінен шығатын тағы да үш кесіндіні атап, олардың анықтамасын береміз.

Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді үшбұрыштың медианасы деп аталады .

Әрбір үшбұрышта үш медиана бар.


Үшбұрыштың төбесінен қарсы қабырғасын қамтитын түзуге түсірілген перпендикуляр үшбұрыштың биіктігі деп аталады. Әрбір үшбұрыштың үш биіктігі бар.
Үшбұрыштың барлық медианалары және биссектрисалары үшбұрыштың ішінде жатады. Ал үшбұрыштың биіктіктері үшбұрыштың ішінде жатпауы да мүмкін.

Есептерді шешу барысында үшбұрыштың биіктіктері кандай шарттар орындалғанда оның ішінде жататынын табатын боласыңдар.



) Үш түрлі бояумен берілген тарелкаға тапсырмалар беріледі.
Кызыл (оңай)1. Біреуі екіншісіне 30  үлкен сыбайлас бұрыштарды тап.

  1. Үшбұрыш сыз. Үшбұрыштың медианаларын жүргіз

Сары (Орташа) 1. АВС жәнеДЕF үшбұрыштары тең: ДЕ=2 см, ЕF= 3 см, ДF= 5 см,. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.
2.Егер екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың екеуінің қосындысы 500-қа тең болса, онда осы бұрыштарды тап.
Көк (Қиын) 1. АВ=ВС, < 1=1300 /
<2=?

  1. Табаны ВС болатын АВС тең бүйірлі үшбұрышының медианасы АК . Егер АВС үшбұрышының периметрі 32 см, ал АВК үшбұрышының периметрі 24 см болса, онда АК –ны табыңдар

Оқушылар өз шамаларына қарай тапсырма таңдап алады.
Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.

:https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/7-synyp/planimetriyanyng-negizgi-uhymdary-zhane-qarapajym-figuralary?mid=fca51c00-9d59-11e9-be78-49d30a05e051

Сабақтың аяғы

Үйге тапсырма беру
Рефлексия

  1. Мен үшін бүгінгі сабақта құнды болғаны...

  2. Топтық талқылауда мен не үйрендім?

  3. Не қиын болды?

  4. Не қызықты болды?




«Смайликтер» тәсілі
«Бағалау ағашы» әдісі
«Бас бармақ» әдісі
«Бағдаршам» әдісі

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет