Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Стикер
фасол салынған қапшық
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
1-тапсырма. «Сұрақты ұстап ал» әдісі. Өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамыз:
|
1. Химия нені зерттейді? Химияның маңызы мен міндеттері қандай?
2. Дене және зат ұғымдарының айырмашылықтары неде?
3. Адамның табиғатқа тигізетін оң және кері әсерлеріне мысалдар келтіріңдер.
4. Химияның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қосар үлесі қандай?
5. Химия сөзінің шығу тарихын және химия ғылымының адамзат тарихындағы маңызын әңгімелеңдер.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
2- тапсырма (қ.б -6 бет)
Сәйкестендіру тест
Әрбір химиялық элементтің символы мен атауларын сәйкетендіреді.
|
Химиялық элементтің аты
|
Таңбасы
|
1.Калий
|
а)Si
|
2.Кремний
|
ә)Li
|
3.Мыс
|
б)Cu
|
4.Күкірт
|
в)К
|
5.Литий,
|
г)S
|
|
Дескриптор:
-символдар бойынша химиялық элементті атайды.
-атауы бойынша элементтердің символдарын көрсетеді.
|
ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Топтық жұмыс «жалғасын тап» 6 мин
|
|