Берілген заттардың ішінен таза заттарды атаңыз:ауа, сутегі ,мыс,сүт,алтын,металл балқымалары, хлор, ерітінділер, азот, тұман, түтін. Таза заттарды алу жолдарын көрсетіңіз.
Дескриптор
-таза заттарды ажыратады
-таза заттарды алу жолдарын атайды.
-таза заттармен жұмыс жасау қажеттігі неде?
Үй тапсырмасын оқушылар топ арқылы бір-бірін бас бармақ әдісі бойынша бағалайды
3-апсырма.(қ.б- 8 бет ) «Өкіл» әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға тапсырма бөліп беріледі.Берілген тапсырмалар арқылы , барлық топқа бірдей суреттер топтамасы ұсынылады.
Олар сол суреттер көмегімен өздеріне берілген тапсырма бойынша «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаның» маңыздылығын сипаттап, ерекшеліктеріне тоқталулары қажет.
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау»әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.