Сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім.
Вискозаның кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады (50%); тез отырып, қатты қыртыстанады.
Вискозалық талшықтан айырмашылығы- шикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде . Асетум латын тілінен аударғанда –сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады.
Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді,210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін
Кемшілігі:
Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар.