Сабақтың тақырыбы: Азот қышқылы. №13 зертханалық тәжірибе «Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері»



бет1/2
Дата14.02.2023
өлшемі84,5 Kb.
#67745
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
12-сабақ. Азот қышқылы.№13 зертханалық жұмыс»


ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Бейсенова Айжан Серікбайқызы

Пән/Сынып:

Химия, 9 сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

VⅢ тарау.

Сабақтың тақырыбы:

Азот қышқылы.
№13 зертханалық тәжірибе
«Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері»

Оқу мақсаты:

9.1.4.7 -азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;
9.2.1.18-азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру
9.2.1.19-азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу

Бағалау критериі:

  • Азот қышқылын зертханада және өндірісте алу жолдарын біледі;

  • Азот қышқылының химиялық қасиетіне сүйеніп, реакция теңдеулерін жаза алады.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыпты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру.



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырмасын бере отырып, дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету.

Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсына отырып, оқушылар өз бетімен орындайды.

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

3 минут
00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме? Біз сіздермен қашықтықтан оқытуды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Азот қышқылы.
№13 зертханалық тәжірибе
«Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:

  • Азот қышқылы -азоттың маңызды қосылыстарының бірі;

  • Азот қышқылы-күшті қышқыл,күшті электролит;

Сенің меңгеретінің:

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру







Презентация
Слайд 1, 2
Слайд 3

14 минут

03:00 – 23:00




Жаңа сабақ

Азот қышқылының формуласы HNO3. Азот қышқылында азоттың валенттілігі +5 -ке тең.
Физикалық қасиеті: тұншықтырғыш иісті, түссіз сұйықтық. Ылғалды өте жақсы сіңіреді, буы ауадағы су тамшыларымен қлсылып тұман түзетіндіктен, ауада түтінденеді. Сумен кез келген қатынаста араласады. -41,6 ℃-та кристалдық күйге көшеді, -82,6 ℃ -та қайнайды.
Алынуы: зертханада азот қышқылын калий немесе натрий нитратына концентрлі күкірт қышқылымен әсер етіп алады:
NaNO3+H2SO4(конц) = NaHSO4+HNO3
Өндірісте азот қышқылын амиакты ауадағы оттекпен өршіткі қатысында тотықтырып алады.
1.Амиак пен ауа қоспасын 800℃-та платина өршіткісі арқылы тотықтырып алады.
4NH3+5O2=4NO+6H2O
2.Салқындатқанда Noәрі қарай NO2-ге дейін тотығады.
2NO+O2=2NO2
3.Түзілген азот (Ⅳ) оксиді артық мөлшерде суда еріп, HNO3 түзіледі.
4NO2+2H2O+O2 =4HNO3
Химиялық қасиеті:
1. Азот қышқылының судағы ерітіндісі күшті электрлит. Индикаторлардың түсін өзгертеді:
HNO3 = H++NO3-
Лакмус-қызыл, метилоранж-күлгін, фенолфталеин- түссіз болады.
2. Азот қышқылы концентрлі және сұйылтылған болып бөлінеді.
Сұйылтылған азот қышқылымен металдар әрекеттескен кезде сутек бөлініп шықпайды. Бұл азот қышқылының басқа қышқылдардан ерекшелігі.
Мысалы: 3Cu+8HNO3=3Cu(NO3)2+4H2O+2NO↑

Концентрлі азот қышқылымен Fe, Cr, Al металдары әрекеттеспейді.


3.Негіздік және екідайлы оксидтермен әрекеттеседі:


2HNO3+CaO = Ca(NO3)2+H2O
4.Негіздермен әрекеттеседі:
Al(OH)3 +3HNO3=Al(NO)3+3H2O
5.Әлсіз және ұшқыш қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі:
Na2CO3+2HNO3 =2NaNO3+H2O+CO2↑

Қолданылуы:


Азот қышқылынан алынатын селитралар минералды тыңайтқыштар ретінде,бояулар алуда, дәрі-дәрмек, оқ-дәрі алу үшін қолданылады.

1-тапсырма:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет