Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты


Айтылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының сыный ойлана білуге, өз ойын еркін жеткізе алуға, өзгенің пікірін құрметтеу керектігіне дағдыланады



бет4/86
Дата27.11.2022
өлшемі393,17 Kb.
#52900
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Айтылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушының сыный ойлана білуге, өз ойын еркін жеткізе алуға, өзгенің пікірін құрметтеу керектігіне дағдыланады.
Сұрақтарға жауап беріп, берілген кестені толтырады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
Сұрақтарға жауап береді.
Зат атауын анықтайды.
Сын-сапа атауын анықтайды.
Қимыл-қозғалыс атауын анықтайды.

Оқулық
5-сынып
Атамұра

Жеке жұмыс

Тілдік бағдар айдары бойынша түсініктеме береді.

№3-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.



Жазылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушы сауатты, қатесіз жазуғаға, өз ойын дәптерге түсіруге дағдыланады.
Берілген тіркестерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
Тура мағынадағы тіркестерді жазады.
Ауыспалы мағынадағы тіркестерді жазады.

Оқулық
5-сынып
Атамұра
Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.



«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет