Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


«Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес»



бет38/51
Дата19.05.2023
өлшемі140,43 Kb.
#95358
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
«Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес» - Абайдың 1895 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ.Ақынның болашағынан үлкен үміт күткен сүйікті баласы Әбдірахман мен інісі Оспаннан айырылып, көңілін мұң басып, қайғы шеккен кезеңіндегі өмір мен өлім, табиғат пен адам хақындағы ойлы толғаныстарынан елес береді. Өмірдің мән-мағынасын жете бағалап, опасы мен жалғанын әрқашанда ажыратын қараған Абай дүниеден өткен адамды біржолата өлдіге санайтын жаңсақ пікірді теріске шығарады. Абай платон ілімінен арқау алған идеалистік философияның жаратылыс құбылыстарын жоғары қойып, адамды табиғатқа табынтпақ болған кертартпа тұжырымына қарсы. Ол абсолюттік идеялардан нақты дүниелерді ілгері қояды. Ақынның ұғымында «Мен» әрі табиғат, әрі адам. Ол «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» дегенде сол адамды өлтірмейтін «Менікі» саналатын – істеген еңбегі дейді. «Мен» кісінің денесі де, «Менікі» - атқарған ісі, ұстаған ойы, айтқан сөзі. Осы «Менікі» мәңгілік. «Фәнидің» мінін көрмей қоймайтын, «бақилық» мұрасы. Абайдың бұл тұжырымы түптеп келгенде «Жақсының аты өлмес, ғалымның хаты өлмес» дейтін халық философиясымен үндес жатыр.Сонда ақын «адам өлмес» дегенде не айтпақ? Ол осынау байламды сөзі арқылы халықты табиғат құбылыстарынан жасқанбай, оларды мойынсынбай, қарсы күресуге, еңбек етуге, артына жұрт есінде тұтарлық іс қалдыруға шақырады. Фәнилық дүниеге бой алдырмасаң, терң ойдың соңына ерсе ғана иманың түгел деп түсіндіреді. Бұл жерде, сөз жоқ, ол өзі туралы айтып отыр. Бұл кезде «Абай аға» атанып, дуалы сөзі елге дауа, жұртқа жұбаныш болған ақын өзінің бүгінгі менг болашақты жалғастыратын ірі тұлға екенін жақсы білген. Өйткені оның өзі де «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».
6. Жаңа сабақ бойынша «Әдебиет үйірмесі» стратегиясын пайдаланып тестілеу жұмыстар жүргізілді; жаңа сабақ болу себепті қажетті материалдар берілді.
Сабақты бекіту
Шығармашылық тапсырма
«Абай өлеңдерінен ой түйгенім....»
Сабақты қорытындылау
Бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет