Сабақтың тақырыбы: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет18/32
Дата03.05.2023
өлшемі0,57 Mb.
#89322
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Қысқа мерзімді жоспар
Бекітемін:

Бөлімі:

Қатынастар және пропорциялар.

Педагогтің аты-жөні:

Амантайқызы Айгерім

Күні:

22.09.2021 ж.

Сыныбы: 6 б
Пәні: математика

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.5.1.2 пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу;
6.1.2.6 шамаларды берілген қатынаста бөлу;
6.1.2.7 шамаларды берілген сандарға кері болатын пропорционал бөліктерге бөлу;

Сабақтың мақсаты:



Пропорция анықтамасын біледі, пайызға берілген есептерді пропорция құра аладыпайызға берілген есептерді пропорция құру арқылы шығара алады;
.



Сабақ барысы



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Ынтымақтас
тық атмосферасын қалыптастыру



І. Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
II.Математикалық диктант

Тапсырмалары

Жауаптары

Екі санның қатынасы дегеніміз не? Формула түрінде көрсет.




Пропорция дегеніміз не? Формула түрінде көрсет.




Пропорцияның негізгі қасиеті қалай айтылады? Формула түрінде көрсет.




Тура пропорционал шама дегеніміз не? Формула түрінде көрсет.




Кері пропорционал шама дегеніміз не? Формула түрінде көрсет.







Шаттық шебері

Сұрақтарға жауап береді.




6-сынып оқулығы.





Сабақтың ортасы

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: пропорция көмегімен мәтінді есептер шығаруды жалғастырамыз. Ал, балалар, бүгін біздер пропорция көмегімен пайызға және жай бөлшектерге арналған мәтінді есептерді шығаруды үйренеміз. Ал ол үшін әуелі санның пайызын табуды есімізге түсірейік.
Санның пайызын табу үшін:
Пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектейді.
Берілген санды осы бөлшекке көбейтеді.
Мысалы: алпыс санының он пайызын табу үшін, алпысты жүзден онға көбейтеміз, сонда алты шығады.
Ал пайызы бойынша санды табу үшін:
Пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектейді.
Санның пайызын бөлшекке бөледі.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен мәтінді есептердің түрлеріне мынандай схема құрады.



Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

схема

100% - □
□ - х

100% - х
□ - □

100% - □
х - □

Алғашқы бекіту есебі:
Туристер 200 км қашықтықты жүріп өтті. Оның 40%-ын машинамен жүріп өтті. Туристер машинамен қанша жол жүріп өтті? Кері есеп құрастыру.

Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

Есептің қысқаша жазылуы

100% - □
□ - х

100% - х
□ - □

100% - □
Х - □

Пропорция

=





Пропорцияның белгісіз мүшесін табу

Х= =80







Жауабы

80 км







Топтарға тапсырма беру.
I топ: санның пайызын табуға арналған есептерді шығарады.Топтан бір оқушы тақтаға шығарады.
II топ: пайызы бойынша санды табуға арналған есептерді шығарады. Топтан бір оқушы тақтаға дәлелдейді.
III топ. Проценттік қатынасты табуға арналған есептерді шығарады. Топтан бір оқушы тақтаға дәлелдейді.
Тапсырмалар:
Кітапханада 400 кітаптар мен журналдар бар. Оның 26%-ы математикаға арналған кітаптар. Кітапханада математикаға арналған неше кітап бар?
Қарбыз массасының 98%-ы су. 5 кг қарбызда қанша су бар?
Товарлың бағасы 120 теңгеге арзандатылған,бұл бастапқы бағасының 15%-ын құрайды. Товардың бастапқы бағасы қандай?
400 г ерітіндіде 20г тұз бар.Тұздың ерітіндідегі проценттік қатынасын табыңдар?
Айдағы дененің салмағы жердегі осындай дененің салмағының 16 %-ын құрайды. Егер ғарышкер жерде 70 кг салмағы болса, айдағы салмағы қанша болады?

Оқушылар ауызша жауап береді.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс.


Есептер шығарады
Санның пайызын табуға есептер шығарады.

Оқушылар тақтаға назарларын аудару арқылы және мұғаліммен ақылдаса отырып, білімдерін толықтырады, дәптерлеріне түсіреді. жұмыстарын өзара алмастырып жауаптарын өзара тексереді


.




Топтар бағаланады.

Топты бағаланады.


6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Үлестірме

Оқулық, дәптерлер.





Сергіту сәті



Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Сергіту сәтіне арналған жинақ




6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Үлестірме

Сабақтың соңы

Өзіндік жұмыс.
Тапсырма: Жай бөлшектер үшін пропорция құруға арналған схема құрастыру
Топтарға тапсырма беру:
I топ: санның бөлігін табуға арналған есептерді шығарады.Бір есепті оқушы тақтаға көрсетеді.
II топ: бөлігі бойынша санды табу есептерін шығарады. Бір есепті оқушы тақтаға көрсетеді.
III топ:бөлшектердің проценттік қатынасын табуға арналған есептерді шығарады.
Бір есепті оқушы тақтаға көрсетеді.
Тапсырмалар:

  • Барлығы 600теңге бар.Осы теңгенің 1/ 4- і жұмсалды.Қанша теңге жұмсалды?

  • Баласы 10 жаста.Оның жасы әкесінің жасының 2/7-сін құрайды.Әкесі неше жаста?

  • Өрікті кептіргенде өзінің массасының 0,3-ін жоғалтады.4,8 кг кептірілген өрік жинау үшін неше кг өрік жинау керек?

  • 35 саны 55 санының қандай бөлігін құрайды.

  • Қорытынды.

Бекіту сұрақтары:
Пайыз бен бөлшектер үшін қандай есеп түрлерін қарастырдық?
Бұл есептерді шығарудың неше тәсілін білесіздер?
Есеп шығарудың қай тәсілі сізге ұнады?
VIII.Үйге тапсырма:
Практикалық жұмыс №150

Оқушылар өзіндік жұмыстарды орындау.






Оқулық, дәптерлер.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет