Сабақтың тақырыбы: «Төл теңге-ұлттық мақтаныш» Жалпы мақсаты
Тәрбие сағаты қмж" төл теңге -ұлттық мақтаныш"
Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным түсінік, наным сенім, ырымдары бар. Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар. Ақшаның да ырымдары бар. Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай өтеді. Жаңа туған нәрестенің жастығының астына ақша қойсаң, ол бай болып өседі. Үйде ысқырмау керек, ақша кірмей қалады. Күн екіндіден ауған шақта қарыз ақшаны қайтаруға болмайды. Тиын тауып алу байлыққа бастаса, таңертең аш қарынға тауып алған тиын кедейшілікті шақырады. Сыны кеткен тиын - тебен кездессе әмияныңызға салып, сақтап қойыңыз. Өйткені ол табыстарға жеткізеді. Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн. Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған жөн. Біз қанша жерден «ақша - қолдың кірі» дегенімізбен, ақша тіршілігіміздің бір бөлшегі. Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызымет істейді. Ал сол ақшаны да өз игілігіне жұмсай білуі керек. Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық болмағаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей берекет орналасып, тиындар шашылып жатса онда сізге ақша құтаймайды деп түсініңіз. Сондай – ақ, балалар сіздер де ақша табудың өзіндік машақаты бар екенін, қаржыны орынсыз шашуға болмайтынын осы кезден біліп жүрулеріңіз қажет. жүктеу/скачать 23,42 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |