И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі КММ Сынып сағаты Тақырыбы: «Төл теңге-ұлттық мақтаныш»
Орындаған: 6 А сынып жетекшісі:Жолдыбаева Ш.Б
Ақтау – 2017ж 13.11.17 ж
Сыныбы
6 А
Пәні
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы:
«Төл теңге-ұлттық мақтаныш»
Жалпы мақсаты:
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру. Ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру; оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту; өз Отанына мақтаныш сезімін ояту.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытының «Туған жер-туған ел» тақырыбымен байланысты
Күтілетін нәтиже
Сыни ойлана отырып өз ойларын ашық жеткізеді.
Шығармашылық жұмыс жасай отырып дарынды оқушылар анықталады. Баланың айналаны қоршаған ортаға, еліне, туған жеріне, Отанға сүйіспеншілігі артып, елін мақтан тұтар азамат болады .Ұлттық теңгенің маңызын,тарихын біледі.
Сілтеме
Слайд, кітаптар, постер материалдары, қосымша ресурстар.
Негізгі идеялар
Теңгенің енгізілуімен Қазақстан толық мағынасында тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары (елтаңбасы, туы, гимні, ұлттық валютасы) бар егеменді елге айналды..
Әр елдің ұлттық ақшасы болады. Біздің ұлттық ақшамыз теңге. «Ақша» сөзіне балама ретінде «валюта» сөзі қолданылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық валюта теңгеміз айналымға енді. 1993 жылдың15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні саналады.
Ұлттық теңгеміздің шеттері Қазақтың ою өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды.
Алғаш шыққын теңгелерде Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымыз бен Әл - Фараби, Абай, Шоқан сияқты ұлы тұлғаларымыздың бейнелері салынған болатын.
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталып, олардың орынына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.
Теңге біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу, барлық байлығымызды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму кезеңі.
2007 жылы теңгенің бейнесі өзгерді. Қазіргі теңгеде тәуелсіздігімізді білдіретін мемлекеттік рәміздеріміз орын алған. Ту, Елтаңба, Бәйтерек Елбасымыздың алақан ізі және қолтаңбасы, әнұран ноталары бейнеленген.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқуды және оқыту үшін бағалау
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
Міндеттері
Сабақ барысында оқушылардың толық қатысуы.
Топтық байланыс орнату.
Өзара келісіммен зерттеушілік- диалог құру.
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру:
топқа бөлу(Түстер бойынша бөлу), мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия. Кері байланыс.
Үйге тапсырма
Тапсырма көздері
Әр түрлі жағдаятқа байланысты сұрақтар.
Ақша туралы ырымдар