|
Сабақтың түрі: қайталау. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру
|
бет | 1/45 | Дата | 02.12.2022 | өлшемі | 2,82 Mb. | | #54456 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 4 сынып математикадан сабақ жоспары
ІІ тоқсан.
Тақырыбы: Өткенді қайталау.
Мақсаты: көп таңбалы сандармен есептеу тәсілдерінің өтілген түрлерін қайталау; жылдамдық, уақыт, қашықтықты табуға берілген есептерді шығару дағдыларын бекіту; құрама есептерді әртүрлі тәсілмен шығару.
Сабақтың түрі: қайталау. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
№ 1. 50 ∙ 10 = 500 900 ∙ 30 = 27 000 48 000 : 20 = 2 400 6 000 : 300 = 20 т.с.с.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс істеу: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.
Өздік жұмыс. № 2. Сандарды оқы. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. 105 789 = 100 000 + 00 000 + 5 000 + 7 00 + 80 + 9 т.с.с.
№ 3. Жұптық жұмыс.
v = 7 км/сағ v = 7 км/сағ = =
t = 10сағ t = 3сағ
s = ? s = 7 км/сағ ∙10сағ = 70 км s = ? s = 7 км/сағ ∙3сағ = 21км т.с.с.
№ 3(ә). Есепті екі тәсілмен шығар.
1 тәсіл: Ш: 5 478 – ( 2 058 + 1 986) = 1 434
2 тәсіл: Ш: (5 478 – 2 058) – 1 986 = 1 434
ІҮ. Сабақты пысықтау:
Топпен түсіндіріп. І топ – № 5. Амалдар ретін анықта. Өрнектердің мәнін тап.
50 005 – (1 534 + 827) – 1 005 = 46 639 706 250 – (50 000 – 2 341) + 55 559 = 714 150
ІІ топ – № 6. Салыстыр.
6мин 20с = 380с 106мин > 1сағ 6мин 643с > 6мин 43с
ІІІ топ – № 7(а). Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
14ғ. = 1 400 ж. 10см2 = 1000 мм2 3см2 = 300мм2 11 020кг = 11 020 000г т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|