Сабит Муканов. Балуан Шолак



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата03.10.2023
өлшемі0,88 Mb.
#112721
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
ХАУІПТІ ХАТ 
Ояз қызын түн ортасында жоқтады. Көшені қаратқан кісісі таба алмай келген соң, ол 
қауіптеніп, полицмейстерді шақырып, қаланы түгел тінтті — жоқ!.. 
Зәресі кеткен ояз түн ортасы ауа шіркеудің қоңырауын қақтырды. Мұндай мезгілсіз 
кезде, шіркеу өрт шыққанда ғана қағылатын еді, сондықтан ұйқыда жатқан қала халқының 
қоңырау дауысын естігенде зәресі кетті. Өрт деп ойлаған жұрт ұйқыдан шошып ояна сала 
үй ішіндегі барлы - жоқты затын көшеге тасыды. Аты - арбасы барлар ең қымбат деген 
мүлкі мен балаларын салып алып көл жағасындағы тақырға шапты. Қаланың қорадағы 
барлық малы да, жаны да көшеге шығып, мал шулап, бала жылап, ит үріп, қала әңкі - тәңкі 
болды. 
Қаланың бұлай дүрлігуі — бұдан 10—15 жыл бұрын қаланы тып - типыл қып кеткен 
өртті ұмытпағандық еді. 
Қоңырау даусынан шошып оянған халық, өрт жоғын білген соң «Не болды екен?»—
деп шіркеу маңына жиналды. Полицейскийлерден ояздың қызы жоғалу туралы естіген -
білгенін, жиналған жұрт бір - біріне сыбырласып та, дамбырласып та айтып жатты. 
Полицейский жиналған көпке қысқаша жариялап: 
Қаламызға бақытсыздық пайда болды. Его благородие уездный начальник Терентий 
Диякович Долгоносовтың қасиетті періштедей жалғыз қызы — Татьяна ұрланды. Соны 
іздейміз қазір!—деген сөзді ояздық полицей басқармасының начальнигі Сыскин, 
қыбырлай жиналған жұрттың әр жерінде айғайлай айтып жүрді... 
— Ойбай, сол ма, тәйірі... — деп көпшіліктің шеті сөгіле бастап еді, городовойлар 
иіріп жібермеді. 
Сонда да жұрт сытылып қашып жатты. 
Бір кезде тағы ду етті жұрт: 
— Не болды? 
— Кешір мен ат табылыпты! 
— Қайдан? 
— Білмейміз. 
Полицмейстер тағы жариялады: «Шала есті көшір жолдан табылды. Арбалы аттың 
біреуі қарағай ішінде байлаулы екен. Бір ат пен Татьяна жоқ. Мұны әкеткен Балуан 
Шолақ. Одан басқа ешкім де емес. Ол осы маңайдан ұзаған жоқ. Іздейміз. Табамыз!» 


Городовойлар бар, басқалары бар, жан - жаққа шапқын кетті. Үйді - үйіне тарқаған 
жұрттың аузындағы сөздері: 
— Егер бұны істеуі анық болса Балуан Шолақ, шынымен - ақ ер жігіт екен!.. 
— «Қорқақты көп қуса батыр болады» деген, оның ер болмауына үкімет қойды ма? 
Маза бермеген соң қайтсын. 
— Көкірегі намысты болған соң сөйтеді де, әйтпесе, қудаламақ түгіл, не қылса да сені 
мен біз ояздың қызын алып қашар ма едік? 
— Қажымас қара болат екен, сабаз, тасқа шапса да майырылмайтын! Қудалаған сайын 
ерегісе беруін көрдің бе? 
— Қызды қайтер екен, бұл? 
— Өшіккен адамның қызына не істері белгілі емес пе, — мазақтайды да, өлтіріп кетеді. 
— Ондай жаман көктің кісісі емес, Балуан Шолақ. Көрерсің, осы қызды әкесінің 
қолына аман тапсырады. 
Осы сияқты жорамалдарды айтып қала түн бойы гуілдеді. Ояз да, оның әйелі түн бойы 
көз шырымын алған жоқ. Әйелі байына: 
— «Қайратты, намысты» деп мақтап жүрдің де, қыр соңынан қалмадың! Міне енді 
көр!.. Мұнымен ғана қоймайды, ол! Бұдан да зорын шығарады. Көрерсің, бір түнде кеп үй 
-ішімізді қырып кетеді! — деп ұрысты. 
— Өзімізге не істесе де мейлі. Тек Таняны аман қалдырса екен!—деп жылады ояз. 
Шынында Терентий Диякович қызын жанындай жақсы көріп, дүниедегі бақытына 
санайтын. еді. Қызды іздеп шыққандар қаладан далаға, даладан қалаға кеп, түні бойы 
сапырылысты да жатты. Даладан қайтқан жайылымшылардың сөзі біреу - ақ—«жоқ!». 
Түн бойы жылаған ояз, таң атып, күн шыға қаһарына мінді. Даладан ешнәрсе 
табылмаған соң, ол қаланы тінттіріп, кім Балуан Шолақпен көңілдес деп естісе, соны 
абақтыға әкеп қамата берді. Мұндай адамдар көбейіп кетіп, Көкшетаудың кішкене 
абақтысына симады. Абақтыдан артылғандарды ояз сарайға қаматты. 
Содан кейін басты - бастыларын кеңсесіне шақыртып алды да: 
— Әзірге босатам сендерді. Бүгін кешке шейін, жерден қазсаңдар да, көктен 
қармасаңдар да қызымды қолыма әкеп беріңдер! Балуан Шолақты да ұстап әкеліңдер!.. 
Егер оны істей алмасаңдар, талайыңды дарға астырам, талайыңды каторгада шірітем. 
Осы бұйрықпен жұрт қала - далаға қайта шапқанда, сәске көтеріле Долгоносовтың 
қолына бір хат кеп тиді. Хат араб әрпімен жазылған екен. 


Бұның не хат екенін Долгоносов алғаш білген жоқ, себебі, — осы сияқты араб әрпімен 
жазылған қағаздар бұрын да көп түсетін еді. Кейбір конвертте келген хаттарда 
Долгоносовты тілдеп жазған сөздер де аз болмайтын; ал, кейбір иесіз хаттарда: «сені 
өлтіреміз, үйіңді күйдіреміз!» деген қорқытулар айтылатын. Осылай дамылсыз келетін 
конверттерден ерғашты болған Долгоносов, Сүтемгенге аштырып оқытатын да, арыз 
болсын, я басқаша хат болсын айырып - айырып лақтырып жіберетін, я «отқа жақ» деп 
Сүтемгенге беретін. 
Қызын жоғалтып ашуда отырған Долгоносов, мына келген хатты да конвертін ашып, 
араб әрпімен жазылған хат болған соң жыртып тастауға ыңғайланды да: 
— Мә, отқа таста!.. — деп, босаға жақта отырған Сүтемгенге қарай лақтырып 
жіберді... 
Қасына кеп түскен конвертті Сүтемген алып, даладағы сыпырындыға тастамақ боп 
жөнеле берді де, «кім екен мұны жазған!» дегендей, хатты конверттен суырып аяғына 
қарады. 
Көзіне жылан көрінгендей шошып кеткен Сүтемген тоқтай қалды. Тұла бойы дірілдеп 
кетті оның... 
Сүтемгеннің бұл халін өзгеден бұрын Долгоносовты әйелі көрді. 
— Не болды?!—деп сұрады әйел. 
Сүтемген әйелді «барина» деп атайтын еді. 
— Ой, барина! — деді ол дірілдеген дауыспен, — жаман адамнан келген хат. 
— Кімнен? — десті бірнеше адам. 
— Балуан Шолақтан!.. 
Балуан Шолақтың өзі кеп қалғандай сескеніп, үйдің ішіндегілер аяқ өре түрегеп, ду ете 
қалды: 
— Балуан Шолақтан?!.. 
Зәресі кеткен ұлықтардың ішінен біреуі Сүтемгенге оқы деп бұйырды. Долгоносов та 
«оқы» демекші еді, хат не туралы болатынын сезгендей, үні шықпай қалды. 
Сүтемген хатты ішінен оқыды, ол былай жазылған екен: 
«Сен, иттің баласы — ояз, неше жыл менің қыр соңымнан қалмадың. Өзің тура 
тимегенмен судьяңды, басқа төрелеріңді соңыма түсірдің. Жерімді алдырған да сен. 
Ауылымды күйдірген де сен! Малымды барымталаған да сен! Абақтыға жапқызған да сен. 


Каторгаға айдатпақ болған да сен. Осынша соңыма түсетін сенің әкеңді өлтірдім бе, 
әкеңнің аузын... 
Міне, мен қызыңды әкеттім. Айыбын, — жазықсыз жақын адамдарымды абақтыға 
алдыруың. Есіңде болсын, ояз, егер жазықсыз жандарды босатпадың, бар ғой, — қызыңды 
шошқаның торайындай шыңғыртып азаптаймын, Әрбір досыма я жақыныма көрсеткен 
азабың үшін, қызыңның бір мүшесін кесем де отырам. Егер ешкімге тимесең, мен сенің 
қызыңа да тимеймін. Мен саған жалынбаймын, иттің баласы. Қай қалағаныңды өзің ал, — 
не, жапқызған жақындарымды түгел босат та, оларға да, маған да тимеймін деп қолыңнан 
мөр басқан қағаз бер, онда, қызың босайды. Оны істемедің бар ғой, жалғыз қыздың 
шығынымен құтылмайсың. Жанға — жан шалам да отырам. 
Ағаштарды, шөптерді кісі ғып іздетсең де сен мені таба алмайсың. Ерегіссең жақын 
арада өзіңді де ұрлаймын. Мен енді саған жалынбаймын. Сен маған жалынасың. Сөзім 
осы. 
Мені, жазықсыз зарлатып ең. Қасқырдай ұлытып, иттей қаңсылаттым ба, бәлем! Әлі 
көресің көп! 
Балуан Шолақ». 
Бұл хатты аударуға Сүтемгеннің тілі де, батылы да жетпейді. Екі көзі шарасынан 
шығып, ол қалшиып қатты да қалды. 
— Айт! — деп бұйырды ояз оған. 
Сүтемген: «го-гос-п-п-о-один!» дей берді де, аржағын айтпай, жылап жіберді... 
Бұл үйге қаланың беделді казак - орыстары да жиналған еді. Солардың ішінде, 
қазақтар «Түлкімұрт» деп атайтын, Коробкин дейтін шал отыр еді. Ол қазақ тілін жақсы 
біледі. 
— Неге ыбылжып тұрсын?—деді Түлкімұрт Сүтемгенге, — оқы мен айтайын! 
Көтере алмай тұрған ауыр жүк өзінен ауғандай болған соң, Сүтемген барықсызданып: 
«Сен, иттің баласы ояз» дегенді қапыда оқып қалды. 
— Оһо, — деді Түлкімұрт көзін едірейтіп, — қалай бастаған? 
— Не депті? 
— Жай, бейбастақтардың сөзі, — деді Түлкімұрт, оязға,—аржағын оқы, Сүтемген! 
Түлкімұрт Сүтемген оқыған әрбір сөйлемді жеке аударды. 
Хаттың сөздерінен үйдегілердің, әсіресе Терентий Диякович пен оның әйелінің үрейі 
ұшты. 


— Босат!.. Босат!.. Тез босат!..—деп айғайлады Долгоносовтың әйелі еріне!.. — Босат 
тез, ұстағандарыңды!.. Әйтпесе құрыдық! 
Аузы көпіріп, көзі аларып талып кеткен әйелді, сол үйде отырған үйездік емші, 
Камфара, тағы сол сияқты дәрілерді иіскетіп, әрең дегенде ақылына келтірді. 
Сең соққан балықтай сенделген ояз қасындағыларға ақылдасып еді. 
— Босату керек, — деді олар, — мұны енді ашуландырмайтын шара қолдану керек. 
Егер ашуланса, не өледі, не ойдағысын істейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет