Садырова М. С


Әлеуметтік топтарды жіктеудің негізгі критерийлері



Pdf көрінісі
бет47/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Әлеуметтік топтарды жіктеудің негізгі критерийлері
Қорытындылай айтқанда стратификация мәселесі бойынша Батыс 
социологиясында өте көлемді, терең мағыналы, ғылыми жағынан құнды 
зерттеулер аз емес. Бұл зерттеулердің көпшілігі топты айыру мәселесіне көп


көңіл көңіл бөледі. Белгі, критерий деген түсініктер зор маңызды 
категориялар. Жинақтай келгенде, тағы да қайталай айтқанда, осы белгілер, 
критерилер мынадай көрініс береді: 
1. Кіріс, табыс, шығыс. Осы белгі бойынша топтардың материалдық
жағдайын ажыратуға мөмкіндік туады.
2.
Меншік. Әрине, адамдардың көпшілігінің меншігі болады.
Меншіктің түрлері де аз емес. Мысалы, жеке меншік, мемлекеттік меншік,
ұжымдық меншік, корпорациялық, акционерлік меншік, т. б. Бірақ та,
ресми түрде айтқанда меншіктің екі ғана типі болады. Біріншісі,
мемлекеттік меншік, екіншісі, жеке меншік, яғни мемлекеттік емес
меншік. Осы жеке меншіктің формалары әртөрлі болуы мөмкін. Мысалы, 
жеке адамның, тұлғаның меншігі, бірнеше адамның, яғни топтың
меншігі, өлкен топтардың, яғни таптың меншігі, өлкен топтардың,
акционерлік меншігі т. б. Меншік мәселесі өте көрделі мәселе. Бірақ та,
Батыс социологиясында топтың экономикалық статусын белгілейтін
құбылыс меншік емес, кіріс, табыс, шығыс.
3. Билік. Батыс социологиясында бұл категория топтың белгісі
ретінде өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, Р. Дарендорфтың
концепцияларында бедел, билік қазіргі қоғамда жеке адамның, топтық
қоғамдағы орнын, статусын белгілейтін ең басты көрсеткіш. Егерде біз
әкімшілік, мемлекеттік билікті алатын болсақ, оның иелері
чиновниктердің статусының көпшілік елдерде, әсіресе Шығыс елдерінде,
өте жоғары екенін байқаймыз.
4. Мамандық. Осы кезеңдегі статистикаға сүйенсек дамыған елдерде
төрт мыңнан астам мамандық бар екен. Ал осы мамандықтар топтарға
бөлуде өте маңызды роль атқарады. Кейбір кәсіби мамандықтар
болашағы бар, құнды, ал кейбіреулерінің беделі төмендеуде. Бұл мәселе 
әрине қоғамның әлеуметтік, экономикалық, рухани дамуына байланысты. 
Қалай болғанда да, адамдардың көпшілігі өзінің кәсіби мамандығына
байланысты топтасады.
5. Білім. Жеке адамдардың, топтардың статусын, орнын, атқаратын 
функциясын өзгертуге білім аса маңызды роль атқаруда. Жоғарғы
білімі, не арнайы білімі бар адамдардың ой еңбегі саласында орын
алатын кәсіби мамандықтары бар. Ал арнайы білімі жоқ адамдар
тобының статусы төмен, олардың көпшілігі төменгі тапқа, яғни кедей 
тапқа жататынын бекерге шығаруға болмайды Жеке адамның, жеке
әлеуметтік топтың мәдениеті қоғамда тиісті орын алуы керек. Өркениетті
елдерде мәдениет жоғары бағаланады. Бұл мағынада, қазіргі елдерде,
мәдениет дегеніміз адамдардың, топтардың, страталардың белгілі бір
стандарттағы әлеуметтік тәртібі, нормасы, жөріс-тұрысы, өмір- салты,
өмір стилі, технологиясы, ғылымды меңгеруі, еңбек мәдениеті, әлеуметтік 
қатынастар, адамдардың байланысының, қатынастарының мәдениеті. Бұл
жерде ұлттық, не болмаса жалпы халықтық мәдениет туралы сөз болып
отырған жоқ.


6. Саяси, әлеуметтік, діни, т. б. көзқарастар. Әрине, бұл құбылыстардың 
жеке адамдарды, топтарды ажыратуда маңызы бар екендігі сөзсіз. 
Мысалы, саяси бағыт, саяси партияларға кіру не кірмеу, белгілі бір
идеологияны жақтау, не оған қарсы шығу, саяси оппозицияда болу, не
оған қарсы шығу, не болмаса осының бәріне бейтарап қарау – осының
бәрі жеке адамның, не топтың статусын, таптық орнын белгілеуге әсер
етеді. Сол сияқты топтардың дінге қатынасы. Бұл қатынас әлеуметтік
жіктеуге тікелей әсерін тигізбейді, бірақта кейбір діндердің ішінде
иерархиялық топтарға бөлінуіне жол береді.
Осы критерилер қоғамды тапқа не старталарға бөлу үшін
пайдаланылады. Көпшілік социологтар қазіргі заманның қоғамы өш
тапқа бөлінеді деген түйінге келіп отыр. Олар: бай, орта, кедей деген
таптар. Әрине бұл бөгін ғана ашылған жаңалық емес. Бұл таптар
көптеген страталардан, яғни топтардан тұрады, оларды бір бірінен
ажырату жоғарыда айтылған белгілер арқылы жөріп отыруы керек.
Бірақ та осы өлкен топтардың, яғни таптардың өзіндік мәселелері де аз 
емес. Мысалы, осы таптардың арасындағы қатынастар, ара қатынастар. 
Марксистік концепция бойынша таптар болған жерде тап көресі де
бар, таптар бірімен бірі ымырашылдыққа келе алмайды. Сондықтан да,
таптық қоғамда тап күресі заңды процесс деп қаралады. Ал қазіргі
кезеңдегі Батыс социологтары тап көресі заңды құбылыс емес деп 
қарайды. Нарықтық қоғамда, жеке меншіктің, оның ішінде
корпоративтік меншіктің орын алған кезеңінде таптардың арасында 
бірлестік күшейе түседі, таптар өзара келісімге келіп қоғамның
дамуына кедергі жасамайды. Бірақ та бұл жағдай таптар арасындағы
барлық келіспеушілікті жояды деген сөз емес. Американдық социолог Р. 
Парк әлеуметтік дистанция деген концепцияны бір кезде ұсынған екен. Бұл
концепция бойынша адамдар бір бірімен жақсы қатынаста
болғандықтан бірігеді, бір страта, не бір тап құрады. Ал бірін-бірі
жақтырмайтын топтар белгілі бір дистанция ұстайды, қашықтықта
тұрады. Бұл концепция негізінде психологиялық белгілер жатыр, мысалы, 
бір біріне жақсы қарау, не болмаса жақтырмау. Тапқа, страталарға
бөлуде осындай белгілердің, құбылыстардың орын алуын жоққа шығарға
болмайды. Бағынышты адам өзінің бастығын жек көруі мүмкін, кедей
адам бай адамды жақтырмайды, т. б. осындай психологиялық, әлеуметтік 
факторлар топқа бөлуде белгілі бір рөл атқарады. Бірақ та, бұл
факторларды топқа, страталарға бөлудің негізі деп айту онша дұрыс 
емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет