Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет56/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Кесте 1 
Негізгі деректер 
Кезеңі 
Кәріліктің басталу 
уақыты, жасы 
Пифагор 
Ерте тарихи кезең 
60 
Гиппократ 
Ерте тарихи кезең 
56-63 
Қытай ғалымдары 
Ерте тарихи кезең 
70 
Орта ғасыр ғалымдары 
Ерте тарихи кезең 
Ерлерде 50
әйелдерде30 
Орыс 
демографы: 
А.П.Рославский 
– 
Петровский
19-ғасырдың 
1-ші 
жартысы 
61 
Француз физиологтары 19-ғасыр 
55-60, 70 
Неміс 
физиологы 
М.Рубнер 
1854-1932 жж.. 
50 жас-кәрілік; 
70 жас-аса кәрілік 
Америка 
Құрама 
Штатының 
денсаулық 
сақтау ассоциациясы 
1939 ж. 
65 жас ерте кәрілік; 
75 жас кәрілік 
Ағылшын физиологы 
20-ғасыр 
50-60 жастан астам 
Жалпы қартаю кезеңі жаңа демографиялық кезең болып табылады. 
Көптеген елдерде 60-65 жастан асқан адамдар тобы 20%-дан жоғары екендігі 
дәлелденді. Қазіргі кезде адамдардың орта кезеңдегі өмір сүруі олардың ата-
аналарына қарағанда әлдеқайда жоғары, сонымен бірге, бұл ересек және 
қартаю жастыны әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін жалғастыру 
кезеңі екенін білдіреді. Саяси әлеуметтік экономика қоғамның мәдени өмірін 
және адам дамуындағы мінез-құлықтарының нығаюын талап ететін кезең 
болып табылады. 
Қазір медицина саласындағы бәзбір жетістіктер мен өмір сүру 
деңгейінің көтерілуі адамзаттың орташа өмір сұру ұзақтығын айтарлықтай 
өсірді. Бірақ әлемнің көптеген елдерінде бұл үрдіс енді халықтың қартаюына 
әкеп соғуда. Әсіресе Батыс Еуропа елдерінде халықтың қалған бөлігімен 


салыстырғанда, мұқтаждықтары өзгеше келетін егде адамдар үлесінің ар-
туымен бірге соңғы жылдары кәрілікке байланысты әлеуметтік және 
экономикалық мәселелер туындап отыр. 
Қартаю проблемалары жөніндегі ең бірінші халықаралық құжатқа 
қартаю проблемалары жөніндегі іс-
ə
рекеттердің Халықаралық жоспары 
жатады, осы құжатты 1982 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдады ж
ə
не ол 
халықтың қартаю проблемаларын тиімді шешу саласы мен егде жастағы 
адамдардың даму саласындағы мүмкіндіктерін қарауға қатысты үкіметтер 
мен азаматтық қоғамның 
ə
леуетін күшейтуге нысаналанған. Халықтың 
қартаюы жөніндегі 2002 жылғы с
ə
уірдегі екінші Дүниежүзілік Ассамблеяда 
БҰҰ мүше елдері Саяси Декларация мен қартаю проблемалары жөніндегі Іс-
ə
рекеттердің Мадридтік Халықаралық Жоспарын қабылдады, Жоспарда 
қартаю проблемалары жөніндегі стратегия м
ə
селелері 
ə
леуметтік 
қамсыздандырудың тар ауқымдарымен салыстырғанда анағұрлым кең 
мағынада қаралды ж
ə
не құжатта даму саласындағы саясат м
ə
селелерін 
талқылау қажеттілігіне баса назар аударылады[1;9]. 
Жыл сайын жер бетінде қартайған адамдардың саны 2,4 пайызға өседі 
екен. Кейбір болжаулар бойынша 2020 жылы кәрі және қартайған 
адамдардың саны 1 млрд–қа жетеді. 20 ғасырдағы адам жетілуінің жылдам 
дамуын (акцелерация), қартаю процесінің кешеуілдеуін, тіршілік ету 
ұзақтығының ұзаруын адамның тарихи–эволюциялық дамуындағы жаңа 
құбылыс деп қарастыруымыз керек. 
Адам дамуының базалық көрсеткіштері Адам дамуының негізгі үш 
компонентіне – ұзақ жасауға, білімділік пен тұрмыс деңгейіне с
ə
йкес келеді. 
Осы компоненттердің 
ə
рқайсысы адамның маңызды мүмкіндіктерін жалпы 
қамтиды: ұзақ жасау – ұзақ ж
ə
не салауатты өмір сүру мүмкіндігін; 
білімділік– білім алуды, қарым-қатынас жасауды, тұрмыс деңгейі лайықты 
өмір сүру үшін қажет ресурстарға қол жеткізуді, 
ə
леуметтік жинақылық пен 
қоғам өміріне қатысу үшін жағдайлардың болуын білдіреді. Қартаю 
демографиялық көрсеткіштердің ұзаққа созылатын өзгерістерінің, халықтың 
өсіп-өну сипатындағы ілгерілеулерінің, сондай-ақ көші-қонының н
ə
тижесі 
болып табылады. 
Халықтың қартаю үдерісі – қазіргі кезде көптеген елдерде байқалып 
отырған құбылыс. Мамандардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай егде 
жастағы адамдардың саны жастардың жалпы санынан асып кетеді, бірқатар 
дамыған ж
ə
не дамушы елдерде бұл үдеріс 1998 жылда-ақ болды. Егде 
жастағы адамдар үлесінің көбеюімен көрсетілетін халықтың қартаю үдерісі 
туудың жиынтық коэффициентінің төмендеуінен ж
ə
не өмір сүру 
ұзақтығының өсуінен туындайды: ол қазір іс жүзінде жаппай дерлік 
байқалып отыр. Халықтың қартаюы Францияда XVIII ғасырдың соңында 
басталды да, содан кейін бірте-бірте барлық дамыған елдерге тарады. Бірақ, 
егде жастағы адамдар үлесінің ұлғаюы қазіргі кездегідей бұрын ешқашан 
соншалықты жылдам ж
ə
не ауқымды болған емес. Халықтың қартаюы мен 
аралас м
ə
селелерді зерттеп-зерделеуші сарапшылар жас д
ə
режесіне 
қатысты 
ə
ркелкі т
ə
сілдерді ұстанады. Н.Н. Сачук ДДҰ Еуропалық 


аймақтық бюросының деректерін (1963) келтіреді, ол бойынша 60-тан 74 
жасқа дейінгі адамдар – егде жастағы адамдардың, 75 ж
ə
не одан жоғары 
жастағылар – қарт адамдардың, 90 ж
ə
не одан жоғары жастағылар ұзақ 
жасаушы адамдардың қатарына жатқызылады. Дүниежүзілік Денсаулық 
сақтау Ұйымы 1982 жылы 65 жасты егде жастың көрсеткіші ретінде таңдады, 
ол қазіргі кезде көпшілік елдерде жаппай танылған көрсеткіш болып 
табылады.
Қай қоғамда болмасын, ең басты құндылық - адам мен оның өмірі. 
Еңбек белсенділігі жоғары, дені сау ұлты бар мемлекеттің болашағы да зор 
саналады. Сондықтан да бүгінгі таңда адам ағзасының қартаю үрдісін 
зерттейтін геронтология ғылымы ең қызықты ғылымдардың біріне айналған. 
Қартаю жөніндегі ғылым – геронтология (грек сөзі gerontos-кәрі, 
қартайған адам) адам қартаюының қалыпты процесін, кәрілік өзгерістердің 
даму қарқыны мен сипатына әсер ететін оның негізгі белгілері мен 
факторлерін, адам организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Геронтология ілімі ХХ ғасырдың басында өз алдына ғылыми ілім 
ретінде қалыптасқан тіршілік ету ұзақтығын, яғни организм өмірінің 
ұзақтығын анықтау механизмі жөніндегі биология ғылымымен тығыз 
байланысты. Осы істе американдық ғалым Р.Пирл, сонымен қатар белгілі 
геронтологтар А.Комфорт және Б.Стрелердің алатын орны ерекше. Ресейде 
бұл ілімнің алғашқы қалыптасуы Пирлдің оқушысы, профессор В.В.Алпатов 
жұмыстарымен тығыз байланысты. Кейбір геронтологтар тіршілік ету 
ұзақтығының биологиясын геронтология ілімінің бір тарауы деп есептейді. 
ХХ ғасырдың 30–40 жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер 
үйі, геронтология және гериатрия кабинеттері (Алматы, Қарағанды т.б.) 
ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле 
бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеуметтік – гигиеналық 
себептері мен клиникалық белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына 
байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер 
зерттелді. Егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын 
жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиологиялық және биохимиялық 
көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған 
адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. 
Геронтологиямен гериатрия ілімі тығыз байланысты, ол кәрі және 
қарттық жастағы адамдардың ауруларын зерттейді. Геронтологияның негізін 
қартаю процесінің биологиясы құрайды, дегенмен қартаю мәселесі кешенді 
процесс: биомедициналық, психологиялық, антропологиялық, әлеуметтік, 
экономикалық негізді құрайды. Кәріліктің алғашқы анықтамасы және оның 
себептері ескі діурге жатады. Ұлы дәрігер Гиппократ (б.д.д. ІҮ–Үғ.) кәрілік 
деген ұғымды табиғи жылулықтың кетуі және организмнің кеуіп қалуының 
нәтижесі деп түсінді. Философ Платон кәрілікке орта жастағы адамның өмір 
сүру салты әсер етеді деп көрсетті. Кәрілікті баяулату рецептілері ежелгі 
Қытай және ежелгі Индия медициналарында келтірілген.
Адам денсаулығы және оның өмір жасының ұзақтығы организмнің 
қартаю сипатымен тығыз байланысты. Егде тартқан және қартайған 


адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грек.geron 
және iatreia – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді.
Геронтология кезеңін дәстүр бойынша 3–ке бөлеміз. 
1. Мосқалдық кезең (еркектер үшін 60-74 жас, әйелдер үшін 55-74 
жас); 
2. Қарттық кезең (70-90 жас); 
3. Ұзақ жасайтындар (90 жастан жоғары. 
Ресейде және бүкіл дүние жүзінде геронтологияның негізін салушы 
әйгілі орыс ғалымы И.И.Мечников. Геронтология ілімі жаңа заманғы 
түсінікте ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. 1958 жылы медицина 
ғылымының академиясында Ресейде бас ғылыми–зерттеу геронтология 
институты ұйымдастырылды. Қазіргі кезде Ресейде геронтология ғылыми–
зерттеу институты, региональды орталықтар, Мәскеуде Ұлттық геронтология 
орталығы жұмыс істейді.
Қазіргі заманғы геронтологияның негізгі міндеті: мезгілінен бұрын 
қартаюдың алдын алу, денсаулықты және белсенді ұзақ өмір сүруді сақтау, 
қартаю ерекшеліктерін, қартаю процесіне қоршаған ортаның, оның ішінде 
антропогенді (өмір сүру салты, еңбек, әлеуметтік жағдай) факторлердің 
әсерін зерттеу болып табылады.
Геронтология ғылымындағы ең басты бағыттардың бірі – адам өмірін 
ұзарту. Дәрігерлік көмек пен өмір сүру деңгейінің жақсаруы арқасында қазір 
жаһан бойынша адамдардың өмірі біршама ұзарды. Ғалымдардың пікірінше, 
индивидум деңгейінде дұрыс диета сақтау, физикалық жаттығулар жасау жә-
не темекі, арақ-шарап сияқты қауіпті улы факторлардан аулақ болудың арқа-
сында да өмірді аздап ұзартуға болады. Әйтсе де бұл факторлар көбінесе 
кәрілікті жеңуге емес, «кездейсоқ» ажалды жеңуге ғана бағытталған. 
Әлемде адамның қартаю жылдамдығын баяулатудың бірнеше «жеміс беруі 
мүмкін» стратегиясы ғана бар. Зерттеушілер солардың арқасында қартаю 
жылдамдығын төмендетіп, өмірді ұзартпақ. Мысалы, адам органдарын клон-
дау арқылы қолдан өсірілген органдармен алмастыру немесе антиоксидант-
тар, гармон деңгейіндегі терапия арқылы ағза жасушаларын молекулярлық 
«жөндеуден» өткізу сияқты тұжырымдар пайда болды. Алайда бұл 
бағыттарда да әзірге ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелер жоқ. 
Қартаюдың табиғатын анықтаумен геронтология ғылымы айналысады. 
Бұл ғылым физиологиялық өзгерістермен қатар, қарт адамдардың қоғамдағы 
әлеуметтік рөлін де терең зерттейді. Геронтологияның мақсаты – кәрілікке 
байланысты туындайтын кейбір кемшіліктерді жеңу. Өйткені әрбір жас то-
бының әлеуметтік мәртебесі мен қоғамдағы орны сол топтың экономикалық 
«жетістіктерімен» тығыз байланысты. Мысалы, ауылшаруашылығы сала-
сында қарт адамдардың мәртебесі жоғары. Олардың өмірлік тәжірибесі 
жоғары бағаланып, олардың біліміне деген сұраныстың арқасында қарт 
адамдардың қоғамның белсенді мүшесі болып қала береді. Бірақ соңғы ғасы-
рлардағы индустриализация мен урбанизация деңгейінің күрт өсуінен қарт 
адамдардың қоғамдағы рөлі төмендеп келеді. Соңғы зерттеулерге қарағанда, 
қарттардың өз маңыздылығын жоғалтуына олардың еңбекке деген қабі-


летсіздігі емес, үздіксіз білім алу мен жаттығуларды талап ететін жаңа 
технологиялардың енгізілуі себеп болып отырған көрінеді. Әйтсе де, кейбір 
салаларда қарт адамдар әлі де жоғары белсенділігін сақтап келеді. Мәселен, 
саясатта. 
Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез–құлық 
ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық 
психологиясы зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің 
функционалдық мүмкіндіктерін (қимыл белсенділігінің баяулауы, күш қуаты 
азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. 
Психика функцияларының (зерде, ес, зейін және т.б.) өзгерістер бір жақты 
ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және 
эмоциялдық ішкі әлемге кету, өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға 
байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, 
түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивті 
құбылыс деп қарамау керек, қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде 
адамның рухани жетілу деңгейі төмен болады. Мысалы, қанағаттану, 
парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік т.с.с. 
қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі. Қарт 
адамның шығармашылық белсенділігі жоғары болатындығы жиі 
байқалады. Қартаюдың психологиялық ерекшеліктері мен өзгерістеріне
ерте кезден назар аударса, геронтология ғылымы пән ретінде егде жастағы 
адамның көбеюі; олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының
сондай–ақ іс–әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының
өзгерулеріне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланыстар пайда 
болады.
Қарттық кезең (психологияда) – адам өмірінің соңғы даму кезеңі. 
Қарттық жас - адам өміріндегі заңды этап. Бұл кезеңдегілердің 
ерекшеліктері, адамның циклдік өмір жүйесіндегі спецификалық ролі, 
қарттық кезең өзіндік дамудың жалпы перспективасын белгілеп көрсетеді. 
Қарттық кезеңнің алдында, егер осы жастағылардың мінез-құлық 
позициясы жеткіліксіз болса, онда олар өз бетінше шешім қабылдай 
алмайды. Осыған байланысты Л.С. Выготский қарттық кезеңде метаморфоз 
заңының болуы керек екенін көрсетті, кейін қарттық кезеңде олардың тек 
қана жойылған қабілетін сипаттау ғана емес, ең алдымен сапасы тамаша 
психикасын сипаттау керек, егер де оның дамуында сапасы шынжыр болса 
ғана деп көрсетті. 
Д.И. Фельдштейн былай деп көрсеткен, дәл қазір қарттық кезеңде 
бұрынғылары шығып, аяқтары қақсайды. Мүмкіншілік болса, адам өмірі 
ұзарады, соның ішінде индивидтің ішкі өзіндік дамуында санақ болуы керек. 
Мұнан да астамы, жасы тоқтаған адамда тек қана тәжірибелік алып беру ғана 
емес, сонымен қоса болашаққа деген жарыстар болады. Қарттар өз өмірінің
қарттық кезінде күтім болса, өзіндік ойынан аулақ болса (тастап кетсе), 
істері аяқсыз қалса (бітірусіз) онда олардың даму қоры шектелген. Бұл қор, 
адам дамуының бүкіл өмірлік дистанциясы созылғанда қалыптасады. Даму 
кезеңі, бұл кәрілікпен байланысқан және болашақты білдіреді, яғни 


кәріліктен белсенді түрде адамгершілік қарым–қатынас тенденциясы 
арқылы шығарады, ол құрмет пен таңдануға байланысты.
Бұл кезеңнің қызықтысы, кәрілік кезеңде оларда толық әрі біткен
мінез–құлық позициясы жоқ. Геронтолог ғалымдар кәрілік - бұл біріншіден, 
биологиялық феномен, яғни бұл психологиялық өзгеріспен бірге жүреді деп 
санайды. Көптеген зерттеушілер оның барлық жоғалу жиынтығы – 
экономикалық-әлеуметтік, индивидуалдық болады, яғни бұл даму 
кезеңіндегі автономия болуы мүмкін. 
Кәрілік жастағы өзгеріс – биологиялық процесс болады, ол тікелей жас 
мөлшерімен байланысты болып келеді, ал егер әлеуметтік кезең болатын 
болса – адам пенсияға шығады, оның әлеуметтік статусы өзгереді, жүріс – 
тұрысы өзгереді, соңында психологиялық кезеңінде өзгеріске душар 
болады. Бұл кәріліктің механикалық өзіндік регуляциясын анықтауға негіз 
болады. Сондай–ақ кәрілердің проблемасы – биологиялық системаның
функционалдық сәйкестігі, яғни өзіне лайықты психологиялық және өзін 
қоршаған әлеуметтік кеңістігіне бейімделуінсіз бұл орындалмайды. Қартаю 
– бұл жаңа әлеуметтік рөлге көшу, яғни жаңа системалық группамен және 
өзіндік қарым–қатынас орнайды. Дәл қазіргі уақытта кәрілік кезеңіне 
ғылыми қызығушылық тууда, бұл кезең жайлы білім өмірде ешқандай күмән 
туғызбайды, бірғана геронтопсихология. Геронтопсихология – бұл қазіргі 
даму психологиясының ең жас бөлімі болып табылады. Қарттық кезеңнің 
проблемасына деген психологиядағы қызығушылықтың басты екі себебі 
бар. Біріншіден, қартттық кезең тотальдық өшу процесі болмайды, соны көп 
ғылымдар зерттеді. Б.Г. Ананьев былай дейді: геронтологтар мынадай 
қорытындыға келді, қарттық кезеңде адам мүгедектік процесіне жақын 
болады, сонымен қоса өзгеде процесстер жүзеге асады және мүгедектік 
күшке қарсы факторлар.
Геронтология ғылымы тотальдік және бір мезгілдегі қарттықтың 
бұрынғы келбетін құртты, ұзақ өмір сүру проблемасына өте үлкен назар 
аударды. Қазіргі күнде геронтологтар қарттық жастағы организмнің өзіндік 
бейнесін қайта құруын тексеруде, ерекше қабілет функцияларының жалпы 
орынға өтуін сақтайды. Витаукт (vita – өмір, aucfem - ұлғайту) организмнің
өмірге деген қайраткерлігін тұрақтандырады, көптеген өзгерістерді қалпына 
келтіріп және олардың орнын толтырады, жаңа қабілет механизмдерін 
құрады. Оның екі себебі бар: біріншісі, даму психологиясының қарттық 
кезеңіне деген қызығушылық; екіншісі, қызығушылық пен геронтологиядағы 
қарттық кезеңді зерттеу мен интенсивті дамумен байланысты, әлеуметтік–
экономикалық факторлар себепшісі болады. 
Даму психологиясының 90% балалар психологиясын зерттеумен 
шұғылданады. Қарттық кезең бұл өте қиын проблемалардың түрі. 
Геронтологияның 
атақты 
ғалымдарының 
бірі 
И.В.Давыдов оның 
категорияларын көрсетті, қарттық кезеңіне жету бұл ешқандай календарда 
көрсетілмеген деді. Сонымен қатар, Еуропада бюро аймағында БДСО 
(бүкіләлемдік денсаулық сақтау организациясы) ер кісілердің 61 мен 74 жас, 
ал әйелдердің 55 – 74 жас аралығы қарттық кезеңнің басталуы деді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет