Садырова М. С


Қартаюдың психоанаметикалық сипаты



Pdf көрінісі
бет57/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
Қартаюдың психоанаметикалық сипаты 
Карл Юнг «Адамның өмірінің екінші кезеңі» деп атаған ілімінде келесі 
проблемаларды көрсетті. Ол үшін өмірдің екінші кезеңі критикалық айналым 
сәті, яғни индивидтің өзіндік дамуында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Қарт 
кісілерге «әлеуметтік протезде» әлеуметтік көмек жүйесін ұсыну қажет. Бұл 
жұмыс бойынша Адлердің проблемалық шешімі, идеялары көрсетілген. 
Даму психологиясының геронтопсихологиясына көп үлес қосқан 
ғалымдардың бірі Э.Эриксон. Өзіндік дамудың сегіз стадиясын көрсеткен. 
Өмір циклінің әрбір кезеңінде спецификалық тапсырмалар байланысқан, 
жалпыға ортақ болады. Әрбір кезеңі әлеуметтік–бағалы мақсатын 
анықтайды. Өмір жасындағы сегізінші кезең – қарттық, мінез – құлықтің 
өзгеруімен сәйкес өзгереді. Өзімшілдік пайда болады. Э.Эриксонның 
теориясы өзгеде ғалымдардың қызығушылығын тудырды. Р.Пэкон мен 
Р.Пэк «сәтті қарттық» деп көрсетті, яғни адам өзіндік дамуында негізгі үш 
тапсырманы орындау керектігін көрсетті 
(«Эго» дифференциясына қарсы роль). Адамдар өздерін тек қана өзінің 
жұмысына және отбасына арнайды, бұл пенсияға шығар жол, жұмыс 
ауысымы немесе балалардың үйден кетуі оларда жағымсыз эмоция 
тудырады. Екіншіден, бұл трансценденция жан дүниесіне қарсы. Соңғы 
трансценденция «Эго»-«Эго» өзгерісіне қарсы, негізгісін меңгеруші, 
маңызды белгілер көрсетіледі. 
Қартаю мәселесі нақты моральдық деңгейде айқындалады. Адамзаттың 
дәстүрлі бағалылықтарының барлығы – нәтижесінде қартаюмен тікелей 
байланысты болып келеді. Бұл жерде ерекше атап айтатын дүние – бұл 
қартаюдың әлеуметтік аспектісі. Бұл әлеуметтік аспект өз артынан нақты 
моральдық мәселелерді алып келеді. Қартаю – ол әлеуметтік рөлдердің жаңа 
жүйеге көшуі деп түсіндіріледі. Яғни, топтық және тұлғааралық қарым–
қатынастардың жаңа жүйеге өтуі.
Қартаюдың түрлері өте көп, оның айқындалу төңірегі де өте кең. 
Ф.Гизенің типологиясында қарттар мен қартаюдың үш типі көрсетілген: 

келеңсіз қарт адам – өзінің бойындағы қартаю белгілерін 
мойындамайды; 

экстраверт қарт адам – яғни, қартаю кезеңін сыртқы әсер 
арқылы немесе қоршаған ортадағы өзгерістер арқылы мойындайды (мысалы, 
өсіп кеткен жастар, жастар мен қарттардың көзқарастарының бөлек болуы, 
жақын адамдарының қайтыс болуы, отбасындағы орнының өзгеруі, техника 
төңірегіндегі өзгерістер, әлеуметтік өмірінің өзгеруі және т.б.). 

интроверт қарт
 
адам – яғни, қартаю кезеңін бастан қиын 
кешіру. Адам қоршаған ортадағы жаңалықтарға қызығушылық білдірмейді, 
өткен өмірі туралы көп ойланады, аз қимылдайды, тыныштыққа ұмтылады 
және т.б..
И.С.Кон қартаюдың келесі әлеуметтік–психологиялық типтерін 
анықтап көрсетеді. 
Бірінші тип – белсенді, шығармашылық түрде қартаю. Бұл типке 
жататын қарттар, заңды демалысқа шықса да қоғамдық өмірге, жастар 


тәрбиесінде және т.б. белсенді атсалысып, толыққанды, белсенді өмір сүріп, 
өздерін еш кемсітпейді.
Қартаюдың екінші типіне жататын қарттар – бұрын соңды уақыттары 
жетпеген шаруалармен айналысатындар: яғни, білім деңгейлерін көтеру, 
демалу, көңіл көтеру және т.с.с.. Бұл типтегі қарттарға әлеуметтік және 
психологиялық тұрғыда жақсы бейімделу, көнбіс болу, барлық энергияны 
тек өздеріне ғана жұмсау тән.
Үшінші тип (көбінесе әйел адамдар) барлық күш–қуатын тек отбасына 
ғана жұмсайды. Үй шаруасы ешуақытта таусылмайтын болғандықтан
әйелдердің ауруға, зерігуге уақыттары да болмайды. Бірақ, өмірге деген 
қанағаттану бұл топтағы қарттарға (жоғары екеуіне қарағанда) төмен.
Төртінші типтегі қарттар – бұл типке жататын қарттардың ерекшелігі – 
денсаулықтың өмірінің мәніне айналуы болып табылады. Түрлі белсенділік 
формалары, моральдық қанағаттану да осымен тікелей байланысты. 
Сонымен қатар (көбінесе ер адамдарда) нақты ауруларын шынайылықтан 
артық көру, қатты қобалжуға жол беру жиі кездеседі.
И.С.Кон жоғарыда көрсеткен қарттардың жағымды типтерімен қоса, 
олардың жағымсыз типтеріне де назар аударады: 
– агрессивті, кәрі ұрысқақтар – қоршаған ортаға көңілі толмай, өзінен 
басқаның бәрін сынға салып, төңірегіндегі адамдардың барлығын үйретіп, 
әрдайым дау–дамай шығаратындар; 

өзінің өміріне және өзіне көңілі толмайтындар, жалғыз қалған 
және көңілсіз жүретін қарттар. Өткен өмірлерінен жәберіп алған 
мүмкіндіктерін айтып, өздерін аса бақытсыз қылатындар.
Қарттарға қатысты зерттеу жүргізгендердің бірі А.Качкин. Ол 
қарттарды өмірлеріндегі қызығушылықтарына сай, төмендегі типтерге бөліп 
қарастырған:

Отбасылық тип – тек отбасының бақытына назар 
аударатындар.

Жалғыздық типі – тек өзімен–өзі ғана ой бөліскенді қалайды, 
содан ляззат алып, өз естеліктерімен ғана өмір сүреді.

Шығармашылық тип – бұл типтегі қарттардың сурет салумен, 
музыкамен 
және 
т.б. 
айналысуы 
міндетті 
емес. 
Олар 
өз 
шығармашылықтарын бақшада гүл өсірумен де көрсете алады.

Әлеуметтік тип – зейнеткер–қоғам адамы, қоғамға пайдалы 
істермен және іс–шаралармен айналысушы.

Саяси тип – өз өмірін саяси өмірге араласумен (белсенді де, 
белсенді емес те) толтырады.

Діни тип. 

Сөніп бара жатқан тип – өз күшін жұмсай алмай, өзіне жаңа іс 
таба алмай, өмірін қызығушылықпен толтыра алмаған қарттар жатады.

Ауру тип – бұл типтегі қарттар өз ауруларына емес, көбінесе 
сол ауруларының өту кезеңдерін бақылаумен айналысатындар. 
Көптеген қарттар девианттарға айналады, яғни мінез–құлқында 
ауытқушылықтар пайда болады (қаңғырып кету, өзін–өзі өлтіру).


Психиатр М.Мак–Каллох жануарлардың адам психикасына әсерін 
бірінші болып зерттеген болатын. Сауалнама жүргізу арқылы ол келесі 
тұжырымға келді: үй жануарлары адамды байсалды, сабырлы, жайбарақат 
қылады. Ал кейбір жан күйзелісін бастан кешірген адамдарға, бұндай «төрт 
аяқты достарды» бағу аса қажет болып табылады.
Жалғыздық сезімі адамның жан дүниесін күйзелтеді. Қоршаған 
ортамен қарым–қатынасын әлсіретіп, тұлғаны, оның әлеуметтік құрылымын 
бұзады. Адамдармен толыққанды қарым–қатынаста болу, соны сақтап қалу, 
жалғыздық сезіміне мойынсынбау – қартаюды дұрыс қабылдау дегенді 
білдіреді.
Қартаю – жеке адамның дамуының маңызды және ұзаққа созылатын 
этапы болып келеді. Өйткені, бүкіл әлемде адам өмірінің ұзақтығы өсіп 
келеді. Қарт адамдарға мемлекет, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен 
мекемелер, жалпы қоғам тарапынан жасалған дұрыс қарым–қатынас – 
олардың өмірлерінің жақсы өтуіне бірден–бір себеп болады.
Кәрілік жасы
 - 
адамның орта жастан кейін келетін қоғамдық еңбектен 
босап, еңбегінің зейнетін көретін материалдық қамтамасыз етілетін құрметті 
демалысқа шығатын жасы. Шартты түрде кәрілік адамның зейнетке шығуы 
жасына жетуінен басталады деп есептеледі. Кәрілік жаста кәрілік 
кемалдылық деген ұғым жиі кездеседі. Ол дегеніміз қартайған адамның
ақыл–ойының сарқылуының сандары болып табылады. Кәрілік кемалдылық 
кейде тектен асып, ақылдан ажырап қалу деңгейіне дейін қалдырап қалуы 
мүмкін. Қазақта мұны алжу дейді. 
Қартаюдың ең ақырғы сатысы – кәрілік сатысы, ол адамның бүкіл 
тіршілік ету өмірінде ішкі және сыртқы факторлердің әсерінен дамитын адам 
ағзасының қызметтік жетіспеушілігінің ұлғаю нәтижесі болып табылады. 
Қартаюдың психикалық ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар 
аударылса да, геронтология ғылымы пән ретінде егде жастағы адамдардың 
көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай–ақ 
іс–әрекетінің сипаты құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке 
адамның даму мәселелеріне, т.б. пайда болды.
Ғалымдардың соңғы онжылдық зерттеулері бойынша 90-95 жасқа 
дейінгі жастың ұлғаюы мүлдем азайып барады. 55-60 жастағы адамдар 
өздерін қарттар санатына қоспайды, әлеуметтік қоғамда жасы толған 
адамдар қатарына жатқызады. Иә, қарттықтың өз ішіндегі фазаларында, 
мысалы, біреулер 50 жасынан-ақ шаршап өмірден түңіле бастаса, ал 
біреулері 70 жасында өмірге деген күші мол, әлі көптеген жоспарларды 
жүзеге асырғысы келеді. 60 жас шамасына таяған адамдардың көбісі өмірінің 
тура жолын өздігінше талдап, сонымен бірге болашаққа деген көріністерін 
бағалап іске асыруға тырысатын болады. Бұл кезеңнің әдеттегі толғанысы 
болып мыналар саналады: «Уақыттың жетпеуі», «Өмірдің тез өтуі», «Осы 
уақыттың барлығы қайда кетіп жатқаны түсініксіз», «Егер алда ұзақ уақыт 
болғанда, онда мен..., әттең» және т.б.. Осы қарттық кезеңді зерттеуші 
ғалымдар әсіресе 56 жас шамасындағы тұлғалардың қарттық кезеңге аяқ 
басып келе жатқанын атап көрсетеді. Олардың сезімдерінің ұйымшылдығын, 


қиын кезеңдерді қайта жеңіп алу үшін не қажет, не керек, өз өміріне жаңа 
жаңалықтар енгізгісі келсе соған бар күшін салып талпынатынын айтып 
кеткен. Қарт адамдарға бұл дағдарыс көбінде қатты уайымшылдыққа әкеліп 
соғады. 
Қарттық шақтың 55-60 жас аралығын мосқал кезең деп атауға болады 
немесе бұл кезеңді «Әлеуметтік орта» десек те артықтық етпейді. Қандай да 
әлеуметтік өзгерістер осы кезеңнің жеке өмірінде орын табады. Көптеген 
адамдар үшін бұл кез зейнетке шыққан кезде басталады, яғни осы кезде 
белгілі бір әлеуметтік ортаға деген белсенділігі төмендей түседі. Әсіресе 
өзінің тұрақты жұмысынан басқа ештеңемен айналыспаған, ешқандай оқуға, 
басқа мамандық алуға, қандай да бір қосымша ұйымдарда болуға 
қызығушылығы соқпаған зейнеткерлер үшін бұл өте ауыр жағдай. Бірақ 
қаншалықты зейнетке шыққанымен кәрі адамдар өз әдеттерін тастамайды. 
Өзінің жанұясына не болмаса тағы басқа жұмыстарға қызығып күнін 
өткізеді. Мосқал адамдар бәрібір әрі қарай өз ұрапағына көмектесулері 
міндет деп сезінеді. Олар үшін бұл кезеңде ең басты бақыт немерелері. Ал 
осы кәрілік кезеңде өз қосағынан айырылу ең қиын кезеңге ұзақ бейімделуге 
әкеп соғады. Өмірлік жарынан айрылып, жалғыз қалуы адамды үлкен бір 
өзгеріске алып келеді, яғни адам өзін жесірлік қатарына қосып, алдағы 
уақытта өзінің де аз өмірін қалғанын сезіп, бұрынғы кездегідей қатты дауыс 
шығарып сөйлеуге әлі келмей мінезінде меланхоликтік тип басымырақ 
болады. Қоршаған ортасынан, айналасынан алшақтайды. Жесір қалушылық 
еркектерге қарағанда әйелдерге үш есе соққы болып тиеді. Сондықтан ер 
адамдар алғашқы жарынан кейін тез үйленіп алса, әйелдердің біразы өмірінің 
соңына дейін жалғыз өтеді. Мысалы, 85 жасқа дейінгі 5 әйелдің 4-і жалғыз 
болып өтеді деп айта аламыз. Жалғыз басты қарттар практикалық не 
биологиялық қиындықтарға жиі кездеседі. Осы қиындықтардан өз күшімен 
шығуға тырысады, мысалы, түрлі тұрмыстық мәселелер немесе қаржы 
мәселесін шешу.
Халықтың қартаюы алуан түрлі салалар – экономикалық өсуге, қор 
ж
ə
не ақша жинау үдерісіне, салық салуды тұтыну мен ұрпақтар арасындағы 
трансферттерге 
ə
серін тигізеді. 
Ə
леуметтік салада бұл адамдардың 
денсаулық жағдайына, отбасы құрамына, өмір салтына, тұрғын үй 
жағдайлары мен халықтың көші-қонына
ықпал жасайды. Халықтың қартаюы 
– демографиялық феномен ғана емес, ол саяси саладағы үдерістердің 
детерминантасы да болуы мүмкін ж
ə
не бұл ең алдымен электораттың 
қартаюы мен саяси өмірде түрлі жас топтарының мүдделерді көрсету 
м
ə
селесі. Халықтың қартаюы - егде жастағы адамдардың экономикалық 
ж
ə
не 
ə
леуметтік белсенді халыққа т
ə
уелділігінің өсуімен сүйемелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет