Сағди Ширази “Гүлстан” туындысы



бет3/6
Дата11.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#27589
1   2   3   4   5   6
Негізгі идеясы: Әуелде зұлымдық аз еді, әркім азданқосқанда, бұлайша көбейіп кетті.

4-хикаят

Бір уәзірдің бір біліксіз ұлы бар еді. Оны алып ғалымның қолына берді: «Баламды тәрбиеле, тәрбие алса, ақылы кірер», – деді. Ғалым біраз тәрбиелеп көрді, оған тәрбие қонбады. Сонда ғалым айтты: «Бұл баланы әкесіне апарып салыңдар. Сәлем айтыңдар: «Балаңды қанша тәрбиелесем де, ақылды болатын емес, оның есесіне мен ақымақ болуға айналдым».



Негізгі идеясы: Қазақтың «санасызға сан айтсаң да болмайды», «болмайтынға болыспа» деген нақыл сөздері бар. Санасыз адам - ең қауіпті адам. Себебі, ол мемлекеттің мүддесі мен өзінің мүддесін ажырата алмайды. Санасыз адам өзінің елінің алдындағы міндетін қойып, тіпті отбасының алдындағы міндетін де өтей алмайды. Санасыз адамнан бар жамандықты күтуге болады. Санасыздан туған ұрпақ санасыз ұрпақ боп жалғаса береді. Аяқ-қолдары балғадай жігіттердің жұмыссыз жүруі де санасыздық. Себебі, ол - жалқау.

5-хикаят

Шайх Сағди айтады: Бір бай кісінің ұлын көрдім.Әкесінің қабірінің басында отырып, бір пақырдың ұлымен таласты: «Менің атамның қабірі алуан нақышпен өрнектелген, алтынмен жазылған, көк мәрмәр тас қойылған, кірпіштен өрілген, ал сенің атаңның қабірі бірнеше қатар ғана кірпіштен салынған».Бұл сөзді естіген пақырдың ұлы айтты: «Сенің атаң ауыр тастар астынан қозғалғанша, менің атам жаннатқа жетіп барар».





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет