6. ӨТІРІК ЕРТЕГІ
Бір кедейдің үш баласының ортасында мал дегенде бір
жалғыз өгізі болыпты. Өгіз орасан үлкен, асқан алып екен.
Өгізді оттату үшін үлкені басына, ортаншысы беліне, кішісі
құйымшағына мініп оттатады екен. Бір күні жайылымда
жүргенде өгіз оттамай қалыпты. Құйымшағында отырған кен-
же бала: «Өгіз тышпағалы бүгін он күн болды, осыны орта бел-
дегі ортаншыға айта салыңыз»,—деп жонынан өтіп бара жат-
қан бір жолаушыларға табыстапты. Жолаушы ұзақ күн жүріп,
кешке қонаға өгіздің ортасындағы ортаншыға жетіпті. Кейінгі
кенженің: «Өгіз тышпағалы он күн болды» деген сәлемін айтса,
ортаншысы: «Осы өгіздің бүйірі орталанып, іші қабысып бара
170
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
жатыр ма деп кәдіксініп отырмын, өгіздің басындағы ағамызға
бара қалсаңыз, жолыңыздан айта кетерсіз»,—депті. Жолаушы
түнімен жүріп, таң ата өгіздің басына жетіпті де өгіздің ба сын-
дағы балаға: «Мен осы өгізді өрлей ат шалдырмастан да мыл сыз
бір күн, бір түн жүріп келемін, құймышақтағы кенже: «өгіз
тышпағалы он күн болды» деп, ортадағы ортаншыңыз: «өгіз дің
бүйірі орталанып, іші қабысып бара жатқанын байқап отыр-
мын деп саған сәлем айтты»,—депті. Сонда басындағы бала: «А,
өгіз шөлдеп жүрген»,—деп, су іздепті. Мөлшерлі жерден өгіз
қанарлық мол су таба алмапты. Енді кейін кетіп бара жатқан
жолаушыға басындағы бала табыстапты: «Өгізді ұлы көлге суға
бақтыруға дария, көл іздеп барамын, ортадағы ортаншыға әдейі
жолығып айтыңыз, өгізді тездетіп тебінсін»,—депті. Жолау шы
жүріп отырып шаңқиған түсте өгіздің ортасындағы ортан шы-
ға келіп, басқа баланың тапсырғанын айтыпты. Онда ортан шы
бала: «Ендеше, ерте барсаңыз, құйымшақтағы кіші кенжеге
айта салыңыз, қаузап қамшылансын»,—депті. Жолаушы күн
ұясына кіре өгіздің көтіндегі кіші кенжеге жетіп, ортадағы
ортаншының тапсырғанын айтыпты. Басындағы бала өгізді
айдын шалқар көлге суға суғарыпты. Өгіз үлкен көлді үш-
ақ ұрттап, қанбай қалыпты. Үшеуі өгізден түсіп тұрғанда,
аспаннан бір ақиық бүркіт келіп өгізді іліп әкетіпті. Өгізді
алған бүркіт аралап жүріп бір бәйтерекке қонса, ол бәйтерек—
бір серкенің сақалына көлеңкелеп жатқан бір шалдың көзіне
өгіз түсіп кетіпті. «Арылта қарап, алып тасташы!» десе, кемпірі
әрі қарап, бері қарап таба алмай, әдейі арылта іздеуге сары
атқа мінгізіп, сабау ұстатып, салт атты кісі жіберіпті. Бұл кісі
өгізді үш күн қарап әзер тауып, көздің көліне түсіп арам өлген
жерінен тақымға салып сүйретіп шығарып тастапты.
Екі-үш жылдан кейін өгіздің өлексесіне шөп шығып, сүйегі
солқылдаған саз болыпты. Жауырын сүйектің жазығына ел
жайлап, мал жайылатын өріс болыпты. Бір күн отырған ауы-
лымен, жайылған малымен жауырынды бір түлкі сүйрей жө-
неліпті. Ауыл адамдары бәйге атпен, қыран тазымен жабыла
қуып түлкіні соғып алыпты. Түлкінің терісін илеп бәйбіше
170
171
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
баласына тымақ қылып берсе, бір құлағына жетіп, бір құлағына
жетпей қалыпты.
* * *
Өз әкемнен тумай тұрып, тумаған ту атамның жылқысын
бақтым. Бір күні келе жатсам, шықпаған шидің түбінде тума-
ған ту қоянның көжегі жатыр екен. Өзегі өрілмеген, өрім қайы-
сы керілмеген, сабы қайылмаған тоғыз орайлы тобылғы сапты
қамшым бар еді. Үзеңгіге шіреніп, керіле беріп тигізбей салып
жібергенде миы жындай бұрқырады.
Одан өтіп келе жатсам, тумаған қу түлкінің көрінбеген
күшігі шықпаған шырнақта жүр екен. Сабағы салынбаған,
қорғасыны құйылмаған, дәрісі дарымайтын, мыртық мерген
мылтығым бар еді. Жылғамен жетіп бара жатқанда қарсы
алдынан отыра қалып: «қақ тұмсықтың тұсы» деп атқанымда,
оқ мұрнынан тиіп, жұлынымен жүріп отырып, құйрығының
ұшына барып тоқтаған екен.
7. ӨТІРІККЕ ӘКЕСІНЕН АСҚАН БАЛА
Бір кісі өмір-өміне өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт
екен. Бұл кісі баласын баулып өзіндей өтірікші қылыпты.
Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының
асқандығын барлайын деп бір күні дөңде тұрып баласына
жорта:
—Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұл ды-
раған киік пе?—десе, баласы:
—Е, ананы айтасыз ба? Ол киік емес, арқар екен, бауырын да
екі қозысы еміп тұр,—депті. Әкесі:
—Қырқаның желкесінен барсақ, жақындап көргендей-
міз,—десе, баласы:
—Әй, әке-ай, әбден-ақ көзіңіздің жанары кеткен екен ғой.
Осы тұрған арыстандай арқарды көре алмадыңыз ба? Арғы
қырқаның берісінен, бергі қырқаның арысынан баспаға барсақ,
172
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
қақ желкесінен шығамыз,—депті де, әкесін жіберіпті. Әкесі
шын нанып айтқан жерімен барып қараса, арқар түгіл түк те
жоқ екен. Артынан келген баласына әкесі:
—Қане, балам, арқарың?—десе, баласы:
—Арбаңдап қашқанын да көрмей қалып па едіңіз, көзіңіз
әбден болдыраған екен,—депті. Сонда әкесі:
—Балам, өтірікке баулуың әбден жеткен екен, өзімнен ас-
қан екенсің,—деп батасын беріпті.
8. ӨТІРІККЕ БӘЙГЕ
Зерігіп іші пысқан хан жұртты алдап, мазақ етпек болды.
«Кімде-кім мен нанбайтын өтірік айтса, соған алмадай алтын
беремін»,—деп еліне жар салады.
Соқырға көз, ақсаққа аяқ бітіргендей өтірікті қисын дыра
соғатын талай тілмарлар келді. Бірде-бірі хан нанбайтын өті-
рік айта алмады. Ақырында қолында үлкен құмырасы бар бір
қарт шаруа келіп, хан сарайына кірді. Ханға кішілікпен сәлем
бе ріп, сөйлеуге рұқсат алды.
—Уа, ұлы мәртебелі тақсырым,—деді ол тәжім етіп.—Сіз
менен қарызға мың діллә алтын алып едіңіз, сол алашағымды
алғалы келдім.
Хан:
—Өтірік айтасың,—деп еді:
—Олай болса, өтірікке деген бәйгеңізді әкеліңіз,—деді қарт.
Алтынды қимаған хан жалт беріп:
—Жоқ, сен өтірік айтпайсың,—деп қалды.
—Ендеше борышыңызды төлеңіз,—деді шаруа.
Хан қарттың тапқырлығына риза болып, оған өтірікке бел-
гіленген бәйгесін берді.
172
173
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
9. ЕКІ СУАЙТ
Баяғы заманда заманы бір замандас, қатары бір құрбылас
үш адам болыпты. Бұлардың екеуі өтірікші болыпты да, біреуі
оларға үнемі төреші болыпты. Төреші дегеніміз әділі мен расын,
өнері мен өтірігін көзбе-көз, бетпе-бет айтып беретін адам екен.
Сол екі өтірікші мен бір төреші қартайып тұғырдан түсіп,
тоқсанға келіп тоқтасып қалған шағында бір үйде бастары
қосыла қалыпты. Осы екі сөзді қосақтап-көпіртіп, лепіртіп
сөйлеуді өздеріне үлкен өнер санайды екен.
Бұлардың ол сырына ежелден қанық өзінің үзеңгілес жол-
дасы төреші Тайжан:
—Үшеуміз де кәрі буын, көпті көрген көне екенбіз. Ке-
лешектің гүлі жас буын, мынау отырған бал бөбек балалар
да ести отырсын. Мал сойылып, ас түскенше сары қымызды
сіміре отырып әңгіме дүкенін құрайық. Кәне, Түсіпбек пен
Байсенбек, өткен-кеткеннен әңгіме шертіңдер,—депті оларды
тым қолтықтай түсіп.
—Жөн айтасын, Тайжан! Мұндай бас қосыла бермейді, бас
қосылғанда көңілді отырған бір ғанибет. Бірақ төрешіміз өзің
бол, кәне, қайсымыз бұрын сөйлейік?—депті Түсіпбек жел піне
отырып.
—Онда бастапқы сөзді Түсекең бастап, соңғы сөзді Бейсе кем
жалғап кетіп отырсын,—депті төреші Тайжекем.
—Әне бір жылы қатал бір жұт болды. Ақпан айы ақырап,
қаңтар айы қақырап келді. «Ту!» деген түкірік жерге түскен-
ше қатып қалып, жағаңа жабысып жатқан бір үскірік аяз күн
еді. Бір айғыр үйірімен ықтап кетіп, соны іздеп ат сабылтып
келе жатқан бетім еді. Шоқ болып өскен қызыл тобылғының
түбінен бір қоянның көжегі кездесе кетті. Ойда жоқ жерден
кебек үстінен шыға келгенімде, қоянның қашуға да мұршасы
келмеді. Көзін бақырайтып, құлағын жымитып етпетінен шөге
түсіп жата қалды. Жалма-жан атымнан түсе қалып кебегі нен
көтеріп алсам, кежектеп жатқан бір еркек қоян екен. Уай, то-
174
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
ба-ай, баға келсем, өз өмірінде еркек қоян да бір көжек табады
екен ғой. Міне, саған тамаша! Соны мына мен өз көзіммен
көрдім,—депті Түсіпбек тапжылмастан.
Сонда миығынан күліп отырған түлкі көзді Тайжан төреші:
—Онда, өз өміріңде ер адам да бала табатын болғаны ғой.
Дәуде болса, сол ақпанның қақаған аязыңда сенің сақал-мұр-
тыңа да боз қырау қатып қалған шығар,—дегенінде, өтірікші
болса да, адамның аңғалы екен, өмір бақи сақал-мұртыңа бір
тал қылтанақ бітіп көрмеген жалтыр көсе Түсіпбек:
—Рас айтасың, Тайжан! Ол күні сақал-мұртыма қырау
біткен қатып бақты,—деп, қара шыбын тайғанап жығылардай,
қызыл күрең иегін бір сипап қалыпты. Тыңдап отырған үлкен
аға, кіші іні ду етіп бір күліпті.
—Бір жылы қыс аяғы ұзап, қар кеш кеткен қара дауылды
көктем еді. Үлкен ұлым Жұман екеуміз есік алдындағы кү ре-
сінге шығып тұр едік. Аспанға қарасам, нақ үстімізден қаң-
қылдап ұшып жалғыз қаз кетіп барады екен.
—Әй, Жұман! Ана бір жануардың, жұмыртқалайтын то-
қымдай құрғақ жер таба алмай, қанатын зорға қағып, әзер-әзер
ұшып, үрпін шаншып бара жатқанын қарашы,—дедім. Ол,
маған жұлып алғандай, сол жерде:
—Әке, үрпін шаншып бара жатқаны рас екен. Өйткені
жаңа үстімізден ұшып бара жатқанда, бір тамшы уызы менің
бетіме тамып та кетті,—деді балам.
—Уа, Бейсенбек! Жылқыда өт, төрешіде бауыр, құста сүт
болушы ма еді? «Ағама жеңгем сай, апама жездем сай» демек-
ші, өзіңе балаң да сайма-сай екен ғой,—депті төреші Тайжан.
—Қысты күні айдалада, қоста жатып жылқы бағушы
едік. Қара құрық қалың жылқыдан қалай аңдысақ та, күнара
бір жылқыны қасқыр жеп кететін болды. Бір күні барлық
жылқышы ыза болып, қару алып жортуылға шықтық. Сол
күні жеті қасқыр тобымен келіп жылқыға шапты. Көзді ашып-
жұмғандай болмады, бір желіңдеп жүрген топбасы биені жа-
рып тастады. Екі жылқышы жарау қос атпен тұра қудық.
Жылқының құйрығынан тартып тұрып тоқтатып, мұрттай
174
175
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
ұшырып басқа қасқырларға жығып беретін бір қызыл шолақ,
көкжал арлан қасқыр екен. Қос атпен ұтылап қуып таянып
қалғанымызда, жаны қысылған алты қасқыр ортасындағы
арлан қасқырды тастай қашты.
Сөйтсек, бағанағы көкжал арланның екі алдыңғы аяғын
ертеде қақпан қиған, нақ тізеден шолақ екен. Жаңағы алты
қасқыр көкжалды кеудесіне көлденең ағаш салып, кезекпе-
кезек ауызымен тістеп отырып алып қашады екен.
Біз арланға алданып тұрғанымызда басқасы ұзап шығып,
бізден құтылып кетті. Көкжалды соғып алып, біз кері қайт-
тық. Содан кейін көзіміз жамандық көрмесін, қасқыр атаулы
маңымызға да жоламай кетті,—деді Түсіпбек.
Көзі күлімдей түсіп, көңілі түйткілдеген Тайжан:
—Түсекем, шылғи өтірігіңе беп-береке, бірақ өз ұятыңа дәл
он серке!—деді.
—Ана жылы қыс ортасында, бір атан өгізім зым-зия жоға-
лып кетті. Бармаған жерім де, іздемеген ой-шұқырым да
қалмады. Көктемнің бір көксоқта күні еді. Көнек тауының
беткейіне қой жайып тұр едім. Сол таудың қойнауындағы
Қойтастан көзіме бір қуыс шалынды. Жалма-жан әлгі қуысқа
шауып барып, белімдегі қол күректі ала салып, үш-төрт күрек
кесек қарды ойып-ойып тастап едім. Сізге өтірік, маған шын ар
жағы ұзын өзек сияқты үңірейіп, төбесі жабық қора сипатты
ұзын көше болып кетті.
Сол төбем тимес өзекпен кетіп бара жатсам, жолымда тоқ
сиырдың жас тезегі мен жаңа жүрген ізі жатыр. Ізбен індетіп
жарты шақырым жерге барсам, бұдан жарты жыл бұрын
жоғалтқан атан өгізім, өркеші жоқ түйедей боп басын бір
бүйіріне қайырып салып, жануарым бырт-бырт күйсеп жатыр
екен. Жатқан жерінің шөбі мен көгі тура тізеден келеді.
Асыл шөп пен тұнық судың неше алуаны сол жерде екен.
Атан өгізім жонынан жарылардай нән семіз екен. Қыстай қа-
лың қардың астында қалған көкорай шалғынға әбден борда қы-
ланып алған екен. Қуыстан шығарып алып, қойыммен қосып
үйге айдап қайтып, атам марқұмды әкесі базардан келгендей
етіп бір қуанттым,—дейді Бейсенбек.
176
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
—Онда, айыр тұяқ сиыр малын бағып әуре болмай-ақ, қыс
болса-ақ көнек тауының етегіне айдап салу керек болды ғой,—
деп жымың-жымың етті Тайжан төреші.
—Қалың керуен қырғыз ағайынның Тоқпақ, Піспегіне кіре
салдық. Сол сапардан қайтып келе жатқанымызда үш күн,
үш түн нөсер жауын болды. Енді ұзақ жүре алмайтын болған
соң, бір өзеннің қырқа тұсына еру болдық. Түн қараңғы, көзге
түрт се көргісіз. Қара нөсер жаңбыр төгіп тұр. Ат арқандайтын
бір бұта да таба алмадым. Сонан соң жалғыз талды қазық
етіп, бір түп бетегенің түбін қазып алып, оны қолағаш етіп
шу асау атымды әзер дегенде арқандадым. Ол жақтың бетегесі
қалақтай, бозы таяқтай болады екен,—дейді Түсіпбек.
—Иә, ол жақтың елі мен жерін, бетегесі мен бозын бізде
көрген едік. Әйтсе де, дәл осының көзге шыққан сүйелдей
сөлекет болды,—деді төреші Тайжан.
—Жас кезімде тоғыз шақырым жерде кетіп бара жатқан
қызыл алтайы түлкіні көрдім. Ол түлкіге қасымда ертіп келе
жатқан құмай қара тазымды қостым. Ал енді, бертін келген-
де, бір көлден жалғыз ауыз бытыра мылтығыммен бір атқанда,
отыз бес пар қоңыр үйректі бір-ақ жықтым. Сөйтіп, атқан
үйрегімді әзер дегенде жинап, бір қайық етіп алып шықтым,—
деді Бейсенбек.
—Әй, Бейсенбек! Тіпті түйтігің де жоқ екен. Ең болмаса,
сол атқан үйрегіңнің санын үш есе азайтсаң қайтер еді,—деді
Тайжан төреші.
—Жасымда адам айтып болмас адамның қырағысын көр дім.
Ол заманда жауласқан екі ел екі қырғасын екі таудың ба сына
шығарып қойып қарауыл қаратады екен. Қарауыл қарайтын
сол екі тауының арасы екі-үш күндік жер болады екен. Сонда
қазақтың қарауыл жігіті:
—Мені осы жерден ол көріп отыр. Бірақ не адам, не құс
екенімді айырып біле алмай дал болып отыр. Қырғыздың
қыз қарауылы «мені құс екен» деп қапыда қалсын. Бұлғары
қара тоқымды біреуің менің үстіме лақтырып жібер де,
екіншің тоқымының соңынан іле бір тостаған ақ ұнды шашып
176
177
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
жіберіңдер. Мен сол мезгілде қара тоқымның тасасымен дома-
лап ойға түсейін.
Сонда, қырғыз қарауылы өз адамдарына:
—Жоқ, бұл қарауылда тұрған адам болмайды. Саңғып
ұшқан Оралдың ақ иық қара бүркіті болды де,—депті.
Ақырында сол жауласқан екі елдің әкімдері: «Екеуі де
қырағы-ақ екен. Осы екеуінен дүниеде теңдесі жоқ адам
қырағысы туады»,—деп екеуін ерлі-зайыпты етіп қосыпты.
Сол екеуінен қырағы бала тумай, түк көрмейтін су қараңғы бала
туыпты,—деді Түсіпбек.
—Көпті көрген көнелер айтқан: «Екі қырағыдан бір су
қараңғы туады» деген мәтел осыдан қалған екен-ау,—деді
талғампаз Тайжан.
Екі өтірікшінің сөзін алма-кезек тыңдап отырған үлкен-
кішісі аралас барлық қауым:
—Тайжеке! Осы Түсекең мен Бейсекеңнің қайсысының
өтірігі шынға бергісіз? Қайсысының өтірігі қисынды, наным ды
және қызықты?—депті.
Сонда төреші Тайжан ойланбай да тайсалмай:
—Ия, қазіргі біздің заманға қарағанда, осының екеуін де
өтірікші деуге болады. Және бірінен-бірі тіпті басым жатыр.
Ағама жеңгем сай,
Апама жездем сай,
Бірін-бірі аялаған, әлди-ай!—
дегендей, Түсіпбек пен Бейсенбек те біріне-бірі сайма-сай. Ал
енді, мұның анығын айтқанда: «Өтіріктің өзіне сенбе, қашанда
оның қисынына ғана сен» деген сөз—рас сөз.
10. ҚЫЗ БЕН ТАЗША
Бұрынғы өткен заманда бір қыз патша болған екен. Қыз
патша күндердің күнінде қол астындағы халқына: «Кімде-кім
12-0184
178
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
мені алғысы келсе, жатқан жерімнен қозғамай, үш рет тек
сөзбен көтерсе, сол кісіге тиемін» деп жар салады. Сол уақытта
бұл хабарды бір тазша есітіп, қыз патшаның үйіне келіп:
—Тақсыр, арызым бар, рұқсат етсеңіз, айтар едім!—деп
сұрайды.
Қыз патша рұқсат етеді, тазшаның сондағы айтқан арызы
мынау екен: Бұрынғы уақытта бір молда, бір балташы, бір
зергер үшеуі бірге өмір сүрген екен. Бір күні балташы ағаштан
өнерлеп сұлу қыздың суретін жасапты, зергер алтынмен ап-
тап, күміс пен зер, жібектен келістіріп қызға қонымды киім
жасапты, молда дұға оқып, сұлу қызға жан бітіріпті. Сонан
соң үшеуі: «Мен аламын! Сен алмайсың, мен аламын!»—деп
қызға таласыпты. Әрқайсысы өзінше қыздың дүниеге келуіне
себепкер болға нын айтып, өнері мен еңбектерін салыстырып
бағаласыпты.
Балташы:
—Қыздың тұлғасын, бейнесін—негізін жасаған мен, сон-
дықтан қызды мен алуым керек!—дейді.
Зергер:
—Қызды қыздай етіп киіндіріп, ажар көрік беріп, қыз ет кен
шынайы еңбек сіңірген мен емес пе? Сондықтан бұл қызды мен
алуға тиіспін,—дейді.
Молда:
—Менің дұғамнан ғана бұл қызға жан бітті. Сондықтан бұл
қызды мен алуым тиісті,—дейді.
Тазша осы сөзді айтып болып, қыз патшаға:
—Қыз осы үшеуінің қайсысына тиісті? Төрелігін сіз бе рі-
ңізші?—деп сұрайды.
Қыз ләм-мүйім деп аузын ашпай, үндемей жата береді. Сон-
да тазша:
—Мұның төрелігі сізге қиын болғанмен, бізге оңай, біз
төрелігін айтып бере аламыз. Ол қыз қыздың асыл нұсқасын
жасаған ағаш ұстасына тиісті, дәлел мынау: егер де ағаш ұстасы
қыздың ағаштан ойып өнерлеп суретін жасамаса, ол қыз тіпті
болмас еді,—деген кезде, қыз патша басын көтеріп алып:
178
179
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
—Сен өзің тіпті миқұла, кеше екенсің! Ол қыз молдаға тиісті
емес пе? Молда дұғасын оқып қызға жан бермесе, қыздың құр
қаңқиған суретінен не пайда? Қыздың қыз болуына жалғыз
ғана молда себепкер болды. Сондықтан қыз молдаға тиісті деп-
ті. Тазша сөз арасында:
—Тақсыр, бір мәртебе басыңызды көтердіңіз, соны ұмыт-
паңыз!—депті.
Қыз патша сылқ етіп қайтадан жата кетеді.
—Тақсыр! Енді бір арызым бар еді. Сонымды айтуға рұқсат
етсеңіз екен!—деп сұрағанда, қыз патша үндемей жата беріп ті.
Тазша тағы да сөзін соза түсіп:
—Бұрынғы уақытта бір қырағы, бір мерген, бір аспаннан
зулап түсіп келе жатқан нәрсені жерге жеткізбей қырық кез
жоғары қарғып барып қағып алғыш үшеуі жолдас болыпты.
Күндердің күнінде үш жолаушы бір қалаға келіпті. Қалаға
таянып келсе, бір ақ отау тұр, ішіне кірсе, бір ай мен күндей
сұлу кыз отыр. Бұларды көріп, қыз: «Сендер бұл жерден жыл-
дам кетіңдер!» депті. Сонда үш жолаушы: «Неге жылдам кет
дейсіз?»—деп себебін сұраған екен, қыз себебін айтыпты: «Мен
осы қаланың патшасының қызымын. Көп жыл болды қала-
мыз ға бір айдаһар жылан келді, ол жылан қаламызды ойран
қы лып, адам атаулыны жайпап жеп тауысып бара жатқан
соң, менің әкем сол айдаһар жыланмен сөйлесіп, жыланның
әр күні жейтін тамағы үшін бір қыз беруге уәде қылды. Сонан
бері күн сайын бір қыздан бере-бере қаланың да, даланың
да қызы таусылды. Сондықтан айдаһардың бүгінгі тамағы
үшін патша ылажсыздан өз қызын—мені әкеліп беріп отыр.
Сонымен жыланның бүгінгі тамағы—мен. Сол жыланның ке-
летін мезгілі болып қалды, сендерді менімен бірге жеп кет-
песін, жылдам кетіңдер деп отырғаным сол»,—депті. Сонда
бұл үш өнерпаз өзді-өзі, аз-кем ақылдасып: «Біздер бұйырса,
сол тажал жыланды өлтіріп, бұл патша қызын және қаланың
басқа бұқараларын жылан аузынан ажыратып арашалап
алайық. Ол үшін үйдің іргесінен ор қазып, бетін бүркемелдеп
жасырынып жатайық»,—дейді. Олар жасырынатын жер
180
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
қазып алып, жасырынып жатып, қалғып кеткен екен. Бір
мезетте ойбайлаған ащы дауыс естіліп шошып оянып, қараса,
жылан қызды алып ұшып, алыстап бара жатыр екен. Тезбе-
тез қырағы көріп, дереу мергенді меңзеді; мерген көргіштің
дәл сілтеуімен жыланның нақ тамағынан көздеп атқанда, оқ
көздеген жерінен қатесіз тиіп, жылан табанда өледі. Қыз өлген
жыланның аузынан босанып, аспаннан жерге қарай құйылып
келе жатқанда, дереу қағып алғышқа: «Қағып ала көр!»—
деседі ана екеуі. Қағып алғыш жерге түсуге қырык кездей
қалғанда, қарсылай жоғары секіріп, қырық кездей жерден
қызды жерге түсірмей, қағып алыпты.
Бұл үшеуі қызды аман-сау патша әкесіне алып барыпты.
Сонда бұларға патша айтыпты:—«Барлық қазына-мүлкім сен-
дердікі және қызымды өздеріңе сыйладым, өздеріңіз келісіп
біреуіңіз әйелдікке аларсыздар»,—депті. Сонда бұл үшеуі:
«Қыз маған тиісті, жоқ саған емес, маған тиісті»,—деп, өзді-өзі
таласыпты.
Осы сөзді айтып болып тазша қыз патшаға қадала қарап:
—Осының төрелігін сіз беріңізші. Қыз жыланды атып өл-
тірген мергенге тиісті ме, жоқ болмаса жыланның ұшып бара
жатқанын көрген, көреген-қырағыға тиісті ме, тіпті екеуіне
емес, жерге түсірмей, өлтірмей қағып алған қаққышқа тиісті
ме?—дейді.
Патша қыз жауап бермей жатады. Сонда тазша:
—Төрелігін сіз бермесеңіз, мен өзім де бере аламын. Меніңше,
қыз қырағы, көреген-көрсеткішке тиісті, себебі: ол көрсет пе се,
айдаһар жылан қызды алып, құтылып кетер еді,—дейді. Сонда
патша қыз жастықтан басын көтеріп алып:
—Қызды жерге түсірмей, қырық құлаш жерден қағып алған
қаққышқа тиісті, себебі қыз жылан жесе де өлер еді, мерген
жыланды атып өлтірген соң, жерге құлап түссе де өлер еді.
Қыздың тірі қалуына себеп болған қағып алғыш емес пе. Қыз
соған тиісті дейді.
—Тақсыр, ұмытпаңыз, басыңызды осыменен екі рет кө тер-
діңіз,—дейді.
180
181
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Бұдан кейін патша қыз қайтадан бұрынғы әдетінше жатып
қалыпты.
Тазша тағы да сөзін соза түсіп:
—Тақсыр, айтатын ақырғы арызым бар. Бұрынғы заманда
екі қашқын жолдас болыпты. Біреуі бір байдың малайы екен,
екіншісі патшаның кәріне ұшырап, қашып кеткен бір патша-
ның жігіті екен. Екеуі де асқан өнерлі екен, екеуі де өздеріне
қор лық көрсеткен бай мен патшадан амалын асырып, өштерін
алмақ екен. Осы оймен екеуі базарға келсе, базарда әлгі бай
мал сатып тұр екен, байдың қойны толған алтын екен. Байдың
қашқын жігіті, байға білдірмей, байдың қойнындағы алтын-
ның орнына тас салып, алтынын алып кетіпті. Енді патша-
ның жігіті қасына әлгі жолдасын ертіп, беліне алмас қылыш
байлап, тұп-тура патшаның сарайына келеді, келсе, есіктің
алдында күзетшісі тұр екен. Патша сарайы жігіттің өзіне таныс.
Ол күзетшіге байқатпай келіп, оны аузы-мұрнын тас қылып
тығындап, бітеп дыбысын шығартпай, жерге көтеріп ұрып аяқ-
қолын байлап тастайды. Сонан соң қылышпенен қақпаны қақ
айырып шауып, сарайға кіреді, атын қасындағы жолдасына
беріп, өзі патшаның жатқан үйіне кіріп келсе, шам жанып тұр,
патша ұйықтап жатыр екен, есігінің алдында, бір күзетшісі бар
екен, ол күзетшіні де әлгідей қылып байлап тастап, ханның
қасында тұрған бір қап алтынды алайын деп жатқанда, патша
оянып кетіпті. Сонда да әлгі жігіт өзі байлап тастаған күзет-
ші нің мылтығын қолына алып, күзетші болып тұра қалыпты.
Патша мұны өзінің күзетшісі екен деп: «жаңа бір түс көрдім,
жолбарыс келіп, есігімді, күзетшімді алып ұрып, өзіме қарап
тұра ұмтылғанда, қорқып оянып кеттім»,—дейді. Сонда жігіт:
«Тақсыр, бұрынғының мақалы бар: «Түсіңде қорықсаң, өңіңде
куанасың»—деген, сізге Құдай қуаныш береді екен,—дейді.
Бұған патшаның көңілі хош болып, қайтадан ұйықтап қалады.
Патша ұйықтаған соң, жігіт патшаны буындырып өлтіреді де,
алтынын алып кетеді.
Тазша осы сөзді айтып болып, қыз патшадан:
—Тақсыр, осы екеуінің қайсысы батыр,—деп сұрапты.
182
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Қыз патша үндемеген соң, тазша:
—Мұның төрелігі сізге қиын болғанымен, маған оңай,
өйткені мен ата-бабамнан бері қарай төрелік беріп келе жатқан
тұқыммын. Мен былай төрелік етемін: тапа-тал түсте базарда,
барша адамның көзінше байдың қойнындағы алтынын алып,
орнына тас салып кеткен жігіт, түнде патша сарайына түскен
жігіттен анағұрлым батыр деп есептеймін,—депті.
Сонда қыз:
—Ақымақ болмасаң, екі күзетшісін байлап тастап, пат-
ша ның түсін жорып, ұйықтатып, онымен қоймай, патшаны
буын дырып өлтіріп, алтынын алып кеткен жігіттен ешкімнің
ерлігі аспайды,—депті, басын үшінші рет көтеріп.
Сонан соң қыз патша басын үш көтерткен тазшаға тиіп,
тазша мұратына жеткен екен.
Достарыңызбен бөлісу: |