11. АЛТЫ АНА ҚАСҚЫР, АЛТЫ БАЛА ҚАСҚЫР
Алты ана қасқыр, алты бала қасқыр, он екісі жиылып бір
тырнаны жепті. Ол тырнадан бір жілік қалған екен. Ол жілікті
кішкене дейін десем, алты қанат ақ ордаға тіреу екен. Ол ақ
орданы кішкене дейін десем, алты ақ нар, алты қара нарға
жүк екен. Ол нарларды нәзік дейін десем, аспанмен сөйлескен
бәйтеректің басын шалған екен. Ол бәйтеректі қысқа дейін
десем, ертеңмен ұшқан тұрымтай кешке басына жетпей қонған
екен. Ол уақытта күн қысқа дейін десем, таңертең қашқан сиыр,
кешке бұзаулаған екен.
12. БЫЛҒАҚ ТЕНТЕК
Былғақ қатты ауырып, нашарлап жатса, қорқып отырған
ағайын-туғандары: «Бір Құдайға тапсырдық, бір Құдайға
тапсырдық, бір Құдайға тапсырдық!»—дей беріпті. Сонда
Былғақ: «Сол тапсырған Құдайыңның өзінен қорқып жа-
182
183
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
тырмын»,—депті. Бірде Былғақ бағып жүрген қойын суға
айдаған екен, қойлар өте қоймапты, шегіншектеп сіресіп тұрып
алыпты. Сонда Былғақ: «Жануарлар тұяғым су болады» деп
жиреніп тұр-ау, ендеше кебістеріңді шештірейін деп қойлар дың
тұяқтарын қағып-қағып алып тастапты. Былғақ өлік қойып
жатқандарға келіп: «О, қоярларың көбейсін»,—депті. Қабыр
басындағы ел шошып қалса, молда-сымақ біреуі:—Осының
өзін ұста, қоярды көбейтіп, қоса қояйық—дегенде, Былғак:—
Батыр-батыр, қолдарың қанданып, қанжығаларың майланып
тұр екен, сендерден қорықпай болмас,—деп қаша жөнеліпті-
мыс.
Былғақтың әкесі өліп оң жақта жатқан күні, қан сонар екен.
Әкесінің өліп жатқанына қарамай бүркітін алып, аңға шығып
кетіпті. Ел есер тентекке қарап, бір күн күтеді, екі күн күтеді.
Үш күннен соң тентек келеді. Жұрт тентекке: «Әкең өліп
жатқанда неге кетіп қалдың?» депті. Сонда тентек: «Атан өлсе,
сойылар, атаң өлсе, қойылар: күнде мұндай қан сонар қайдан
табылар»,—деген екен.
13. МОЛДА НЕГЕ ИТКЕ ТҰМАР ЖАЗЫП БЕРДІ?
Бір тазы жүгіртетін адам тазысына «тіл-көз» тимесін деп
бір моллаға тұмар жазғызып алмақшы болып келіпті. «Ора-
малына бір ұша, бір төс түйіп әкеліпті. Молла итке тұмар
беруге «Құдайдан» қорқып, жазбайын десе, ұша мен төстіктен
айрылатын болып, айқыш-ұйқыш қып ақ қағазға шимайлап,
былай деп жазып беріпті: «Итің, итің, итіңе, иттің боғы бетіңе,
итке тұмар жоқ еді, ұшаң менен төсіңе».
14. ЖАНЫ ТӘТТІ ШАЛ
Бір адамның жалғыз баласы ауырып қысылып жатыпты,
кәрі әкесі бар екен: «Құдай-ау, осы жалғыз баламды алған-
184
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
ша, жолына құрбандык болайын, мені ал!»—деп жылапты,
жылағанын қоймапты. Мұны сынайын деп бір қу жігіт, басына
үрген қарынды киіп алып, бет-аузын басқамен бүркеп, үстін
әлемештеп, ала көлеңкеде шалдың үйіне кіріп келіп, қазан-
ошақты салдырлатып шалға тап беріпті. Шал қорыққанынан
сасқалақтап: «Ей, қарын киген қарабас Құдай, алатын кісің ар
жағыңда жатқанын өзін де білетін боларсың»,—деп баласына
сілтепті-міс.
15. ТОҚСАБА МЕН ТОҒЫЗ ЖАСАР БАЛА
Аққойлы би Тоқсаба деген кісі жолаушылап келе жатып, бір
ауылдың сыртында қозы баққан жас балаға жолығып:
—Балам, бұл қозы кімдікі?—депті.
—Ата, қозы қойдікі,—депті бала.
—Әкеңнің аты жоқ па еді?—депті Тоқсаба.
—Әкемнің қара, торы, құла аты да бар,—депті бала.
—Шырағым, аулыңның үлкені кім?—депті тағы Тоқсаба.
—Үлкені түйе болады,—депті бала.
—Жоқ, балам, сақалдысын айтам?—десе:
—Ауылдың сақалдысы теке,—депті тағы бала. Тоқсаба
сөзден тосылып, шақшасын алып насыбайын атыпты. Сонда
бала:
—Ата, шақшаңыз ненің мүйізі?—деп сұрапты. Тоқсаба:
—Балам, бұл біздің елдің қоянының мүйізі,—депті. Бала:
—Елі азғанның жері азған деген осы-ау, біздің елдің
қоянының мүйізінен шанырақ иеді, сіздің елдің қоянынан
шақша ғана шыққаны!—депті.
Тоқсаба сөзден тосылғанын біліп, жүріп кетіпті де, еліне
келген соң «кезендіні мына бала алып калды»,—депті.
«Аққойлы елінің ені кез екен, соны мына бала билейді» деген
сөзі екен. Айтқанындай ер жеткен соң, Аққойлы елін сол бала
билепті.
184
185
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
16. СОҚЫР, ТАЗ, ЖАЛАҚ
Бір соқыр, бір тазша, бір жалақ үшеуі жолдас болыпты.
Бұлар жолаушылап, бір жат елге келе жатып: «Жат елге
сырымызды білдірмейік»,—деп уәде қылыпты. Бір үйге
түсіп отырғанда таздың басы қышып шыдатпапты, таз қанша
сабырланса да шыдай алмай, сылтауратып әңгіме бастапты:
«Әкеміз асқан батыр, ат үстінде мықты болған екен, қамшыдай
қайың сойылды қарына іліп алып, бұршақ бөркін екі шекесіне
кезек-кезек қырындата киіп, дұшпанына араласқанда»,—деп
басын қасып-қасып алыпты. Мұны соқыр біліп қалып, өзіне
лайықты әңгімесін бастапты: «Менің де әкем өте мерген еді,
сала құлаш садақпен қара көзді құралайды, көздемей атып
түсіруші еді»,—деп көзін уқалап-уқалап алыпты.
Бұлардың мұндай қулығын жалақ та сезіп қалып: «Сыр-
ларыңды білдім-білдім, әлду-әлду, япырай-япырай»,—деп ері-
нін жалап-жалап алыпты.
17. ТАПҚЫР КЕЛІН
Бір кісінің балаларының аты: Қамысбай, Касқырбай,
Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, ең
кіші баласының аты Балтабай екен. Балтабайдың жаңа түскен
келіншегі сөзге шебер тапқыш, шешен болыпты. Атасы мұны
естіп, мақтаныш ете ме, қайтсем келінімді бір тар жерде сына-
сам екен, деп жүреді. Бір күні, келіні суға келгенде атасы
судың ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Ана судың ар
жағында, қамыстың бер жағында, қойды қасқыр жеп жатыр,
тез ауылға хабар бер, Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды
адал бауыздап алсын, мен қасқырды қуып кеттім»,—депті.
Сонда келіні, елге ентіге жүгіріп келіп, Балтабайға дауыс-
тап: «Шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел, сарқыраманың ар жа-
ғын да, сылдыраманың бер жағында, маңыраманы ұлыма жеп
186
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
жатыр, жаныманы білемеге жанып, маңыраманы адал орақтап
алсын деді атам, өзі ұлыманы қуып кетті»,—депті.
18. ЖҰМСАУЫҚ ӘЙЕЛ
Ертеде бір әйел өте жұмсауық болыпты, көрінген адамды
жұмсай беріп, елдің мазасын алып, азар қылыпты, өзі де елге
жексұрын болыпты. Мұны бір елдің бір бас көтерер адамы
естіп, мені де жұмсар ма екен?—деп әдейі келе жатқанда,
біреудің келе жатқан дыбысын есітіп, әлгі әйел: «Кім де болсаң,
ит аяқты үйге ала кір!»—депті. Ана кісі «бір ұялтайын» деп
алдында жатқан ит аяқты ала-мала үйге кірсе, әйел үлкен
кісіні көріп:—Япырай, сіз екенсіз ғой, ұят болды-ау, ит аяғы
құрысын, шығарып орны на тастай салыңыз,—депті. Ит аяқты
алып кірген үлкен кісі: «Ай, бәлем, ұялды-ау өзі де»,—деп ит
аяқты далаға шығарып тас тай салыпты. Сүйтіп, жұмсауық әйел
басқаларды бір жұмсаса, үлкен кісіні екі жұмсаған екен.
19. ҚАЛТАҚБАСТЫҢ ҚИЯЛЫ
Бір қалтақбас адам жалғыз жұмыртқа тауып алыпты да,
жұмыртқаны алақанына салып аялап отырып ойлапты: «Бұл
жұмыртқаны байдың бикешіне тартсам, ол маған бір тоқты
берсе, тоқтыны қойға қоссам, тоқтым қашып, қозылы қой бол-
са, қозылы қойды айырбастап, бір тайынша алсам, тайыншам
қашып бұзаулап, бұзаулы сиыр болса, оған бір байтал алып,
ол құлындап, құлынды бие болса, биемді боталы түйеге айыр-
бастасам, оны Тайболатқа берсем, ол маған қарындасын берсе,
қалыңдық ойнап қайныма барсам, желекті жеңгелерім жүрі-
ңіз, күйеубала деп отауына енгізсе, омырауындағы алмасы енді
ғана түйін салып келе жатқан балдыздарым еркелеп мойны-
ма асылса, қыруар қыздар қиқу салып, ән салып, өлең айтса,
186
187
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
оның біріне де қарамасам, түнде төстің қасқа басын жеп, төсек
салынса, түндік жабылса, шайы көрпе, атлас шымылдық-
тың ішіне кіріп, шарықты да, шалбарды да шешіп тастап,
даярланып отырғанымда, жеңгелерім, қалыңдығымды әкелсе,
қалыңдығымды «Ап!» деп ұстай алсам» дегенде, басына қо-
сыла, қолы да қалтырап кетіп, алақанындағы жұмыртқа жерге
түсіп, жарылып қалыпты.
20. ТҮЛКІ МЕН ҚОРАЗ
Таң ала кеугімде бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың
бұтағында қонақтап отырған қоразды көріп, ептеп ағаштың
түбіне келіп, мүләйімсіп қоразға: «Тақсыр-ау, тақсыр, таң
атты ғой, азан айтыңыз да, төмен түсіп имам болыңыз, жама-
ғат болып намаз оқиық»,—депті. Түлкінің қулығына түсінген
қораз: «Ар жағында молланың үлкені жатыр, сол кісіні оята
қойыңыз, бәріміз бірігіп қауым болсақ болайық»,—деп, оны
қостаған болып, қуыста жатқан тазыға сілтепті. Түлкі екі-
үш аттап тазыны көргенде, тығыршығы тық беріп жымия
жөнеліпті. Мұны көрген қораз, жымиып: «Бірадар-ау, бірадар!
Намаз оқымаймыз ба? Қайда барасыз?»—дегенде, түлкі:
«Дәретім сынып кетті, тез дәрет алып келейін, сен азан айтып
жұрттың тынышын алып оятпа»,—деп зытып отырыпты.
21. ҚАҒАНАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК,
ШИБОРБАЙ
Қағанақбас, Қылкеңірдек, Шиборбай үшеуі жолдас
екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойып, оны бұтарлап
етін қазан
ға салайын деп жатып, Қағанақбасқа жынын
төгіп кел деп қарын ды беріпті. Қағанақбас қарынды тысқа
алып шыққанда, шы бын дар үймелей бастапты. Қағанақбас
шыбыннан қорғаймын деп өзі нің басын ұрып алыпты. Қаға-
188
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
нақ төбесі ойылып, жұмырт қа дай жұқа басы жарылып, жан
тапсырыпты. Қағанақбас неге ке шікті деп артынан Шиборбай
шыға келсе, өліп жатқан Қағанақ бас ты көріп: «Ай, әттегене-
ай!»—деп, санын соғып қалғанда ши дей борбайы, шырт етіп
сынып кетіп, ол да жан тапсырыпты.
Мұның даусымен Қылкеңірдек жүгіре шықса, өліп жатқан
жолдастарын көріп: «Ой, бауырларым-ай!»—деп жаны ышқы-
нып, даусы шыққанда кеңірдегі үзіліп кетіп, жаны бірге
шығыпты.
22. ӨГІЗ БАҚҚАН ҮШ КІСІ
Ерте заманда бір өгізді үш адам баққан екен. Біреуі өгіздің
басында жем, су беріп тұрады екен. Екіншісі өгіздің орта
бүйір, қабырға тұсында тұрып өгіздің аш-тоқтығын бүйіріне
қарап, оны сылап-сипап аялап тұрады екен. Үшіншісі—өгіздің
арт жағында тұрып түрлі нәжістерін тазалап күтіп тұрады
екен. Сөйтіп жүргенде бір күні өгіздері симей, тезек тастамай
қалыпты. Сонда артындағы адам, бұған не болды екен, білейін
деп, ортадағы адамға келу үшін жолда үш ай жүріпті. Одан
кейіп екеуі кеңесіп, мұны тамаққа жақын басынан білейік
деп, басы на дейін үш ай жүріпті. Сонда басындағы адам: «Өгіз
ауырды, алты айдан бері шөп жемейді, су ішпейді»,—депті.
Бұлар енді не қыламыз деп кеңесіп отырғанда, аспаннан бір
қара құс ұшып келіп өгізді іліп ала жөнеліпті. Бұл құс тауға
барып қонса, тау көтере ал май ойылып кұлай бастапты. Құс
өгізді қайтадан алып ұшып, бір бәйтеректің басына қонған
екен, о да көтере алмай, сытырлап сына бастапты. Құс өгізін
алып одан да ұшып, мидай далада жайылып жүрген бір
текенің мүйізіне қонған екен, оны теке шыбын қонған құрлы
көрмей маңқиып тұра беріпті. Құс өгізді жұлмалап жей
бастапты. Сол кезде осы текені аңдып жатқан бір мерген бар
екен, құс өгіздің жауырынын бытырлатып, күтірлетіп тас-
талқанын шығарып, етін жеп жаурынын сілкіп лақтырып
188
189
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
тастағанда аңдып жатқан мергеннің көзіне тиіпті. Мерген
көзіме шөп түсті деп жауырынды лақтырып жіберіпті. Сол
күні алыстан жол жүріп келе жатқан бір керуен жолда жауын
жауып, жер саз, жол ауыр болып, кеш болып кеткен соң сол
жерге қонған екен. Түнде жер сілкінгендей, не айналған дай
болыпты. Керуендер қорқып, пірлеріне сиынысып жатқан-
да таң ата бастапты, керуендердің жер қозғалды деп жүргені,
манағы мерген лақтырған жауырынды түнде тамақ аңдыған
бір түлкі жейін деп қозғап айналдырған екен. Таң атқан соң
қараса, керуендердің басы күн шығысқа қарап қалыпты. Таң
ағарып атарда керуеннің қастарынан бір таудай зат жылжып
ұзай бастапты. Керуендердің бір иті бар екен, манағы жыл-
жып бара жатқан затты тарпа бас салып, үстіне мініп алыпты,
керуендер келсе, адам айтқысыз зор түлкі екен. Керуендер
жиылып, сыбанып союға кіріскенде, бір жағын сойып, бір жа-
ғын аударып союға шамалары келмепті. Керуендер түлкінің
терісін үлкендеріне байлапты. Бұл кісінің жаңа туған баласы
бар екен, түлкінің терісін сол балаға киім қылайын десе, тұмақ
түгіл бөрік те шықпай қалыпты.
23. АДАЙ АҢЫЗДАРЫ
Жасымда атқа мініп көңілім өсіп, талабым желдей
есіп жүрген кезім еді, елдің шетінен «біреудің айғыр үйір
жылқысын ұры әкетіпті» деп естідім. Артынан кешікпей ма-
ған иесі келіп: «Жылқымды осынау аралдың түбегіндегі елдің
ұрылары әкетті, сені ер жүректі, намысты жігіт деп естідім,
намысың болса, аттан, жатқа намысыңды жіберме, абы ройы
елге ортақ болсын»,—деді.
Ұрынуға қара таба алмай жүрген кезім ғой. Құп, болады
деп, қару-жарағымды асындым да, жолға шықтым, күн-түн
жүріп түбектің түбінде жатқан елдің шетіне жетіп, бірер күн
тынығып жатып, жан-жақты торлап-барлап, ел шетінен толық
бір айғыр үйірін айдап жөнелдім бірер күн жүріп, қара үзіп
190
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
алып, артыма қарап едім, қуғыншы көрінбеді. Жылқымның
ішінде бір күрең бурыл бие бар екен, майдан жүре алмайды,
айдап келе жатқан жылқыға еркін ере алмай, жылқының
артынан ерді де отырды. Оны мен де қыстамаймын. Адай
жерінің жазғы ыстығы белгілі ғой. Күн шығып, бет қаратпай
келе жатыр еді. Бір кезде күн көзі мұнарланып көлеңке
түскендей болды. Қолымды қабағы
ма қойып қарасам, бір
дөңгелек ноқаттай қара зат күннің көзін, қорғап көлеңкелеген
сықылды. Дұшпаннан мал алып, көңілі өсіп, елірген басым
нені байқайын, бұл не екен деп ойладым да қойдым. Әлдене
уақытта күн көзі ашылып, бір ызың-суыл естілгендей болды
да, арт жағымнан тасыр-тұсыр дыбыс естілді, елсізде елегізіп
келе жатқан
маған, топтанған жаудың дүбі
рін
дей білінді.
Жалт қарасам, артымда еріп келе жатқан күрең бурыл биені
бір зат көтеріп ұшып, менің алдыма қарай, ұзап бара жатыр,
алдымдағы жылқым үркіп-осқырып, желікті. Менің есіме
баяғыда есіткен алып құстың әңгімесі түсті. Ол малды кө-
теріп әкетеді деп естуші едім, енді мұны көзім көрді-ау деп,
малымды ілгері қарай айдап
жүре бердім. Әлгі құстың бағы тын
байқап келем, біраз жүрген соң, құстың қонғанын көрдім. Бір
қыраттың үстінде бес-алты қанат үй тігілгендей болып көрі-
неді. Бұл үлкен құстан қорқып, мұны білмей кетуім болмас деп,
құстың қонған жеріне қарай жүрдім. Адамнан сескенбейтін
зат болмайды ғой, мен жақындаған кезде, кұс қомданып қана-
тын жайып, жерді сүзе, жер бауырлап
көтеріліп ұша женелді.
Шамасы менің көзіме қанатын жайғанда алты канат үйдің
жайылған үзігіндей боп көрінді. Келіп қарасам, биенің мойны
мен бөксесінен қусырып бүктеп ала ұшқан екен, тырнағының
орындары ақсиып, қандатып жатыр. Биенің екі қоңын,
барлық қабырғаның етегін жеп тастапты. «Иеңе де, ие болам
деген маған да бұйырмай, құсқа, жем болған, арамға шыққан
зат екенсің» деп өкіндім де, ілгері жүріп кеттім. Алдымдағы
жылқым, ата малымдай бойыма сіңді дегенде, отырған біреу:
«Мынау құсың өтірік екен»,—депті, сонда жанында отырған
біреу: «Бұл өтірік емес, қайта бұл сыпайы етіп айтып отыр
ғой»,—депті.
190
191
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
24. ҚҰДЫҚ ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Ел ішінде құдық туралы аңыздар көп қой, мен өзім көрген
бір құдықтың жайын айтайын деп отырмын:
—Аңшылық адамға не қылғызбайды, түн қатып аңда
жүріп, сусап таңдайым кеуіп келе жатыр едім, бір төбешікке
кездес тім. Атым да солай бой ұрып қырындай бергендей бол-
ды. Төбе шік ке келіп ат үстінен еңкейіп қарасам, ескі апан,
онша терең емес, бірақ көрініп жатқан суы болмаған соң,
елемедім. Тағы не бар екен деп жан-жағыма қарап, жүрейін
деп едім, атым жерді сүзе, мойнын жерге салып жіберіп, жер-
ді иіскеп болмайды. Жү рейін деп тебініп едім, атым көңілсіз
қозғалып мұрнын шүйі ріп та ғы бөгелді. Бұл не ғажап, елсіз-
күнсіз жерді ескі апанның болуы қалай деп, неде болса,
мұнда бір кәп бар болар деп атым нан түсіп, саймандарымды
жерге қойып, белімді шешіп, атыма қарасам, атым сілкі-
ніп, жадырағандай болып керіліп тұр екен. Жануарым не
сезіп тұр деп, кең өре салып жібердім де, апанға келіп, ішіне
секіріп түстім. Апанға түскен бетіммен төмен қа рай құлдилап
төмендеп барам, бұл не ғажап деп жан-жағымды қармап едім,
қарманар еш нәрсе таппадым, жоғары қарасам, жер бетінен
онша ұзап кетпеген сықылдымын. Бір кезде аяғым ныққа
тиіп тоқтағандай болды. Жан-жағыма қарасам, көк орай
шалғын құрақ, неше түрлі көгал шөптің ортасында тұрмын.
Манағы сусағаным бар, төмен жылжып сескенгенім бар,
тамашалап таңырқап тұрдым да, ана судан бір қанып ішейін
деп, өзенге келіп еңкейе кетіп, жұта бастадым. Сусыным
қанар емес, жұтып жатырмын, бір кезде суға шашалып кетіп,
басымды көтеріп алып жан-жағыма қарасам, жердің үстіне
шығып қалыппын. Таңырқап алақтап күнге қарасам, күн
түске жақындап қалыпты. Мен құдықтың басына келгенде,
түс ауып кеш тартқан кез еді, сонда мен осы құдықтың ішін де
бір сөтке дей болғаным ба деп, ойланып тұрып, жан-жағы ма
қарасам, атым жыл шыққандай, құр ат болып қалыпты деп
сөзін бітірді.
192
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
25. ЖЕЛМАЯМЕН ЖЕЛГЕНДЕ
Үйшіктен шығып, Қарақұмды басып, Түрікпен елін асып,
Шевченко—Маңқыстақты аралап, Астраханға келіп қонып
жүрген күндер болып еді. Бір күні Қара бұғаздың сорына
түсіп бір бала жоғалып, ел-жұрт болып іздеп, таба алмай
сабылып жүр екен деп естідім. «Ағайынның жоғын жоқтас,
табылса—иесіне, табылмаса—көңіліне жақсы» деген бар ғой,
бармай болмас деп, Ақтайдың Сары үлегін сұрап мініп жолға
шықтым. Күн өте суық еді, әдепкіде бет қаратпай отырды.
Тайпақтан шыққанымда күн сәскенің кезі еді. Сары үлектің
еті қызды. «Енді шыдап бақ, мен тарттым!»—дегендей екі
жағына кезек-кезек жалтақтап, желдей есіп, судай тасып,
бұлттай көшіп, шығысқа бетті қойып жұлдыздай ағып келеді.
Бұл кезде, Сары үлекті тоқтатып, не басқа жаққа басын бұру-
ға болмайтынын білем, жүрісіне мәз болып, масайрап келем,
бір кезде маужырап қалғып кетсем керек, сескеніп кетіп жан-
жағыма қарасам, бір зор дарияның жағасы, калың орман,
зенгір таудың арасында келемін.
Сары үлектің жүрісінің, үстінің жұмсақтығына, өнімділі-
гі
не масаттанып отырғанымда, мына бір көрмеген-жүрме-
ген жер
ді аралап келе жатырмын. Бұл не ғажап! Мұндай
жерді бұрын көрген жоқ едім деп, таңырқанам да, толғанып-
ойланам. Сүй
тіп келе жатып, шіркін-ай, мына дарияның
суына шомылып, тауына шығып, орманын аралап, көк шөпке
аунар ма еді деп ойладым. Сол кезде ойыма мына қауіптер сап
ете түскенң. Тауда бөрі болса, шөп арасында, суда шаян болса
қайтесің дегендей болды.
Сонымен бұл қай жер деп ойлаймын, таңданып тұрғаным-
да ойыма сап ете түсті: бұл жер баяғы «Шаһнамадағы» Рүстем
Зорабтың аралаған таулары екен. Ал менің астымдағы, баяғы
қазақ еліне қоныс іздеп жер жүзін аралаған Асанқайғының
желмаясының баласы екен ғой. Жүрісіме енді түсініп келе
жатсам «Тоқтаңыз!» деген дауыс естілді. Тұра қалсам, баяғы
Адайда жоғалған бала екен. Бұл бала Қара бұғаздан шығып,
192
193
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Қарақұмды басып, Тянь-Шаньнің тауын аралап, Памирге та-
ман өтіп барады екен.
Екеуіміз жөн сұрасып, амандасып қуанысып, күллі таудың
халқын жиып той жасап, енді еліме келсем, осы екі арада дәл
бір сөткеге жетер-жетпес мерзім өткен екен. Көп жүрген екем
деп қатты ренжідім,—депті сөзі селді, аузы желді, айтушы.
26. ӨТІРІК ЖАҒЫПАР МОЛДА
БОЛЫПТЫ
Әлібек жылпос епті адам еді. Былтыр бір шаруасы болып
Масалы еліне барса, шаруасы біткенше кеш болып кетіп,
қонуға орын іздепті. Танымаған ел қондыра қоймапты. Сөй-
тіп сандалып аңтарылып тұрса, бір үйден сарнай зарлаған
үн естіліпті. Бұл не дыбыс деп біреуден сұраса: «Кеше мына
үйден бір кісі қайтыс болып еді, соған Құран оқып отыр ған
Саду молланың үні ғой»,—депті. Әлібек тура сол үйге қа-
рай тартыпты. Кідірмей кіріп барып, Саду моллаға: «Құран
оқыңыз»,—деп ымдап төмен қарап сүзіліп отыра қалыпты.
Саду молла баяғы сарынмен Құран оқып болып бата қылған
соң, Әлібек сыпайы сөзбен үй ішіне мүләйімсіп көңіл айтып ты
да, қамығып жыламсыраған пішін білдіріпті.
Бұл енді бұрынғы Әлібек емес, таспығы болмаса да, қолы-
ның буынын санап білгіш-бірадар бола қалыпты.
Саду молла Құран оқығанда да, жай отырғанда да қызыл
күрең бурыл сақалын қолымен желпілдетіп, иегін бір көтеріп,
бір шұлғып төмен түсіріп, құбылтып отырады екен.
Кешке іңірде үйдегілер: «Мүсәпір, кім боласыз, жолыңыз
болсын?!»—деп жөн сұрайды. Әлібек: «Мен мүсәпір адаммын,
атым—Жағыпар болады»,—дейді. Отырғандар кенеттен көңіл
бөле бастайды, өйткені Көкшетау сыртына атағы зор Жағыпар
молла деген адам бар екен. Отырғандардың бары Жағыпар дың
атына қанық, түсіне таңсық екен.
13-0184
194
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Отырғандар Жағыпар молдадан жөн сұрай бастайды.
Өті
рік Жағыпар қанын ішіне тартып алып, Аллалап бір
күрсініп, өтірік сөздің қанын ағызып, майын тамызып,
өтірікті шын дай, шынды тыңдай қылып, тамағы ауырған
болып, тамағын ке неп, үнін үзіп сыбырлап мың құбылады.
Отырғандар: «Құдай ай дап кездестірді ғой, шақырса, қолға
түспейтін қасиетті адам»,—деп, Саду молланы қойып, бұған
көңіл бөледі.
Отырғандар намаз оқуға кіріскенде, Жағыпар имам бо лу-
дан қашып, дауысының қарлығып отырғанын, үні шықпай-
ты нын айтып, өзінің мүсәпір екенін айтып қа шырғы салып,
имам болмай, көппен бірге ұйып намаз оқиды, Құран оқыңыз
десе, тамағын сылтау қылып Құранды ішінен оқиды, сөйтіп
бір кеште отырғандарға сырын білдірмей қонып, ертемен үйге
білдірмей аттанып кетеді де, елдің шетіндегі біреуге, былай
деп кетеді: «Мен өлік шыққан үйді алдағаным жоқ. Жағыпар
молла мын деп те айтқаным жоқ. Ана білгішсініп отырғандар
аңқау
лық қылып мені Жағыпар молла деп сенді. Кешке
қонайын деп сұрағанымда сенбей қондырмап еді».
Достарыңызбен бөлісу: |