4. СЕКСЕН ӨТІРІК
(ІV нұсқа)
Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен. Ерте-ертеде,
ертегі өткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар
илепті. Хан билік бопты, хан еріксе, халық ойыншық болып-
ты... Нақ осы айтқанның өзіндей хан, ұстараның жүзіндей хан,
қаны тасып ерікке хан, шарап ішіп желіккен хан халқына жар
шақырыпты. «Кімде кім алдыма келіп кідірмей, мүдірмей,
қырық өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе, және артынан
қырық ауыз өтірік өлең айтса, сол адамның төбесінен төмен
қарай алтын құямын, бүкіл өміріне жететін байлық, мал-
мүлкімнен бөліп беремін. Жазаласа қызымды беріп күйеу қып,
қасыма уәзір етіп отырғызамын. Бірақ сондай сертім бар: егер
әңгімесінің, ия өлеңінің ішіне бір ауыз да болса рас сөз қосылса,
тоқтаусыз дарға тартқызамын»,—депті.
Ханның бұл хабары ел арасына тарап, жұрттың құлағына
тегіс тиген соң «үмітсіз шайтан» әркімнің-ақ арқасы қозып, ие-
гі қышиды. Не аузы-аузына жұқпаған сәйгүлік шешендер, не
ақындар, ханның алтынынан үміттеніп: «Ой, айтпай несі бар?»
деп ханның алдына барып, қиыстырып айта алмай, келіс тіріп
сөйлей алмай талайлар күнәсіз дарға тартылыпты.
Кейбіреулер даладан «айтармын-ақ» деп құлшынып кел-
се де, қаһарлы ханды, қанға боялып тұрған дарды көргенде
ақылынан адасып, есінен танып, үрейі ұшып, түк айта алмай
сырттан қайтып кетіпті.
150
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Сертін орындай алмай күнәсіздан-күнәсіз ханның ойын-
шығы болып дарға тартылып өлгендерден ханның сарайы қан
сасыпты.
Жұрттың ең соңынан кедейліктен әбден сіңірі шыққан, мой-
ны ырғайдай, биті торғайдай, өмірінде жарып ас ішіп, шалқып
киім кимеген, жарлылықтан міні жоқ, үсті-басы пәре-пәре,
аяғы тілінген, алақаны жарылған, көзі аларған, ерні кезерген
бір жас жетім бала келіпті. Есік алдында отырған жұрт:
—Жаным-ай! Жауқазындай жас бала көрінесін, сенен ес-
тияр, не шешендер, не ділмарлар айтамын деп келіп, айта ал-
май, босқа өлгендердің есебі жоқ. Жарқыным, тумай жатып,
өмірден орын таппай өлуге асығып жүрген неғылған бала-
сың? Ізіңше еліңе қайт! Тілімізді ала ғой,—деседі. Бірақ бала
көнбейді. Хан сарайына кіріп, ханның алдына келіп, «алды-
жарлап» бас иіп, тізе бүгеді. Сонда хан:
—Е, не арызың бар?—деп сұрайды.
—Тақсыр! Жарлығыңызды естіп, өтірік әңгіме мен өтірік
өлең айтқалы келіп тұрмын,—дейді. Хан миығынан күліп,
мысқылдап, баланы көзіне ілмей:
—Үлкендердің қолынан келмеген, сенің қолыңнан қалай
келсін? Қыршыныңнан қиылып кетесің ғой,—дейді.
—Тақсыр, сол көптен менің жаным ардақты ма? Айта алма-
сам, өз обалым өзіме, лұқсат етіңіз,—дейді.
—Ал, ендеше, сөйлей ғой,—дейді хан. Жетім бала сөйлеп
ала жөнеледі:
—Тақсыр! Әкемнің белінде, шешемнің құрсағында жүрген
кезімде, әкемнің әкесінің жылқыларын он бес жыл бағыппын.
Алған ақыма өзіме қалың беріп қатын алыппын, бесті-ал-
тылы бала сүюлімін. Сол қатынымнан туған балаларымның
қолымдағы кенжесі осы уақытта жиырманың бесеуінде, өзім-
нен он жас үлкен.
Жаздың шарша тамызында бір қайнап тұрған ыстық күні
«жылқымды суарайын» деп құрық үстіне құрық салып жау
тигендей қуалап жөнелдім. Айдын шалқар бір құдыққа кел-
сем, тақсыр-ай, күннің ыстығын сонан білерсіз, құдықтың суы
150
151
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
қалыңдығы кісі бойы, қол ұсыным мұз болып қатып қалып ты.
Жалма-жан «суат оя қояын» деп ат үстінде тұрып балтамен
олай шапқыладым, ойылмады, бұлай шапқыладым, ойылма-
ды, балтамның жүзі жапырылып қалды. Балтамды қойныма
салып қойып, сүйменімді қолыма алып, олай түйгіштедім, бұ-
лай түйгіштедім, болмады, сүйменім майысып қалды.
«Енді не қыламын?» деп дағдарып тұр едім, бір амал ойы-
ма түсе қалды. Дереу кеңірдегімнен ұстап басымды кеудем-
нен жұлып алып, шекеммен ақырын ғана мұзды бір нұқып
қойып едім, тақсыр-ай, бірі өтірік болмасын, мың жылқым
қатар тұрып су ішетін суат ойылды да қалды. Және менің
бағыма құдықтың суы зәрдей ащы шығып, сонда да жылқым
талғамай ішіп, іші-сырты бірдей болып, қарыны қампайды
да қалды.
Онан соң жылқыларымды көк мұзды жарып шыққан сар
балауса мен көк жоңышқаға матап салып, санамай, түстемей
түгендегенімде, алты құлаш ала биеден туған, жеті құлаш жи-
рен құланым жылқының ішінде де, сыртында да жоқ болып
шықты. Ұры алғанын да білмедім, пері алғанын да білмедім.
Ары-бері қарап тауып ала қояйын деп жалма-жан құрығымды
мұзға шанша салып, басына шығып төңірекке көз жіберіп
едім, көрінбеді. Құрығым аласа болған шығар деп, құрықтың
басына пышағымды шаншып, оған шығып қарап едім, тағы
көрін бей ді. Пышағымның басына қынымды шаншып, оған
шығып қарап едім, мұнда да көрінбейді, көңілім әлі биіктеуде
болып, қамшымды шаншып, тағы биіктеттім. Оған да шығып
қарап едім жау алғыр тағы көрінбейді. «Енді не жалғаймын?»
деп көзімді жұмып, ойға қалып тұрғанымда қалт есіме түсе
қалды. Тілім нің астына салып жүрген тебен инем бар екен,
қуанғанымнан со
ны ала салып, қамшымның басына шан-
шып, және шығып кө зім ді адырайтып қарап едім, және көре
алмадым. Әбден дағдар ған соң құрығымнан «Япырмай, енді
не жалғайын, ақылың болса айтшы»,—деп ақыл сұрадым. Ол
ант ұрғанның жатып тұрып өзімді сөккені ғой, сөккенде не
дейді: «Ит болмасаң, айна лып-айналып жерге қарай бергенше,
152
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
көзіңді шарт жұмып аспан жаққа қарасаң болмас па еді?»—
дегені ғой. «Ойбай-ау, аспанды бұлт басып тұрғанын көрмей сің
бе?»—деп едім, онан жаман балағаттап: «Ант ұрған-ау, қо лың
жоқ па еді? Бұлттың арысын ары, берісін бері серпіп жібер сең
болмас па еді?»—деді.
Ойлап тұрсам оның өзі де жөн екен. Дереу қолымды со-
зып жіберіп бұлттың былайғысын былай, олайғысын олай
сыпырып жібергенімде күннің көзі жарқырап, шайдай ашыл-
ды да қалды. Әбден мұралым беріп, көзімді шарт жұмып,
аспанға қарағанымда тамаша, мұнан артық не болсын? Темір
қазықтың ар жағында, Шолпан жұлдызының бер жағында,
Қап тауының етегінде манадан бері қарап таба алмай жүрген
жирен құлы ным бір бәйтеректің бұтағына шығып құлындап,
құлынын емізіп тұрғаны көзіме жарқ ете түсті. Қатыным
ұл тапқандай қуа
нып, құрығымның басында тұрып секіре
беріппін. Жалма-жан құрығымды қайық қылып, пышағым-
ды ескек қылып теңізге түсе қалып едім, шым батып барамын,
дереу пышағымды қайық қылып, құрығымды ескек қылып
түсе қалғанымда, кірпік қаққанша шыр етіп теңізден өте
шықтым.
Жирен құлынға міне салып, жас құлынды алдыма өңгеріп
қайтадан теңізге түсе қалғанымда, шым батып барамын, де-
реу жас құлынға мініп, енесін алдыма өңгеріп, түсе қалғаным-
да жануардың сушылы-ай, көзді ашып жұмғанша теңіздің
бетімен де емес, түбімен де емес, ортасымен де емес зыр етіп өте
шықтым.
Жылқыға келген соң жүріс алған неме тағы бошалап кетіп
әуре қылып жүре ме деп енесін құлынына, құлынды айғырдың
құйрығына байлап жылқыға қоспай далаға айдап қоя бердім.
Бір уақытта айдын мұздың үстіне қарап тұрсам, бітпеген қу
тобылғының түбінде тумаған бір ту қоян жатыр екен. Жалма-
жан садағымды алып, оғымның масақ жағымен атып едім,
өтпеді. Масақ жағын кіріске қойып кер жағымен тартқанымда,
жұлдыздай ағып өтті де кетті.
152
153
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Асығып-үсігіп атымды бір қу қазыққа байлай салып, ете-
гіме тезек тере бердім. Бір уақытта қарасам, атым өз-өзінен
ертоқымын бауырына алып, тасталқан болып үркіп-тулап жүр
екен. Етегімдегі тезегімді төге салып, атыма қарай жүрейін
десем, сұмдық-ай, манадан бері «тезек» деп тергенімнің бәрі
бөдене екен, пыр-пыр етіп алды-алдына ұшты да кетті.
Манағы «қу қазық» деп атымды байлағаным аққудың мой-
ыны екен. Соның серпіген қанатынан үркіп атымның тулап
жүргені де сол екен. Атымды ұстап алып, манағы тебен инем ді
қазық қылып, басымды тоқпақ қылып жерге қағып жібе ріп,
атымды соған байлап қойып «ух» деп демімді алдым. Атып
алған қоянымды сояйын десем, қынымда пышағым жоқ.
«Апырмай, қайда қалды?» деп ойға қалып тұрғанымда үш
күн, үш түнде барып есіме түсе қалды. Баяғы құрығымның ба-
сына шанышқан бойымен сонда ұмытылып қалған екен. Соған
қайта баруға еріндім де күрек тісімнің біреуін суырып алып,
соны мен соя бердім. Қашаннан өзімнің мал сойғыштығыма
салып жеде қабылдап, қоянды үш күнде сойып болдым, оның
етін қақтап, тұздап, «енді майын ерітіп алайын» деп бір бүтін
қазанға салып еріткенімде, менің сорыма май ағып тұрмады.
Дереу бүтін қазанды тастай салып, бір тесік қазанға салып
едім, тақсыр-ай, мұндай қызықты көріп пе едіңіз? Бір тамшы
тамбай тұра қал ды. Еріген майды ыдысқа қотарғанымда бір
түйе қарнына, бір өгіз қарнына, бір борсық қарнына әрең-әрең
сыйғыздым.
«Бұл титтей май менің қай күніме жарайды? Онан да етігімді
майлап алғаным олжа шығар» деп бас салып майлағанымда,
бір етігімнің шұлығына зорға жетті. Қонышына жетпеді. Анау
етігім мүлдем ауыз тиместен қалды. «Ер еңбегіне бір тойсын»
деген сөз бар еді-ау деп, қоянның бір кесек етін қолыммен әрі-
бері күн көзіне ұстап пісіріп, аузыма салайын деп апарғанымда
сұмдық-ай, аузым орнында жоқ. Жүрегім мұздай болып, «япыр-
май, аузым қайда?» деп қайта-қайта бетімді сипаласам, аузым
жоқ дегенім ойыншық екен, солаймен кеудем де, басым да жоқ
154
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
екен. Тақсыр-ау, сондағы қорыққаным әлі күнге дейін есім нен
кетпейді.
«Япырмай, бассыз қалай күн көремін?» деп алақанымды
маңдайыма қойып ойға батып тұрғанымда, біреу иығымнан
тартып: «Әке! Мынау басты танисың ба?» деді. Байқап қарасам,
өзімнің басым, тауып әкеліп тұрған—өзімнің балам. «Шыра-
ғым, мұны қайдан таптың?»—деп сұрағанымда, «Суат ойған
жеріңде жатыр екен. Сенің басың екенін танып әкелдім»—деді.
Тақсыр-ай, сондағы қуанғаным әлі есімнен кеткен жоқ. «Көп
жаса! Бай бол. Үбірлі-шүбірлі бол!»—деп балама бата беріп,
алғыс айттым.
Көптен ұйқы көрмей сергелдең болып жүрген байғұс ба-
сым, сол мезгілде ұйқы қыстап қалғымайын ба? Мұздан төсек,
қардан жамылғы қылып жата қалсам, төсектің жылылығына
бұйығып өлген адамдай ұйықтаппын да қалыппын. Түн ортасы
болған кезде бір нәрсенің сарт та-сұрт келген дыбысымен шо-
шып ояндым. Қарасам, екі етігім жұдырықтасып, қызыл-ала
қан болып төбелесіп жатыр. «Бәтір-ау! Бұларың қалай?»—деп
сұрағанымда, май жағылмаған етігім жыламсырап: «Қайтейін,
май біткеннің бәрін анау жалмауызың ішіп қойды, маған ауыз-
да тигізген жоқ»,—деді. Екінші етігім анау етігіме тап беріп:
«Өзіңнің кем несібелілігіңнен көрмей, майдың жетпегенін ме-
нен көргенің сасқаның ба?»—деді. Ашуымның әбден келгені
емес пе? Маңдайларынан бір-бір шертіп, екеуін екі жағыма
қойып, жата бердім.
Таң атқан соң қарасам, көзін ашпағыр, май жағылмаған
етігім өкпелеп түнде қашыпты да кетіпті. «Алда жүгермек-
ай!» деп, екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсіп қуа
бердім.
Айдан айлар жүрдім, зорығып астымдағы атым өлді. Жыл-
дан жылдар жүрдім, етігімнің күйігінен іші жанып үйімде
қатыным өлді. Бір күндерде өгіздің желкесіндегі қашырына
қауын егіп, пісіріп отырған бір егіншіге кез келдім. Егінші
бейшара бір піскен қауынды алдыма қойып: «Жарқыным,
пышағың бар екен, өзің жарып жей ғой!»—деді. Кездігімді
154
155
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
суырып алып, қауынға салып қалғанымда, шіркіннің жетесі
босап жүр екен. Темір тегі суырылып, қауынның ішіне түсті
де кетті. «Қап, жолым қырсығып жүрген бейбақ едім, бұда
соның салдары ғой» дедім де, «бала күннен бірге өсіп, біте
қайнаған замандасым еді. Қалай көзім қиып тастап кетейін»
деп қауынның ішіне сүңгіп кірдім де кеттім. Ал ізде, тау да
қалмады, тас та қалмады, тоғай да қалмады. «Апта болды-ау!»
дегенде маған ұқсап жоқ қарап сандалып жүрген бір жоқшы ға
кез болдым. Жоқшының түсін-түгін, ен-таңбасын айтып сұ-
рап едім, Құдай соққан неменің «ту!» деп, былш еткізіп бетіме
түкіріп жібергені ғой. «Ау! Жының бар ма? Неге түкіресің?
Мен жоқ сұрап тұрмын ғой»,—дедім. О да бір шытынаған
неме екен, менен қалыспады, ақырындап: «Жынды демей
не дейін, мен бір айдан бері әлденеше атымды зорықтырып
бір айғыр үйір қысырағымды таба алмай жүргенімде, сен
төрт еліге толмайтын теміртекті іздейсің»,—дегені. Мұның
бұл сөзіне шыдай алмай сол жерде жаттым да төбелестім,
қан болмаған жеріміз, жұлынбаған сақалымыз қалмады,
ақырында оның да, менің де сілеміз құрып, шаршағаннан соң
екеуміз де төбелесті қойдық. Бір-бірімізден насыбай атысып,
жөн-жөнімізге кете бердік.
Бір күндерде ұлы жиын, ас беріп жатқан қалың елдің
үстінен шықтым. «Жақсы болды ғой, осы жиыннан етігіме
де, кездігіме де сұрау салайыншы» деп ошақты жағалап келе
жатқанымда, аста табақ тартып жүрген бозбалалардың ара-
сында табақ көтеріп жүрген баяғы қашқан етігімді көріп, ана-
дайдан қуанып секіре беріппін. Етігімнің де көзі мені шалып
қалып, ұялғанынан қып-қызыл болып қолындағы көтерген
әйдік табақ қазы-қарта, жал-жаяны әкеліп: «Кешегі маған
жағуға қимаған майың осы ма еді?»—деп, алдыма сарт еткізір
қоя салды.
—Пай, пай, тақсыр-ай! Сондағы ұялғаным өмірімде есімнен
кетер емес. Мінекей, тақсыр! Туғаннан бергі жердегі басым нан
өткен істер осы,—деп бала әңгімесін бітірді.
156
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Баланың қиыстырып бір ауыз да рас сөз араластырмай ай-
тып сүрінбегеніне хан таңғалып:
—Қане, бала! Енді өтірік өлеңіңді айтшы,—депті.
Сонда бала айтты:
Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Алдында қайын атамның қырындадым.
Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп, сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім-талдым әрең шештім.
Міндім де сасық қоңыз аяңдадым,
Болдыртып аяңымен қоян алдым.
Япырмау, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.
Міндім де жасыл қоңыз, сона қудым,
Басынан мұнар төбе сағым будым.
Дәулеттің маған біткен арқасында,
Қанменен көйлегімнің кірін жудым.
Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Шие оқ мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай жүз тұсақтан сатып тұрдым.
Балықтың қабыршағын отқа жақтым,
Өтірік өлең айтып жұртқа жақтым.
Бір сонам асыранды қашып кетіп,
Меккеден он жыл іздеп әзер таптым.
156
157
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,
Бір суыр мал дегенде қолда барым.
Қатыным тел қоянды жаздай сауып,
Түйреді сары майды екі қарын.
Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,
Той қылып ат шаптырып төңірекке.
Міндім де сары қоңыз, сона қудым,
Үш жұма, үш ай жүріп қона қудым.
Қумасқа белді байлап тұрып едім,
Дегенде жеңгем жерік бола қудым.
Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,
Балама қалың бердім бәрін сатып.
Білімін мал жиюдың ерте біліп,
Сондықтан кедейлікке қалдым батып.
Байлықтан ыза жектім ақырына,
Бір түйір мал болмады жақынымда.
Малымның бәрін жинап отқа жағып,
Отырмын кедейліктің тақырында.
Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.
Бір талын сақалымның кесіп алып,
Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.
Жиынға, салтанатқа кидім құрым,
Қытықтап зорға айтқыздым ханның сырын.
Келгенде қалыңдығым сексен төртке,
Қайныма бес жасымда бардым ұрын.
158
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Жүз салған қорғасыннан қара балтам,
Шықпады он матадан сыңар қалтам.
Дәулеттің маған біткен арқасында,
Көшкенде жүз түлкіге жүгімді артам.
Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсең, аттың мүлкі.
Ішінде топ адамның тулап жығып,
Қылдың-ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкі.
Арасын жырып қостым Сыр қуаңның,
Масықтым елін билеп бес дуанның.
Екі жүз құнан қойым егіз туып,
Осыған нанар болсаң, көп қуандым.
Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,
Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.
«Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын» деп,
Қан түсіп аяғыма өле жаздай.
Тамырға өтірікті қап-қап бердім,
Найзасын нән қамысқа саптап бердім.
Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,
Түлкіге түсте қашқан тап-тап бердім.
Басынан Қап тауының қора қылдым,
Бітер деп бес мың жылқы, жора қылдым.
Топан суы тау басына дамыл бермей,
Қылмасқа енді қора тоба қылдым.
Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Япырмай, тулап бәрін өлтіріпті.
158
159
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Мен өзім кішкенеден қарға бақтым,
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.
Біреуі жануардың үздік шығып,
Мойнына ақ киізден тұмар тақтым.
Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім балуандықпен соның бәрін.
Түйеге теңдеп бәрін қойғанымда,
Мертікті көтере алмай қара нарым.
Мизамның сілемейін желі қылдым,
Шыбықтың жұмыртқасын келі қылдым.
Қамыстан сегіз қанат үй істетіп,
Жонынан кесірткенің көген тілдім.
Шыбынның шылым шектім бақайынан,
Қожанның атым үрікті топайынан.
Баланың ақылы артық, ойы жетік,
Көр тышқан етік қылдым шоқайынан.
Басына бәйтеректің тіктім орда,
Көк орай шалғын екен қорда-қорда.
Қос атпен күні-түні бірдей қуып,
Қашаған бір битімді тұттым зорға.
Мен өзім өтіріктен пайда еткенмін,
Биялай, бит терісін қалта еткенмін.
Етіне бір шіркейдің қазан толмай,
Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.
Мыс егіп көбік қарға, алтын ордым,
Ізіне ап жыланның қақпан құрдым.
Шегірткем мініп жүрген тұлпар еді,
Жалғыз тал қыл қамшыммен өлгенше ұрдым.
160
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Түгестім сапты аяқпен Сырдың суын,
Он нарға артып жүрмін қыздың буын.
Еншіге әкем берген мың қожанның
Соғымда қырып алдым барлық туын.
Тілімнің келмейді ебі өтірікке,
Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе?
Қырық байтал қалың малға санап алып,
Қыз бердім отау тігіп кекілікке.
Биені қымыз іштім мұзға байлап,
Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап.
Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,
Жүгірдім қуанғаннан алақайлап!
Отыным жазғы жаққан мұздан болды,
Салымым сексендегі қыздан болды.
Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,
Тұтанып зорға биыл қызған болды.
Сауысқан алып ұшты бөлтірікті,
Айтпаймын, қыз берсең де, өтірікті.
Шіркіннің тепкісінің қатысын-ай,
Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті!
Шаянның шаңырақтай омыртқасы,
Көнектей көлбақаның жұмыртқасы.
Болмаған енді шындық несі қалды?
Түбінен жау қиятың ердің қасы.
Жонынан атжалманның айыл алдым,
Үш жөргем ішін жарып майын алдым.
Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты,
Қырық құлаш қармақ салып жайын алдым.
160
161
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Қошқардың қағанақтан күйегі бар,
Шідердің мұздан жонған тиегі бар.
Тақсыр-ау, осыған да нанбаймысың,
Қырық арба бір қаншырдың сүйегі бар.
Шыбынның шылым шектім қу басынан,
Атжалман арқан естім шудасынан.
Қырық қарға, отыз сона құда түсіп,
Инелік киіт киді құдасынан.
Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,
Айналды серіктіктің арты дауға.
Борсыққа жарап жүрген міне шауып,
Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.
Дарияға тоған бастым ебелектен,
Жаратып қасқыр қудым көбелекпен.
Жығылып таскенеден, мойны үзіліп,
Бір кемпір «ә» дегенше өле кеткен.
Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Борышыма қатынымды кіреу қойдым.
Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым.
Сауысқан әбден асты аққуды іліп,
Елімді қызғыш шауып салды бүлік.
Қақалып кеше кешке жеген етке,
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.
Баланың әңгімесі де, өлеңі де ханның өзі айтқанындай, бір
ауыз рас сөз қосылмай айтылғандықтан, хан жеңіліпті. Айт қан
уәдесін орындапты.
11-0184
162
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
5. ТАЗША БАЛАНЫҢ ӨТІРІГІ
(V нұсқа)
Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім
қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұ-
ңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп
отырады.
Шал:
—Не қылып жүрген баласың?—деп сұрайды.
Сонда тазша:
—Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін,—дейді.
Шал:
—Ендеше балам жоқ еді, маған бала бола ғой,—деп, тазша-
ны ертіп, үйіне алып келіпті.
Бір күн шал тазшаға:
—Анау көрінген ағаштың басында ақсары деген құстың
ұясы бар, сол ұяда құстың жұмыртқасы бар. Сен барып құсқа
білдірмей, астынан бір жұмыртқасын алып келші,—дейді.
Тазша:
—Жарайды,—деп жүгіріп барып, ағаштың бұтақтарын
сыл дырлатпастан басына шығады да, құсқа білдірместен бір
жұ мыртқасын алып келіп, шал әкесіне береді.
Сонда шал:
—Енді жұмыртқаны апарып, құсқа білдірместен ұясына
салып келе қойшы,—депті.
—Жарайды,—деп апарып, құсқа білдірместен, жұмыртқа-
ны ұяға салып келіпті.
Сонда шал:
—Жарайсың, балам. Қолыңнан іс келеді екен,—депті.
Бір күні тазшаға өгей әке-шешесі:
—Анау көрінген үйде, өздері бай және өлгенше сараң бір
шал мен кемпір бар, үйіндегі мол тамақтан өздері де жарып
ішіп-жемейді, кісіге де нәр таттырмайды. Түнде жатқанда екеуі
қаптағы құртын басына жастанып, қарындағы сары майын
қойындарына алып жатады.
162
163
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Солардың жұмысын табаным тесіліп, талай жыл істесем
де, жарытып ақы бермеді, ауыз толтырып асап жейтін тамақ
та бермеді. Сол байда табан ақы, маңдай терім өтеусіз кетіп
барады. Мені әке десең, сол кеткен ақым үшін сол қу, сараң
шалдың қойнына тығып жатқан сары майын өзіне білдірмей
алып келші,—дейді.
—Жарайды,—дейді де тазша түнде жұрт ұйықтаған уа-
қытта барып, кемпір мен шалдың үйіне кіріп, екеуінің ара-
лығына кіріп жата қалып, кемпірдің дауысына салып: «Әрі
жат,—деп, шалды шынтағымен бір түртіп, бір уақытта шалдың
дауысына салып: «Әрі жат»,—деп, кемпірді шынтағымен бір
түртіп, ақырында орталарына алып, басып жатқан сары майын
білгізбей; сездірмей алып жөнеліпті. Артынша, ұзамай-ақ
майды жоқтап, іздеп шал шығыпты. Шалдың өзі де жасында
бір қу тазша болған екен: «Бәленше шалдың асырап алған бір
тазша баласы бар еді, сол алып кеткен шығар»,—деп еш жаққа
алаңдап бұрылмай жүгіріп, тазшаға көрінбей бір жағыменен
оның үйіне бұрын жетіп, қолына бір шелек алып, тазша үйіне
кіре бергенде, кемпірдің даусына салып шелекті тазшаның
қолына ұстата береді де:
—Шырағым, майды маған бер де, мына шелекпен бір шелек
су әкеле ғой,—дейді.
Аңқау тазша бөтен адам екенін аңғармай майды беріп,
шелекті ала сала жүгіріп, суға кете беріпті. Шелекпен суды
алып келіп, шешесіне:
—Мә, су,—деп, берсе, шешесі:
—Мен саған су әкел дегенім жоқ. Май әкел демедім бе?—
дейді.
Тазша алданғанын сонда бір-ақ біліп: «Майдың иесі қу неме
екен, майын өзі алып кеткен екен, мен де жетейін. Қайсы-
мыз басым екенбіз,—деп, алды-артына қарамай жүгіріп кете
берді.
Шалдың көзіне түспей, тетелеп барып, бұрын жетіп басына
бір ақ жаулықты орай салып, шалдың алдынан айқай салады:
164
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
—Тілеуің құрғыр, шал қайда кетіп едің? Қоралы қойыңды
қасқыр қуып кетті. Жүгіріп жетіп, жылдамырақ қайырып,
ажыратып айдап кел. Болмаса, қасқыр қырып кетеді,—дейді.
Тазшаның кемпір дауысына салып, сөйлеген сөзіне шал
нанып, қолындағы сары майды:
—Ал мынаны,—деп, лақтырып тастап, қойларын іздеп
жүгіріп кете беріпті.
Тазша бала шалды алдап жіберіп, майды алып, үйіне
келіпті. Манағы шал о жақ, бұ жаққа жүгіріп, қойдан дерек
таба алмай, шаршап, сандалып қайтып үйіне келіп қараса,
қойлары ап-аман қорасында жатыр. Шал байғұс алданғанын
енді біліп. «Қап!»—деп санын бір-ақ соғып: «Өзім де жас
уағымда осындай қу лықты көп істеп едім, қартайғанда алдыма
келгені ғой»,—деп, ерте тұра сала, тазшаның әкесіне барып:
—Сенің тазшаң менің бір қарын сары майымды алып кетті,
майымды қайтарып бер. Болмаса, тазшаңды сөзсіз өлтіре мін,—
депті.
Сонда тазшаның әкесі бұл шалға:
—Мен майыңды көргенім жок. Егер тазшаның алғанын
анық сезген болсаң, не қылсаң, ол қыл, мен ара түспеймін,—
депті.
Майын алдырған шал қолына бір өткір балта алып, жұрт-
тан жасырынып, көп қорымның ішіне барып, бір те сіл ген
қабірдің ішіне кіріп, жасырынып жатыпты. Бұл шал
дың
кемпірі ешнәр се сезбеген кісі болып, манағы тазшаны ша-
қырып алып:
—Шырағым, көп қорымда әкемнің моласы бар еді. Соған
мына пісірген нанды апарып, жұмалық деп, Құран оқып, басына
отырып, жеп келе ғой, сенен басқа балаларға сенбеймін,—
депті.
Тазшаның қапелімде ойына ешнәрсе түспей:
—Мақұл,—деп, нанды алып, кете беріпті.
Молаға барып, Құран оқып, нанды жеп отырғанда, бір көр-
дің тесігінен бір шал арбаңдап шығып келеді. Қолында балта-
сы бар. Кәдімгі аңдысып жүрген шалы екенін тазша тани кете-
164
165
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
ді. Тазша оңайлықпен өле қойсын ба. Шалдан бұрын қам қып,
қолындағы балтасын жұлып алып:
—Сен көрден тірілген қорқақпысың,—деп, шалдың өзі-
не дүрсе қоя беріпті. Шал жалынып, «әке-көке» деп, әзер құ-
тылыпты.
Бұлар тұрған шаһардың ханы халқына өте қатал болыпты,
елге саллықты көп салып, кедей мен жалшыны зар жылатып,
сорлата беріпті. Солардың қатарында тазшаның әкесіне де
салықты мол салып, шал қатты қысылыпты. Бұл жайды білген
тазша әкесіне:
—Сіз қысылмаңыз, ханның өз алтынын өзіне берейік,—деп ті.
Содан кейін бұл тазша ханның қазынасына кіріп, бір құ мы-
ра тілләсін алып кетіпті. Ертеңіне хан ділдәнің жоғалғанын бі-
ліп, барлық уәзірін жинап:
—Ұрыны қалайша тауып, ұстауға болады?—деп ақыл да-
сыпты.
Содан бір уәзір:
—Қазынаның есігінің алдынан шұңқыр қазып белуардан
бататын шырым-желім ерітіп толтырып қоялық, қараңғыда
білмеген адам түсіп кетсе, желімге жабысып қалып, шығып
кете алмайтын болсын! Осындай амалмен ұсталық,—депті.
Хан осы амалды мақұл көріп, айтқандай қылып, желімді
даярлата беріпті. Қу тазша қалайша білсе де, бұл кеңесті біліп
алып, енді қазынаның есігіне жоламапты.
Хан мұнымен де қазынаға түсіп жүргеннің кім екенін анық-
тап біле алмаған соң, ойлап-ойлап екінші амал істепті. Хан-
ның бір бақырауық нары бар екен, ұстамақ түгіл, біреу маңы-
на жақын барғанда дауысының барынша бақырады екен. Сол
нарды шөгеріп жатқыздырып, бірнеше аңдушы қойдырыпты.
Егер нар бақырса-ақ, ұрыны ұстамақ екен. Тазша мұны да біліп,
түнде қолына бір бау жоңышқаны алып барып, алыста тұрып
нарға көрсетсе, нар жоңышқаны жеймін деп, орнынан тұрып,
соңынан ере береді. Нардың дауысы естілмейтін жерге барған
соң, нарды ұстап алып, бір тоғайдың қалың жеріне апарып
байлап тастапты.
166
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
Ертеңіне ханның жасауылдары нарды таба алмай, дағда -
рып, ханға келіп хабар беріпті. Хан бұл амалы да іске аспа-
ған соң, ойлап-ойлап тағы бір амал тауыпты: далаға бір отау
тік кізіп ішіне жақсы төсектер жайдырып, соған өзінің қы-
зын жатқы зып: «Қызымменен кім сөйлесіп, махаббаты ке-
ліс се, қызымды соған беремін!»—деп жұртқа жар салыпты.
Ондағы ойы: «Егер сол ұры амалы көптігіне сүйеніп, қызыма
келсе, қыз, қолына беріп қойылған алмас қылышпен қолын
кесіп алып қалсын, ертең шаһар адамдарының қолын тегіс
көрейін: кімнің қолы кесілген болса, соны ұстатып, дарға
астырайын»,—дегені екен.
Қу тазша бұл амалды да біліп алыпты. Қалада бір бай қасап
бар екен.Түн ішінде жатып қалған қасапқа барып, терезесі нен:
«Ханға бір қойдың қарны керек еді, терезеден бере ғой»,—деп
дауыстапты. Қасап «ханға керек» деген соң лажы бар ма?—бір
қарынды терезеден қолымен шығарып: «Ал!»—дегенде тазша
қолындағы алмас қылышпен қасаптың қолын қарнымен ша уып
түсіріпті, сөйтіп, қарын мен кесілген қолды ала жөнеліпті, әлгі
қарынды суға толтырып, аузын байлап, оңаша отауда жатқан
ханның қызына келіпті. Әрі-бері сөйлескеннен кейін, тазша
сыртқа шығып келуге рұқсат сұраса, қыз: Сені тәуір көрем,
жата тұр!» деп, жібермейді. Тазша: «Кетіп қалады десеңіз, менің
қолымды ұстай тұрыңыз!»—дейді. Қасаптың кесілген қолын
қызға ұстатып, қарынның бір жерін тесіп, суды шырылдатып
ағызып, өзі кетіп қалыпты. Бір уақытта қыз: «Осы әлі дәретін
сындырып болған жоқ па?»—деп, байқап қараса, ұстап жат-
қаны бір кесілген қол екен.
Қыз ертең тұра сала әкесіне: «Ұрыны ұстап едім, өз қолын
өзі кесіп, қашып кетіпті»,—дейді. Хан жарлық қылып, шаһар
адамдарының қолын түгендесе, қолы кесілген қасап болып
табылып, хан алдына алып келіп тергегенде, ол көрген, білгенін
айтады. Хан мұның кінәсіз екеніне сеніп, қоя беріпті.
Хан бұл амалы да іске аспаған соң, ойлап-ойлап, тағы бір
амалды тауыпты. Бір күні: «Егер ұры келе қойса, өзім ұстап
алайын!»—деп, оңаша отауда өзі жатыпты. Тазша мұны да біліп,
166
167
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
әйелдің әдемі киімдерін тауып киіп, бір сұлу келіншек болып,
түнде келіп, отауға кіріп, ханның қасына келіп қылымсып,
сылқ етіп отыра кетіпті. Сонда хан:
—Не қылып жүрген әйелсің?—деп сұрапты.
Келіншек-тазша:
—Ерім өліп еді, қайнағаларыма тигім келмейді. Сол себеп-
ті, тақсыр, сізге арыз айта келдім. Сүйгеніме тиюге басымды
ашықтап берсеңіз екен!—деп жауап беріпті.
Хан сұлу «келіншекке» қызығып:
—Олай болса, маған ти,—депті.
«Келіншек» тәжім етіп тұра қалып:
—Құлдық, тақсыр! Олай десеңіз, арманым жоқ! Сізге жа-
нымменен тиемін,—депті.
Сөйтіп отырғанда, орданың алдында тұрған ағаштарды көр-
сетіп, «келіншек»:
—Тақсыр, мынау қиқайып тұрған ағаштар не?—деп сұ рапты.
Хан:
—Кінәлі адамдарды асып өлтіретін дар деген осы,—депті.
Сонда «келіншек» бұрын дарды есітпеген, көрмеген кісідей
болып таңырқап:
—Япырым-ай, мұнымен кісіні қалай асып өлтіреді екен?
Мені асып көрсетіңізші?—депті.
Хан келіншекті дарға асуға ыңғайсыз көріп, дардың арқан
тұзағын өз мойнына кигізіп, келіншекті түсіндірмек үшін:
—Арқанның анау ұшын сен бар күшіңмен тарт, бірақ менің
аяғым жерден көтеріліп, мен буынып бара жатқан кезде,
арқанды босатып қоя бер! Болмаса мен өліп калармын!—депті.
Келіншек арқанның ұшын қолына алып тартыңқырап,
ханның өкшесі жерден көтеріле берген кезде, аяғының ұшы
жерге тиер-тиместей, арқанның ұшын бір ағашқа мықтап
байлап қойып, өзі ханның қазынасына кіріп, тағы бір құмыра
тілләсін алып кетіпті.
Ертеңіне ханның жан ашыр адамдары дарға асулы, өлі мен
тірінің арасында тұрған ханды көріп, босатып алыпты. Орда-
сы на кіргізіп, тәуіп- емшілер жинап, емделіп жазылыпты. Бұл
168
ӨТІРІК ЖӘНЕ МЫСАЛДАР
хабарлар ұзын елдің ұруына, қысқа елдің қиырына жайы лып
тарап кетіпті.
Бұл ханның елімен шекаралас бір елдің ханы да мынау іске
талай-талай таңырқай күліпті. Олар: «Болымсыздығынан екі
рет қазынасын, бір рет нарын алдырып, үшінші ретте қызын
базарға салып, онымен тұрмай, өзін дарға тартқызып, жұртқа
масқара болғанша, хан болмай-ак, біреудің қойын бақса болмай
ма?—деп келемеждепті. Ол ханның сықағын есітіп, бұл хан
әбден ыза болып: «Құдай атымен ант ішемін» осы істерді істеген
қу кім болса да, кінәсін кешемін, маған келіп мәлім болсын.
Бірак бір тапсыратын ісім бар, соны орнына келтірсе, бұ рын-
ғы кінәларын салауат қылып, қызымды беріп, күйеу қыла-
мын!»—деп, жұртына жар шақырыпты. Мұны есітіп, баяғы
тазша: «Қайыр! Не де болса, тәуекел қылып көрінейін!» деп,
ханға келіп, мәлім болыпты. Сонда хан:
—Бәлен ханды амалын тауып, пенде қылып, маған әкеліп
берсең, барлық кінәңді кешемін, күйеу қылып қызымды да
саған беремін!—депті.
Тазша ханның бұл тапсырған қызметін қиынсынбай, қа-
был алыпты, шаһардағы бар ұсталарды жидырып, әуелі бұлар-
ға темірден бір бітеу арба соқтырыпты. Оның іші-сыртына
қоңырау байлатыпты, өзіне арнап жұп-жұқа каңылтырдан
әйдік бір шоқпар жасатып, оны қолына алыпты, және бір көк
серкені сойдырып, терісінің жүн жағын сыртына қаратып
үстіне киіп, терінің қылшығына қырық жерден қоңырау
тақтырыпты. Сөйтіп, өзі бір керемет секілді болып, әлгі арбаға
мініп, қаңылтырдан қалқан алып, түніке шоқпарды иығына
салып, манағы ханның шаһарына келіп кіріпті. Теке болып
бақылдап, қоңырауларын дүр шыңғырлатып, сылдыратып
айқай салыпты.
—Мен,
мен Құдайдың жіберген періштесімін! Бұл шаһар-
дың ханы залым екен. Қара бұқараға қатал екен. Ей, бұқара
ха лық! Құдай Тағала сендерге залым ханыңызды өз қолда-
ры ңыз бен ұстап, байлап менің бітеу арбама салып беруіңе
бұйрық қыл ды. Сонда Құдай Тағала сендерге риза болады.
168
169
ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР
Егер оны қыл май, ханыңызды жақтап, оған болыссаңдар,
сол Құдайдың өзінің бұйрығы бойынша: біреуіңді де тірі
қалдырмай, қолымдағы он мың пұт шоқпармен шаһарың-
ның кірпішін тас-талқан қып, топырақ етіп, шаң-тозаңын
ұшырып жіберемін!—депті.
Сонда шаһардың халқы тазшаның айбатынан қорқып:
«Қой, өз басымыздың амандығы керек! Мынау Құдайдың
жіберген бәлесіне қарсы тұрып болмас, «залым ханнан құ-
тылғанымыз тағы олжа»—деседі де, ханын ұстап, байлап,
бі теу арбаға са лып беріп, «періште» тазшаны жалынып- жал-
пайып жөнелтіпті.
Тазша ханды пенде қылған бойымен алып кетіп, өз ханына
тапсырыпты.
Сонда бұл хан тұрып, тұтқын ханға:
—Ия, сен маған күле беруші едің, өзің не қып мұндай күйге
жолықтың? Мұнан былай күлме! Менің жұртымда да осындай
өнерлі адамдар бар!—деп, қоқиланып, мақтаныпты.
Ақырында, екі ханның екеуі де тазшаның өнеріне риза
болып, екеуі де бұған қыздарын беріп, тазшаны өздеріне әрі
күйеу, әрі ақылгөй уәзір етіп ұстаған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |