Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет40/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88
Нәтижені бағалау: тік ішектің тазалануы.






Тыныс алу жиілігін санау
Мақсаты: баланың тыныс алу жиілігін анықтау.
Көрсеткіші: баланың тыныс алуының нашарлауы.
Кері көрсеткіші:
Іс -әрекет алгоритмі:

  1. Балаға манипуляцияның мәнің түсіндіріңіз

  2. Баланы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз

  3. Фонендоскоп түтікшесін баланың кеудесіне қойыңыз

  4. 1 мин ішіндегі тыныс алу қозғалысын санаңыз/1 тыныс алу қозғалысы-1дем алу+1дем шығару/

Ескерту: тыныс алуды есептеу баланың тыныштық жағдайында
жүргізіледі,тыныс алу жиілігін фонендоскопты баланың мұрнына
жақындату арқылы санауға болады
Нәтижесін бағалау: Тыныс алу жиілігі:
Жаңа туылған балада-60-40
1ж.асқа дейінгі балада- 40-35
1-5жасқа дейінгі балада - 35-30
5-10 жасқа .дейінгі балада –30-25
10-15 жасқа дейінгі балада-25-20
16 жастан жоғары 20-16


Дене температурасын қолтық асты және шат қыртыстарында өлшеу
Мақсаты: Баланың дене температурасын анықтау.
Көрсеткіші: баланың дене қызуының өзгерісі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:

  • Медициналық термометрі

  • Сағат, қалам, дәптер

  • Дез.ерітіндісі бар арнайы ыдыс.

  • Дәке салфеткалары

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Термометрді алып сынап 350С-қа дейін түскенше сілку.

  5. Қолтық асты (шат) қыртысы маңын салфеткамен құрғатып сүрту.

  6. Термометрдің сынап бағаны жағын қолтық асты (шат) қыртысына, тері қыртыстарымен толық қамтылатындай етіп, киімге тимейтіндей етіп орналастыру.

  7. Баланың қолын, аяғын денесіне басып ұстау.

  8. 10 минуттан соң термометрдің көрсеткішін анықтау.

  9. Анасын термометрдің қорытындысымен таныстыру және температуралық бетке тіркеу. Әр клеткаға 0,20С сәйкес келеді, нүктені клетканың ортасына қою керек.

  10. Термометрді алып сынап 350С-қа дейін түскенше сілку. Дез.ерітіндісі бар арнайы ыдысқа салу.

  11. Термометрді ағынды сумен жуу, салфеткамен құрғата сүрту. Термометрді қорабына салу.

  12. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет