136
Ағартушы жазушы Ы.Алтынсариннің туындысынан оңай жолмен олжа
табамын деп опық жеп қаза тапқан Қыпшақ Сейітқұлдың ағасына арналған
«Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен,
інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей,
ескі орны Түркістан жағында қалды» [41] деген бағалауыштық жолдарды
кездестіреміз. Автор бағалауыштық деталь арқылы кейіпкер ағасының сөз
түсінбейтін, тура жолға түсуді, еңбекпен нан тапқанды қаламайтын бірбеткей
жан екенін және оның әрекетін жақтамайтынын білдіреді.
Б.Майлиннің «Айт күндері» новелласында: «Мойнындағы дорбаны алып
жерге
тастай берді, ішінде бірдеме бар секілді.
- Бірдеме таптың ба әлде?
- Мардымды ештеңе жоқ.
Тырдай жалаңаш алты-жеті жасар бір ұл, бір қыз бала тысқа шыға келді.
Қапшықтан алып жатқан домалақ малдың терісін көріп екеуі бірдей тарпа бас
салды. Таласты.
- Қойыңдар, құрғырлар. Мә, біреуіңе жүректің құлағы бар.
- Күнімен жүргендегі әкелгенің осы ма, - деді қатыны.
- Е, қайтейін, бермеген соң... мынау текенің ені. Мынау жүректің
құлағы... мұны да итке лақтырған жерінен алдым... Жұрттан қайыр кеткен ғой,
құрбандарының қанын бер деп едім, Ұлбала бәйбіше айқай салды: «былтырдан
бері асырағаным жетер» деп... не бергенін қайдан білейін...
- Ай, сорлысың-ау, мана өзім барғанда шек-қарнын аршып бірталай нәрсе
әкелетін едім, аурудан шыға алмадым ғой» [97,88].
Аш отырған кедейдің аянышты күйі. «
Жұрттан қайыр кеткен ғой» деталі
арқылы жалшының қалың көпшілікке берген бағасы белгілі болса, әйелінің
күйеуіне «
Ай, сорлысың-ау» деп ренішті баға беруі – заманның азғанын, «әйел
еріне қараса, ері жерге қараған» ақырзаманның келгенін білдіретін деталь.
- Есіл ер-ай, қор болған екен.
- Қатыны мен Бәкен қайтыпты.
- Қашан?
- Бүгін.
- Алда, бишара-ай!
- Қайтқандары да
дұрыс болған екен, тірідей қор болып еді.
- Айт күні қайтқаны тілеулері дұрыс болған екен бишаралардың.
- Дүние деген осы, жігіттер.
- Едәуір жыл болды-ау. Өгіз өлгеннің басында «айт» болып ат
шаптырғанымызда жиылған адам қанша болса да, бөгелмей-ақ қымызға
қандырып шығарып еді. Ақырында бүгін сол Бәкең қатынымен аштан өліп
отыр... тұз-дәмін татқан жігіттер, ескеріңдер, еттеріңді жеген соң, жаназасын
жерге тигізіңдер, сауап қой» [97,89]. Болды, айтылған әңгіме осы жерде қалды.
Ақсақал сөзін тыңдаған жан болған жоқ. Талай жыл байдың есігінде жылқысын
бағып, қымызын сапырған жалшы Бәкенге «есіл ер», «бишара», «тілеуі дұрыс
екен» деген сипаттағы ауызша бағалар берілді де, қайыр кеткен жұрт
138
бекімей босағаға отыра кетті. Көзі таянып келе жатқан қонақта. Енді екі құлағы
бітіп қалған сияқты. Ешнәрсені есітер емес. Кенет қасиетті қонағы бұлдырап,
көрінбей бара жатты. Ең қорқыныштысы осы еді. Жанталаса кірпігін қағып-
қағып жібергенде, жасаураған жанарынан екі тамшы домалап түсті» деген
детальдар кейіпкер бойындағы трагедиялық халді аша түседі. Еліне кеткен
ауылдасына бір уыс топырақ әкелуді өтініп сұрап, соны ұйқы көрмей күтіп
жүрген қария әрекетіне оң бағасын беретіндігі – оның әрекетіне көптің де
қосылып, ортақтасатындығымен аңғарылады. Туған жерінен еріксіз кеткен
пенденің жан күйзелісін беруде автор бағалауыштық детальды пайдалана
отырып, оның психологиялық сезімін көрсете білген: «Алты қанат үй адамға
лық толып, сыймағаны ентелеп есік алдында тұр. Шал өзіне енді келіп,
салмақты әңгімеге көшті.
- Қалай, барып қайттың ба, қарағым. Қашан келдің?
- Бардым, ақсақал. Кеше ғана келдім.
- Ия... Қуанышың бар ма бізге деген?
- Бар, ақсақал, міне, Көктөбеңіздің топырағы, - деп қонақ қойнына түйіншек
алып ұсына берді.
Шал жүгіне отырып, қос алақанын созды. Көк тамырлары адырайған
тарамыс қолдар алақанға түскен түйіншекті көтере алмағандай, қалт-қалт етіп
асылып тұр. Тым-тырыс тыныштық орнады. Енді бір сәтте шалдың шеңгелі
жұмылып, топырақ түйілген түйіншекті бетіне, көзіне басып, маңдайына
жастана жүресінен жығыла кетті. Отырғандардың бәрі де баяғы бір жылдары
сол Көктөбеден ауып келгендер еді. Көбінің-ақ көңілі босап, көздеріне жас
тұрды. Ауыр-ауыр күрсіну, қыстығырланған өксік те білінеді» [160].
Достарыңызбен бөлісу: