«Сауат ашу» әдістемесінің ғылыми негіздері,бағдарламамен байланыстылығы жоспары



бет3/5
Дата25.11.2022
өлшемі16,85 Kb.
#52707
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

«Сауат ашу» пәні оқушылардың:


  • Қазақ тілі фонетикасы, лексикасы,грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;

  • Оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;

  • Айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруға;

  • Жұппен,топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануынажәне түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне;

  • Өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан құрмет сезімінің басқада халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімініңқалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.

Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:


  • Оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;

  • қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;

  • Әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

  • Оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

  • Тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту; кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;

  • Қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

  • Сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

  • Сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;

  • Танымдық қызығушылығы мен туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

  • Қатысымдық дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;

  • Алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет