«Сауат ашу» әдістемесінің ғылыми негіздері,бағдарламамен байланыстылығы жоспары

бет1/5
Дата25.11.2022
өлшемі16,85 Kb.
#52707
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері-engime.org

Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері

«Сауат ашу» әдістемесінің ғылыми негіздері,бағдарламамен байланыстылығы

жоспары.

  • Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері,

  • Сауат ашу пәнінің мақсаты мен міндеттері,

  • Сауат ашу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер,

  • Сауат ашу пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері.

1. «Сауат ашу» әдістемесінің ғылыми негіздері

1. «Сауат ашу» әдістемесінің ғылыми негіздері

Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негізі мен олардың жасалуы тіл білімінің басты бір саласы- фонетика болып табылады.

Тілдің дыбысталу жағы- сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. Егер сөздер- дыбыстардың тіркесі ретінде айтылмаса, онда тілдің өзі: қатынас құралы, пікір алмасу, құралы, танымдық құрал, ойлау құралы болмас еді.

Сауат ашу кезінде дыбыстар және буын түрлерімен қатар сөздің құрамындағы дыбыстардың аз- көптігінің де әсері болады. Бірақ қазақ тілінде екі-үш дыбысты ашық буыннан құралған сөздер өте аз. Сондықтан бір-екі сабақтан кейін-ақ бірнеше дыбыстан (өткен әріптердің қайталанып келуі арқылы) құрылған сөздер мен тұйық буын қатар өтеді.

Сауат ашу кезінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену- сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.

Мектепте дұрыс оқыту, дұрыс жаздыру әдістемесінің көптеген мәселелері фонетикаға негізделеді. Тілдің орфоэпиясы мен орфографиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру ең алдымен, тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетика заңдылықтарын жете білуді қажет етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет