Саясаттану глоссарий



бет14/18
Дата18.10.2023
өлшемі32,69 Kb.
#118602
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Саяси әлеуметтену- қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік- саяси қалыптасуы.
Саяси бостандықтар-мемлекет конституциясы кепілдік беріп, заң бойынша қамтамасыз етілетін азаматтардың, демократиялық түрде еркін саяси процестерге қатысу құқықтары.Оларға сайлау және сайлану құқығы, сөз, ақпарат алу бостандығы,еркін , тең, жүйелі өткізілетін сайлау құқығы, саяси ұйымдар құру, азаматтардың өз мақсат-те мқдделеріне қарай іс-әрекет жасау және т.б. жатады.
Саяси жүйе-билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар,ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы
Саяси институттар-құрылысы жағынан ұйымдасқан,бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие,атқарушы аппараты бар саяси мекеме .Мысалы, оған мемлекет ,саяси партиялар ,кәсіподақтар ,кооперативтік жастар, әйелдер және т.с.с.ұйымдармен бірлестіктер жатады
Саяси қазыналар-саяси қызметте бағдар етіп ұстайтын идеялар, көз қарастар,ұғымдар.Мысалы,оларға «еркіндік», «теңдік», «әділдік», «әлеуметтік қорғанушылық», «төзімділік»және т.с.с.құндылықтар жатады.
Саяси мәдениет-өкіметпен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар , қазыналар, адамның өзін -өзі ұстауы жөніндегі жарлық , қаулылар жүйесі.
Саяси партия-мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде негізінде құралған адамдардың ерікті одағы.
Саяси процесс-1)қоғамның саяси жүйесінің ,құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы,өзгеруі;2)түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс.
Саяси психология-саясатқа да ,психологияға да қатысы бар,екеуінің арасынан шыққан ғылым.Батыс елдерінде кең дамыған.
Саяси сана-адамдардың саяси өмірді түсініп,сезінуі.оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды,көзқарастарды,мақсат –мүдделерді ұғынуы,саяси билікке қатынасуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет