Сайып келгенде, халық - жеке адамдар, еңбекшілер бұқарасы, материалдық және рухани игіліктерді, бүкіл адамзат тарихын жасаушы, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер жасаушы күш. Қоғам дамуындағы адамзаттың шешуші рөлін жоққа шығарып келген теріс, ғылыми емес, адамдарды тобыр деп есептейтін реакцияшыл әлеуметтанудың “қате” пікірлерін ғылыми әлеуметтану әр уақытта әшекерлеп отырады.
Халықтың ішінде бір ұлт болмайды. Ол бірнеше ұлттан құралуы мүмкін. Ұлт деп, адамдардың арғы ата-тегі бір, дәстүрі, салты бір, іс-қимылдары ұқсас келетін топты айтамыз. Ұлт деп, діні бір, тілі бір адамдардың жиынтығын айтуға болады.