Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата01.01.2017
өлшемі2,56 Mb.
#942
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

секция 
 
ЖАҺАНДЫҚ ҾРКЕНИЕТ ЖҼНЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ  
ТАРИХИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, ЭТИКАЛЫҚ,   
ҼЛЕУМЕТТІК-САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
ГЛОБАЛЬНАЯ ЦИВИЛИЗАЦИЯ И ИСТОРИЧЕСКИЕ, 
ФИЛОСОФСКИЕ, ЭТИЧЕСКИЕ, СОЦИАЛЬНО-ПОЛИТИЧЕСКИЕ 
АСПЕКТЫ ПРОИЗВЕДЕНИИ АБАЯ 
 
ҼОЖ 669.162.214 
АМИРГАЗИНА Қ.Н. 
Ҿскемен  қаласындағы  химия-биология  бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік 
мектебі, ШҚО, Ҿскемен қ., Қазақстан 
 
АБАЙ ЖЫРЛАҒАН ИМАНДЫЛЫҚ 
 
Адамгершілігі  мол,  ел  тағдырына  немқҧрайды  қарамайтын  халық  қана 
жаһандандық ҿркениет заманында ҿзінің табиғи ҧлтжандылық қасиетін сақтап 
қалады.  Бҥгінгі  таңда  ҽлемдік  деңгейге  кҿтеріліп,  дамыған  елдер  қатарына 
қосылуда  рухани  байлығымызды  жіберіп  алмауға  кҿңіл  бҿлу  маңызды.  Осы 
тҧста  есімі  бҥкіл  ҽлемге  ҽйгілі  қазақ  халқының  Ҧлы  ақыны  Абайдың 
философиялық  шығармаларындағы  ойлары  ҿз  ҿзектілігін  еш  жоғалтқан  емес. 
Ҿз  халқын  терең  тҥсініп,  дҧрыс  адами  қасиеттерді  жинау  барысындағы  бағыт 
беруде  имандылыққа  кҿп  жҥгінген.  Ҿз  заманында  билік  адами  қасиеттерге 
кҿнбейтін кезде, ақын қатты налып: 
«Ҿз  бетіңмен  тҥзелер  дей  алмаймын,  -  ҿз  қолыңнан  кеткен  соң  енді  ҿз 
ырқың,»-дейді.  Алайда  ақын  билікті  ҿзгерте  алмаса  да,  адам  жанын  емдейтін 
жол іздейді. Жастардың жарқын болашағын қамтамасыз ететін бірден бір жол 
имандылық деп таниды.  
«Алланың ҿзі де рас, сҿзі де рас,  
 Рас сҿз еш уақытта жалған болмас».  
Қазақ  халқының  ҧлы  ақыны  Абай  осылай  Аллаға  иман  келтіру  арқылы 
ҿзінің мҧсылмандығын дҽлелдей отыра, Исламның шарттарына, «имандылық» 
сҿзіне терең тҥсінік бере білген.  
«Иманның асылы ҥш деп сен тахқық біл...  
Ол Алланы сҥю, ҽділетті сҥю, бҥкіл адам баласын сҥю»-дейді.  
Дананың  осы  сҿздері  бҥгінгі  кҥні  жемқорлыпен  аянбай  кҥрес  жҥргізуде 
табылмайтын  рухани  қару  екендігі  хақ.  Араб  тілінде  тек  қара  танып,  адам 
санасын  қалыптастырудағы  Исламның  ҧлы  ғылым  екендігіне  кҿзін  жеткізе 
алмайтын  жай  молдалар  туралы,  Аллаға  ҿтірік  сеніп,  имандылықтан  мҥлдем 
аулақ болғандар туралы «Абыралыға» атты ҿлеңінде былай деген: 
«Қҧранды молда теріс оқыр,  
 Дағарадай болып сҽлдесі».  

256 
 
Пайғамбарымыз  Мҧхаммед  (с.ғ.с)  «Мен  де  ҿздерің  секілді  Алланың 
қҧлымын,  уа  сіздерге  Алланың  сҿзін  жеткізуші  елшісімін»,  деген  екен.  Олай 
болса, Алланы шын қастерлеп, бірлігіне сеніп, сҥйіп аялауы керек. Ол туралы 
Абай: «Алла деген сҿз жеңіл,  
 Аллаға ауыз қол емес.  
Ынталы жҥрек шын кҿңіл, 
Ҿзгесі хаққа жол емес». 
Алла  адамзатты  ізгі  махаббатпен  жаратқан,  солай  болғандықтан  бҧл  ҿмір 
бірі-біріне  сҥюмен  тҽуелді  дейді.  Махаббат  адамның  тартылыс  заңы.  Ең 
алдымен  адам  сҥйіп  жаратқан  Аллаға  махаббатын  арнауы  керек  дей  отыра, 
Абай: «Алланы сҥй, Алланың қҧдіретін сҥй, 
Адамзаттың  бҽрін  сҥй  бауырым  деп»,  жазады.  Сондықтан  адамдар  бір–
біріне  дос,  бауыр,  жанашыр  жан  болуы  керек  деген  тҥсінік  береді.  Алғаш 
ҿмірге келгенде жаны қалай таза, пҽк болса, адамзаттың осы дҥниедегі парызы 
–  ҿмірден  ҿткенде  де  солай  жаны  ақ  болып,  ҿзін  солай  ақ  жолмен  тҽрбиелеп, 
арамдықтан  аулақ,  зҧлымдыққа  жол  бермей  абзал  болып  ҿтуі  керек  деген 
философиялық  ойды  айтады.  Мҥлдем  софылық  ағымға  беріліп,  дҥниенің 
қызығы  –  ғылым,  ілімнен  бас  тарту  кҥпірлік  болар  деген  екен.  Ҧлы  ақын  да 
Пайғамбарымыздың «Ең жақсы адам- адамдарға жақсылық істеген адам» деген 
сҿзін айтқан. [1]  
Ақынның заманында феодализм халықты ҥркіту, қорқыту арқылы ғасырлап 
қара  тҥнекте  ҧстап  келгені  бізге  тарихтан  белгілі.  Алайда  адамзат  ой-ҿрісінің 
дамуының  арқасында  тҥнектен  жарық  жол  тапқандар  аз  болмаған.  Бҧл  кезең 
тарихта  «қайта  ҿрлеу»  заманы  болды.Аталған  заманның  ҿз  қаһармандары 
болды.  Сол  кезде  Абаймен  қатар  ҽлемдік  ҽдебиет  ҿкілі  неміс  ақыны  Гетенің 
есімі  аталады.  Гете  де  Ҧлы  Абай  сияқты  жас  ҧрпақты  тҽрбиелеу  жолында 
Имандылыққа,  шындыққа,  адалдыққа  апарар  жол  Хақ  дін  Исламның  қолында 
деген. [2]  
Қазақ  халқының  кҿзін  ашып,  оқытып,  жастарға  тҽрбие  беріп,  ҿз  еліне, 
жеріне  деген  шексіз  махаббатын  жыр  жолдарына  сыйғыза  білген,  жақсылық 
пен  жамандықтың  атын  атап,  жҧртына  таныта  білген  Имандықтың  нағыз 
таразысы  –  Абай.  Ал  Шығыс  елінде  Ислам  ілімі  мен  ғылымды  бірдей  алып 
жҥре білген адамды «Хакім» деп таныған екен. Сонда біздің елдің ҧлы азаматы 
Абай –Хакім болған. [1]  
Абай шығармашылығы мен ҽдебиетті халықты тҽрбиелеудегі қҧрал ретінде 
қолданғанда,  ҽрқашан  ҿзектілігін  еш  жоғалтпайтын  ҿсиет  поэзиясы  мен 
қарасҿзді таңдады. «Ҿсиет ҿлең халық дертінің тарих қайшылықтарының бҽрін 
емдеп,  тазартатын  ҿзгеше  қҧралы  деп  білді».  Ҿз  заманында  аталған  қаруды 
данышпан  ақын  надандықпен  кҥресте  пайдаланды.  Ал  қарасҿздерінде  ақын 
азаматтық  сындарын  халыққа  жеңілдетіп  айтады.  «Жетінші»  жҽне  «Қырық 
ҥшінші  сҿздері»  -  «Сыналар,  ей  жігіттер  келді  кезең»  деген  сҿздері  қазіргі 
жаһандану  саяси-ҽлеуметтік  кезеңдерде  қазақ  елінің  саналы  азаматтарына  еш 
жамандыққа  бармай,  халқыңның  болашағын  ойлауға,  ҽлемдік  дағдарыстан 
жҧртын  аман  алып  шығуға  бар  кҥшін  бір  жҧдырыққа  жҧмылдыруға 

257 
 
меңзегендей болады. [4] Мҧнда Абай «жан сыры» деген тҥсінікті адамның ішкі 
рухани  кҥші  деп  соған  кҿп  кҿңіл  бҿледі.  Абай  танымында  адам  ҿз  кҥшімен 
тҧрмыс  қажеттілігін  ҿтейтін  ғана  дҽулет  жинаса,  ал  жан  қуатымен  рухани 
байлық жиынтығын халық игілігіне жаратып, жан-жағына таратса деген терең 
ойға ҥңілдіреді. Абайдың айтуынша бҧл ойды тҥсіну ҥшін, адамға бірінші ақыл 
қажет. Ақылдыны есті дей отыра, ҿмір мақсатын анықтай білетін, ҿзгені тҥсіну 
ҥшін  жанын  салатын  адамды  айтады.  Есті  адам  жоғарыда  айтылғандай 
қҧмарлыққа  берілмей,  ҿз  ақылына  жҥгініп,  жоғары  мақсаттарды  кҿздеуге  бар 
кҥшін  салады.  Жоғары  мақсат  дегеніміз,  елдің  мҥддесін  ҿзінікінен  жоғары 
қойып, халықтың қамын ойлау болады. Егер жҥрек пен қайратты дҧрыс жолға 
салса,  Абайдың  ойынша  саналы  да  мҽнді  ғҧмыр  кешесің.  Ақынның  осы 
философиялық  ойын  дамылсыз  жҥзеге  асыру  барысында  білім  мен  еңбек 
ауадай қажет.  
Ҽлемдік  жаһандануда  Елбасының  қолдауымен  жастарымыз  арнайы 
«Болашақ» бағдарламасымен кҿптеген шетелдерде оқып, біліммен сусындауда. 
Алған білімдерін келешек елдің иелері ішкі рухани байлығымен бірдей кҿтеріп, 
мемлекетімізді  кҿркейтуге  жаратар  деген  ҥміті  данышпанның  ҿсиет  ҿлеңдері 
мен қарасҿздерінде жарық кҿргені анық.  
Абайдың:  
Жамандық кҿрсең нҽфрҽтлі  
Суытып кҿңіл тисаңыз. 
Жақсылық кҿрсең ғибратлы, 
Оны ойға жисаңыз. 
Ғалым болмай немене, 
Балалықты қисаңыз? 
-
 
осы  негізгі  пікірі  жастардың  білім  алғанда  жақсы  адам  болуы  немесе 
болмауы тек адамның ҿзіне байланысты деген терең ойды білдіреді. Абай «Он 
тоғызыншы  сҿзінде»  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болмайды:есітіп,  кҿріп, 
ҧстап,  татып  ескерсе,  дҥниедегі  жақсы,  жаманды  танидыдағы,  сондайдан 
білгені,  кҿргені  кҿп  болған  адам  білімді  болады.Естілердің  айтқан  сҿздерін 
ескеріп  жҥрген  кісі  ҿзі  де  есті  болады...  Сол  естілерден  есітіп  білген  жақсы 
нҽрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам 
десе болады», деген ойы қазіргі жастардың нашақорлық, ішімдік, темекі шегу, 
қатігездікке бой алдыру, ланкестік жолына тҥсу сияқты жағымсыз ҽрекеттеріне 
тосқауыл болатын керемет қҧрал болып табылады. Бҧл кері ҽрекет еліміздің кҿк 
байрағын кҿкке желбіретер болашағымыз, жастардың ғана мҽселесі емес бҥкіл 
халықтың, ҧлтымыздың жанына батары анық.  
Аталған  мҽселені  шешу  барысында  басқа  елде  жоқ,  Ҧлы  Абайдың  тамаша 
туындыларын  қолдансақ,  Абай  жырлаған  имандылықты  ҧстансақ  болашақтың 
кепілі осы болмақ. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Қалмҧқан Исабаев. Абай сҥйген – Гете.(мҽтін) Алматы ақшамы. 1993 , 6-
қыркҥйек 

258 
 
2.
 
Қажыҧлы М. Гете жҽне хақ дін Ислам (мҽтін) Заң. 1995 №16 12-13б 
3.
 
Мҽкішев Ж. ислам жҽне Гете. Жас қазақ 2007 29 маусым. 8б 
4.
 
Қҧлмат Ҿмірҽлиев. Абай афоризмі. Алматы. «Қазақстан» 1993, 102-109б 
 
ҼОЖ 1(574) 
ЖҤСІПБЕК Р.Р., ЖАНАР Қ. 
Жҽңгір хан атындағы БҚАТУ, БҚО, Орал қ., Қазақстан 
 
БАТЫС ЕМЕС, ШЫҒЫС ЕМЕС, АБАЙДЫҢ ҾЗ ЖОЛЫ БАР... 
 
Адам  ақылы  жетіп  болмайтын  екі  нҽрсе  бар.Біріншісі  ҽлем,  екіншісі  сол 
адамның ҿзі.  Кҿп  адамдар  ескілікті  тҥзу  жол  санайды,  ҽрі оған  риясыз  сенеді. 
Кҿненің  кҿзі  болғандықтан  аспанының  Темірқазығындай  кҿріп,  жоғалтудан 
бойын қорқыныш билейді. Бірақ ескі жол қашанда дҧрыс бола бермейді. Уақыт 
біздерді,  біздің  ҽлемді  ҿзгерткісі  келеді.  Сол  сҽтте  ҽбден  ескіріп,  қараңғылық 
қҧшағында  қалған  адамдардың  ортасына  сҽуле  тҥседі.  Ол  -  Мыңжылдықтар 
адамы. 
Қазақ  ҽдебиетінің  ―Алтын  ғасырының‖  бастауында  тҧрған  Абай 
Қҧнанбайҧлы  қазақ  ортасына  жарық  сҽуледей  тҥсіп,  ҿз  жолын  тастап  кетті. 
Бҥгінгі  ҧрпақтары  сол  жолдың  ізін  тек  сарғайған  қағаз  беттерінен  ғана  оқып 
білетіні ҿкінішті. 
Біз  ҥшін  Ҧлы  ақынның  ҿзі  бір  тҿбе,шығармасы  бір  тҿбе.  Қазақтың 
маңдайына  біткен  біртуар  азамат  Міржақып  Дулатов:  ―Біз  бҥгін  ардақты 
ақынымыз  марқҧм  Абайдың  рухына  дҧға  қылып,  қараңғы  заманда  шырақ 
жаққан басшымыздың есімі, қҧрметі, терең мағыналы асыл сҿзі атадан балаға, 
немереден  шҿбереге  ҥзілмей  сақталуын  тілейміз.  Зҽредей  шҥбҽ  етпейміз, 
Абайдың ҿлген кҥнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Ҥнемі 
бҧл кҥйде тҧрмас, халық ағарар, ҿнер-білімге қанар, сол кҥндері Абай қҧрметі 
кҥннен  кҥнге  артылыр.  Бірінші  ақынымыз  деп  қадірін  халқы  жиі-жиі  зиарат 
етер,  халықпенен  Абай  арасы  кҥшті  махабатпен  жалғасар.  Ол  кҥндерді  біз 
кҿрмеспіз,  бірақ  біздің  рухымыз  сезер,  қуанар‖  –  деп  тебірене  қалам  тербеген 
болатын. 
Бабамыздың  асыл  мҧрасы  саналатын  ―Қара  сҿздер‖  бҧл  кҥндері  алтын 
ҽріптерге  айналарын  сол  кездері  сезінді  ма  екен?  Біздің  осы  кҥнгі  сҿйлеп, 
жазып  жҥрген  ҽдебиет  тіліміздің  тарихы  жалғыз  ғана  Абайдан  басталады  деп 
кесіп  айтпасақ  та,  сондай  сапалы  тілді  қазақтың  жазба  ҽдебиетінде  анық  биік 
белге ҿрлетіп шығарған Абай екені даусыз. 
Белгілі ҽдебиет тарихын зерттеуші, абайтанушы Бейсембай Кенжебаев Абай 
қара  сҿздерінің  теориялық  тҧрғыдан  негізделуінде  1955  жылы  бірнеше  мҽнді 
мҽселеге  назар  аударды.  Ғалымның  қара  сҿз  жанрлары  туралы  айтқан 
пайымдамаларында  қисынды  ой,  дҧрыс  бағдар,  табылған  тоқтам  аз  емес. 
Алайда,  осындағы  кҿп  жай  абайтанудың  былайғы  дамуында,  қарасҿздердің 
ендігі  зерттелуінде  кҿп  ескеріле  бермеген.  Б.Кенжебаев  Абайдың  қара 
сҿздерінің  ―Ғақлия‖  деп  аталып  жҥргеніне,  тегінде  Абайдың  қара  сҿздерін 

259 
 
ғақлия  деп  қана  атау  дҧрыс  емес  деп  уҽж  айтады.  ―Ҿйткені  ғақлия-ғибрат, 
мысал  жҿнімен  дін,  мінез-қҧлық  жайында  айтылған  ҿсиет,  насихаттау  сҿздер. 
Абайдың қара сҿздерінің бҽрі бірдей мҧндай ғибрат, мысал болып, бҽрі бірдей 
дін,  мінез-қҧлық  туралы  болып келе бермейді.  Тек  бірнеше  сҿзі (1, 15, 25,  28, 
32,  34,  сҿздері)  ғана  дін,  мінез-қҧлық  туралы  ғибрат,  мысал  –  ғақлия  болып 
келеді. Естуіміз, Абайдың ҿзі о баста тек осы сҿздерін ғана ―Ғақлия‖ деп атаса 
керек‖[1, 288 б.]. 
Ғалым Абайдың қара сҿздерінің ара-тҧра нақыл, мҽтел сҿздер  – изречение, 
афоризм деп айтылатынына да қосылмайды. Абайдың 37 қара сҿзі ғана билер 
сҿзі  тҽрізді  шыққан  нақыл  мҽтел,  афоризм  дейді.  Белгілі  қисыны,  ҧйқасы, 
ырғағы  бар  тақпақпен  айтылатын  тҥйдек  ой.  ―Бақпен  асқан  патшадан,  мимен 
асқан қара артық. Сақалын сатқан кҽріден еңбегін сатқан бала артық‖. 
Сонымен  Б.  Кенжебаевтың  Абай  қара  сҿздерінің  жанры  жайлы  тҥйіні: 
―Біздіңше  Абайдың  қара  сҿздерінің  басым  кҿпшілігі  сын,  сықақ  жҿнімен 
сюжетсіз  жазылған  кҿркем  ҽңгіме,  басқаша  айтқанда,  кҿркем  проза,  кҿркем 
публицистика  Эссе  –  жазба‖.  Ҽрине,  Б.  Кенжебаевтың  қара  сҿздер  жайлы 
тҧжырымына  толық  қосылуға  болмас.  Дегенмен  де  ойға  тартар  жҿні  бар.Б. 
Кенжебаев  мынадай  ойға  тартар  тың,  тосын  шешіммен  тоқтайды:―Абайдың 
қара сҿздері кҿркем проза. Абай қазақтың кҿркем прозасының негізін салушы. 
Бірақ  Абай  бҧл  жҿнінде  жалғыз,  тҧңғыш  емес,  оның  серігі,  қҧрдасы  бар.  Ол 
Абайдың  замандасы  Ыбырай  Алтынсарин.  Ыбырайдың  кҿптеген  тамаша  ҧсақ 
ҽңгімелері, новеллалары қазақтың кҿркем прозасының басы, негізі. Ыбырайдың 
бҧл ҽңгімелері Абайдың тҧсында, Абай қара сҿздерін жаза бастаған кезде, қайта 
онан  сҽл  ілгері  жазылды‖  - деп  тҥйіндейді.Сондықтан  Абай  қара  сҿздері  сырт 
формасы жағынан ―Кабуснамаға‖ ҿте ҧқсас болса да, мазмҧны мҥлде бҿлек. Бҧл 
тҧста  біз  Абайдың  аталмыш  шығарманы  оқығаны  жҽне  тҥрі,  стилі  жағынан 
болса да ҥлгі тҧтқанын ескеруіміз керек. [2, 542 б.]. 
Қара сҿздің жанры туралы абайтанушы ғалым Ғарифолла Есім ―Сҿз жанры‖ 
дейді: ―Абай ойына келген нҽрселерін еркін айту ҥшін ҿзі арнайы жанр ойлап 
тапқан. Ол сҿз жанры. Ақынның қара сҿздері нағыз еркін ойдың жанры. Мҧнда 
ешқандай бір дҽстҥрге, тҽсілге бағынушылық жоқ. Ой еркін айтылған, мазмҧн 
ҿзін  лайықты  форма  тапқан‖Ҽ.  Қоңыратбаев  ―Фараби  жҽне  Абай‖  деген 
мақаласында осы отыз сегізінші қара сҿзі жайында: ―Бҧған ҽзірше ешкімнің тісі 
батпай жҥр. Мҧны тҥсіну ҥшін араб тілін білу жеткіліксіз, сонымен бірге ислам 
философиясын да білу қажет. Мҧнда Абай Фейербахша дінді реформалап, соны 
жаңашылыққа бейімдегісі келеді. Қайшылығы бар. Ол Фейербахтың ―Махаббат 
діні‖  деген  еңбегіне  ҧқсайды.  Алайда  Абайдың  отыз  сегізінші,  қырық  ҥшінші 
сҿздерінің  бас  тақырыбы  алла  емес,  адам  бойындағы  табылмаған  қасиеттер. 
Дінді Абай антропология теориясымен тҥсіндіреді. Ҿйткені адам қҧдайды ҿзіне 
ҧқсатып  жасаған,  сондықтан  негізгі  жаратушы  адам,  ол  ҿзін  аллаға  ҧқсатуға 
тиіс‖- дейді. 
Абай  Алланы  сҥюін,  Алланы  тану  жолындағы  адам  баласының  тҥйсік 
аласапыранын  ҿлеңде  де,  қара  сҿзде  де  ҥздіксіз  қозғады.  Оның  дҥниетаным 
шеңбері жайлы кесім айту – алынбайтын алыс асу. Дегенмен де Абайдың ҿлең 

260 
 
сҿзі  мен  қара  сҿзін  толтырған,  дҥние,  жаратылыс  жайлы  толғаныстарын 
тоғайтып  отырған,  толықтырып  отырған  қайнар  кҿздерді  кҿре  білу,  олардан 
Абайдың  сіңіргені  мен  адамзат  даналығына  ҿз  қосқанын  ажырата  тануға 
ҧмтылыс  заңды.Бҧл  жҿнінде  абайтанудағы  қилы  кезеңдегі  тҧжырым-
тҥйіндердің  қайшылығын  ғылымның  ендігі  жетістігімен  ой  желісін 
қҧнарландыра отырып, тігісін жатқыза жҽне бір қарастыру да кҿкейтесті. 
Ғарифолла  Есімнің  тҽсілі  де  ойға  тартады:  ―Мен  Абайды  тануда  ҿзгеше 
тҽсіл қолдандым. Оның аты еуропаша герменевтика, арабша – бари ирманийас. 
Бҧл  тҥсінік  туралы  ғылым  немесе  тҥсінікті  тҥсінудің  тҽсілі.  Тҥсінікті  тҥсіну 
деген сҿз, біреудің ойлау тҽсілін меңгеру‖ 
Ахмет Байтҧрсынов ―Ҽдебиет танытқыштың‖ ―Қара сҿз‖ бҿлімінде жасаған 
теориялық негіздемелердің, сҿз жоқ, Абайдың қара сҿздеріне ҽбден қатысы бар. 
Мҧнда  ғалымның  ҿзінің  тҧжырымдарына  Абайдың  қара  сҿздерін  негіз  етіп 
отырғанын  байқауға  болады.  А.Байтҧрсыновтың  бҧл  пікірлеріне  ден  қойып 
қарасақ,  Абай  қарасҿздерінің  теориялық  негіздемесін  бекіте  тҥсер  тҥйін-
тҧжырым жатқаны даусыз. [3, 247б]. 
Нҽрсе  турасында  тиісінше  сҿйлеу  ҥшін  тиісінше  ойлау  керек.  Тиісінше 
ойлағанда ойымыз, ҧғым тҥрлеріне қарай бірнеше тармаққа бҿлінеді. 
1.Ғалам тарапына. 
2.Қҧдай тарапына. 
3. Ғылым тарапына, 
4. Ҽлеумет тарапына, 
5. Ҥгіт-тҽрбие тарапына, 
6. Сын тарапына  
Ахмет  Байтҧрсынов  осыларды  таратып,  ҧғындыруда  кҿбіне  Абай  қара 
сҿздерін негізге алып отырғаны кҿрінеді. 
Адам  танымының  шектеулілігіне  қатысты,  ғылымға,  ҽлеумет  жайын 
қозғаған кҿсемдік ҧғымдарға, басқаға тапқан білімді ҥйретуге жҧмсағанда ҥгіт – 
қара  сҿздеріндегі  ҧғымы,  басқаның  ісін  таразылап,  ҧнамды,  ҧнамсызын 
тексергенде сын ҧғымы жҥйесі пайда болады дейді. 
Қара  сҿздердің,  ең  ҽуелі,  баса  қозғаған  мҽселесі  А.  Жақсылықовтың 
Мҧхаммед  пайғамбардың  хадистеріне  ҧқсайды  деп  атап  кҿрсеткеніндей, 
Алланы тану – теологиялық таным. 
Қара  сҿздерде  ҿмір  философиясы,  қазақ  ҽдебиетінде  ежелден  келе  жатқан 
сарын – не жақсы, не жаманның жайы тҥйінделген. Халық ҧстанған ҿмір сҥру 
қағидасы,  Абайдың  ҿмір  қағидасы  қҧрғақ  ақыл  –  жалаң  дидактика  емес. 
Адамның  дҥние  жаратылыстың  еріктен  тыс  заңдылықтарымен  ҥйлесім  тауып 
ғҧмыр кешудің қисындары. [4, 132 б ]. 
Келтірілген  мҽлеметтерге  қарап  бабамыздың  философиялық  терең 
пайымдары бізге соншалықты қарапайым тілмен берілгені туындының бағасын 
кҿкке  кҿтеріп  ҽкетті.  Абайдың  бҧл  туындысы  Батыс  классикасы  мен  Шығыс 
классикасының  бір  қазанда  қайнатқаннан  пайда  болған  керемет  дҥние  деп 
атасақ  артық  болмас  еді.  Себебі  Еуропадағы  қара  сҿз  шеберлері  мен 
Шығыстағы  тілінен  бал  тамған  ҧлы  шайырлардың  қазынасын  еркін  игерген 

261 
 
бабамыз  ҿз  алдына  жаңа  жанр,  жаңа  жол  салып  ҿтті.  Міне,  бҧл  еңбек 
сонысымен  қҧнды.Орта  ғасырда  ҿмір  сҥрген  Ҧлы  Мағолдар  империясының 
негізін  қалаушы,атақты  Ҽмір  Темірдің  ҧрпағы,қҧдіретті  патша  Бабыр  ҿзінің 
―Бабырнамасын‖  жазарда  кҿркем  ҽдебиеттегі  асыра  сілтеп,  айшықтаудан 
алыстап ҿмірдің шындығын жазып тарихта қалса, Абай атамыз қара халықтың 
қараңғылықтағы ҿмірін ―Қара сҿзімен‖ ҿрнектеді.  
Қорыта  айтқанда  қазақ  топырағынан  тҥлеп  ҧшқан,  адамзат  мақтанышы 
Қҧнанбайдың  ҧлы  Абай  ҿз  алдына  ҿмір  шындығын  ҿрнектеген,  жаңаша 
бағыттың  негізін  қалаған  тҧлға.  Оның  ―Қара  сҿз‖  жазып,  қайғы  жегені 
қатардағы  қарапайым  халықтың  қамы  болатын.Абай  қазақтың  қазақ  екенін 
сезіндіре  білді.Оның  қарапайым  қаламынан  алтынға  бергісіз  сҿздер  тҿгіліп 
жатты.Мҽңгі ортаймайтын қазына, һҽм Мыңжылдықтар адамы... 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Кенжебаев Б. Ҽдебиет белестері. – Алматы, 1986. -288 б. 
2. Сҥйіншҽлиев Х. Қазақ ҽдебиетінің тарихы. – Алматы, 1997. - 542 б. 
3. Есім Ғ. Хакім Абай. – Алматы, 1995. -247б. 
4. Қоңыратбаев Ҽ. Қазақ эпосы жҽне тҥркология. Алматы, 1987. -132б. 
 
УДК 669.162.214 
ДЖИЛКИБАЕВА А.А. 
ВКГУ имени С. Аманжолова, ВКО, г. Усть-Каменогорск, Казахстан 
 
РЕФЛЕКСИИ ОДИНОЧЕСТВА В ПОЭЗИИ АБАЯ 
 
О  новизне  лирических  переживаний  говорят  многие  стихотворения  Абая, 
посвященные  теме  одиночества.  «Множественность  состояний,  в  которых 
пребывает  человеческое  сознание,  может  бесконечно  расширяться:  состояние 
благополучного  покоя;  одиночество;  пребывание  в  толпе;  в  момент 
нравственных  и  физических  потрясений,  вызванных  смертью  близких; 
созерцание  преступлений  и  зверств,  совершаемых  людьми  или  другими 
существами;  в  моменты  творчества  или  счастья;  во  время  сна»  [1,  c.  234]. 
Одним  из  прогрессирующих  состояний  лирического  героя  Абая  становится 
одиночество. Поэт не только фиксирует это состояние, но тонко прослеживает 
движение мысли и чувства одинокого человека. 
Исследуя  литературно-художественные,  религиозные  и  философские 
рефлексии одиночества, Г. Тихонов выделяет две основные тенденции. Первая 
тенденция  состоит  в  понимании  одиночества  как  такого  негативного  или 
пассивного состояния, которое разрушает человеческую личность. При этом ее 
сторонники  широко  используют  эпитеты:  вынужденное,  тяжкое,  безысходное, 
пугающее.  Вторая  тенденция  сопряжена  с  квалификацией  одиночества  как 
творческого,  активного,  желанного,  необходимого  начала,  из  которого 
рождается полноценная личность. Эти тенденции рассматриваются как стороны 
единого процесса становления личности, что заставляет признать, что природа 

262 
 
одиночества изначально противоречива, многолика и вряд ли исчерпаема. 
Опираясь  на  ранее  разработанные  теории,  Г.  Тихонов  все  многообразие 
проявления  форм  одиночества  структурирует,  выделяя  два  типа  одиночества: 
эмоциональной  или  социальной  изоляции.  «Под  первым  типом  понимается 
отсутствие  тесной  эмоциональной  привязанности,  неспособность  найти 
душевный  отклик  и  понимание  у  других  людей.  Люди,  переживающие 
подобное  одиночество,  склонны  испытывать  чувство  глубокого  уединения 
независимо  от  того,  доступно  или  недоступно  им  общество  других.  Однако 
такого  рода  одиночество  не  только  негативно,  но  способно  также  быть 
импульсом  к  самопостроению  индивида,  является  толчком  к  творчеству.  Под 
вторым типом понимается отсутствие привлекательных социальных связей: он 
проявляется  в  формах  изгнания,  остракизма,  неприятия  и даже  вынужденного 
увольнения.  Доминирующими  симптомами  такого  типа  одиночества  наряду  с 
чувством  маргинальности  является  скука,  бесцельность  жизни,  ощущение 
намеренного отторжения. Но и в этом случае индивиды способны не только на 
отчаяние,  но и на  творческую  компенсацию,  генерацию особой  микросреды и 
специфических  жизненных  смыслов»  [2,  с.  91].  Здесь  же  признается,  что  это 
разграничение  условно  и  не  отражает  всей  сложности  структуры  феномена 
одиночества.  Соотношение  внутренних  и  внешних  факторов  одиночества 
всегда своеобразно, конкретно, отсюда и многообразие форм одиночества.  
Человек  в  художественном  мире  Абая  переживает  разные  формы 
одиночества.  Это  и  «онтологическое»  одиночество,  то  есть  одиночество, 
проистекающее из того, что на свете есть лишь одно мое «я», а все остальное – 
не  мое,  чужое,  и  это  «я»  -  смертно.  В  «Восьмистишьях»  это  состояние 
определяется так: «Не ол емес, бҧл емес, Менің де кҥнім – кҥн емес» [3, 89] – ( 
Я не тот, и не этот я, и жизнь моя не завидна).  
«Сенбе жҧртқа... Ҿзіңе сен.... 
Жҥрегіңе сҥңгі де, тҥбін кҿзде, 
Сонан тапқан – шын асыл, 
тастай кҿрме» [3, 214] 
(«Не верь никому….Верь только себе… 
 В глубь сердца своего погрузись,  
его глубины познай, найденное там 
 и есть истинное сокровище, храни их»). 
Как  видим,  лирический  герой  Абая  глубоко  интровертирован,  обречен  на 
одиночество, оно для него необходимо как условие сохранения своего «я», как 
импульс к творчеству. В стихотворении «Ҿлсем орным – қара жер сыз болмай 
ма» («Когда умру, не стану ль я землей?») можно найти субъективные причины 
одиночества  лирического  героя  Абая,  который  называет  себя  «человек-
загадка».  Замкнутость  внутреннего  мира  всегда  обрекает  человека  на 
одиночество.  «Человек-загадка»  Абая,  несмотря  на  то,  что  вовлечен  в 
«переживание  общности»,  все-таки  сохраняет  внутреннее  одиночество  своего 
«я», как основу бытия индивида: 
 
«Жҥрегімнің тҥбіне терең бойла, 

263 
 
 
Мен бір жҧмбақ адаммын, оны да ойла» [3, 226] 
 
(«Измерь глубину моей души (сердца),  
 
И поймешь, что я человек-загадка») 
Это  одиночество  может  быть  объяснено  самодостаточностью  и 
обделенностью  полноценным  бытием,  а  критицизм  поэта  можно  понять  как 
активное  отталкивание  нежелаемого  внешнего  мира.  Человек  из  близкого 
окружения  поэта,  Шакарим  в  1914  году  писал:  «Ибрагим  мырза  жил  в 
казахской степи, поэтому и не получил должного признания в мире. А был он 
гениальным  поэтом,  просветителем,  философом.  Он  родился  в  ничтожной 
среде и прожил унизительную жизнь» [4].  
С  точки  зрения  философской  антропологии  «феномен  одиночества 
обусловлен  как  индивидуальным  ощущением  самодостаточности  (личность-
микрокосм),  так  и  характером  социальных  связей,  враждебных  индивиду  или 
притягательных  (личность  –  социальная  роль).  Сами  по  себе  недостаток, 
изобилие или и особенности социальных связей автоматически не порождают у 
индивида  состояние  одиночества.  Оно  может  возникнуть  в  зависимости  от 
реакции личностного микромира индивида на эти связи, привлекающие его или 
отталкивающие, соответствующие или не соответствующие его потребностям и 
исполняемой  им  социальной  роли.  Так  что  в  зависимости  от  конкретного 
контакта индивида и социума виновником одиночества в той или иной степени 
оказывается  и  индивид,  и  социальная  среда,  и  микрокосм  «я»,  и  исполняемая 
социальная роль» [2, с. 92]. 
Лирический  герой  Абая  берет  на  себя  роль  воспитателя  нравов,  его 
раздражало  сонное  состояние  окружающих,  их  равнодушие  к  собственной 
судьбе. Он гневно осуждает порядок жизни, при котором процветают всяческие 
человеческие  пороки,  для  него  важно  было  пробудить  в  родном  народе 
нетерпимость  к  своим  недостаткам,  чтобы  каждый  осознал  себя  Человеком  с 
большой  буквы.  Он  был  убежден,  что  осмысленность  своего  существования 
человек  достигает  тогда,  когда  постоянно  овладевает  знаниями,  стремится 
постигнуть истину. Но поэт не находит поддержки, он «один сражается против 
тысячи»,  отсюда  горечь  и  отчаяние,  рожденные  невыполнимостью  своей 
миссии:  
  «Я гордо презирал невежество и тьму, 
  Всегда считал глупцов достойными презренья. 
  Мне переделать мир хотелось одному, 
  Но переоценил я разум свой и рвенье». [4, 35] 
    
 
 
 
 
(Перевод Л. Озерова)  
В  неравной  борьбе,  не  находя  поддержки  у  других,  его  герой  сдается, 
признается в своем бессилии изменить мир в лучшую сторону, и это повергает 
его  в  глубокое  одиночество,  воплощенное  в  поэтические  образы  «одинокого 
путника»,  «человека  на  утесе»,  «могилы  шамана»,  «израненного  сердца», 
«бредущего во тьме сироты» и др. 
Эту  особенность  поэтического  мировосприятия  почувствовал  мудрый 
Джамбул, который в своем стихотворении «К портрету Абая» писал: 

264 
 
   
«Течением мысли, как море глубок… 
   
А сердце мне шепчет: «Он был одинок…» 
   
Без радости, но с душой непреклонной
   
С досадою гений из мира ушел». [4, 10] 
Человеку  в  художественном  мире  Абая  для  победы  над  одиночеством 
недостаточно  быть  просто  внутренне  свободным,  ему  необходимо 
«самоинициирование  жизни»,  «поступка  «из  себя»,  что  предполагает 
возможность сознательного служения во имя общего блага. Но специфические 
социальные  условия,  непонимание  современников,  делают  его  усилия 
бесплодными, его труд напрасным: 
   
«По какой-то неведомой воле 
   
Всем надеждам земным вопреки, 
   
Я отменными зернами поле 
   
Засевал. А росли – сорняки» [4,187] 
   
 
 
 
(Перевод М. Дудина)  
Досада, 
смятение, 
безысходность 
часто 
становятся 
основным 
эмоциональным  фоном  стихотворений  Абая.  Как  видим,  чаще  всего  его 
лирический  герой  безмерно  одинок  не  из-за  «абсурдности»  человеческого 
существования,  а  в  силу  обстоятельств  вполне  конкретных  и  в  основе  своей 
социальных.  Поэт  не  ограничивается  тем,  что  художественно  констатирует 
отчуждение,  он  вскрывает  общественные  корни  этого  психологического 
состояния. 
Отсталость, 
приверженность 
к 
патриархально-родовым 
предрассудкам,  разобщенность  казахов,  непрерывные  внутренние  раздоры, 
косность  среды  вступают  в  противоречие  с  его  идеалами,  поэт  горестно 
восклицает: «Бҧл не заманға ісім тҥсті!» - «О, в какую эпоху я живу!» Но Абай 
не  поэтизирует  одинокую  личность,  а  наоборот,  тяготится  сознание 
вынужденного  одиночества,  ему  хотелось  бы  достичь  такой  связи  с  народом, 
чтобы  его  мысли,  слова  немедленно  находили  бы  отклик  и  претворялись 
народом  в  реальное  дело.  Но  вместо  отклика  и  поддержки  он  «один  против 
тысячи  сражался».  В  своем  завещании  «Ҿлсем  орным  -  қара  жер  сыз  болмай 
ма» («Когда умру, не стану ль я землей») Абай пишет о своем народе:  
«Ҿзі ермей, ерік бермей, жҧрт қор етті» [3, 226]  
   
(«Не дал мне воли народ, сам за мной не пошел, 
   
сделал меня несчастным») 
Одиночество  воплощено  в  «Восьмистишьях»  в  образе  эха,  единственном 
ответе на его зов: 
   
«Жартасқа бардым 
   
Кҥнде айғай салдым 
   
Онан да шықты жаңғырық» [3, 89] 
   
(«Поднимался на утес, 
   
Каждый день кричал (призывал), 
   
Но отвечало мне только эхо») 
Невозможность 
найти 
отклик 
и 
понимание 
у 
окружающих, 
разочарованность в своих современниках, неспособность создать гармоничные 

265 
 
отношения  с  миром  людей  усугубляют  отчуждение,  делают  одиночество 
трагическим: 
   
«Сҿзімді ҧғар елім жоқ, 
   
Моласындай бақсының 
   
Жалғыз қалдым – тап шыным!» [3, 90] 
   
(«Нет людей,  
   
Которые вняли бы моим словам. 
   
Мое истинное состояние –  
   
Я одинок, как могила баксы (шамана)») 
М. Ауэзов назвал его «поклонником критического разума, просвещенным и 
пламенным  борцом  за  культуру,  трагическим  одиночкой  в  мрачной  среде 
ханжей,  стяжателей,  косных  седобородых  старшин-феодалов»  [4,  11]. 
Лирический  герой  Абая  -  «трагический  одиночка»  -  осознает,  что  жизнь 
разрушила  все  его  мечты  и  надежды,  показала  тщетность  всяких  попыток 
сделать  человеческие  отношения  справедливыми  и  искренними.  Таким 
образом,  мы  видим,  что  в  художественном  мире  Абая  воплощено  все 
многообразие проявлений одиночества в жизни человека. 
Мироощущение  и  миропонимание  Абая  «нашли  свое  выражение  не  через 
рационализированную 
логику 
понятий, 
а 
отлились 
через 
формы 
художественной  образности  как  «образная  философия»  [5].  Поэтическая 
медитация  Абая  —  это  часто  стихотворная  цепочка  силлогизмов,  но  так  как 
каждый  силлогизм  представлен  поэтическим  образом,  произведение  в  целом 
приобретает  метафорическое,  символическое  значение.  «Обращаясь  к  вечным 
темам,  художник  фиксирует  и  передает  живую,  чувствующую  человеческую 
мысль  во  всей  ее  всесильности  и  бессилии»  [1,  230].  Рассказ  о  самом  себе 
постепенно  выливается  в  размышление  о  жизни,  о  времени,  о  смерти,  о 
человеке.  Мысль  достигает  предельной  концентрации  и  точности  выражения, 
что делает многие строки Абая образцами поэтической афористики. Авторский 
образ  соединяет  в  себе  глубину  обобщающей  мысли  с  живописностью 
конкретного 
переживания, 
отражающего 
индивидуальную 
судьбу. 
Интеллектуальная поле художественного мира Абая включает и персональное 
сознание  автора,  и  трансперсональное  сознание:  поэт  поднимает  личное  до 
объективно-всеобщего, а его в свою очередь превращает в личное. 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
1.
 
Савельева  В.В.  Художественная  антропология:  монография.  –  Алматы: 
АГУ им. Абая, 1999. -234 с. 
2.
 
Тихонов  Г.  Антология  одиночества:  философский  аспект  //  Простор.  - 
1996. - №1. – 92 с. 
3.
 
Абай  (Ибраhим  Кунанбаев).  Екі  томдық  шығармалар  жинағы.  1-том.  – 
Алматы, 1986. 
4.
 
Абай.  Стихи.  Переводы  русских  поэтов.  Составители:  Л.  Степанова,  Г. 
Бельгер. Алматы: Ғылым, 1995. – 8 с. 
5.
 
Монтень М. Опыты. В 3-х книгах. Кн. 1. – М., 1983. – 94 с. 

266 
 
ҼОЖ 821.512.122:069.5 
КАШАКУ Г. 
Шығыс  Қазақстан  облыстық  сҽулет-этнографиялық  жҽне  табиғи-
ландшафттық мҧражай-қорығы, ШҚО, Ҿскемен қ., Қазақстан 
 
МҦРАЖАЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ЭКСПОЗИЦИЯЛАРЫ  
МЕН КҾРМЕЛЕРІНДЕ АБАЙ ҚҦНАНБАЕВТЫҢ ҾМІРІ  
МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ КҾРСЕТІЛУІ 
 
1995  жылы  ақын  атамыз  Абайдың  туғанына  150  жыл  толуын  ел  болып 
тойлағанымыз  бҥгінде  тҽуелсіз  Қазақстан  Республикасы  тарихының  бір 
парағына айналды. 
Ақынның  150  жылдық  мерейтойына  орай  мҧражай-қорық  қабырғасында 
«Абай жҽне оның дҽуірі» атты кҿрме ҧйымдастырылған. Осыдан кейін атаулы 
кҥндерге  орай  ақынның  ҿмірі  мен  шығармашылығына  арналған  кҿрмелерді 
ҧйымдастыру  мҧражай-қорықтың  ҿзіндік  дҽстҥріне  айналды.  Содан  бері 
ҥлкенді-кішілі  6  кҿрме  жабдықталған.  Кҿрмелер  мен  экспозициялардың 
атаулары:  «Мҽңгі  ақиқат  аясында»  (2004),  «Абай  жҽне  Пушкин.  Мҽдениеттер 
диалогы» (2009), «Атамекен» (2010), «Абай жҽне абайтанушылар: М.О.Ҽуезов, 
Қ.Мҧхамедханов»  (2012),  «Қайдасың,  қасқа  қҧлыным»  (2013)  жҽне  «Ҿлең  – 
сҿздің патшасы...» (2015). Ҽр кҿрме ҿзіне тҽн жаңалығымен ерекшеленеді. 
«Абай  жҽне  оның  дҽуірі»  атты  кҿрмеде  Абай  дҽуіріндегі  зайырлы 
ҽдебиеттер  мен  діни  ҽдебиеттер,  қҧлшылық  заттары  мен  этнографиялық 
материалдар  кҿрсетілді.  Осы  кҿрмеде  алғаш  рет  бҥгінде  Қазақстан 
абайтанушыларының  арасында  ҥлкен  маңызға  ие  болып  отырған  Шығыс 
Қазақстан абайтанушыларының материалдары ҧсынылды [1]. 
«Мҽңгі  ақиқат  аясында»  атты  кҿрме  Шығыс  Қазақстан  ҿңірінде  ҿмірге 
келген  қазақ  ҽдебиетінің  атасы  Абай  Қҧнанбайҧлының,  ақын  шҽкірттерінің 
жҽне  бізге  замандас  ақын-жазушыларымыздың  ҿмірі  мен  шығармашылығына 
арналған болатын. Онда жергілікті 40-тан астам ақын-жазушылардың ҿмірі мен 
шығармашылығы  жайында  мағҧлматтар  ҧсынылып,  замандас  жазушылардың 
мемориалдық  заттары  қойылған.  Танымал  график,  КСРО  жҽне  Қазақстан 
Суретшілер  одақтарының  мҥшесі  Эдуард  Васильевич  Чубук  (1939-2006) 
мҧражай-қорықтың  тапсырысы  бойынша  кҿрме  ҥшін  арнайы  Абайдың  жҽне 
ҿзге де ҿлкелік ақын-жазушылардың графикалық портреттерін салды [2]. 
Мҧражай-қорық ҿз кҿрермендері  арасында  қазақ жҽне орыс  ҽдебиеттерінің 
классиктері Абай мен Пушкиннің шығармашылық мҧраларын насихаттау жҽне 
ҿз  қорындағы  ақындардың  есімімен  байланысты  жҽдігерлерді  кҿрсету  ҥшін 
«Абай жҽне Пушкин. Мҽдениеттер диалогы» кҿрмесін ҧйымдастырды. 
Қазақ  жҽне  орыс  ҽдебиеті  ғҧламаларының  поэтикалық  жҽне  прозалық 
шығармаларының  негізгі  идеясы  –  адамгершілік,  шындық,  ҿзара  тҥсіністік, 
жақсылық  жҽне  ҽлеуметтік  ҽділеттілік.  Олар  ҿз  қоғамындағы  ҽлеуметтік 
мҽселелердің  тҥп-тамырына  терең  бойлап,  оларды  қарапайым  ҽрі  тҥсінікті 
тілмен жеткізді. Адамзаттың жағымды жҽне жағымсыз қасиеттері қай халықты 

267 
 
болмасын  толғантқан  келелі  мҽселе.  Осы  орайда,  қазақ  жҽне  орыс 
халықтарының  данасы  Абай  мен  Пушкиннің  армандары  сарындас  болатҧғын. 
Олар  ҿз  шығармалары  арқылы  жас  ҧрпаққа  адамзат  бойындағы  ең  таңдаулы 
қасиеттерді ҿсиет етті [3]. 
«Атамекен»  атты  тҧрақты  экспозиция  қазақтың  ҧлы  ақыны  жҽне  ойшылы 
Абай  Қҧнанбаевтың,  абайтанушы  Қайым  Мҧхамедхановтың  жҽне  бізге 
замандас  ақын  Тоқтарбек  Қызықбаевтың  ҿмірі  мен  шығармашылығынан  сыр 
шертті [4]. 
«Абай  жҽне  абайтанушылар:  М.О.Ҽуезов,  Қ.Мҧхамедханов»  атты  кҿрме 
Абай  Қҧнанбайҧлының  жҽне  оның  ҿмірі  мен  шығармашылығын  зерттеушілер 
Мҧхтар  Ҽуезов  пен  Қайым  Мҧхамедхановтың  ҿмір  жолдары  мен 
шығармашылықтарынан  хабардар  етті.  Кҿрмеде  Абай  Қҧнанбайҧлы  қазақ 
жазба  ҽдебиетінің  негізін  салушы,  ойшыл,  ағартушы,  композитор  ретінде 
таныстырылды [5].  
Кҿрнекті жазушы- жерлесіміз Оралхан Бҿкейдің туғанына 70 жыл толуына 
орай ҧйымдастырылған «Қайдасың, қасқа қҧлыным?» атты экспозицияның бір 
бҿлімі қазақ жазба ҽдебиетінің негізін қалаушы ҽрі классигі Абай Қҧнанбаевқа 
арналған [6]. 
Қазақтың  бас  ақыны  Абай  Қҧнанбаевтың  туғанына  170  жыл  толуына  орай 
биыл  мҧражай-қорықта  «Ҿлең  –  сҿздің  патшасы...»  атты  алғаш  рет  ауқымды 
кҿрме  ашылды.  Ол  мҧражай-қорықтың  Солжағалық  кешеніндегі  Кіші 
павильонда жҧмыс істейді. Кҿрменің атауы Абайдың танымал ҿлеңінің бірінші 
тармағынан алынған. Оның орыс тіліндегі академиялық аудармасын 1954 жылы 
аудармашы-ақын В.Звягинцева орындаған. 
Кҿрме  мҧражай-қорықтың  қор  топтамаларындағы  Абайдың  ҿмірі  мен 
шығармашылығына  қатысты  жҽдігерлер  негізінде  ҽзірленді.  Кҿрмедегі  киіз 
ҥйдің  негізгі  қҧрылымы  ағартушы  ҿмірінің  басым  бҿлігі  ҿткен  баспананың 
метафорасы ретінде алынды. 
 
«Ҿлең – сҿздің патшасы...» атты кҿрмеден кҿрініс.  
Фотосуретті тҥсірген: В.М.Корж. 2015 жыл 

268 
 
Абай шежіресі 
 
Кҿрмеге  ақын  ҿмірбаянына  қатысты  кейбір  деректермен  таныстыратын 
кҿмекші  қҧралдар  дайындалды.  Олар:  ақын  ҿмірбаяны,  Абай  шежіресі,  Абай 
туған  жердің  ҽсем  кҿріністері,  Семей  жҽне  Ҿскемен  ҿңіріндегі  ақын  есімімен 
байланысты ескерткіш орындардың фотосуреттері.  
 Абай  шежіресін  қҧрастыру  ҥшін  Ш.  Қҧдайбердіҧлының,  М.  Жанболат-
ҧлының,  Қ.  Макиннің  шежірелері  мен  «Қазақстан  тарихы  этникалық 
зерттеулерде»  (Том  10.  Арғын)  еңбегі  жҽне  «Абай»  энциклопедиясы 
пайдаланылды.  Шежіреде  Арғыннан  Қҧнанбайға  дейінгі  17  атаның  жҽне 
Қҧнанбай  мен  оның  ҧлдарының  кіндігінен  тараған  ер  балалардың  есімдері 
кҿрсетілді.  Сондай-ақ,  шежіреде  ғылыми  еңбектер  мен  ғаламтордан  алынған 
Қҧнанбай мен оның ҧрпақтарының суреттерінің репродукциясы берілген. 
Мҧрағатшы-ғалым  Б.Байғалиевтің  «Абай 
ҿмірбаяны 
архив 
деректерінде», 
Ж.Қасымбаевтың  «Аға  сҧлтан  Қҧнанбай 
Ҿскенбаев  жҽне  оның  айналасы»  жҽне 
ақынның 
ҧрпағы 
Г.Исраилқызының 
«Ризамын,  асылдың  сынығы  боп  ҿткеніме» 
атты  еңбектері  арқылы  Абай  ҿмірбаянының 
бҧрын 
айтылмаған 
кейбір 
ақтандақ 
беттерімен танысасыздар. 
Алланың ҿзі де рас, сҿзі де рас, 
Рас  сҿз  ешуақытта  жалған  болмас  [7]  - 
деген  Абай  ҿз  шығармаларында  шынайы 
иманды, нанымды жҽне сенімді насихаттады. 
Кҿрменің  «Абай  жҽне  ислам»  бҿлімінен 
Қҧран  Кҽрім  кітабын,  қҧран  жҽне намаз  оқу 
барысында  пайдаланылатын  бҧйымдарды 
кҿресіздер.  Ақынның  «Ҿлең  –  сҿздің 
патшасы, сҿз сарасы» атты ҿлеңінен алынған 
«Ҽуелі  аят,  хҽдис  –  сҿздің  басы...»  деп 
басталатын ҥзінді ҧсынылған. 
Абай  «Физули,  Шҽмси,  Сҽйхали...»  деп 
басталатын  ҿлеңін  шығыстың  классикалық 
ақындарына  арнаған.  Абай  жҽне  шығыс 
ақындары  шығармаларындағы  ҥндестікті 
танымал 
ҽдебиеттанушы-ғалымдар 
зерделеді.  Ал,  біз  кҿрмеге  Абайдың 
шығармашылығына 
ықпалын 
жасаған 
шығыс  ақындары  мен  ойшылдарының 
портреттерін ҧсындық. 
Кҿрменің  кҿркемдік  шешімін  шығару  барысында  Абайдың  кҿркем 
шығармаларына негізгі басымдылық берілді. 
 

269 
 
 
 
«Ҿлең – сҿздің патшасы...» атты кҿрмеден кҿріністері. 
Фотосуретті тҥсірген: В.М.Корж. 2015 жыл 
 
Кҿрмеге  қор  топтамасындағы  Абай  шығармаларының  1936  жылдан  ХХІ 
ғасырдың  басы  аралығында  шыққан  басылымдары  қойылды.  Олардың  ішінде 
ең  сирегі  жҽне  қҧндысы  –  латын  қарпінде:  1936  жылы  шыққан  «Абай 
Қҧнанбайҧлы.  Таңдамалы  ҿлеңдері»  жҽне  1940  жылы  шыққан  «Абай 
Қҧнанбайҧлы.  Толық  жинақ».  Бҧл  жинақтарға  енген  Абай  ҿлеңдерін  жинаған, 
ақынның  толық  ғылыми  ҿмірбаяны  мен  ҿлеңдеріне  тҥсініктемелер  жазған, 
Абай атамыздың кҿзін кҿрген жандарға ол туралы естеліктер жазғызған Мҧхтар 
Омарханҧлы Ҽуезов еді.  
«Дҥниеге  кҿзімді  ашқан  кісі  –  Михаэлис»  [8]  деген  Абай  жер  аударылып 
келген орыс зиялыларының ақыл-кеңесімен ҽлем ҽдебиетінің озық ҥлгілерімен 
танысады. Сондықтан, кҿрменің «Абайдың достары» бҿлімінде ақынның орыс 
достарының портреттері берілген. 
Ҽрі  қарай  кҿрмеге  Абай  аудармалары  арқылы  қазақ  халқына  танымал 
болған  А.С.Пушкин,  М.Ю.Лермонтов,  И.В.Гете,  И.А.Крылов  сынды  ҽлем 
ҽдебиеті  классиктерінің  шығармалар  жинақтары  қойылған.  Кҿрмеден  Абай 
аудармаларының  жҽне  шетел  классиктері  шығармаларының  тҥпнҧсқасын  оқи 
аласыздар.  
Қҧлақтан кіріп, бойды алар 
Жақсы ҽн мен тҽтті кҥй. 
Кҿңілге тҥрлі ой салар. 
Ҽнді  сҥйсең,  менше  сҥй...  [7]  –  деген  Абай  ҿз  туындыларына  жҽне 
аудармаларына  ҽн  жазып,  ҿзін  кҿрнекті  композитор  ретінде  де  кҿрсете  білді. 
Абайдың  айналасында  қобыз,  домбыра,  сыбызғы  сияқты  қазақтың  музыкалық 
аспаптары  ғана  емес,  сонымен  қатар  Абайдың  туыстары  мен  шҽкірт-достары 
ойнаған  басқа  халықтардың  гармонь,  скрипка,  мандолина  сынды  ҿзге  де 
музыкалық  аспаптары  болды.  Кҿрме  ҥшін  арнайы  мҧражай-қорықтың 
тапсырысы  бойынша  шебер  Ерболат  Ахаев  Абай  домбырасының  стилінде 
домбыра  жасады.  Кҿрермен  назарына  ҧсыну  ҥшін  қаладағы  музыкалық 
мектептен уақытша пайдалануға скрипка аспабы алынды. 
Абай  шығармалары  орыс  тіліне  ХХ  ғасырдың  40-шы  жылдарынан  бастап 
аударылды. Ақын шығармаларын орыс тіліне С. Липкин, А. Гатов, В. Рождес-

270 
 
твенский,  П.  Шубин,  В.  Звягинцева,  А.  Глоба,  Л.  Собольев,  С.  Санбаев,  М. 
Сҧлтанбеков,  Ҽ.  Қодар,  Е.И.  Курдаков  сынды  ҿзге  де  аудармашы-ақындар 
тҽржімалады.  Кҿрмеге  1954  жылдан  2010  жыл  аралығында  шыққан  ақын 
шығармаларының  орыс  тіліндегі  аудармалары  қойылды.  Сондай-ақ,  кҿрмеден 
Абайдың  ағылшын  жҽне  араб  тілінде  басылған  шығармалар  жинақтарын  кҿре 
аласыздар. 
Шығысқазақстандық  жазушылар  шығармашылығын  зерттей  келе,  біз 
олардың  шығармаларының  иллюстрациялануына  ерекше  кҿңіл  бҿлдік.  Жҽне 
бҧл  тақырыптың  толық  ашылмағанын  ҿзіміз  ҥшін  белгілеп  алдық.  Ҿзіміздің 
жергілікті  суретшілерімізбен  бірлесіп  жҧмыс  істеу  арқылы  осы  олқылықтың 
орынын толықтыруды ойладық. Бҥгінде мҧражай-қорықтың қор топтамасында 
кҽсіби суретшілермен қатар ҽуесқой суретшілердің де туындылары бар. 
Мҧражай-қорықтың тапсырысымен Қазақстан Суретшілер одағының мҥшесі 
Б.К.  Исин  кҿрме  ҥшін  арнайы  Абай  шығармаларының  желісі  бойынша  ҿзінің 
бірегей  туындыларын  орындады.  Олар:  Абайдың  «Қансонарда  бҥркітші 
шығады  аңға»,  «Жазғытҧры»,  «Жаз»,  «Кҥз»,  «Қыс»  ҿлеңдеріне  салынған 
иллюстрациялар.  
 
 
КП 75-36326. Б.К. Исин. Абайдың «Кҥз» ҿлеңіне иллюстрация кенеп,  
майлы бояу 2015 жыл 
 
Ақын  ҿлеңмен  ҿрген  табиғаттың  керемет  қҧбылысын,  суретші  кҿркем 
қҧралдар  арқылы  бейнеледі.  Мысалы,  Абайдың  «Кҥз»  ҿлеңіне  салынған 
иллюстрациядан  ақын  ҿлеңінде  жырланған  тҥсі  суық  сҧр  бҧлт  қаптаған 
аспанды, дымқыл тҧман басқан жерді, жапырағынан айрылған ағаш, қурайды, 
жабырқаңқы ауылдың келбетін кҿресіз. 
Суретші  Б.К.Исиннің  Абайдың  «Жаз»  ҿлеңіне  салған  иллюстрациясынан 
ҿзенде  шыбындап  тҧрған  жылқыны,  ҥй  тігіп  жҥрген  қыз-келіншекті,  аяңдап 
келе жатқан салт аттылар мен ақ кҿйлекті, таяқты қартты кҿргенде, ойға еріксіз 
ақын ҿлеңінің мына бір жолдары оралады: 

271 
 
...Мал ішінен айналып, 
Кҿңілі жақсы жайланып, 
Бай да келер ауылға, 
Аяңшылы жылпылдап... 
...Ақ кҿйлекті, таяқты 
Ақсақал шығар бір шеттен, 
Малыңды ҽрі қайтар деп, 
Малшыларға қаңқылдап, 
Бай байғҧсым десін деп
Шақырып қымыз берсін деп, 
Жарамсақсып, жалпылдап... [9] 
 
 
КП 75-36325. Б.К. Исин. Абайдың «Жаз» ҿлеңіне иллюстрация 
кенеп, майлы бояу 2015 жыл 
 
Кҿрмеде  Абай  шығармаларын  безендірген  қазақстандық  суретшілер 
Қ.Қожықов  (1944-1948),  Қ.Ҽ.  Каметов  (1986)  жҽне  И.Исабаевтың  (1990-шы) 
графикалық  туындыларының,  сондай-ақ,  Е.А.Бҧхарбаевтың  кескіндемелік 
туындысының репродукциялары ҧсынылған. 
Ақын шығармалары арқылы туған жерінің ҽсем табиғаты мен терең тарихын 
танимыз.  Сол  табиғаттың  ҽсем  кҿрінісін  бейнелеген  Қазақстан  Суретшілер 
одағының  мҥшесі,  мҧражай-қорықтың  қызметкері  Г.М.Бекбердинованың 
туындылары кҿрменің кҿркін ашып тҧр. 
Кҿрмеде  суретшілердің  шығармаларындағы  Абай  бейнесі  кескіндемелік 
жҽне графикалық туындылар арқылы кҿрсетілген. 
Ақынның  кескіндемелік  портреттерін  суретшілер  Девятов  пен  Б.К.Исин 
бейнелеген.  
Девятов есімі мен ҽкесінің аты белгісіз суретші. Кенептің артқы жағындағы 
жазуға қарағанда 1954 жылы Қазақ бейнелеу ҿнеріндегі ҽріптестерімен бірлесіп 
салған  кҿрінеді  [10].  Портретте  Абай  ойлы  жанарын  алысқа  бағыттап,  терең 

272 
 
ойға  шомып  тҧрғандай  кҿрінеді.  Жидебай  табиғатының  аясында  екі  қолын 
артына  салып,  шиыршықталып  оралған  қағазды  ҧстап  тҧр.  Картинаның  артқы 
планында Абай замандағы қазақ ауылының келбеті кҿрініс тапқан.  
Қазақстан  Суретшілер  одағының  мҥшесі,  жерлесіміз  Болат  Кҽрімҧлы  Исин 
ҿзінің туындысында ақынның жанарына жан бітіре бейнелеген. Ол кҿрме ҥшін 
арнайы ҽзірленген жҽдігерлердің бірі. 
 
 
КП 42-27562. Девятов. Жидебай жайлауындағы Абай портреті 
кенеп, майлы бояу 1954 жыл 
 
Абай  атамыздың  портретін  кҿзі  тірісінде  ақынның  досы,  ҽуесқой  суретші 
П.Д. Лобановский салған болатын. Кҿрмеде сол П.Д. Лобановскийдің, Ҽ. Қас-
теевтің,  Яр-Кравченконың,  Н.Ҿтепбаевтың,  Ю.Г.Хабаровтың  графикалық 
туындыларының  репродукциялары  ҧсынылған.  Сондай-ақ,  кҿрме  қырғыз 
суретшісі  И.Л.Ильинаның  М.Ҽуезовтың  «Абай  жолы»  романына  салған 
иллюстрацияларымен безендірілді. 
Абайтанушы  жерлесіміз  Б.  Ердембеков  «Абайдың  ақындық  мектебі» 
ҧғымын  Абайдың  айналасындағы  ақындар  жҽне  қазақ  ҽдебиетіндегі  Абай 
дҽстҥрінің  мҧрагерлері  деп  екі  тҥрлі  мағынада  қарастырып  жҥр  [11].  Кҿрмеде 
Абайдың  ақын  шҽкірті  ҽрі  інісі  Шҽкҽрім  Қҧдайбердіҧлы  мен  Абай  дҽстҥрінің 
мҧрагері,  жастық  шағында  ақынмен  бірнеше  мҽрте  жҥздескен,  Абайды 
«Қазақтың мҽңгі айнасына» балаған Тҿлеу Кҿбдіковтің ҽдеби шығармашылығы 
ҧсынылды. 
Кҿрмеге  Ҽ.  Бҿкейханов,  М.  Ҽуезова,  Р.  Сыздық  сынды  қазақстандық  жҽне 
М.  Ҽуезов,  Қ.  Мҧхамедханов,  Р.  Нҧрғалиев,  С.  Қасқабасов,  Е.И.  Григорьев, 
А.М.  Қартаева  сынды  шығысқазақстандық  абайтанушылардың  еңбектері 

273 
 
қойылған.  Олардың  ішінде  Мҧхтар  Ҽуезовтің  абайтану  іліміне  іргелі  ҥлес 
қосқанын ерекше атап ҿткен жҿн [12]. 
 
 
Мҧражай басшылары мен мамандарының «Мҧражай-қорықтың  
мҽдени жҽне рухани қҧндылықтарды сақтау, дамыту жҽне танымал ету 
жҿніндегі жҧмыс тҽжірибесі» атты Халықаралық семинар-кеңесіне келген 
қатысушылардың «Ҿлең – сҿздің патшасы...» кҿрмесін кҿру сҽтінен кҿрініс 
2015 жылғы 27-29 мамыр. Фотосуретті тҥсірген: В.М.Корж 
 
Мақаламызды Мҧхтар Ҽуезовтің мына бір сҿзімен тҥйіндегенді жҿн кҿрдік: 
«Абай  лебі,  Абай  ҥні,  Абай  тынысы  –  заман  тынысы,  халық  ҥні.  Бҥгін  ол  ҥн 
біздің де ҥнге қосылып, жаңғырып, жаңа ҿріс алып тҧр...» [13]. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  КП  51-30346/2  Шығыс  Қазақстан  облыстық  сҽулет-этнографиялық  жҽне 
табиғи-ландшафттық  мҧражай-қорығы.  –  Ҿскемен:  «Шығыс  Полиграф» 
баспаханасы, 2008. – 260 б. 
2.  «Мҽңгі  ақиқат  аясында»  атты  кҿрменің  қҧжаттамасы.  –  Ҿскемен: 
ШҚОЭМҚ, сирек кітаптар мен икон жазу бҿлімі, 2004. – 45 п. 
3. «Абай жҽне Пушкин. Мҽдениеттер диалогы» атты кҿрменің қҧжаттамасы. 
– Ҿскемен: ШҚОЭМҚ, сирек кітаптар мен икон жазу бҿлімі, 2009. – 16 п. 
4.  «Атамекен»  экспозициясының  қҧжаттамалары.  –  Ҿскемен:  ШҚОЭМҚ, 
сирек кітаптар мен икон жазу бҿлімі, 2010. – 30 п. 
5.  «Абай  жҽне  абайтанушылар:  М.О.Ҽуезов,  Қ.Мҧхамедханов»  атты 
кҿрменің  қҧжаттамасы.  –  Ҿскемен:  ШҚОЭМҚ,  сирек  кітаптар  мен  икон  жазу 
бҿлімі, 2012. – 17 п. 
6.  «Қайдасың,  қасқа  қҧлыным?»  экспозициясының  қҧжаттамалары.  – 
Ҿскемен: ШҚОЭМҚ, сирек кітаптар мен икон жазу бҿлімі, 2013. – 38 п. 
7.  Абай  (Ибраһим  Қҧнанбаев).  Екі  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.1. 
Ҿлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1986. – 304 б. 

274 
 
8. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет