Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет31/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74
Әдебиеттер 
1
Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері/ Ж.Манкеева // Тілтаным. -
2001. - №4. 29-31б. 
2 Джусупов Н. Қазіргі лингвистикадағы концепт мәселелері // Тіл мен әдебиетті оқыту. 
Ғылыми-әдістемелік журнал. -2004. №4. -12-17-б.


67 
3
Маслова В.А. Когнитивті лингвистика: Оқу құралы/ В.А. Маслова. Минск: Тетра 
Системс, 2004. – 256 б.
4
Алексеев, С. Концепт и слово/С. Алексеев // Русская словесность. –1997. №8. 271-273 б. 
5
Маслова В.А. Лингвокультурология. – М.:Академия, 2001. – 208 б. 
6
Ислам А. Тілдік дүние суреті: «концепт» және «ұғым» // С.Аманжолов және қазіргі 
қазақ филологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция 
материалдары. –Алматы, 2004.- 439-445 бб.
7
Әмірбековa A.Б. Концептілік құрылымдaрдыц поэтикaлъщ мәтіндегі вербaлдaну 
ерекшелігі (М. Мaцaтaев поэзиясы бойыншa). Филол. гыл. кaнд.... дисс. — Aлмaты, 2016. – 118б. 
КӘСІПТІК ШЕТ ТІЛІ- КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ТИІМДІ
Нурханова Бахытджан Умирбаевна 
Қарқия кәсіптік колледжі 
«Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. 
Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін 
білу – ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен 
технологиялардың тілі болғандықтан біз соны үйренуге 
тиіспіз».
 Н.Ә.Назарбаев. 
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, 
педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпаратты-
коммуникациялық білімді және ақпаратты-коммуникациялық технологияны жан-жақты 
меңгерген ақпараттық құзырлы маман болуды қажет етеді. Ағылшын тілі – бүгінгі 
заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі – ұлы 
әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт 
сөйлеген. Солардың бірі – Ұлыбританияның «Кэмбридж» университетінің әдістемесінің 
басылымындағы «Cutting Edge» оқулығы.
Қазіргі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік 
білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда 
біздің еліміз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының 
бағдарламасын негізге ала отырып, өркениетті дамыған елдердің қатарына ену, өзге дамыған 
мемлекеттермен терезесін тең ашу жолында ауқымды істер атқарып жатқан кезеңінде 
мұғалімдер қауымының осы бағдарламаны және бағыттарды Қазақстан Республикасының білім 
туралы тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырудағы үлесі зор. Мұғалімдер бәсекеге 
қабілеттіліктің басты көрсеткішін, яғни оқушыларға заман талабына сай жоғары деңгейлі білім 
беруді, оны жүйелі түрде қалыптастыруды және жастардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар 
болып дамуын – бүгінгі күннің басты талабы деп көреді. 
Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде 
қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі - тіл. Мемлекеттік тіл 
мәртебесіне ие болған қазақ тілі- ұлттық руханиятымыздың өзегі Тіл танудың, түсінудің, 
дамудың құралы. Сонымен қатар көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық 
байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғалық және мәдени қарым-қатынастардың аса 
маңызды құралы болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» 
дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. 
Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу- әркімнің дербес табыстылығының міндетті 
шарты. Бүгінде біздің қоғамымыздағы қос тілділік біртіндеп көптілділікке ауысып келеді. Бұл 
көптілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі, өйткені, қазақ тілін мемлекеттік тіл 
ретінде меңгеру азаматтардың бірігуіне ықпал етеді, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат көзі 
болып табылса, шет тілі адамдардың өзін-өзі әлемдік қоғамдастыққа сәйкестендіру қабілеттерін 
дамыту үшін қажет. Тіл саясаты саласына қатысты барлық құжаттарда бірнеше тілді білу өзекті 


68 
мәселе болып табылады және бұл – уақыт талабы. Сондықтан білім жүйесі үштілділікті
біртіндеп дамытуға ден қойып отыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш 
тілдің әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге 
қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсетті. Бұл дегеніміз оқу орындарында жаңа міндеттер, 
жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты-өмірден өз орнын 
таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген білігін көрсете алатын, 
көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға 
қалыптастыру. Мамандыққа сай, сол мамандықта кәсіби шет тілінде білім беруіміз қажет. 
Оның нәтижесі бәсекеге қабілетті маман болуға үлкен мүмкіндік бере алады.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың 
қолында», - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, кәсіби педагогикалық шеберлікті, 
шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін 
қажетсінеді.
Кез келген жанның болашағы – өмір бойы жинақталған біліміне, рухани өсуіне 
байланысты. Ал шығармашыл мұғалім оқыту процесі мен шығармашылық бағытта дамыту 
процесін дұрыс ұйымдастырып, жақсы меңгерсе және меңгерілген білімді практикада үнемі 
ұштастырып, қолданып отырса онда табыс пен жетістік өзінен өзі келеді. 
Кәсіби шетел тілінің қызметі – білім алушылардың өздері үйреніп жатқан мамандығы 
бойынша шет тілде сөйлейтін халықпен түсіністік ортақ көзқарас орнатуға, дайындап тәрбие 
білім,беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан –жақты дамыту. 
Шет тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым-қатынас ситуациялары , 
мәтіндер тілдік материалдар. 
Шет тілінің кез-келген адамға қажеттілігі, оны білудегі артықшылықтары еңбек 
нарығындағы «бағаңыздың» өсуі. Қазір жұмысқа қабылдағанда шет тілін білетін жастарға 
ерекше құрметпен қарайды. Ал кейбір шетелдіктік компанияларда бұл тіпті талап ретінде 
қарастырылады.Жақсы жұмыс иегері боламын десеңіз,қазірден бастап шет тілін үйрену керек. 
Ағылшын тілін білу қосымша мүмкіндіктер ашады. Шет елге оқуға түсу, машықтануға 
шет елге барып келу және басқа да тосын мүмкіндіктер пайда болады. 
 
Біздің колледжімізде 7 мамандық түрі оқытылып келеді. Соның ішінде, "дәнекерлеуші", 
"кеме жөндеуші-дәнекерлеуші", "аспаз", "тігінші", "автокөліктерді электр құрылғыларын 
жөндеуші электригі", "автокөлікті жөндеу слесарі", "электронды есептеу машиналарының 
операторы" т.б. біліктіліктер беріледі.
Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті 
мәселелердің қатарынан орын алуда.
«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында 
«халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл 
өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы 
шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас 
құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға түрлі тілдік формулаларды 
қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады. 
Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық 
тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына 
берілетін бағаның, олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс 
нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын 
оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік 
болуын қамтамасыз етеді.
Бұл пәннен "Аспаз" біліктілігін алатын студентке не бере аламыз? "Тамақтандыруды 
ұйымдастыру" мамандығы пәндерінен қажетті ұғымдарды, терминдерді алып, сөздік жұмысы, 
ол мамандықтың қызметіне қарай сөздік жұмысы, аударма жұмысы, диалог, сұрақ-жауап 
түрінде, тест түрінде тапсырмалар орындату арқылы, ой толғау арқылы оқытамын.


69 
"Тігінші", автокөлікті жөндеу слесарі" сияқты мамандықтарға да сондай- әр 
мамандықтың ерекшелігіне, айырмашылығына қарай жұмыстар жасаймыз. Сол пәннен сабақ 
беретін мамандармен де тығыз қарым-қатынаста боламыз.
Кәсіптік білім беруде арнайы пәндерді қызықты етіп өткізу, студенттерді тілге 
қызықтандыру, әрбір педагогтың өзінің шығармашылық ізденіп жұмыс жасауына байланысты. 
Әр мамандыққа сай студенттермен мен оқытушылардың арасында тренингтер, полиглоттар, 
сайыстар өткіземін. 
Бұдан күтілетін нәтиже:
 
көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, 
өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы 
бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби 
деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: 
мемлекеттік тілді- қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік 
экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. 
Осыған орай, 2016ж. «Ағылшын тілін оқыту әдістемілігі» журналының №1санында «Кәсіптік 
ағылшын тілін оқытудың маңызы» атты мақалам, 2019ж "Білім сапасы – болашақтың негізі» 
журналының №2 санында «Тіл – біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз» , 2020ж "Білім сапасы – 
болашақтың негізі» журналының №2 санында атты"Сomputers in our lifе" мақалам шығарылып 
республикада таратылды. 
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру 
тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық 
жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, 
шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, 
дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны 
әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Көптілді меңгере отырып, біліктілікті арттырудың жаңа жүйесін іске асыра отырып, 
заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігімізді арттыру мақсатында еліміздің басқа 
мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта шет тілін еркін меңгерген, келешекте 
білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды колледж 
қабырғасынан оқытып шығару- біздің қазіргі кездегі міндетіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет