Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет33/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
жобалау 
технологиясын 
қолданудағы 
негізгі міндеттері:
Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғызу. 
Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. 
Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін 
дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына 
мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау. 
Оқытудың жобалау технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс 
істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың 
ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен 
орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. 
Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету; 
Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру; 
Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру; 


71 
Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса 
отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады. 
Оқушының бойындағы қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау. 
Оқушылардың өз жұмыстарын жаңашылдықпен ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, 
оның тиімділігін анықтау, жеке тұлға тәрбиелеу. 
Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау, бағдар беру. Оқушыларды өзін - өзі 
жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыруымыз қажет. 
Жобалап оқыту технологиясы - жеке тұлғаға бағдарланған оқыту. Бұл технология 
оқушылардың берілген тапсырманы жобалау, зерттеу барысында өзінің және басқаның 
тәжірибесінен үйрену, сабақ алуға негізделген. Ғылыми жобаны жасау барысында оқушылар 
көп нәрсеге өзі көз жеткізеді. Яғни, бұл оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырудың, өз 
еңбектерінің нәтижесіне толығымен қанағаттанып, оқудағы жетістіктерін сезінудің бірден-бір 
жолы болып табылады. Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу 
процесіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп 
болды. Осындай идеялардан туындаған технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. 
Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты 
кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: 
Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба 
(проект) ұсынылуы тиіс. Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін 
(проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, 
қорытындылау) меңгереді. 
Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Ол 
оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның 
жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы 
психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға 
субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе 
адамгершілік тұрғыдан байи түседі. Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, 
қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен 
ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-
келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында. 
Бастауыш сыныпта жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбек талап 
етеді. 
Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге 
асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады. Бастауыш сыныпта жобалау 
әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады: 
Жобалар әдісінің кезеңдері 
І.Мотивтендіру. Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық 
қалыптастырады. 
ІІ. Жоспарлау кезеңі. Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен 
мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары 
бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі. 
ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі. Оқушылар хабар жинайды, әдебиетпен және басқа ақпарат 
құралдармен жұмыс жүргізеді; алыңған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім 
бақылайды, көмек көрсетеді, өзі де ақпарат құралы болады. 
ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі. Оқушылар жобаларын ұсынады (презентация), 
атқарылған жұмыс бойынша есеп береді, ұжымдық пікіірталасқа қатысады, өзіне өзі баға 
береді, мұғалім бағалайды. 
V. Қорытынды.
Бастауыш сынып оқушыларына жобалап оқыту әдісін қалыптастыруымыз қажет. 
Мәселен, 1- 2- 3- 4 – сынып оқушыларының жобалау кезінде рөлі өзгереді, оқу мен тәрбие 
процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігінің көптігі (тәжірибе жасап көреді, 
жаңа нәрселерді тани бастайды). Сонымен бірге, бала тапсырманы орындауда жауапкершілік 
жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді 


72 
болады. Жоба кезінде бала (қашан? қандай? қайда?) деген сұрақтарға тәжірибе жасап, 
пайымдайды, іздестіреді, жауап іздейді, тілдік қарым - қатынастарға түсіп, өз ойларын әр түрлі 
білдіреді, не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп, өз қызығушылығы мен арманын 
айтады. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларына жобалап оқыту әдісі дайын 
материалды меңгеруге ғана дағдыланбайды, ол өз бетінше ізденіп, болашақ мамандығы рөліне 
ену арқылы әр түрлі қақтығыс ситуациялардан шыға білуге, сөйлеу үлгілерін дұрыс 
пайдалануға қалыптасады. Сол сияқты, жобалау әдісі бастауыш сынып оқушыларының 
бойында мынадай қасиеттерді қалыптастырады: оқушылармен арадағы сыйластық, топпен 
жұмыс істей білу, сабаққа шығармашылықпен қарау және оқушылар шығармашылықпен 
ойлауға, өз әрекетін өз бетінше жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге 
алдын ала болжам жасай білуге, басқаша айтқанда, жұмыс істеу мәдениетіне үйренеді. 
Бастауыш сынып оқушыларының жобалап оқыту әдісінің басты идеясы: балалардың 
танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі 
арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды 
дамыту [2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет