Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет29/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74
Әдебиеттер 
1.
Қазіргі білім беру трендтері-Алматы: "Bilim Media Group" ЖШС, 2017-326 с. 
2.
Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді 
ақпараттандыру. –Алматы, 2009. 
3.
Көшімбетова С. Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін 
пайдаланудың педагогикалық шарттары, - Алматы, 2008. 
4.
Ибраев Т. К. Реформалау жағдайындағы әлеуметтік-білім беру саласының теориялық - 
әдіснамалық аспектілері. – Астана. Даңғыл, 2017. -157 Б. 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «КӘСІП» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҒЫЛЫМИ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Мұқаш Меруерт Талғатқызы 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
Тіл – әрбір елдің, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін, тіпті сол 
ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлы қазына 
ретінде қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі. Сондықтан бүгінгі таңда тілдің 
құрылымдық, коммуникациялық қызметтерінен басқа да қырларын, қасиеттерін анықтау терең 
зерттеуді талап етіп отыр. 
Атап айтқанда, тіл мен адамның өзара тығыз қатынасына қарай анықталған салаларды 
былай көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл мен адам физиологиясы; тіл 
мен қоғам; тіл мен ойлау; тіл мен адам құндылықтары; тіл және таным т.б. Адамның тілге, 
тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу 


63 
нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде 
әлеуметтік лингвистика
, тіл мен 
қоғам арақатынасын зерттейтін саласы, 
психолингвистика, 
индивидтің тұлғалық мінез-құлқы 
мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы, 
лингвомәдениеттану
, тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде 
сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу 
ерекшеліктері, 
этнолингвистика, 
тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың 
тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың 
шығармашылығынан іздеу және 
когнитивтік линвистика, 
тілдегі көріністі адам санасындағы 
таным ұғымымен байланыстыру, салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулер нәтижесі мен анықтамаларды сараптай келіп, біздің 
ойымызша, когнитивтік лингвистиканы тіл білімінің антропоөзектік бағытқа сүйенген саласы 
деп түсінуге болатын сияқты. Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. 
Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған 
байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай «концепт» терминіне 
берілген анықтамалар да алуан түрлі. 
Лингвистикада концепт термині мен түсінігінің қалыптасуы тіл, сана, және мәдениеттің 
өзара әсерлесуінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын, амал-тәсілдерін игерудегі жаңа қадам 
болды. Лингвистика, когнитология, мәдениеттану, философияның өзара әсерлесуінің жаңа 
аспектілері пайда болып, соның арқасында семантикалық зерттеулер тереңдей түсті. 
Ғалым Ж.Манкееваның пікіріне жүгінсік, кең мағынада концепт – жалпы әлем туралы 
білім жүйесінің (әлемнің концептуалды бейнесінің) бір бөлшегі, үзіндісі, яғни индивидтің 
объективті шындық туралы өз танымындағы тірек ұғымдары, білетіні, ойлайтыны, елестететіні 
[1,44б]. 
Терминнің түрлі түсіндірілуі оның көп мағыналы латын сөзі «conceptus»-тің 
семантикасынан шығуына байланысты. Сөзіктерде оған мынадай түсініктер беріледі: 
-
«жинақтау, өзіне жинау»
-
«өзіне елестету, қиялдау»
-
«жазу, тұжырымдау»
-
«құрастыру»
-
«болу, пайда болу, шығу»
Латын тіліндегі концепт ұғымы бірнеше мағынаға ие. Қазіргі таңда зерттеушілер 
«концепт» пен «ұғым» терминдерінің ара-жігін ашуда. Мәселен, Г.Г.Молчанова ұғым мен 
концептің айырмашылығы туралы айтқанда, біріншісін логика мен философиямен 
байланыстырған. Кейінгі уақытта концепті «мәдениеттің ұйытқысы» ретінде анықталып, 
мәдениеттанумен де байланыстырған. Ғалымның пікірі бойынша, концепт адамның менталды 
дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы, қысқаша тарихы, заманауи ассоциациялар, бағалар, 
тәжірибе және т.б. қамтиды.
С.Аскольдов концепті ойлау барысында адамға бір-біріне жақын көптеген заттардың 
орнын алмастыратын ойлау құрылымы деп анықтаған [2,12].
В.А.Маслова концептке келесі анықтаманы береді: «Концепт окружен эмоциональным, 
экспрессивным, оценочным ореолом; это тот, «пучок» представлений, понятий, знаний, 
ассоциаций, переживаний, который сопроваждает слово и выражаемое им понятие. Концепты – 
предмет эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений различных мнений».
Ғалым В.А.Маслова концепт табиғатын түсіну жайында ойын былайша өрбітеді: «Любая 
попытка постичь природу концепта приводит к осознанию факта существования целого ряда 
смежных понятий и терминов. Прежде всего, это концепт, понятие и значение». Демек концепт, 
ұғым және мағына концепт жүйесін құратын бір-бірімен тығыз байланысты, ажырамас ұғымдар 
болып табылады. Ғалым әрі қарай ұғым мен концепті былайша ажыратады: «Если понятие – это 
совокупность познанных существенных признаков объекта, то концепт – ментальное 
национально-специфическое образование, планом содержания которого является вся 
совокупность языковых средств (лексических, фразеологических, паремиологических и др.)» [3, 
26-28].


64 
Қазіргі зерттеушілер жаңа терминнің айту мағынасын таңбалау үшін енгізілгенін 
ескермеген, сондықтан да көптеген философиялық сөздіктер мен энциклопедияларда концепт 
ұғым не оның мазмұнын білдірумен тепе-тең көрінеді. Яғни, ұғым – заттың түрлі кезеңдерінің 
объективті идеалды бірлігі және қарым-қатынасқа тәуелсіз, ойдың қалыптасу қызметін 
атқаратын тілдің таңбалық және маңызды құрылымымен байланысты. Бұл танымның нәтижесі, 
баспалдағы немесе кезеңі. Ал концепт сөйлеу арқылы жүзеге асады. Концепт субъективті. Жад 
және елестету – бір жағынан дәл қазір және осы жерде ұғынуға бағытталған, екінші жағынан ол 
жад акті ретінде – өткенге, елестету акті ретінде – болашаққа, пайымдау акті ретінде – осы 
шаққа негізделген жанның үш қабілетінің синтезі, концептінің ажырамас бөліктері. «Концепт – 
это событие, а «события» – это понятие» [2, 12]. 
Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт - 
мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан 
тілдік бірліктердің, құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық 
ерекшеліктерді танытатын құрылым. 
В.А.Маслова концепті «мәдениеттің тереңінен бастау алатын», эмотивтілік, коннотация, 
табиғатына сәйкес аксиологиялық және тіл жүйесінде «аты»/«атаулары» бар ұғым деп ойын 
жетілдіре түседі. Ғалымның пайымдауынша, кез келген ұғым концепт бола бермейді, тек қана 
кейбір күрделі, нақты бір мәдениетті оларсыз елестету, танып-білу мүмкін емес маңызды 
ұғымдар ғана концепт ретінде танылады. Концептосфера құрылымы В.А.Маслованың 
пікірінше, өзек, өзекке тамырлас аумақ және перифериядан тұрады. Концепт өзегі мен өзекке 
тамырлас аумақ әмбебап және жалпыхалықтық білімдерді танытса, периферия – индивидуалды, 
яғни жеке тұрғысынан танытады [3, 17-27]. В.И.Карасик концепті когнитивтік және мәдени деп 
ажыратып, когнитивті концептілерді қоршаған ортадағы шындықты құрылымдап және оны 
қайта құратын индивидуалды мазмұнды болып келетін менталды құрылымдар ретінде 
анықтаса, ал мәдени концептілер сол мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін бекітетін ұжымдық 
мазмұнды болып келетін менталды құрылымдар деп түйген.
Қазіргі кезде концептіні түрлі тұрғыдан түсіндірудің негізінде мынадай бағыттар 
қалыптасқан:
-
Логикалық бағыт (Арутюнова Н.Д., Степанов Ю.С.)
-
Психолингвистикалық бағыт (Залевская А.А.)
-
Лингвистикалық бағыт (Бабушкин А.П.) 
-
Философиялық бағыт (Колесов В.В., Лисицын А.Г.) 
-
Психологиялық бағыт (Лихачев Д.С., Холодная М.А.)
-
Интегративті бағыт (Ляпин С.Х., Карасик В.И.) 
Түрлі бағыт өкілдерін біріктіретін нәрсе, олардың концептіні жалпы және кең 
категорияның бөлігі ретінде қарастыруы. Қазіргі лингвистикада концептіні түсіндірудің негізгі 
үш бағыты бар: 
Бірінші бағыт. Концептіні қарастыруда культуралогиялық аспектіге назар аударады, 
мұнда концептілер мен олардың қатынастарының жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Осылайша, 
концепт – адамның ментальді әлеміндегі мәдениеттің негізгі ұясы. Олар ұжымдық тілдік 
санадағы орталық орынға ие болғандықтан олардың зерттелуі өзекті мәселеге айналуда. 
Концептіні осылайша түсіну тіл рөлін тек көмекші құрал ретінде екінші орынға қоюмен 
байланысты. 
Екінші бағыт. Концепт мағынасының қалыптасуының жалғыз құралы деп тілдік 
таңбаның семантикасын санайды. 
Үшінші бағыт. Концепт сөз мағынасынан тікелей пайда болмайды, сөз мағынасының 
адамның жеке және халықтық тәжірибесімен ұштасуының нәтижесі, яғни концепт сөз бен 
шындықтың арасындағы делдал [4, 58]. 
Көптеген зерттеушілер концептіні мәдениетпен байланыстыра көрсетеді. Кей 
зерттеушілер мұны негізгі деп тапса, енді біреулері қосымша деп қарастырады. Біздің 
ойымызша, концептінің негізгі қасиеті болып оның белгілі бір мәдениетпен, қоғамның мәдени 
тәжірибесімен байланысында. Мәдениет өзін туындатқан халықпен біте қайнасып жататыны 


65 
айқын және оның бойында өмірлік философияны анықтайтын, барлық адамзатқа тән әлемдік 
бейнедегі ұғымдардың берік орын алатыны белгілі. Солай бола тұра, осы аталған ұғымдар 
ұлттық дүниетаным, мәдениет негізінде қалыптаса отырып, ұлттың ұлт болып айқындалу 
белгісі ретінде де қолданылады. Мәдениетке қатысты концепті адам мен ол өмір сүретін 
ақиқат шындық аралығын байланыстырушы ретінде қызмет атқаратындықтан оны зерттеудің 
маңызы зор болып отыр. 
Концептілер – белгілі мәдениетті онсыз елестету мүмкін болмайтын ең күрделі, маңызды 
ұғымдар. Олардың саны шектеулі, себебі кез келген атау- таңба құбылысы концепт бола 
алмайды. Белгілі бір мәдениет үшін құнды, өзекті және өзінің бекітілуі үшін саны көп тілдік 
бірліктерге ие, мақал-мәтелдердің, поэтикалық және прозалық мәтіндердің тақырыбы бола 
алатын шындық құбылыстары ғана концепт бола алады. Олар халық жадының мәдени 
иегерлері. М.В.Никитин, А.П.Бабушкин концептіні дәстүрлі түрде сананың дискретті бірлігі 
ретінде түсінеді. М.В.Никитин: «Мағына – бұл таңбамен байланысты концепт» – дейді, яғни 
басқаша айтқанда, концепт – түрлі таңбалармен (сөз, морфема, сөз тіркесі) байланыста болатын 
бейне мен ұғым. Олар идеалды, шынайы болмысты бейнелейді [5,12]. 
Концепт - өмір мазмұнының бір тілдік бірлікке (тілдік таңбаға) жинақталуы
шоғырлануы; таңбаға (тілдік) өмір, әлем мазмұнының белгілі бір бөлігі жинақталып, 
шоғырланғанда, ұғым жасалып, атау пайда болады. Өмір мазмұны деген сөз – тәжірибе, дағды 
арқылы дүниенің адам санасында әбден танылып, сіңіп, таңбалануы. Осыдан соң кері әрекет 
жүріп, адам өзінің санасында таңбаланған дүниесін, мазмұнға толы ұғымды (концептіні) сыртқа 
шығарып, оған атау береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет