Сборник научных трудов г. Кокшетау, 2015 2


БУРАБАЙ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР



Pdf көрінісі
бет105/128
Дата07.01.2022
өлшемі4,12 Mb.
#18359
түріСборник
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
Байланысты:
Sbornik

БУРАБАЙ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР 
ӘЛЕМІНІҢ ЖАҒДАЙЫ 
 
Манап Айхан Дулатулы,  
студент 4 курса специальности «Экология» 
 университета им. А. Мырзахметова, г. Кокшетау 
Научный руководитель - Аятхан Магаш Аятханұлы  
Доктор биологических наук,  
Профессор кафедры «Экологии,  
безопасность жизнедеятельности  
и защита окружающей среды»  
 
Бурабай  Ұлттық  паркінің  негізгі  міндеттері:  экологиялық  жүйелерінің 
бүтіндігін,  эталондар  және  бірегей  табиғат  комплексті  объектілермен,  тарихи, 
мәдени ескерткіштерді, тарихи мұраның басқа объектілерді сақтау, сондай - ақ 
оларды  зерттеу,  бұзылған  табиғи  және  тарихи  -  мәдени  комплекстер  мен 
объектілерді қалпына келтіру.  
Мемлекетттік  ұлттық  табиғи  парктің  жағдайларды,  орман  ресурстарды, 
орман  масссивті  -  эстетикалық,  емдеу  –  сауықтыру  құндылығы  және  туристік 
рекреациялық  мүмкіндігі  жайында  толық  білу  үшін,  оның  қысқаша 
сипаттамасына тоқталу қажет.  


205 
Өсімдіктер дүниесі. Бурабай өлкесі қазақстанның орманды дала аймағына 
жатады.  Ландшафтың  ерекшелігіне  (Көкшетау  жотасы)  орай  өсімдіктердің 
орманды,  дала,  батпақ  түрлері  тараған.  Ұлттық  парктің  өсімдіктер  дүниесі 
алуан түрлі, қарағай, қайын ормандарының кезектесуімен ерекшеленеді. 
Саябақтың  өсімдіктер  дүниесі  Көкшетау  жотасының  ландшафтымен 
тығыз  байланысты.  Оның  көтеріңкі  орналасуы  және  қатты  қиғаштығы,  басқа 
аймақтарға  қарағанда  жауын  -  шашынның  көптігі  (300  –  500  мм),  ылғалдың 
көптігі дала зонасында шалғын ландшафтының өмір сүруіне жағдай жасайды. 
Саябақ  айлағында  орманды  батпақтар  кездеседі.  Гранит  массивы 
аумағындағы  тұщы  көлдердің  жоғалуының  салдарынан,  қайың  -  қарағай 
орманды  батпақтанған  бөлігі.  Онда  жас  қайыңдардың  қаулап  өскен  және 
шіріген ағаштардың құлап жатқандықтан, аяқ алып жүруге өте қиын. 
«Бурабай»  Мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағының  аумағы  -  шексіз 
орман,  олай  болса,  ол  жерді  саңырауқұлақ  патшалығы  деп  те  айтуға  болады. 
Саңырауқұлақтардың  орындарын  қарағай,  қайың  ормандарда  кездестіруге 
болады. Ал оның кейбір түрлері ашық алаңқайларда, жол жиегінде де өздерін 
керемет сезінеді [1]. 
Бурабай  ормандары  бұрынғы  кезде  қазіргідей  болмаған.  Мұздық 
дәуірінен  мұнда  қарағай  емес,  емен  мен  үйеңкі  өскен.  А.В.  Жарковтың  1929 
жылғыҚарасым  көлінде  бұрғылау  жұмыстары  өткізілгеннен  кейін  ашылды. 
Бурабайда  бұл  ағаштардың  қалдықтарының  табылуы,  баяғы  заманда  бұл 
жерлерде  жылы  да  ылғалды  климат  қажет  ететін  жапырақты  ормандар  өскен. 
Мұздық дәуірінен кейін бұл ормандар қарағай ормандарға ауысқан.  
Гидрография  және  гидрологиялық  жағдайлар.  Саябақ  аумағындағы  су 
ресрстары  негізінен  көлдерден  және  шағын  бұлақтардан  тұрады.  Көкшетау 
маңындағы көлдер тектоникалық түрге жатады. Олар көлемді, терең және суы 
тұщы  болып  келеді.  Ең  ірі  көлдерге  Үлкен  және  Кіші  Чебачье,  Шортанды, 
Бурабай жатады. 
Әрбір  ірі  су  қоймалардың  жанында  демалыс  аймақтары  және  елді 
мекендер  орналасқан.  Көтем  -  жазғы  кездерінде  бұл  су  қоймалардың 
жағалауына демалушылар көптеп келеді. 
Таулы  -  орманды  массивінде  орналасқан  кішігірім  көлдер  сол  жерде 
мекендейтін жануарларүшін аса маңызды. Оған Горное, Лебяжье, Үлкен және 
Кіші Карасье, Светлое көлдері жатады. 
Кішігірім  дала  көлдері  ұлттық  саябақтың  шет  жақтарында  орналасқан, 
олар қар суымен толығып отырады. Олардың суы тұзды және ащы, таяз және 
тұйық. Суағындары бұлақтармен және кішігірім өзендермен берілген. 
Бұл  жерлердің  ең  көрікті  жерлері  Кокшетау  тауы,  Абылайхан  алаңы, 
Абылайхан  тағы,  Бурабай  тауы,  Жекебатыр  тауы,  Жұмбақтас,  Ақылбай  асуы, 
Болектау, махаббат үңгірі, Ыбырай соқпағы, Кенесаря Касымұлы үңгірі. 
Қоршаған  ортаның  жағдайының  нашарлауы  жалпы  экологиялық 
туризмнің дамуымен тікелей байланысты. Қазіргі ірі қалалардағы болып жатқан 
антропогенді  салмақ,  олардың  тұрғындарын  табиғатқа  шығуға  итермелейді. 
Дамыған елдерде демалыс уақытын екі кезеңге бөліп, оны табиғатта өткізудің 
тарала бастауы кездейсоқ емес. 
 


206 
Республиканың Қызыл кітабына енген жануарлар  мен табиғатты қорғау, 
ұлттық  парктің  флора  мен  фауна  туралы  мәліметтерді  жинауға  болады. 
Мұражайда  6  көрме  бөлмелері  бар.  Үшеуінде  Солтүстік  пен  Орталық 
Қазақстанда  мекендеген  сүтқоректілер  мен  құстардың  200  -  дей  түрлерінің 
экспонаттары  қойылған.  Қалған  үшеуінде  «Бурабай»Мемлекеттік  Ұлттық 
Табиғи  Саябақтың  аумағындағы  минералдардың,  жәндіктердің,  өсімдіктердің, 
жабайы  жануарлардың  және  т.б.  түрлі  экспонаттардың  макеттері  орналасқан. 
Барлығы 200 - ге жуық. Жыл сайын 80 мың адам Табиғат мұражайына келеді 
[2]. 
Бәріне  белгілі,  туризмнің  қазіргі  заманғы  түрлерінің  көп  бөлігі  табиғи 
туристік  ресурстарды  пайдалануға  бағдарланған.  Экотуризмнің  тұрақты  даму 
идеясын  жүргізудегі  негізгі  құрал  болып  табылатынын  дәлелдейді.  Егер  бұл 
ақылсыз,  ашкөз  адамның  қолына  тисе  жаппай  туризмнен  де  көбірек  қауіп 
тигізуі мүмкін. Сонымен қатар белгісіз аудандарға ертерек көп тұтынушыларға 
жол ашып, табиғи кешендерді бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін.  
Туризмнің  табиғи  кешендерге  әсері  бір  -  бірінен  ажыратылуы  қиын 
тікелей әсері: 
1. Аң  аулау,  балық  аулау  үрдісінде  флора  және  фаунаны  жою, 
шаруашылық  қызметпен  айналысуға  территорияларды  алу  жолында  табиғи 
жағдайларды бұзу және т.б. 
2. Өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемінің  өмір  сүруінің  табиғи  үрдісіне 
тамақтандыру,  жасанды  жасалған  жағдайлармен,  ұялары  мен  індерін  бұзумен, 
оларға тынышсыз атмосфера мен кедергі жасау. 
3. Адам 
қызметінің 
экскременттері, 
органикалық 
тамақ 
қалдықтарыөнімдері  арқылы  шаруашылық  қызметтен  (ормандарды  шабу, 
топырақтағы бұзылу) аурулар, инфекцияларды туғызады (кесте 1) [3]. 
 
Кесте 1. Туризмнің табиғи орта компонентіне әсерінің үлгілері 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет