207
2. Географиялық қабық компоненттеріне ғаламдық антропогендік әсер
(топырақ және су жамылғысының ластануы, ормандарды шабу және эрозияның
дамуы, климаттың ғаламдық өзгерісі, атмосфераның ластануы және т.б.).
3. Адамның алдын - ала құрылымын анықтап (генетикалық өзгерістер,
мутанттар) жасанды түрде жануарлар мен өсімдіктерді жасауы.
Көбінесе баяу қалпына келетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері, сирек
кездесетін аз популяциялар зардап шегеді.
Бурабайдың экологиялық және санитарлық - гигиеналық жағдайы.
Бурабай ауа бассейнінің ластануын бағалауда бәрімізге белгілі, атмосфераның
жалпы циркуляциясы арқылы ластанған заттар орасан зор қашықтықта жүзеге
асырылады. Жердің ауа қабығына түскен әртүрлі заттар жүздеген, мыңдаған
шақырымдарға тарауы әбден мүмкін.
“Бурабай” кешендік фондық мониторинг бекеті Бурабай қыстағының
шығысында орналасқан. Бұл территорияда ірі өнеркәсіп орталықтары жоқ.
Бурабай учаскесінің ластануына үлкен рөл алатын Шортанды қаласының
өнеркәсібі және Бурабай қыстағы.
XIX ғасырдың басында Бурабай су ресурстарының экологиялық
жағдайында өзгерістер болды. Мысалы, Қотыркөл көлінен бастау алатын
Сарыбұлақ өзені бұлаққа айналып, жерасты суларынан және атмосфералық
жауын - шашынмен қоректенетін және оңтүстік - шығысындағы Әулиекөл
көліне құятын өзенге айналды.
Қазіргі кезде Бурабай курорттық зонасындағы адамдардың ақылсыз
шаруашылық қызметтері өзендер мен көлдердің жағдайларына теріс әсерін
тигізді. Шортанкөл, Айнакөл көлдерінде аралдар пайда болды. Кейбір жерлерде
су жағадан жүздеген метрге дейін төмендеді. Көлдер деңгейінің түсуі Әулиекөл
көлі бойынша 0,025 м/жыл, Айнакөл бойынша 0,22 м/жыл. Судың қайтуы,
әсіресе Әулиекөл (Бурабай) көлінде температураның өзгерісіне, судың
тұздылығына өзгеріс әкелді. Ол өзгерістер суасты балдырларының көбеюіне, су
сапасының азаюына әкеп соқтырды [4].
Бурабай көлін сақтау мәселесінің өзектілігі осы табиғи кешеннің
ерекшелілігімен анықталады. Қазіргі кезде Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи
саябағында 16 емдеу орындары және орындарының жалпы саны 65 мыңнан
астам 20 - дан аса пионер лагерьлері бар, ал ұйымдаспаған туристерді қосатын
болсақ, жалпы саны 200 мыңнан асады.
Көлдердегі су режимінің нашарлауына себеп болып отырған
коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын су көлемінің артуы. Көлдердегі қар
еру мен мұз қату кезеңі аралығында болатын су келуі мен пайдалануында су
балансы теріс
коэффициентте болады, яғни нәтижесінде көлдердегі су
деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Экотуризм өсуі қосымша Ғ - да
көрсетілген.
Осы сирек кездесетін аймақтағы табиғат кешеніне төніп тұрған қауіпті
ескере отырып, көлдердің түбін шөгінділерден қорғауға және деңгейлік
режимін сақтауға бағытталған іс - шаралар кешені жасалды.
Бурабай зонасындағы экологиялық жағдайдың жақсарту үшін төмендегі
бірінші реттік іс - шаралар ұсынылады:
209
территориларды ақпарат көздері көмегімен, ғалымдар, экологтармен кездесу
ұйымдастыру сонымен өатар қаражаткөздерін ұйымдастыру арқылы
экологиялық тепе - теңдікте сақтайды [3].
Достарыңызбен бөлісу: