Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет317/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   333
Материалдары мен әдістері:
Тәжірибе жүргізу үшін дене салмағы 200-
210 г, жасы 5-6 айлық «Вистар» тұқымдасына жататын егеуқұйрықтардың 
аталықтары алынды. Эксперимент 20 егеуқұйрыққа жүргізілді. Жануарлардан 
2 топ құрылды. 
Бірінші топ 
– бақылау тобы, 
екінші топ
энергетикалық 
сусынын 2,5 ай қабылдаған жануарлар. Барлық топтағы жануарларды зерттеу, 
эксперимент біткеннен кейінгі 1 тәулік өткенде жүргізілді. Мүшелердің 
құрылымдық-функционалдық қасиеттерінің тәуліктік ауытқуын болдырмас 
үшін, барлық шаралар және мүшелер үлгілерін алу таңғы сағаттарда (8.00 - 
9.00) жүргізілді. 
Зерттеу барысында гистологиялық техника әдістері қолданылып 
тұрақты препараттар жасалды және бинокулярлы микроскоп ZEISS Primo 
Starмен гистологиялық зерттеу жүргізіліп, сипаттама берілді. 
Нәтижелері мен қорытындылары:
Бақылау тобының гистологиялық препараттарын зерттеу барысында 
аталық жыныс безі сероздық қабықпен қоршалған, ұрық шығару 
каналдарының эпителиоциттерінде мембраналары жақсы көрінеді, ядролары 
ортасында орналасқан, ұрық шығару каналшықтарының пішіндері домалақ
сопақша және бәрі біркелкі қатарласа орналасқан. Аталық жыныс безінің ирек 
шәует каналшықтарында сперматогенез процесі жүріп, сперматозоидтар 
қалыптасқан. Каналшықтар арасы борпылдақ дәнекер ұлпамен толған, онда 
қан тамырлары, жүйке талшықтары және Лейдинг жасушалары – 
эндокриноциттер орналасқан. 
Тәжірибелік топтағы материалдарды зерттеу барысында, құрамындағы 
ұрық шығару өзегі, бұлшық ет, қан айналу және лимфа тамырлары, нерв және 
шандырлар кіретін ұрық қаналшасның ісінгені анықталды. Ұрық түзілетін 
каналшықтардағы эпителиоциттер мембраналарының жұқарғаны, олардың 


334 
арасындағы интерстиция мөлшерінің артқаны жақсы көрініс берді, кейбір 
жасушалардағы ядролардың некроздары айқын байқалды. Ісіну барысында 
ұрық каналшықтарының пішіндері өзгеріске ұшыраған. Яғни, аталық жыныс 
безінің ұйымдасу құрылымындағы өзгерістер сперматогенездің қалыпты 
жүріп, жыныс жасушаларының қалыпты түзілуіне әсерін тигізеді деген пікір 
қалдырады. Себебі, каналшықтарда сперматогенез процесі жүріп, 
сперматозоидтар түзілетіні белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет