Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет21/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71

Тәуелсіздігім – тірегім

Атамекен... Атажұрт... Туған жер... Бұл – ең жоғарғы құндылықтардың, 

асыл ұғымдардың бірі. Атамекен – ата-бабаларымыздың қоныс тепкен 

жері, асыл мекені. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге 

келген  жері.  Бұл  ұғымдарды  айтуымның  басты  себебі  -  Тәуелсіздік. 

Атамекен, Туған жер сөздерін «тәуелсіз» деген ұғымсыз айту мүмкін 

емес.  Тәуелсіз  болу  –  егеменді,  байтақ  ел  болу.  Мен  Тәуелсіздікті 


214

Казахстан, армия, патриотизм

қанатын кеңге жайған қыран құсқа, шапса бәйге бермейтін сәйгүлік 

тұлпарға, түпсіз тұңғиық терең теңізге, тамырын тереңге жайған алып 

ағашқа теңеймін. Тәуелсіздіктің бізге берері мол. «Тәуелсіз ел» деген 

екі  ауыз  сөздің  өзі  құлақтың  құрышын  қандырады.  Тәуелсіз  болу  – 

қиындықтарға мойын сұнбай жеңе білудің, тар жол тайғақ кешсе де 

сүрінбей кеудесін тік ұстап берілмеудің нәтижесі, жемісі. Тәуелсіздік 

жолында қаншама саңлақтарымыздан айырылдық. Олардың қайтпас 

қайсарлығының, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің, келер ұрпаққа 

деген сенімінің арқасында қол жетпес арманға қол жеткіздік. 

Сонау 1986 жылғы қаһарлы желтоқсан оқиғасы әркімнің болсын 

жүрегін  сыздатып,  көзін  еріксіз  жасқа  толтырады.  Желтоқсан  сөзін 

естігенде  боранды,  даулы  күндегі  қыршыннан  қиылған  жастар  көз 

алдыңа  елестейді.  Қазақ  жігіттерінің  арыстандай  айбатты,  жолба-

рыстай  қайратты  мінезі,  қыздарымыздың  ер  жігітке  тән  қайсарлық 

көрсетуінің жемісі – Тәуелсіздік болды. Олардың басты мақсаты – келе-

шек ұрпақтың бейбіт өмір сүруі еді. Өзімізден кейінгі ұрпақ дүмдірек, 

қуатты болсын деген ақ ниеті еді. Қазақ халқымызда «Әкеден – бала, 

ағадан – іні, ұстаздан – шәкірт озсын» деген асыл сөз бар. Желтоқсанға 

қатысқандар қанша жас болса да өз ағаларының, беделді азаматтардың 

көтере алмаған өзекті мәселесін көтеріп, өздерін Отан жолында құрбан 

етті. Тарландарымыз Отан үшін ешқандай қиындықтан бас тартпады. 

Туған елге, кіндік қаны тамған жерге деген махаббаты, сүйіспеншілігі 

оларға дем беріп, алған беттерінен қайттармады. Міне, қазақ халқының 

қайтпас қайсар өрендері осылайша елге төнген қауіпті сейілткен еді. 

Осындай қиын қыстау күндерде қара бұлтты қақ жарған жарық сәуле 

қазақ халқын қуанышқа бөледі. Ол – елдің Тәуелсіздігі еді. Желтоқсан 

жастарынан  бізге  «Тәуелсіздік»  атты  өшпес  із,  баға  жетпес  қазына 

қалды. Аш қасқырдай аранын ашқан қара түнек қазақ халқын айна-

лып өтті. 

1991 жыл. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған, киелі 

жыл.  Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  болып  жарияланған  жылы. 

Қиын қыстау күндердің артта қалып, қазақ халқының арқасын кеңге 

жайып, азат болған қасиетті жылы. Бүгінде Тәуелсіздігімізге 21 жыл. 

Аспанымыз ашық, кең байтақ жеріміз, тәуелсіз еліміз бар. Жерімізде 

жайқалып  өскен  гүл,  көгімізде  самғап  ұшқан  құс,  езуімізде  күлкі, 

желбіреген  көк  байрағымыз,  «құлақтан  кіріп  бойды  алар,  әсем  ән 

мен  тәтті  күй»  демекші  әр  азаматтың  бойын  баурап  алып,  күш  бе-

рер,  еліне  деген  сүйіспеншілігін  арттыра  түсер  әсем  де  ырғақты 

әнұранымыз, «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген-



215

Сочинения школьников Алматинской области

дей киелі аспабымыз қара домалақ домбырамыз, ұшқыр ойлы елба-

сымыз  бар.  Еңселі  ел  болу  үшін  осыдан  артық  не  керек?!  21  жылда 

талай игі істер атқарылды, еліміз де көркейіп, өркендеп келе жатыр. 

Күн санап сән түзеген еліміздің кешесі мен бүгінін салыстыру мүмкін 

емес. Қазақстан деген мемлекетті дүниежүзі мойындады десек артық 

айтпаған болармын. Оның дәлелі –елімізде өткен Саммит, қысқы Ази-

ада ойындары. Бұл аталмыш оқиғаларды жоғары дәрежеде, әлемдік 

деңгейде  өткіздік.  Дүниежүзі  елдерінің  ақ  ордамыз  Астанада  бас 

қосуы  асқан  мәртебе,  тәуелсіздіктің  жемісі.  Еліміздің  аяғынан  тік 

тұрып,  әлем  сахнасында  көрінуі,  еңселі  ел  болуымыздың  көрінісі, 

қазақ  халқының  маңдайына  біткен  жарық  жұлдызы,  біздің  елбасы-

мыз  –  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  арқасы  деп  білемін.  Қазақ 

халқының жеткен жетістіктері осымен аяқталып қалмайды. 21 жыл-

да  қандай жетістіктерге жетсек, әрі қарай да  тоқтап қалмай  күн са-

нап  тіптен  сағат,  минут,  секунд  санай  дамып,  бір  секундымызды  да 

жоғалтпай асқар-асқар белестерді бағындырып, биік шыңның басы-

нан көрінеміз деген ойдамын. 

Тәуелсіздік  бізге  бекерден  бекер  келген  жоқ.  Екі-үш  ғасырға 

созылған, сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап, кешегі Ресей от-

арлауына  ұласқан  қиын  қыстау  күндерде,  азаттық  жолында  құрбан 

болған тарландарымыз, келешек ұрпақ мына біздер үшін жандарын 

шүберекке түйіп жүріп, қан майданда күрескен ата-бабаларымыздың 

ерліктері ұмыт болмай, өткен күндердің елесіндей біздің санамыздан 

өшпесі анық. Осындай қиын, әрі қилы өмірді бастан кешірген кешегі 

ата-бабаларымыз  алдында  біз  борыштармыз.  Сол  борышымызды 

өтеу үшін біз бас көтермей білім алып, еңбек етуіміз керек. Өз еліміз, 

Қазақстанымыздың  гүлденуі  мен  көркеюіне  аз  да  болса  үлесімізді 

қосуымыз керек.

Мен  «Тәуелсіздігім  тірегім»  атты  шығарманы  жазуымның  ба-

сты себебі, жас буынға яғни бізге және біздің артымыздан еріп келе 

жатқан  кейінгі  жастарға  туған  елді  қастерлеп  сүю  керектігін  және 

осы  еліміздің  өздігінен  қалыптаспағандығын,  алдымыздан  қанлдай 

қиындықтар тау-тау болып тұрғандығы, сол тауды асып өту үшін ата-

бабаларымыздың жасаған ерліктерін ескеріп, әрқашан тек қана алға 

ұмтылу керектігін айтқым келді. Мемлекет өздігінен қалыптаспайды. 

Әр отбасы бір шағын мемлекет болса, сол мемлекеттердің бірігуінен 

үлкен және қуатты мемлекет қалыптаспақ. 



216

Казахстан, армия, патриотизм

Болатұлы Амандос 

6 сынып, Нұрым орта мектебі Кербұлақ ауданы, 

Нұрым ауылы

Туған жер

Менің туған жерім – Нұрым ауылы. Мен Нұрым ауылында өстім. 

Ауыл құмдауыт жерде орналасқан. Біздің ауыл «Алтынемел» МҰТП-нің 

аумағында орналасқан. Ұлттық паркте Айғайқұм, Қату, Ақтау, Бесшатыр 

қорғаны,  Мыңбұлақ  және  қазақтың  ғалымы,  саяхатшы  Ш.Уалиханов 

су  ішкен  «Шоқан  бастауы»  бар.  Осы  өңірде  «Қызыл  кітапқа»  енген 

тораңғы  ағашы  мен  бұталар,  дәрілік  өсімдіктері,  уқорғасын,  қызыл 

мия,  қызғалдақ  гүлдерінің  сирек  кездесетін  сұрыптары  кездеседі. 

«Алтынемел» МҰТП-не шетелден көптеген саяхатшылар келеді. Ауы-

лымыз көркейген, көгалданған мекен болсын деп Құлжабаева Гүзел 

апай бізге үлкен бақтар егіп берді. Осы ауылда өмірге келген ҚР халық 

әншісі  Н.Нүсіпжановқа  арналған  бақ  ашты.  Бұл  баққа  алма,  алмұрт, 

жаңғақ, жиде тағы неше түрлі жеміс ағаштарын отырғызды. Қоршау 

ретінде  шетіне  талдар  мен  көктеректер  және  жылдам  өсетін  қытай 

теректерін  екті.  Ауылдың  солтүстік-батысына  5  гектар  жерге  күміс 

жапырақты  теректі  алқап  егіп  берді.  Қылқанжапырақ-тылар  ауаны 

жақсы тазартады және қыс мезгілінде де аулаға әдемі көрік береді. 

  «Гүлстан»  журналының  бас  редакторы  –  Құлжабаева  Г.Ә.  2010 

жылы  күзде  мешіттің  жанына  қылқанжапырақты  бақ  екті.  Екі  гек-

тар  жерге  қылқанжапырақты  шырша  мен  қарағайдың  көшетін 

отырғызуға алып келді. Қылқанжапырақтыларды жерге отырғызуға 

ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен мұғалімдері де көмектесті. 

Нұрым орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Т.Т. Нурманова апай-

мен  бірге  қарағайларды  санап,  ұзындығын,  арақашықтығын  өлшеп, 

арамшөптен тазартып, күнделікке жазып жүреміз. 

Қарағайлы алқаптың ені – 50метр, ұзындығы – 400метр, ауданы – 

2 гектар. Барлығы – 12 арық. Тас жол жақтан бастағанда бірінші, екінші 

қатарға  түгелдей  шырша,  3,4,5,6,7,8,9,10 қатар  қарағайлар,  бас  және 

аяқ жақтарына шыршалар егілген. 11,12 қатарға шыршалар егілген.

Еліміздің көркейіп дамуына өз үлесін қосып жатқан ауылымыздан 

шыққан  Құлжабаева  Гүзел  апайға  кішкентай  бүлдіршіндер,  мектеп 

мұғалімдері, әкімшілік, ауылдың адамдары да риза. Қазір ауылымыз 

гүлденіп тұр. Тайыржан атамның үйіне 6 түп алма,10 түп шие, 5 түп 

алмұрт және 4 түп жаңғақ ектік. «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» 



217

Сочинения школьников Алматинской области

деген  мақал  бекер  айтылмаған  ғой.  Мен  де  ауылымның  гүлденуіне, 

көгалдануына атса-лысқым келеді.

Жүнісбек Заңғар

4 сынып, №35 мектеп-гимназиясы Талғар ауданы, Бірлік ауылы

Жетекшісі: Нұқақызы Шарбану

Мен өсемін

Бейбіт, шаттық заманда

Күндей күліп өсемін

Ер жеткен соң халқыма

Адал еңбек етемін.

Қуантып әже, ата-анамды

Білім нәрін тоқимын

Өсіп жігіт болғанда.

Жасыл желекке бөлеп жерімді

Қуантып елімді

Алып тәуелсіз ел құшағынан

Мен бүгін қуат аламын

Өнегесін бабалардың

«Ой» мен «істі» биік-биік

Шыңдардан асырамын.

Білім мен тәрбие берген ұстаздарым

Туған ауыл қымбат маған

Сіздердің қастерлі өнегелеріңізді жырлап бағам

Сіздерден алған қадір-қасиетті сезу үшін

Үлкен жүрекпен маған көзім керек.

Мен өсемін, өсемін

Ер жеткен соң еліме

Адал қызмет етемін.


218

Казахстан, армия, патриотизм

Жүнісбек Тұнық

8 сынып, №35 мектеп-гимназиясы Талғар ауданы, Бірлік ауылы



Менің асыл – әжем

Балажандылық,  бауырмалдылық  шығыс  халқына,  оның  ішінде 

қазақ  халқына  тән  ежелгі  қасиет.  Жанұяда  бала  тәрбиелеудегі 

үлкен тұлға – анасы мен әжесі. Әжелердің ұстамдылығы, төзімділігі, 

сабырлылығы, еңбекқорлығы, қиыншылық атаулыға қажырлылықпен 

қараулары үнемі бізге үлгі болуға тиіс. Шоқан Уәлихановтың Айғаным 

әжесі,  Абай  атамыздың  Зере,  Мұхтар  Әуезовтың  Дінасыл  әжелері 

қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.

Бала  жүректің  мирасы  деп  қарайтын  балажан  адамдардың 

бірі – менің әжем – Шәрбану. 40 жыл ұстаздық еңбек етіп, мыңдаған 

шәкірт тәрбиелеп, бүгінгі күні құрметті демалыста. Жасы 66-ға тол-

са  да,  тынымсыз  еңбек  етіп,  мен  оқитын  №35  мектеп-гимназияда 

ата-аналар  қауымдастығының  төрайымы  ретінде  бүкіл  ата-аналар-

ды  ұйымдастырып,  мектеп  ауласын,  ауылды  көгалдандыру  ісімен 

айналысады. Мектеп ауласын бүгінгі күн талабына сай жасыл желек-

ке  айналдыру  үшін  көп  ізденіс  қажет  болды.  Әжем  ұстаздарды,  ата-

аналарды,  оқушыларды  Алматы  қаласындағы  әсем  де,  тағылымды 

«Гүлзар»  қоғамдық  бірлестігіне  экскурсияларға  апарды.  «Гүлстан» 

Республикалық  ғылыми-танымдық  журналға  2008  жылдан  бастап 

мектеп басшылары, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар жыл сайын жа-

зылып, оқып үйренудеміз. Осындай талаптану мен ізденіс нәтижесінде 

мектеп  ауласында  түрлі  өсімдіктерден  14  композиция  бой  көтерді. 

Олар:  «Бөтегүлдер  алаңы»,  «Аршалар»,  «Ғылым  композициясы»,  екі 

«Альпі шоқысы», «Кірпігүлдер алаңы», «Юккалар», «Жеміс-жидектер 

бағы»,  «Түлектер  аллеясы»,  «Өсімдіктер  әлемі»,  «Розарий»,  «Көп 

жылдық  аласа  бойлы  гүлдер»,  «Әжемнің  құрағы»,  «Қыран  төбешігі» 

және рәміздер күні қарсаңында биыл еліміздің Елтаңбаларының бірі – 

«Көк байрақты» бозкілем өсімдігінен жасадық. Бұл – композицияның 

авторы менің әжем Шарбану екендігін мен мақтан тұтам.

Әжем үнемі былай дейді: «Менің кәрілікке бой алдырмау себебім – 

ол қозғалыс, өзің сүйген істен алатын күш-қуат, ал жасыл өсімдік адам 

ағзасына  тек  жағымды  энергия  беріп  отырады,  ауырмайсың,  әр  кез 

көңілді жүресің, ұзақ өмір сүресің». Әжем мектептегі әрбір оқушыны, 

өз  немересіндей  көреді.  Күнделікті  іс-әрекет  арқылы  бала  бойына 

адамгершілік ізгілікті дарытуға, туған ауылын, елін көгалдандыруға 


219

Сочинения школьников Алматинской области

баулу  ісіне  көп  көңіл  бөледі.  Әжем  мектепте  «Сұлулық  нәрі»  атты 

жас  гүл  өсірушілер  үйірмесін  жүргізеді.  Үйірме  мүшелері  өсімдіктер 

әлеміне деген қызығушылығын арттырып, іс жүзінде ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын жүргізуде. Базарбаев Саят «Таза болса табиғат, аман бо-

лар адамзат», «Бірлік Зерде», «Жүз жылдықтың жүз емі» атты ғылыми 

жоба жұмыстарын жүргізуде.

Мен осы үйірме мүшесімін. 5 сыныпта «Жергілікті жердің дәрілік 

өсімдігі  –  итмұрын»  тақырыбындағы  еңбегім  облыстық  семинарда 

бағаланды.  7  сыныпта  «Іле-Күнгей  Алатау  –  флористикалық  аудан 

қызғалдақтары» тақырыбындағы жұмысым «Өмір және ғылым» атты 

І-ші халықаралық оқушылардың конференциясына қатысып «Ғылым 

шырағы» дипломы және таланттар академиясының сертификатымен 

марапатталдым. Бүгінгі күні менің әжемнің ерен еңбегі нәтижесінде 

мектебім жаңаша үрдісте көгалдандырылды. Мектепте жылыжай бар. 

Жылыжайдағы әрбір істі әжеммен бірлесе үйірме мүшелері атқаруда. 

«Балаларым  –  мына  нарықтық  кезеңде  жылыжайды  меңгеру  нағыз 

табыс көзі екенін есте сақтаңдар», - дейді асыл әжем. Әжем мектеп-

те  «Әжелер  шапағаты»  атты  әжелер  ансамблінің  жетекшісі.  Ұлттық 

салт-дәстүрді,  әдет-ғұрпымызды  жас  жеткіншектерге  дәріптейді. 

Міне,  менің  асыл  әжем  өз  бойындағы  адамдық  асыл  қасиеттерімен 

мені  және  інім  Заңғарды  сусындатуда.  Гүлді  өсімдіктерді  өсіру, 

күту,  көгалдандыру  жұмыстары  үнемі  ізденіс,  тәжірибе  алмасу,  гүл 

мәдениетін  меңгеруге  байланысты  өзгерістермен  жаңалықтарды 

біліп  отыруды  және  көруді  талап  ететін  сала  екен.  Сондықтан  да, 

әжем  Атакентте  өтетін  (сәуір  және  қараша  айларында)  көрмелерге, 

аудандық,  облыстық,  республикалық  семинарларға  үнемі  қатысып 

отырады.  2009  жылы  мамыр  айында  халықаралық  «Қызғалдақтың 

отаны  –  Қазақстан»  атты  фестивальде  5  сынып  оқушысы,  яғни  мен 

Алғыс  хат  және  Құрмет  грамотасымен  марапатталдым.  Мен  бұл 

жетістікке жетуім біріншіден мәпелей отырып үйреткен әжем болса, 

екіншіден Гөзел Құлжабаева апай мен Батима Қабдолданова апайдың 

ақыл-кеңес,  іс-тәжірибелерінің  нәтижесі  екендігін  мақтанышпен  ай-

тамын.


220

Казахстан, армия, патриотизм

Изаева Қаламқас

9 сынып, № 2 орта мектебі Қапшағай қаласы



Қазақстан тілімен егіз

Мен  бақыттымын...  Себебі  мен  ынтымағы  жарасқан,  бірлігі 

ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады 

екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. 

Достығы  дархан  елімнің  аты  –  Қазақстан!  Туған  елім  –  тірлігімнің 

айғағы.  Тілім  барда  айтылар  сыр  ойдағы,  Өссе  тілім,  мен  де  бірге 

өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев 

ағамыз  жырлағандай  тіл  қай  елде  болса  да  қастерлі,  құдіретті.  Ол 

достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, 

ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан 

өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат 

десек, жаңыла қоймаспыз.Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір 

сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, 

өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. 

Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. 

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға 

мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. «Тіл туралы» заңдағы 

«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып та-

былатын  мемлекеттік  тілді  меңгеру  –  Қазақстан  Республикасының 

әрбір  адамзатының  парызы»  –  деген.  Әрине  ұлттың  ең  бірінші,  ең 

қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы – тіл болып есептеледі. Со-

нымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың 

жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы 

мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі  деп  анық  жазған.  Ата  Заңымыздан 

туындаған  «Тіл  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңында  да 

осы  жағдай  берік  қамтылған.  Біздің  азаматтық  парызымыз  –  тіл 

заңындағы  талаптар  да  жүйелі  түрде  жүзеге  асыру.  Ол  тілдерді 

қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламаларынан  да  көрініс  тапты.  «Тіл  –  біздің  тұтастығымыз», 

«Тіл  тағдыры  –  ел  тағдыры»  деп  те  айтып  жүрміз.  Сондықтан  әр 

адам  өз  ана  тілін  көзінің  қарашығындай  қорғауға,  оның  орынсыз 

шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің 

абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша 

ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы 

ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. 


221

Сочинения школьников Алматинской области

Тәуелсіз  елдің  елдігі  жас  ұрпағын  парасатты  да  білімді,  іскер 

де  қабілетті,  отансүйгіш  те  ұлтжанды  тұлға  етіп  қалыптастыруда 

мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, 

ес  жиып,  етек  жия  бастаған  бұл  күндері  осындай  ойға  қонбайтын, 

солақай  сорақыларды  көбен  көріп,  қолмен  ұстай  отырып  қазақ  тілі 

мәселесі  жөнінде  толғанбай  тұра  алмаймыз.Тіл  –  таусылмайтын 

байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алды-

мен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. 

Қазақ  тілі  –  өте  бай  тіл.  Ол  шаруашылықтың  бар  саласын 

өркендете  түсуге  себепші  күш,  халқымыздың  мәдени  дәрежесін 

көтере  беруші  пәрменді  құрал,  жұртшылықты  жаппай  отаншылдық 

рухта  тәрбиелеудің  құралы,  қуатты  қаруы.  Амал  не,  осындай  әдемі 

туған  тіліміз  бола  тұра  өзге  тілде  сөйлейтіндер  де  көп  болды.  Тіпті 

туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. 

Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен 

бірдей. Осы кезде Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам 

– жәндік»,-деп, ашына айтқаны ойға келеді. Ана тілін ұмытқан адам өз 

халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ана тілі – ар өлшемі. 

Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. 

Ұлттың  мәдениеттің  гүлденуі  мен  адамдардың  тарихи  қалыптасқан 

тұрақты  қауымдастығы  ретінде  ұлттың  өзінің  болашағы  ана  тілдің 

дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. 

Сондықтан  туған  тілге  деген  сүйіспеншілік бала  кезеңнен  басталуы 

тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.  

Биыл көк байрағын көтерген Тәуелсіздікке 20 жыл. Жиырма жыл-

да  еліміз  дамып,  еңсесін  көтеріп,  басқа  елдермен  терезесі  теңелді. 

Халық болып, ел болып Ата Заңымыз қабылданды. Аспан түстес Туы-

мыз, халықты елдікке, бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз 

бар. Қастерлі де қасиетті тіліміз бар. 

Осының  бәрі  –  Тәуелсіздігіміздің  айғағы,  биік  шыңы.  Асқарлы 

биік таулар, мөлдір таза бұлақтар, кеңжайлау, жұпар иісті ауасы бейбіт 

өмірімізге әсем көрік беріп тұрғандай. Міне, мен осындай заңғар биік, 

достығы мызғымас берік Туған жерімді сүйемін! Құтты болсын елдігің.

Туған елім, топырағыңа не жетер? 

Өз басыңа нелер келді, не кетер?

Отанынсызтіріжандар не етер,

Отанымжоқ, жетіммін мен депөтер.

Таңшапағыңаймалайдыжүзімді,


222

Казахстан, армия, патриотизм

Сағындым мен қысың, жазың, күзіңді.

Жүрегімемәңгісалғанізіңді,

Елестетіпбіртамшыжасүзілді.



Қадырман Диана

9 сынып, № 2 орта мектебі Қапшағай қаласы



Менің Отаным – Қазақстан

Туған  жер  –  адам  өмірінде  киелі  орын  алады.  Нақты  осы  жер 

оны  елімен,  өткенмен  және  болашақпен  байланыстырады.  Міне, 

сондықтан  да  тіпті  балалық  шақтан  бастап-ақ  адамда  Отанға  деген 

махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан  ошақ басынан бастала-

ды: туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным кішкентай болса 

да, мен үшін аса қымбат жер Қапшағай қаладан басталады. Дәл осы 

жерде  менің  көңілді  де,  шаттықты,  уайымсыз  балалық  шағым  өтті. 

Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше 

әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік 

сирек  жүретін,  бірақ  серуендеп  жүретін  адамдар  көп  болатын.  Иә... 

Туған  жер  ұзаққа  қиып  жібермейтін.  Сен  әрқашан  өзің  бармасаң  да, 

оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...» деген 

ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір 

бой жеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула 

мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір 

бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. 

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты 

болады  деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың 

– менің Қазақстаным!

Сен барсың менің жанымда,

Көктемнің гүлі ашылған!

Балалық шағым қасыңда,

Тағдырым сенсің, Қазақстан!

Мен  үшін  Отан  –  құндылықтарды  материалды  тасымалдаушы 

емес. Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін 

Жердің рухани бұрышы.


223

Сочинения школьников Алматинской области

Бұл біздің де, біздің Елбасшымыздың үлкен жетістігі. Біз, жастар 

бүгінгі  табысымызды  бекіте  отырып,  жаңа  асуларға  жету  үшін  көп 

еңбек етуіміз қажет.  Біз оған дайынбыз. 

Менiң  Қазақстаным  мiне:  бейбiт,  еркiн,  бай,  көп  ұлттығы.  Шы-

нымен  мұндай  елдi  жақсы  көрмеуге  болмайды  ма?  Бiздер  бiздiң  ел 

өткенiмiз мақтанамыз, бiз өмiр оны осы атымен ортақ келешек арнай-

мыз.


Қазбекова Анеля

7 сынып, №2 орта мектебі Қапшағай қаласы



Отаным – алтын ұям бесігім

Отанға деген  махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббат-

пен тең.

Менің  Отаным  –  Қазақстан.  Қазақстанда  дүниеге  келіп,  осын-

да  өсіп  жатырмын.    Қазақстандай    елім  болғанына,  қандай  елдерде, 

мемлекеттерде  жүрсем  де  мақтана  аламын.    Қазақстан  жер  көлемі 

жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз 

біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ  елінде 16 млн-ға  жуық  халық 

тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. 

Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге 

жүгіне  отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, 

бірлігі  мен  ынтымағы  жарасқан  ел  екеніне  көз  жеткізуге  болады. 

Қазақстан  тәуелсіз    мемлекет.  Сондықтан  да  оның  өз  әнұраны,  Ел-

басшысы, рәміздері бар. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан 

өзінің  ұлттық  валютасы  да  бар.  1993  ж.  15  қарашада  Қазақстан 

Республикасының Ұлттық валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ 

елі  –өте    дамыған  мемлекет.  Оны  басқа  шетелдіктерде  мойындаған.  

Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың  ішінде дами түсті, көркейіп, өз  

экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы  саясатын дұрыстады. Қазақ 

елінің  ұлан-байтақ  жерімен  ғана  емес,  табиғи  өнеркәсіп  жөніненде 

ерекшеленеді. Қазақстан – мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібіне өте 

бай ел.  Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте  алтын, күміс, 

темір,  мыс,  қорғасын,  мырыш  және  т.б.  бар.  Пайдалы  қазбалардан 

негізінен  ванадий,  скандий,  теллур  алынады.  Өзге  шетелдіктермен  

саудаласып, экономикасын дамытуда.


224



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет